400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математика ғылымдардың патшасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Біздің бүкіл өміріміз метематикадан тұрады. Адамзаттың әр күнін сандарсыз елестету мүмкін емес. Математика ерекше ғылым, таусылып бітпеген, әліде зерттеуді қажет ететін білім жүйесі.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Математика – ғылымдардың патшасы.

Біздің бүкіл өміріміз метематикадан тұрады. Адамзаттың әр күнін сандарсыз елестету мүмкін емес. Математика ерекше ғылым, таусылып бітпеген, әліде зерттеуді қажет ететін білім жүйесі. Математика адамдардың ойлау қабілетін, логикасын, ақыл – парасатын дамытатын пән. Бала мектепке келмей тұрып санауды, мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, бір таңбалы сандарды, қосып-алу жолдарын үйрене бастайды. Солай математика күрделеніп кете береді. Кей балдардың ойы жүйрік болып, есепті тез меңгеріп, ойша есеп шығара беретін болады. Математиканы екінің бірі терең меңгеріп, қызығына түсе бермейді. Себебі бұл пән тек қосып-алудан тұрмайды. Қазіргі таңда бұл пәнді тереңдетіп оқытатын мектептер қатарыда баршылық. Қазіргідей дамыған заманда жаңа технологиялар көбейген сайын, математиканы терең білу, бұл пәнге деген талап та арта түсуде.

Математиканы оқып – үйрену, есеп шығаруды үйрену үшін ғана емес, кез – келген проблеманы шеше білуге, өз қабілетіңді жетілдіру үшін де қажет. Біз өз өмірімізді мәнді қылып, барлық жетістіктерге жету үшін табиғаттағы білімді пайдалана білуіміз керек. Осы орайда айтарымыз, математика сабағында логикалық есептердің орны ерекше. Логикалық есептер адамдардың ойлау қабілетінің ұшқырлығына, қиялының дамуына көмектеседі. Оқушының логикалық ойлауы ой әрекетінде, білімді меңгеру, тіл үйрену үстінде дамиды. Оқушылардың ақыл-ой белсенділігін өрістету олардың тұлға ретінде жетілуінің маңызды саласы болып табылады. Сондықтан оқушылардың шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында ойлау операцияларын жүзеге асыру тәсілдеріне үйрету қажет. Оқушылардың ойлауын дамыту ойлау операцияларын меңгеруіне байланысты. Ендеше, оқушыларға тапсырмалар бергенде таңдауға, жинақтауға, салыстыруға, топтауға арналған тапсырмалар логикалық ойлауын дамытатындай болуы керек. «Логикалық ойлау - логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны - логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», - деп көрсетті К.Д. Ушинский.

Математика пәнінде үлгі есептер шығарып көрсету арқылы оқушыларды өз беттерімен еңбектенуіне мүмкіндік туғызу керек. Берілген тапсырманың танымдық және шығармашылық сипаты болғанын да ойластырған жөн. Мұғалім сабағын қызықты өткізіп, оқушыларға ойын түрінде тапсырма беру арқылы тарихи мағлұматтармен байланыстырып отырса, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, ынтасы артады. Осы арада математика пәнінің күрделілігін ескере отырып, қосымша сабақтар жүргізудің тиімділігі зор. Мұғалім оқушыға тапсырма есептер беру кезінде оқушының жас ерекшелігін ескере отырып, қабілетін де назарға алады. Есептер барлық оқушыларды қызықтыратын және оның күші жетерлік шамада болуы керек. Оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру, оларға логикалық тапсырмалар беру, сұрақтар қою, тесттік тапсырмалар құрастыру, эксперименттік есептерді шештіру, сыныптан тыс жұмыстар жүргізу, ойындар мен кештер өткізу, рефераттар қорғау, ой жұмбақтар мен сканвордтар, ребустар құрастыру арқылы іске асырылады

Мұғалім осы орайда, оқушыларға:

Есепті шығарудың қысқа жолын

Есепті шығаруда тиімді әдістер

Ешкімнің көмегінсіз есепті шығару жолын

Есепті шығарудың бірнеше жолмен шығару

Ойша есеп құрастыру т.б. әдіс-тәсілдерін үйреткен жөн.

Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүниежүзінде білімнің рөлі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ, ол әлем халықтарының білім берудегі тәжірибесімен, бағыт-бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім беруді дамыту тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудағы маңызды құжат екендігі сөзсіз.

Білім беру жүйесінің басты – міндеті ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру.

Міне осындай маңызды мәселелерді шешуде жас ұрпақты сапалы да, саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде математиканың алатын орны ерекше. Қазіргі заман – математика ғылымының өте кең, жан-жақты тараған кезеңі. Ал талапқа сай математикалық мәдениеттіліктің деңгейін көтеру болып табылады.

Қорыта айтар болсақ, математика ғылымдардың патшасы. Өскелең ұрпаққа математиканы шығармашылық тұрғыдан үйретіп, дамытар болсақ, бүгінгідей технологиямыз қарыштап дамыған заманда, әр баланың өміріне қажетті пән дер едім.









































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 ақпан
161
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі