Сабақтың
тақырыбы: «Математика-ғылымдар
патшасы»
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: Математика пәні
бойынша білімдерін бақылау; жүйелеу;
білім танымын кеңейту; қосымша білімдер
беру; олипиадалық қозғалыс және салауаттылық өмір
салты принциптерін
насихаттау;
Дамытушылық: Пәнге
деген қызығушылығын арттыра отырып оқушылар бойындағы қабілетті
ашып, талаптарын ұштау; тапқырлыққа баулу; дербестікке; өз бетінше
дұрыс ойлап қисынды пікір айта білуге
дағдыландыру;
Тәрбиелік: Оқушылардың
танымдық қабілетін жетілдіре отырып, кез-келген кезеңде тығырықтан
шығудың жолын таба білетін, өзін-өзі басқара білуге
бағыттау;
Ұжым
арасында ұйымшылдыққа, көпшілікке, еңбекқорлыққа
тәрбиелеу;
Түрі: Топтық сайыс
сабақ.
Типі: Ойын
түрінде
Көрнекілігі: үлестірмелі материалдар, карточкалар,
шарлар т.б.
Сабақтың барысы:
І .Ұйымдастыру кезеңі (
Оқушыларды топқа бөлу)
ІІ . Дала
ғажайыбы
ІII .
Ойынхана
IV.
. Сергіту
сәті
V . Математикалық
лабиринт
VI. Қорытындылау,
марапаттау
Кіріспе сөз
Қайырлы
кеш, жолдастық кездесу ойынын тамашалаушы
қауым!
Баршаңызда «Математиканы бес саусағымдай білемін» ұранымен
өткелі отырған «Математика – ғылымдар патшасы» атты кешке қош
келдіңіздер!
І .Ұйымдастыру
кезеңі. ( Оқушыларды топқа
бөлу)
Бүгінгі ойын топтық сайыс
түрінде өтеді.
Математика
сырлары,
Қызықтырды
біздерді.
Ойынға бірге
қатысуға,
Шақырамыз
сіздерді
Ортаға үшбұрыш , төрбұрыш және
шеңбер топтарын шақырамыз.
Шеберлікті,
білімді
Сараптап сіздер
көріңіздер
Әділқазы
алқасы
Әділ баға беріңіздер! - дей
отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін
әділ
қазылар алқасын ортаға
шақырамыз. Бүгінгі кештің жоспары
таныстырылады.
Көңілді тапқырлар,
білгіштер
Бар өнерін алдарына
салады.
Кім білімді көп оқыған болса
егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы
болады.
Есептен сайысады екі
тобымыз
Алға озар ең мықтысы осы
жолда
Көпшілік білімдерін
сараламақ
Сұрамақ шығуларын жұрт
алдына.
ІІ . Дала ғажайыбы
: Әр топтан бір оқушы шығып
барабанды айналдырады, шыққан ұпай саны бойынша логикалық сұраққа
жауап береді.
1
) Айдынның
Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім
ұзын?
Шешімі: Жанат –
ұзын(10)
2) Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің
тәтемнің інісінің аты кім?
Жауабы: Медет
(20)
3) Термометр аяз
болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше
градус көрсетеді?
Жауабы: үш
(30)
4) Бөлмедегі әр бұрышта
бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде
неше мысық бар?
Жауабы: 4
мысық (40)
5) Жүгіру жарысынан
Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса,
ал Талғат –үшінші орын алмаса, кім қандай орын
алды?
Жауабы: 1-Марат, 2-Асет,
3-Талғат (50)
6) Үш литрлік және бес
литрлік суды қалай өлшеуге болады?
Жауабы: 3+3=6 6-5=1
3+1=4л (60)
7) Мотоцикл жүргізушісі
ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы ұш жеңіл машина және бір
камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара
жатыр?
Жауабы: Бір ғана
мотоцикл (70)
8)
Мектепте төрт
жүз оқушы бар. Олардың ең болмағанда екеуі бір күнде туғанын
дәлелдеңіз.
Шешімі:
(Дирихле принципі) 1 жылда 365, 366 күн бар. Демек, олардың ең
болмағанда екеуі бір күнде туған.
(80)
9)
Қорапта 25 кг шеге бар. Табақты таразы мен
массасы бір кг гирь тасты қолданып, екі рет өлшеу арқылы қалай 19
кг шеге алуға болады?
12+1кг=13 12/2=6 6=6
13+6=19 (90)
10) Суретші Худабеднов бір айда 42 картина салды.
Олардың 17-сінде орман, 9-нда өзен, ал 13-нде орманда, өзенде
салынған. Қалған картинкаларда түсініксіз суреттер бар. Қанша
түсініксіз суреттер бар?
Жауабы: Эйлер-Венн диаграммасы. (29-17)-13=33
42-33=9 (100)
11) Шахмат турниріне 7 адам қатысты. Әркім
әрқайсымен бір партиядан ойнады. Барлық ойналған партиялар саны
қанша?
Шешімі: 6+5+4+3+2+1=21
партия (110)
12) Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы
мүмкін?
Жауабы:
53 (120)
13) Дүкенде 5 әртүрлі кесе және 3 әртүрлі тәрелке
бар. Неше әдіспен 1тәрелке мен 1 кесені сатып алуға
болады?
Шешімі:
5*3=15 (130)
14) Тақтада 7 зат есім, 5 етістік, 2 сын есім
жазылып тұр. Сөйлем құрау үшін әр сөз табынан бір сөзден алу керек.
Мұны неше тәслмен жүзеге асыруға
болады?
Шешімі:
7*5*2=70 (140)
15) 8 л, 5 л, 3 л ыдыстар берілсін. 8 л ыдыс суға толы. Енді
осы суды екі ыдысқа 4 литрден қалай тең бөлуге
болады?
Шешімі: 8-5=3 5-3=2 3+3=6 6-2=4
(150)
16) Егер фигураның периметрі 32 см екені белгілі
болса, онда осы фигураның ауданын
табыңыз.
Жауабы: 16жағы бар. 32:16=2. Кішкентай
квадраттың бір қабырқасының ұзындығы - 2см. Кішкене квадрат ауданы:
S=2*2=4 Үлкен квадрат ауданы одан екі есе үлкен S=4*4=16 Kішкене
квадраттар -8. S=8*4=32
S=32+16=48 (160)
ІII .
Ойынхана: Әр топқа 200 ұпайдан беріледі.
Осы берілген ұпай бойынша әр топ бір сан таңдап ұтыс жасайды.
(Әрбір шығарылған есепке деңгейіне байланысты ұпай қосылады, егер
топ есепті дұрыс шешпесе, ұпай кері топқа
беріледі).
1)Ұяшықтардағы заңдылықты
анықтап, сұрақ белгісінің орнна сәйкес санды
табыңыз.
-
-
-
-
Жауабы.5
2)5,8,4 және 1 төрт цифрмен
жазылған ең үлкен және ең кіші төрт таңбалы сандардың айырмасын
табыңыз.
Жауабы.7083
3) анықтаңыз.
Жауабы.5
4)
Жауабы.
5)Кестедегі шамаларды
салыстырып, дұрыс тұжырымды анықтаңыз.
А
бағаны
|
В
бағаны
|
Алғашқы 6 жай санның
арифметикалық ортасы
|
7
|
Жауабы.
А<B
6)Сандар белгілі бір заңдылық
нәтижесінде алынған. Сұрақ белгісін қандай санмен ауыстыру
керек?
51;57;69; 84;
?;
Жауабы.96
7) Пароход А қаласынан В
қаласына 1 тәулік жүреді, ал кері қайтқанда 2 тәулік жүреді.
Ағаштан жасалған сал А қаласынан В қаласына неше тәулік
жүзеді?
Жауабы.4
8) Төрт балықтың екі-екіден
өлшегенде массалары 4 кг, 6кг, 7кг, 8 кг, 9 кг және 11 кг болды.
Барлық балықтың массасы неше килограмм?
Жауабы.15
кг
9) Көшірме машинасында суретті
көшіру барысында Дәурен суреттің түпнұсқасын екі рет үш есеге
үлкейтті, сосын үш рет екі есеге кішірейтті. Сурет көшірмесі
сүреттің түпнұсқасымен салыстырғанда қалай
өзгереді?
А
бағаны
|
В
бағаны
|
Суреттің
көшірмесі
|
Суреттің
түпнұсқасы
|
Жауабы.A>B
10)Ерболаттың әкесінің 5
баласы бар. Біріншісінің аты Марат, екіншісінің аты Қанат,
үшіншісінің аты Мұрат, төртіншісінің аты Талғат. Бесіншісі баланың
атын табыңыз.
Жауабы.Ерболат
11)Би үйірмесінде 30 адам бар.
Олардың 20-і вальсті жақсы билейді, 17-і румба биін, ал 14-ы
вальсті және румба биін жақсы билейді. Осы 30 адамның арасында
вальсті де, румба биін де билей алмайиындар санын
анықтаңыз.
Жауабы.7
12)Сіздің барлық әжелеріңіз
бен аталарыңыздың қанша әжелері мен аталары
бар?
Жауабы.16
13)Бірдей материалдан
қырларының ұзындығы 4 см және 5 см болатын екі куб
әзірленген.
А
бағаны
|
В
бағаны
|
Қырларының ұзындығы 4 см
кубтың массасы 98 грамм
|
Қырларының ұзындығы 5 см
кубтың массасы
|
Жауабы.A<B
14)Егер АВС үшбұрышында С
бұрышы А бұрышынан 3 есе, ал В бұрышы А бұрышынан 2 есе үлкен
болса, онда үшбұрыштың түрін анықтаңыз.
Жауабы.тік
бұрышты
15)Сағат 12: 20 болса, сағат
тілдері арасында бұрыш неше градус?
Жауабы.110
16)Асқардың сары және жасыл
жейделері, көк және қара шалбарлары, сұр, қоңыр және ақ туфлилері
бар. Асқар барлық жейделерін, шалбарларын және туфлилерін ауыстырып
кигенде неше түрлі болып киіне алады?
Жауабы.12
17)Оқу ісі жөніндегң директор
орынбасары 10-шы сыныптың сабақ кестесін құрмақшы. Дүйсенбіге 5
сабақты жоспарлады: алгебра және анализ бастамалары, бтология,
физика, қазақ тілі, алғашқы әскери дайындық. Егер алғашқы әскери
дайындық сабағын кестеде соңғы етіп қою керектігін ескергенде осы
күнге кесте құрудың неше әртүрлі нұсқалары
бар?
Жауабы.24
18)Сыныптың 30 оқушысы
саяхатқа шықты. Оларды неше тәсілмен екі-екіден сапқа тұрғызуға
болады?
Жауабы.870
IV. «Ханшайым, айдаһар,
Ханзада» сергіту сәті
Харизма
бойынша
V . Математикалық
лабиринт: Әр топ берілген лабиринтті өту
арқылы жұмбақтарды шешеді.(Бұл тапсырма бойынша әр топқа 3 ұпай
қосылады)
1. Атадан 10
баламыз Бір - бір жастан
арамыз Қосылып кейде
басымыз Азайып кейде
қаламыз Бөлініп кейде
арамыз Көбейіп те аламыз
(цифрлар)
|
2. Бүтін сан, бөлшек
сан Барлығы да бар
онда. Бұл қандай сан
айтыңдаршы, Оң, теріс сан бәрі сонда. (рационал
сан)
|
3. Түзудің бір
бөлігі, Екі шеткі нүкте
көрігі. Ұзындығы әжне
бар, Айтшы ұпай сенікі.
(Кесінді)
|
4. Бірге барып
класқа, Бірге үйіңе
қайтады. Оның бетін кім
ашса, Әр бағаңды
айтады./күнделік/
|
5. Он екі парақ
- Он екі ақ
қанат, Жауабы әсем -
ақ, Сызылған
тақталап./дәптер/
|
6. Ол – оқушы
құралы, Қатеңді түзетіп
тұрады./өшіргіш/
|
7. Тебеннің ұшы түйір,
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр - шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді.
/қалам/
|
8. Үлкен, кіші сандарды сен,
Ажыратқың келсе егер.
Қандай таңба қояр едің,
Қане ойлан куәгер. (салыстырмалы
белгі)
|
9. Биологияда бұл паразит,
Көзге зорға көрнер.
Информатикада өлшем бірілік
Ақпараттарды өлшер.
(бит)
|
10. Жоқ өзінде бас
та, Қас та, мойын
да, Ұзындығы жазулы тұр
бойында./сызғыш/
|
11. Нәрселерді
санағанда, Керек ол бізге
ауадай, Айтыңдаршы ол қандай
сан. Жан - жағыңа қарамай. (натурал
сан)
|
12. Он бір түйе, 5
жылқы, 2 сиыр, 5
ешкі. 2 қоян, 3
түлкі, Таба алмасаң бос күлкі.
(28)
|
13. Дүниеде бүтін нәрсе бола
бермейді, Көңілге армандаған қона
бермейді. Бүтін нәрсе бөлігін
көрсететін, Қай сан бар достарым. (Бөлшек
сан)
|
14. Бүтін бөлшек
бөліктерден, Үтір ажыратып
тұрады. Осы санды кім
біледі, Аты қандай болады (ондық
бөлшек)
|
15.Бір сан
табыңдар, квадраты өзінің жартысына тең
болсын!
0,5
|
|
|
|
16. Бір кісінің 2 қыз, 3 ұлы бар. Балалардың
бәрінің жастарының қосындысы 26. Ұлдарының жастарының орталамасы
(орташа саны) 7. Бір қыз қосылса орташа жас 6-ға түседі. Ендеше ең
кіші қызының жасы
қаншада?
2
жаста
|
17. 366 күн болатын жылдарда аптаның барлық
күндері 52 рет, тек екі күні 53 рет қайталанады. Ал енді осы жылы
(2012) қай күндер 53 рет
қайталанады?
Жексенбі
және дүйсенбі күндері 53 рет
қайталанады.
|
-
18.
Доп емес, дөңгелек
емес,
Ұқсас бірақ
достарым
Тыңда ол ең
негізгі
Дәл жауапты қостадым
(шеңбер)
|
-
19.
Бірдей санды бірнеше
рет
Көбейтуден тұрады
Егер
оны
ықшамдасаң
Қандай атау болады?
(дәреже)
|
-
20.
Алды артымыз тексіз
де,
Жете
алмайсың біздерге
Сәуле
менен кесінді
Шыққан
тегін білсінде (түзу)
|
|
VI. Қорытындылау,
марапаттау
Білім деген биік
шың
Бақытқа сені
жетелер.
Білім деген
ақылшың
Биіктерге
көтерер.
Барлық бөлімнің ұпайлары
саналып, көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді және
марапатталады.