«Математика ғылымдардың патшасы» атты сабақтан тыс өткізілген сайыстың жоспары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Математика ғылымдардың патшасы» атты сабақтан тыс өткізілген сайыстың жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

ОҚО,Түркістан қаласы, №21 Колледж

Математика пәнінің оқытушысы : Жақсылық Гүлжазира Болатжанқызы

«Математика ғылымдардың патшасы» атты сабақ тыс өткізілген сайысымыздың жоспары

Мақсаты:

  • Білімділік:Студенттердің ойлау қабілетін арттыру,ой-өрісін дамыту,жаңашылдық ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану. Математика пәнін өмірмен байланыстыра отырып пәнге деген ынтасын,зейінін аттыру,алған білімін тереңдету

  • Дамытушылық: Студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру.Оқығанын есте сақтай білу,тиімді тәсілдерді тез таңдай білуге дағдыландыру.Ой-өрісін кеңейту,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту

  • Тәрбелік:Өз бетімен жұмыс жасай білуге баулу,шапшаңдыққа,ізденпаздыққа баулу.Сыйластыққа және ұйымшылдыққа,алдарына қойған мақсаттарына жетуге тәрбиелеу және жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Көрнекілігі: Ақпаратттық технологияларды қолданып,слайтар арқылы видео роликтер көрсету жене плакаттар мен шарлар қанатты сөздер.

Барысы:

1.      Сайысқа қатысушылармен таныстыру

2.      Сайыстың бөлімдерімен таныстыру.

3.      Сайыстың уақытылы басталуын қадағалау.


  1. «Математиканың өз тілі бар-ол формула » София Ковалевская

  2. «Арифметика –математиканың ,ал математика - барлық ғылымдардың патшасы» Карл Гаусс

  3. «Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін математика,сондықтан да оны оқу керек» С.М.Ломоносов

  4. «Екі нәрсе ғана өмірдің сәнін келтіреді:бірі математикамен шұғылдану,екіншісі одан сабақ беру» (Пуассон)

  5. «Геометрияны білмейтіндер академияға кірмей-ақ қойсын» (Платон)

Мұғалім сөзі: Құрметті әріптестер мен сайысқа қатысушы студенттер! «Математика ғылымдардың патшасы» атты сайыс сабағымызды тамашалауға қош келіпсіздер! Сайысымызды бастамас бұрын математиканың шығару тарихы туралы кішкене шолып өтсек (слайд).

Математика пәніне арналған сайыс сабағымызда сіздерге сәттілік тілеймін! Іске сәт!

Мұғалім сөзі:  Математика сырлары,

Қызықтырады біздерді

Ойынға бірге қатысуға ,

Шақырамын сіздерді-дей келе отырып,сайыскерлеріміздің білімі мен біліктілігіне қара қылды қақ жарып әділ баға беретін әділқазыларды таныстырып өтсем :

1.............................

2. ...........................

3.............................

4.............................


Бүгінгі сайысымыз 8-кезеңнен тұрады.

1-кезең.Топпен таныстыру (топтың сәлемдесуі)

              А) топтың аты

              Ә) ұраны

              Б) команда эмблемасы

2-кезең. «Бәйге» деп аталады . Жеребе тастау арқылы қай топ бірінші бастайтынын анықтаймыз. Ұпай саны 1-10 аралығы

3-кезең «Сырға толы есептер» деп аталады. Үш топқа плакатта жазылған есептер беріледі,ол есепте 1-9 дейінгі және 0,7-1,4 аралықтағы сандарды косып гаризонталь және вертикаль бағаналардағы сандардың қосындысы бірдей болуы керек. Ұпай саны 1-10 аралығы

4-кезең. «Кім тапқыр» , «П» , «С» , «Т» әрпімен басталатын математикалық атаулары бар сөздері табу қажет шарды жару арқылы. Ұпай саны 1-10 аралығы


5-кезең. «Білімпаз» деп аталады бұл кезеңде сайыскерлер берілген жұмбақтың жауабын үш тілде дұрыс айту керек. Қазақша ұпайға -4, орысша аудармаға -3,ағылшын аудармасына -3 Ұпай саны 1-10 аралығы



6-кезең. «Ойымды жалғастыр» деп аталады. Бұл кезеңде сайыскерлер берілген мақал-мәтелдің  жалғасын және дұрысын  табу керек.  Ұпай саны 1-10 аралығы



7-кезең. «Ойлан тап» деп аталады.Ұяшықты таңдау арқылы арнайы сұраққа жауап береді.



8-кезең. «Кім жылдам» деп аталады бұл кезеңде сайыскерлер берілген мазайканы кұрастыру керек мазайкада « Рухани жаңғыру», « Астана-2020» мен «EXPO 2017» туралы кішкене айта кету керек.


І) Болашаққа бағдар:« Рухани жаңғыру» ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы 6 бағыттан тұрады:

  1. «Басекелік қабілет»

  2. «Прагматизм»

  3. «Ұлттық бірегейлікті сақтау»

  4. «Білімнің салтанат құруы»

  5. «Қазақстанның революциялық есем, эволюциялық дамуы»

  6. «Сананың ашықтығы»

Осы бағытардың ішінде білім саласына қатыстысына кішкене тоқтала кетсем:


1-бағыт. «Басекелік қабілет» бағытында «Цифрлы Қазақсатан» , «Үш тілде білім беру» аталып кеткен.

2-бағыт «Білімнің салтанат құруы» бағытында.Білімді көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу-біздің қанымызда бар нәрсе.Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек.Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт.Себебі, құндылықтар жүйесін бірінші орынға қойатын ұлт қана табысқа жетеді.


Енді сайысымыздың 1-кезеңі топтардың өздерін таныстыруынан бастайық.Сөз кезегін ___________________ тобына берейік.

Рахмет, келесі________________   тобы өздерін таныстырып өтсін.


1-топ Архимед

Ұраны: «Қандай сынақ болсадағы беріспе,

Әрқашанда ұмтыла бер жеңіске»


Сәлемдесуі:Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын

Алға қойған мақсатымыз бір екен,

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

Армандарға қол созумен келеміз,

Өмір теңіз жүзіп келет кемеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз,

Қарсыласты шаң қаптыру межеміз.

Архимедтің ізбасарлары біздерміз.


2-топ Пифагор

Ұраны: «Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн жарыста,алғырлықпен аламыз»


Сәлемдесуі: Ақыл - оймен кеңескен,

Күштілермен күрескен

Біз Пифагор тобы

Жеңілмейміз күрестен .

Қойылған сұрақ - есепке

Ойланып жауап іздейік

Уақытты біз өткізбей

Лезде шешіп берейік.

Математика сырларын

Формула мен заңдарын

Есте сақтап жүрейік.


3-топ Евклид

Ұраны:Бәріміз біріміз үшін,біріміз бәріміз үшін


Танысудан сірә бізде қашпаймыз

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз

Жарыс десе жанамыз

Жасырғанды табамыз

Күш сынасып көріңіз

Евклидті жеңіңіз

Жеткетінше әліңіз


Мұғалім сөзі:  

Ғылымдардың патсашы атанған

Евклид,Фалес,Пифагордан бата алған,

Төзбейтін өтірікке жалғандыққа

Ақыл- ойды тіртіпке келтіретін,

Нағыз пән «математика» атанғансың! –деп келесі



Сайысымыздың 2-кезеңі «Бәйге» деп аталады .Жеребе тастау арқылы қай топ бірінші бастайтынын анықтаймыз. Ұпай саны 1-10 аралығы


1-топ

  1. Алғашқы математик әйел? София Ковалевская

  2. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? 0

  3. Пифагордың туған жері? Самос аралы

  4. Рене Декарт қай елдің математигі? Француз

  5. Санның 1/100 бөлігі? Пайыз

  6. Үш түйе құс ұшып келе жатыр.Аңшы олардың біреуін атып алды, олардың қаншасы қалды? Түйе құс ұшпайды.


2-топ


  1. Вектор дегеніміз? Бағытталған кесінді

  2. Координаталар жүйесінің негізін салған адам? Р.Декарт

  3. Түбірден тек қандай сандар шығады? Оң сандар

  4. Қарама-қарсы екі қабырғасы параллель болып келген төртбұрышты не деп атайды? Трапеция

  5. Шеңбердің үлкен хордасы? Диаметр

  6. Математика ғылымының докторы дүниежүзілік математика конгресінде ғылыми баяндама жасаған тұңғыш қазақ? Төлеубай Аманов


3-топ

  1. Ұзындықтың өлшем бірлігі? Метр

  2. Барлық сандардың көбейтіндісі көп пе, әлде қосындысы көп пе? Қосындысы

  3. «Геометрия» пәнінің негізін салушы? Евклид

  4. Диаметрдің жартысы? Радиус

  5. 120 минут неше сағатқа тең? 2 сағатқа

  6. Ағаш үстінде 30 торғай отыр еді, аңшы екеуін атып түсірді, торғайдың қаншасы қалды? Екеуі қалды

Сайысымыздың 3-ші кезеңі «Сырға толы есептер» деп аталады.Екі топқа плакатта жазылған есептер беріледі,ол есепте 1-9 дейінгі және 0,7-1,4 пен 1-16 аралықтағы сандарды косып гаризонталь және вертикаль бағаналардағы сандардың қосындысы бірдей болуы керек.

1-топ Архимед

2

7

Shape1 6

3

5

Shape2 7

Shape3 8

Shape4 1

Shape6 Shape5 6





2-топ Пифагор


0.7

1.4

0Shape7 .9

1.2

1

0Shape8 .8

Shape9 1.1

0Shape10 .6

1Shape12 Shape11 .3



3-топ Евклид

16

3

2

1Shape13 3

5

10

11

8Shape14

9

6

7

1Shape15 2

4Shape16

1Shape17 5

1Shape18 4

1Shape20 Shape19




Келесі 4-ші кезең «Кім тапқыр» , «П» , «С» , «Т» әрпімен басталатын математикалық атаулары бар сөздері табу қажет шарды жару арқылы.

«П» әрпінен басталатын математикалық атаулар

1.Геометриялық жазықтағы денелерді зерттейтін бөлім.(планиметрия)

2.Жазықтағы қиылыспайтын екі түзу (параллель)

3.Төртбұрыштың бір түрі (параллелограмм)

4.Санның жүзден бір бөлігі (процент)

5.Көпбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы (периметр)

6.Көпжақтың түрлері (призма,пирамида ,параллелипипед)

«С» әрпінен басталатын математикалық атаулар

1.Геометирияның кеңістіктегі денелерді зерттейтін бөлімі.(стереометрия)

2.Бұрыштың түрлері . (сүйір)

3.Тригонометриялық функция (синус)

4.Геометриялық терминдер (сектор,сегмент,сәуле)

5.Сызықтың түрі (Сынық сызық)

6.Бұрыштың шамасына байланысты түрі (сыбайлас сүйір)

«Т» әрпінен басталатын математикалық атаулар

1. Қарама-қарсы екі қабырғасы параллель болып келген төртбұрышты не деп атайды? (Трапеция)

2.Пифагордың атымен аталатын қай теорема? (Тік бұрышты үшбұрыш)

3.Синусоида қандай функция графигі? ( Тригонометриялық)

4. Перпендикуляр қандай бұрыш жасап қиылысатын екі түзу (Тік бұрыш)

5.у=tgx қандай функция? (тақ,периодты)

6.Айнымалысы функция таңбасының ішінде болатын кандай теңдеу? (Тригонометриялық теңдеу)



5-шы кезең. «Білімпаз»  деп аталады бұл кезеңде сайыскерлер берілген жұмбақтың жауабын үш тілде дұрыс айту керек. Қазақша ұпайға -4, орысша аудармаға -3,ағылшын аудармасына -3


Келді кезек жұмбақтарды шешуге

Жауаптарын беру керек үш тілде

Қазақ,орыс ,ағылшынды білсеңіз

Жақсы баға,шәкірт саған несібе,

1-топ

1)Жоқ өзінде баса та,қас та,мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (Сызғыш)

2)Дүниеге тұмсықсыз- ақ келеді,

Дегенменен тұмсығынан өледі (Қарындаш)

3) Егіз туған қос жүйрік

Жарыса шауып терлейді

Терлеген сайын өрлейді

Бірін бірі көрмейді

Дамылсыз қанша шапса да

Бір мәреге кемейді (Параллель түзулер)


4) Басында координатаның қызығы бар

Қорегі- сүйір бұрыш азығы бар

Мәнгіге екі егізді қамап қойған

Білмеймін, оның қандай жазығы бар?(Синус пен косинус)


2-топ


1) Бойы 2 қарыс,сыйып тұр 25 арыс? (Сызғыш)


2)Шекер жеген ақ құтан

Бір қазыққа байланды

Аузына тістеп шекерін,

Ол қазықты айналды (Циркуль)


3)Келбеті келген бір сұлу

Жағасы жоқ, жеңі жоқ

Үшбұрыш көйлек киіп тұр

Етегі жерге тиіп тұр (Пирамида)



4) Күшіне шыққан бір мықты

Жығып алып сегізді

Қайда барайын дегізді (Шексіздік)


3-топ


1) Бір ағаштың он екі бұтағы бар,

Әр бұтағында отыздан жапырағы бар,

Жапырақтың бір жағы ақ,

Бір жағы қара, (Жыл,ай,тәулік,кун мен түн)


2) Екеуін бір – біріне қосақтап матап қойдым,

Соларға дәрежелі атақ қойдым.

Матаудың шие болған қос түйінін

Шешудің үш тәсілін атап қойдым (Теңдеулер жүйесі)


3) Басынан координатаның өте алмайды,

Осьтерге жақындайды, жете алмайды.

Екеуі бөлек тұрғанменен ,

Ажырап бір-бірінен кете алмайды. (Гипербола)


4)Бір оғым –бір нүктеге тиіп кетті,

Бір оғым - екі жерден қиып кетті

Бір оғым –нысанаға жақындамай

Есіл оқ құр далаға күйіп кетті (Шеңбер мен түзудің жанасуы)


6-ші кезең. «Ойымды жалғастыр» деп аталады. Бұл кезеңде сайыскерлер берілген мақал-мәтелдің  жалғасын және дұрысын  табу керек.

1-топқа:

1-Досыңды үш күн сынама ........үш жыл сына

2-Бір елі ауызға ..............   (төрт елі қақпақ)

3-Отыз тістен шыққан сөз..........(отыз рулы елге тарайды)

4-Шындық ...............(он екі қабат шынжырды үзеді )

5-Елуінде - ер дана.....................(елуінде- ел жаңа)

6-Екі аяқтыда құрдас тату.......................... (төрт аяқтыда бота тату)


2-топқа:


1-Білгенің бір тоғыз............... (білмегенің тоқсан тоғыз)

2-Сегіз қырлы .............. (бір сырлы)

3-Ел құлағы...........(елу)

4-Екі жақсы қас болмас............. (екі жаман дос болмас)

5-Бір кісі қазған құдықтан ....................(он кісі су ішеді)

6-Ақылсыз достан мың сақтан................(Ақылсыз дұшпаннан жүз сақтан)


3-топқа:

1-Алты жыл аш болсаң да............. (атаңның салтын ұмытпа)

2-Жалғыз ағаш үй болмас.....................(жалғыз жігіт би болмас)

3-Білекті бірді жығар......... (білімді мыңды жығар)

4-Бес бармақ жиналса ..................(бес жұдырық болады)

5-Болар бала бесігінде боспын дейді................(Болмас бала жиырма бесте жаспын дейді)

6-Дұшпанның аяғы сегіз ,..................(бірі шалмаса бірі шалады)



7-ші кезең. «Ойлан тап» бұл кезеңде сіздер ұпай саны көрсетілген ұяшықтарды таңдау ақылы арнайы сұрақтарға жауап берулеріңіз керек,егер жауап бере алмай қалған жағдайда келесі топ жауап береді және ұпай сол топқа беріледі.

Есепке толы сыр сандық.

10 ұпай. теңдеулерінің түбірін айтып беріңіз? ( )

Shape23 Shape22 Shape21

10ұпай. + + =30 Бос орынға сандарды қойып шығарыныңыз және ол сан қайталанбауы

керек (1,3,5,7,9,11,13,15)

Shape25 Shape24

10ұпай. + =8

Shape27 Shape26 + +

- =6

= =

13 8

(3,5+4,5)=8

(9,5-3,5)=6

(3,5+9,5)=13

(9,5-3,5)=8

10ұпай. Күтпеген жүлде,10 ұпай сізге

Логикалық есептер

30 ұпай. Жұмадан кейін 4 тәуліктен соң қандай күн келеді, жексенбіден 3 тәулік бұрын қай күн келеді? Сейсенбі,Бейсенбі

30 ұпай. 10 литрлік бөшкеде су бар және 7 литрлік, 2 литрлік бос ыдыстар бар.Екі ыдысқа 5 литрден суды қалай тең бөлуге болады? 10-7=3 7-2=5 2+3=5

30 ұпай. Бөлмеде бар болғаны екі адам отыр.Оның біреуі-екіншісінің әкесі де,алайда,екіншісі біріншісінің ұлы емес.Сонда кімі болғаны? Қызы

30 ұпай. Химия сабағынан сынақ жүргізілуде бір студентке елекпен су әкелу керек деген сұрақ қойылады.Ол елекпен суды қалай алып келеді? деп жазып елекке салады.

Ұлы тұлғалар.

50 ұпай. Математика ғылымы ең алғаш қай елден бастау алған (Ежелгі Египет)

50 ұпай. Әлемде шешімі табылмаган 7 есептің біреуін шешкен Қазақстандық академик физика-математика ғалымының мәшhүр атанған жасы 71 –ге келеген,қазір шетел ғалымдары шығарған есебіне тексеру жүргізуде,физика математика ғылымдарының академигі кім? (Мұхтар Өтелбаев)

50 ұпай. Ең алғаш болып программа құрған оқымысты.....Ада Лавлейс

50 ұпай. Бұл кісі кім? Асқар Жұмаділдаев

8-шы кезең .«Кім жылдам» деп аталады бұл кезеңде сайыскерлер берілген мазайканы кұрастыру керек бірінші мазайкада « Рухани жаңғыру»,ал келесі мазайкамызда « Астана-2020» мен «EXPO 2017» туралы кішкене айта кету керек.

Әділқазы алқасы осы сайысымыздың бағасын берсеңіздер.

Мұғалім сөзі:

Математика -1,2,3 натурал саннан тарайды

Алгебра сырын ашсам деп b,c,d әріптер жан-жағынан қарайды

Үшбұрыш,төртбұрыш,конус пен цилиндр

Геометриялық денелер нүкте менен түзуді арғы атасы санайды

Синус пенен косинус,тангенс пен катангенс

Жүрген жерде паңданып сұлуға өзін балайды

Үшбұрыштар Бәйтеректе көз ұшында көрінген

Пирамида орын алған Астананың төрінен

Математика күллі әлемді өз тілінде сөйлеткен


Кеш қорытындысы айтылып, соңынан жеңімпаздар марапатталады,сыйлықтар таратылады. Келгендеріңізге алғысымызды білдіреміз.Осы мен сайыс сабағымыз өз мәресіне жетті.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.06.2018
456
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі