Математика негіздері: "1 цифры"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Математика негіздері: "1 цифры"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал балабақша тәрбиешілеріне керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Құлыншақ» ересек тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Күні: 06.10.2020ж.

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Тақырыбы:1 цифры туралы өткенді пысықтау. Тез-баяу.Үшбұрыш» (өзге фигуралар арасынан табу)

Мақсаты: 1 цифры туралы өткенді пысықтау, цифрды заттың санымен салыстыруға үйрету, жұмбақтарды көрген мәліметтер негізінде шешуге үйрету, «тез» «баяу» түсініктері туралы білімдерін пысықтау, таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен, кіші, кішкентай) салыстыру және оларды сол белгілеріне қарай біріктіру, үшбұрыштың көлемі жағынан әртүрлі болатыны туралы түсінік қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ойынға арналған суреттер, заттық суреттер, баяу, жылдам жүретін аңдар суреті.

Қостілділік компонент: текшелер-кубики, түйе-верблюд, тасбақа-черепаха.

Оқу қызметінің

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Тәрбиеші жұмбақ жасырады:

Таңғажайып кірпішті,

Бір –біріне қаладым.

Ұнамаса құлатып,

Қайта-қайта қаладым.

(Текшелер)

Доп –домалақ іші қуыс пәле,

Қайта қайта семіруде, әне.

(Доп)

Кезікті кербез сұлу, бір жануар.

Үстінде екі тауы бар.

(Түйе)

Балалар жұмбақтың шешуін табады.

Жұмбақтың шешуі болып тұрған сөздерге сипаттама

береді.

-Текшелер.


-Доп.




-Түйе.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

1-тапсырма.

Тәрбиеші: «Неше текше, неше түйе, неше доп бар?» -деп сұрайды.

1 деген цифрдың бір затты білдіретінін түсіндіреді.

Балаларға бір дөңгелек пен 1 цифрын бояуын ұсынады.

2 – тапсырма.

Тәрбиеші сол жақта тек 1 цифры жазылғанын көрсетеді. Балаларға 1 цифрына сәйкес заттарды бояу беріледі.

Неше шәйнекті боядыңдар? (бір), неше тақия (бір), неше Күн (бір) боядыңдар?

Сергіту сәті.

Тәрбиеші өз қалауынша ұйымдастырады.

5 –тапсырма.

Арыстан мен тасбақа “Пальмаға” кім бірінші жетеді? -деп бәстеседі. Сендер қалай ойлайсыңдар, не бірінші жетуі мүмкін?


Балалар сұраққа жауап береді.



Балалар 1 цифрына сәйкес бояйды.







Бір шәйнек, бір тақия, бір Күнді бояйды.





Неге арыстан бірінші жетеді деп ойлайсыңдар?

Тәрбиеші: «жылдам – баяу» түсініктерін сөздік қорларына енгізу жұмыстарын жүргізеді. Тәрбиеші балаларға пальмаға бірінші жеткен аңды бояуға тапсырма береді.

4-тапсырма. Тәрбиеші: жұмбақ жасырады.

Үш бұрышы,

Үш қабырғасы бар

Бұл қандай фигура? Балаларға мынандай сұрақ қояды.

-Суреттердің арасынан неше үшбұрыш таптыңдар?

Үшбұрыштардың өлшемі қандай? -Үшбұрыштардың ең үлкенін қызыл қарындашпен, одан кішілеуін көкпен, ең кішкентайын жасыл түспен бояңдар.

Бірінші арыстан жетеді.


Өйткені арыстан жылдам жүгіреді, тасбақа баяу жүреді.

Балалар арыстанды бояйды.





-Үшбұрыш.

Балалар суреттен үшбұрыштың үш бұрышын, үш қабырғасын көрсетеді.

-Үш, үшбұрыш бар.

-Үлкен, кіші, кішкентай.

Балалар үшбұрыштарды бояйды.

Рефлексиялық-

түзетушілік

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Тәрбиеші тез жүретін аңдарды атауын сұрайды.





Балалар өздері жасаған жұмыстарын тәрбиешінің қолындағы үлгімен салыстырады. Арыстан тез жүігредіі, тасбақа баяу жүреді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: 1 цифрын, үшбұрыштардың көлемі жағынан әртүрлі (үлкен, кіші, кішкентай) болатынын, “тез”, “баяу” ұғымдарын дұрыс пайдалануды.

Игереді: цифрды заттың санымен сәйкестендіруді, жұмбақтарды шеше білуді, көптеген фигуралардың ішінен үшбұрышты таба білуді. Меңгереді: өзіне таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен, кіші, кішкентай) салыстыруды.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.11.2020
532
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі