Материалдар / Математика еліне саяхат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математика еліне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім,білік дағдыны пысықтау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Сәуір 2021
327
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Математика еліне саяхат

Мақсаты
Оқушылардың математика пәнінен алған білім, білік дағдыларын шыңдай отырып, үйренгендерін пысықтау, жұмыс істей білуге үйрету, сабақ барысында геометриялық фигуралармен танысу.
2. дамытушылық: пәнге қызығушылықтарын арттыру, ойындар арқылы ой — өрістерін, білімділік қасиеттерін дамыту, зейіндерін тұрақтандыру. есте сақтау

Сабақтың жоспары:
1. Қызығушылығын ояту.
2. Мағынасын ажырату.
3. Рефлексия
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Психологиялық дайындық.
Мұғалімнің сөзі: Балалар, бүгінгі күніміз сәтті басталу үшін алдарыңдағы суреттерді өз көңіл — күйлеріңе байланысты таңдап алыңдар.

Мұғалімнің сөзі: Балалар, таңдаған суреттеріңді көңіл — күй галереясына ілейік.

3. Мағынаны ажырату.
Мұғалімнің сөзі:
Балалар бүгін біз «Пішіндер әлеміне» саяхатқа барамыз. Ол үшін поезға мінуіміз керек, біздің пойызымыз жай поезд емес «Ғажайып поезд» Қараңдаршы, вагондары көп екен, түстері бірдей ма?
— Жоқ бірдей емес, әртүрлі
— Вагонның түстері қандай екен?
— Қызыл, сары, көк, жасыл.
— Біздің поездымызды алға сүйреуші «Тепловоз» деп аталады, қане қайталап жіберейік.
— Тепловоз.
— Ал поездың ретін санайықшы.
— 1, 2, 3, 4, 5
— Балалар сендердің қолдарыңда билеттерің бар, сол билетте көрсетілген сан бойынша вагондарыңа отырыңдар. (Балалар вагонға отырады)
— Біздің Ғажайып поездымыз қала аралық поезд, сондықтанда баратын жерімізге тез жетеміз. Мінекей «Пішіндер әлеміне» келіп жеттік, қараңдаршы қандай керемет енді орындарыңа отыра қойындар.
Мұғалім:

Алдарыңдағы пішін – шеңбер деп аталады. Шеңбер немесе дөңгелекті ауада салайықшы.
— Енді айналамызға қарап осы дөңгелек пішінге ұқсас заттарды табайықшы. ( Ұқсас заттарды айтады)

Барлық қабырғалары бірдей пішінді – шаршы деп атаймыз?
— Төртбұрыш. (ауада салу, ұқсас заттарды табу)

Ал үш қабырғасы бар пішін үшбұрыш деп аталады.
— Үшбұрыш.
(ауада қайталау, ұқсас затты табу)

Сергіту сәті: Тұрып дем алайық,
Оңға, оңға түзу тұр.
Солға, солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары — төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
4. Рефлексия
Дәптермен жұмыс.
Мұғалімнің сөзі: Балалар, берілген суреттер қандай фигуралардан құрастырылған?

5. Қорытынды
Балалар сендер бүгін сабақта ерекше, ақылды әрі алғыр болдыңдар.
Бүгінгі сабақта қандай пішіндермен таныстық, сендерге сабақ ұнады ма?

6. Мадақтау
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Балалар геометриялық пішіндерді ажыратады
Меңгеруі: Заттардың қандай пішіннен құралатынын меңгереді.
Жасай алуы: Әліппе — дәптерінде берілген тапсырманы өз бетінше орындай алады



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!