Математика. "Логикалық есеп шығару"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Математика. "Логикалық есеп шығару"

Материал туралы қысқаша түсінік
Логикалық есеп шығару Мақсаты: 1.4.2.1 дұрыс және дұрыс емес тұжырымдарды анықтау 1.4.2.2 ** сәйкестікті, ақиқатты анықтауға берілген қарапайым логикалық есептерді шешу Аяқталуы: — логикалық есептерді шығару үшін нені орындау қажет? Логикалық есептерді шығару қадамдарын қайталаңыз: — есептің шартын, сұрағын мұқият оқу; — суретін салу немесе есепті ойын түрінде көрсету; — шешу жоспарын құру; — шешудің әртүрлі тәсілдерін іздеу; — есеп шартының орындалғанын (орындалмағанын) тексеру. Кері байланыс Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ № 114

Пәні: Математика

Күні 27.04.2018ж

Мұғалімі: Муслимова А.Ж

Сынып 1 «Ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Логикалық есеп шығару

Сабақка негізделген оқу мақсаты

1.4.2.1 дұрыс және дұрыс емес тұжырымдарды анықтау

1.4.2.2 ** сәйкестікті, ақиқатты анықтауға берілген қарапайым логикалық

есептерді шешу

Сабақтың мақсаты

сәйкестік пен ақиқаттықты анықтауға берілген

қарапайым логикалық есептерді шығарады.

Ойлау деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийлері

  • көрнекі суреттердің көмегімен қарапайым логикалық есептердің шешімін табады;

  • шешу тәсілдері мен ойлануды меңгереді.






Тілдік мақсат

логикалық есеп.

Бастапқы білім

Диаграмма және пиктограмма құру

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Топтық, жұптық, жеке жұмыс

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы


2 мин

Ұйымдастыру:

Шаттық шеңберін құру

Шаттық шеңбері

Ортасы















































Қосымша тапсырмалар











5 мин














10 мин












7 мин










10 мин





8 мин





(МК Кіріспе тапсырма блиц-турнир

Оқушыларды үш топқа бөліп, жарыс өткізу.Әр топты тақтаға шақырып, сұрақтар қою.

Екі тышқанның неше құлағы бар? (4.)

Екі қонжықтың неше табаны бар? (8.)

Әженің Гүлназ деген немересі, Марғау деген мысығы және Ақтөс деген иті бар. Әженің неше немересі бар? (1.)

Құстар өзен үстінде ұшып жүр: кептер, шортан, 2 сарышымшық, 2 сұр қарлығаш және 5 мөңке балық.

Құстар нешеу? Тезірек жауап бер! (5.)

Тәрелкеде үш сәбіз бен төрт алма жатыр.

Тәрелкеде неше жеміс бар? (4.)

Кіреберісте алты аяқкиім тұр.Бөлмеде неше бала ойнап жүр? (3.)

Ақтөс деген ит күшіктеді: балаларының біреуі қара, екеуі ақ түсті. Ақтөстің неше күшігі бар? (3.)

Екі сарышымшық, екі сұр қарлығаш және екі сужылан ұшып келді. Менің үйімнің қасында барлығы неше құс болды? (4.)


Әр топқа есептерді параққа жазып таратып, талқылауға уақыт беріңіз.

1-есеп.

Себетте үш алма бар. Үш қызға үш алманы беріңіз, бірақ себетте бір алма қалуы тиіс.

Жауабы: бір қызға алманы себетпен бірге беру керек.

2-есеп. Бес қыздың бір-бірден інісі бар. Жанұяда неше бала бар?

Жауабы: 6 бала.

Суреттер.

-қыздардың аттары кім? - бұл суретті қайдан көрдіңдер?

- Әлия туралы не белгілі?

Сара мен Әлия суреттерді журнал мен кітаптан қарады. Әлия кітаптан қараған жоқ, яғни ол журналдан қарады. Олай болса, Сара суретті кітаптан қарады.

Жауабы: Әлия журналдан, Сара кітаптан қараған.

Достар. Ж

-тапсырмада неше бала туралы айтылған?

-Асхат, Марат, Ілияс туралы не белгілі?

Жауабы: Асхат — ең ұзыны, одан аласа — Ілияс, ең аласасы — Марат.

Орындап көр.

Оқушыларға суреттерді қарауға уақыт беріңіз және жұпта өзара тексеруді ұйымдастырыңыз.

Жауабы: алмасы бар бұтақ; алма салынған ыдыс; алманың дәні.

Ойлан.

кейбір оқушыларға тапсырманы орындау қиындық туғызған болса, есепте көрсетілген жағдайды сыныпта ойнатыңыз.

Жауабы: үшінші сатыда тұр.


Көршілер.

Топта өз ойымен бөліп. Өздігінен орындағаннан кейін жұппен тексер.

Жауабы: бірінші үйде — ит, екінші үйде — мысық, үшінші үйде — әтеш.

Қаздың аяқтары.

Жауабы:төрт қаз жүр, себебі әр қазда екі аяқ бар.

Таспалар. Оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:

Таспалардың түсі қандай болуы керек?

Барлығы неше таспа?

Ең бастысы қай шартты орындау керек?

Жауабы: үш қызыл, бір көгілдір.

Кілемше.

Кілемшедегі шаршылар түсі қандай болуы мүмкін? Нені ескеру керек?.

Жауабы: толтырудың бір нұсқасы:

Қ к с

к с к

с қ к

Оқулық





Оқулықпен дәптермен жұмыс









Оқулық

парақшалар маркер








Оқулық







оқулық,


Аяқталуы



3 мин

логикалық есептерді шығару үшін нені орындау қажет?

Логикалық есептерді шығару қадамдарын қайталаңыз:

есептің шартын, сұрағын мұқият оқу;

суретін салу немесе есепті ойын түрінде көрсету;

  • шешу жоспарын құру;

шешудің әртүрлі тәсілдерін іздеу;

есеп шартының орындалғанын (орындалмағанын) тексеру.

Кері байланыс

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау.


Қосымша ақпарат

Саралау-тапсырмалары
І.
Диаграмма нені білдіреді?

ІІ.Теңдік құр.

ІІІ.— Пиктограмма не үшін керек?



Көркем еңбек

Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)
1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады? (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)
1.

2.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.06.2018
522
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі