Материалдар / Математика пән апталығының ашылуы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математика пән апталығының ашылуы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар көптеген мәлімет алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Ақпан 2019
3165
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Математика пән апталығының ашылу сценарийі.

Тақырыбы:
Әлем нақты ғылымдар тілінде.
Мақсаты:
• Мектеп көлемінде ұйымдастырылған апталықтың негізгі мақсаты – мүмкіндігінше мектептің барлық оқушыларын белсенді қатыстыру;
• Оқушылардың ойлау қабілеті мен математикалық қабілеттерін арттыру;
• Математика пәні бойынша білімдерін тереңдету;
• Математикаға, физика және информатикаға деген қызығушылығын арттыру;

Апталықтың ашылуына 5,6,7,8,11 класс оқушылары қатысты.
Құрал –жабдықтар: Математиктердің нақыл сөздер жазылған плакаттар, зал шарлармен безендірілген.
Барысы:
Ашылу әуені ойнайды.
1- Жүргізуші
-Уа, халайық, халайық,
Бәріңе жар салайық.
Бүгінгі кеш төрінде
Дарындылар елінде
Тапқыштардың тілінде,
Есеп шешіп, жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып
2- Жүргізуші
Шабыт тасып шалқысып,
Есеппенен ән салысып.
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шерді шашайық
Ат салысып аянбай
Бар өнерге басайық
1-жүргізуші
Асып әсте саспайық
Батыл қадам бастайық
Еркіңді билеп барынша
Жарыста сірә, қалыспа
Кеш қызығын ей, достар.
Осылайша шабытпен
Кәне енді бастайық.
2-жүргізуші
Мұнда қызық табылар
Жаңылтпаш, жұмбақ бәрі бар.
Айтыс, тартыс тағы бар
Сөз жұмбақ та, сан жұмбақ.
Суретті жұмбақ, шеш жұмбақ.
О-о-ой, бір қызық кеш болар,
Өздеріңмен бес болар.
1-жүргізуші.
Барлықтарыңызды математика пән апталығының ашылуымен құттықтаймыз! Апталықта бәрі бар – ашық сабақтар, жарыстар, конкурстар... Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді көрсетейік!

2-жүргізуші: Алғашқы сөз _____________________________________________________

_____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________беріледі.

Ауызша журнал- « Тарихи мәліметтер»

Ескертпе:

« Ауызша журнал» оқушылардың математикадан тарихи мәліметтерді де оқуына, танысуына мүмкіндік береді. Әр сыныпта белгілі бір тарауды өткеннен кейін оларға« Тарихи мәліметтер» арналады. Көбіне оқушылар оған мән бермейді. Ал апталыққа қатысушы оқушы осының бәрін ескеруі қажет. Тарихи мәліметтерді дайындау кезінде жас ерекшелігі, сыныбы ескеріледі. Төменде 6 сынып оқушылары дайындаған тарихи мәлімет берілді.


Санау жүйелері және теріс сандар туралы тарихи мәліметтер


Сан ұғымы – математика ғылымындағы ең негізгі ұғымдардың бірі.

Адамзат мәдениет есігін аша бастағанда математикадағы ең бірінші амал нәрселерді санау болды.

Нәрселерді санаудың нәтижесінде натурал сандар шыққан. Сандарды белгілеу үшін жасалған таңбалар цифрлар деп те аталады. Цифрлар:1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 0. Бұл цифрлар алғашқыда Үнді (Индия) елінде қолданылған, бірақ Еуропаға бұл цифрларды арабтар әкелген. Осыдан бұл цифрлар араб цифрлары деп аталған. Осындай цифрлардан сандар құрастырылып, олар белгілі бір тәсілмен аталып таңбаланған. Сандардың аталуының және таңбалануының жалпы тәсілін санау жүйесі деп атайды. Австралия және Полинезия тайпалары бір мен екі сандарынан үшті, төртті, бесті, алтыны құрастырған. Алтыдан артық сандарды «көп» немесе «сан жетпес» сандар деген. Мысалы: бірді – урапун, екіні- оказа, үшті- оказа- урапун, төртті- оказа- оказа, бесті- оказа- оказа- урапун, алтыны- оказа- оказа- оказа деген. Дүниені, табиғат құбылыстарын зерттеудегі қажеттіліктен адамзат сандарды атаумен қатар, жазуға да үйренген. Әр түрлі халықтар цифрларды әр түрлі таңбалармен белгіленген. «+» және « -« таңбаларын бірінші рет 1489 жылы чех ғалымы Я.Видман енгізген. Одан кейін көбейту таңбасы енгізілген. Көбейту амалының «×» таңбасын 1631 жылы ағылшын математигі Уильям Оутрет (1574-1660) , ал «*» таңбасын 1698 жылы неміс ғалымы Г.В.Лейбниц (1646-1716) енгізен. Бөлу амалының «/» таңбасын алғаш рет, 1684 жылы неміс ғалымы Г.В.Лейбниц енгізген, ал бөлу амалын бөлшек түрінде жазудың «-» таңбасы У.Джонстың (1675-1749) еңбектерінде пайдаланылған. Теңдік («=») белгісін 1557 жылы ағылшын дәргері Роберт Рекорд енгізген. Теңсіздік (< және >)белгісін Гарриот Томас (1560-1621) енгізді .

Римдіктерде бестік жүйемен санау қалыптасқан. Сандарды Рим цифрларымен жазуда осы бестік жүйе қолданылған :бір –I, бес-V, он- X, елу- L, жүз- C, бес жүз-D, мың-M таңбаларымен белгіленген. Рим цифрларымен жазуда қосу, азайту принциптері қолданылады. Қазіргі кезеңдерде қолданылатын халықаралық санау жүйесі –ондық жүйе.

Үнді математиктері де теріс сандарды VІІ ғасырда ғана қолдана бастады. Ал Еуропада теріс сандарды ХІІ –ХІІІ ғасырларда ғана қолдана бастады. Француз математигі Рене Декарт (1596-1650) 1637 жылы координаталық түзуді енгізіп, теріс және оң сандарға түсінік берді.


  1. 5-оқушы: Міне, осыдан математика жер бетіндегі барлық адамдарға керек. Онсыз адам есептпей алмайды, өлшей алмайды және шеше алмайды. Математикасыз үй салуға, қалтадағы ақшаны санауға, қашықтықты мөлшерлеу мүмкін емес. Адам математиканы білмесе ұшақтарды, автомобильді, кір жуғыш машинаны, тозаңытқышты, теледидарды және басқа да көп техниканы жасай алмас еди. Математика тарихта, өмирде, физикада, химияда, және тілдерде де қажет. Математика бізді логикалық ойлауға, нәтиже шығаруға тәрбиелейді. Математика – нақты ғылым

  2. Екі қыстақтың арасы10 шақырым.Қырсық жолаушы күніне екі шақырым алға

жүріп, кешке бір шақырым кейін қайтады. Қырсық жолаушы екінші қыстаққа
неше күнде  жетеді?               
(9 күнде)

2.Он-оннан асығы бар үш бала өзара асық ойнады. Ойыннан соң біріншісі екіншісіне қарап: қанша асық ұттың – деді ол. Онша көп ұтқыза қоймаппын, сегіз асығым қалыпты, – деді

- Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен, – дейді үшінші бала асықтарын түгендеп тұрып.

-  Ең көп асықтан ұтылған мен болдым, – дейді мұнайып бірінші бала. Ойыннан кейін кімде, неше асық?               ( 4, 8 18 )

3.Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады.

(Бір пұт)

3. Қызықты есептер «Ой сергіту» (жұмбақтар шешу)
1 топ:
Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар
Салдыраған 8 жерден таңбасы бар.
Бұлбұлды жолға салып айдағанда,
Салатын неше түрлі жорғасы бар.
(Домбыра)
Екі айнасы бар, екі найзасы бар,
Төрт сылдырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар.
(Сиыр)
Тоғыз белбеу, қос жібек,
Екі мұрын бір шүмек.
(домбыра)
Өзі 4 қанатты және 6 аяқты,
Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты.
(Инелік)




12 бұтағы бар алып емен.
52 шыбық тарап, өсіп өнген.
Шыбық сайын 7- ден жапырағы
Бар ма еді, сондай ағаш көзін көрген.           

  (Жыл , 12 ай, 52 апта, 7 күн)





8.  Атадан он баламыз,
Бір-бір жастан арамыз,
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз,
Көбейіп те аламыз. Ол не?                         

(0 мен 9 арасындағы сандар)






Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр - шиыр жолы көп.
(Қалам)
Екі ағайынды екеуі де бір үйде,
Бірін - бірі көрмейді.
(Көз) .
ІІ-топ: 1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)
2. Алды – артымыз шексіз де,
Жете алмайсың біздерге.
Сәуле менең кесінді,
Шыққан тегім білсе де. (түзу)
3. Күнде есебін жаттайды,
Ешбір тыным таппайды.
Алмайды бір тағат,
Оның аты....... /сағат/
4. Жапанда бір бәйтерек бес бұтақты,
демейді ешкімге ешкім кес бұтақты.
Ешкім кеп кеспесе де бұтақтарын,
Бұтағы бестен артық өспей қапты. /қол, бес саусақ/
Қарнында бір көлдің балығы бар,
Немесе жандының алыбы бар.
(Кит)

1. Ойлаған санды табу.

А)- Екі таңбалы сан ойла;

- оны екіге көбейт;

-көбейтіндіге 4 санын қос;

- қосындыны 4ке көбейт;

- көбейтіндіден 16ны шегер;

- шыққан нәтижені ойлаған саныңа бөл.

Жүргізуші ойынға қатысушылардың бәрініңде нәтижесі 8ге тең болатынын айтады.

Викториналық сұрақтар:

1. «Алгебра» сөзі қай тілден алынған?

Жауабы: Әл- жебр деген араб сөзінен шыққан.

2 . «Ақыл ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан оны оқу керек» авторы кім?

Жауабы: Г. Галилей.

3. Арифметиканы ғылым ретінде түсіндіріп баяндаған кімдерді білесің?

Жауабы: Эратосфен, Евклид, Диофант.

4. Музыкалық үзіліс.

5. Қазақтың үй тұрмысында қолданылатын сандық геометриялық фигура ретінде не?

Жауабы: параллепипед.

6 Қазақтың тұңғыш арифметикаға арналған оқулығын кім жазған?

Жауабы: М Дулатов.

7 . Музыкалық үзіліс.

8. 1 қадақ ұғымын қазақ халқы не үшін қолданған?

Жауабы: 410 г мөлшеріндегі өлшем ретінде қолданған.

9. Квадриллион не?

Жауабы: құрамында 24 нөлі бар сан.

10 Миллион сөзі қашан шыққан?

Жауабы: 1500 жылы Италияда қолданылған.

11. Бұл не? / конверт ішіне кітаб мұқабасы негізін бейнелейтін «кітапша» және оның қандай кітаб болуы мүмкін екендігін анықтайтын сызбалар жазылуы , сызылуы керек сол арқылы оқушы анықтай алады. /

Жауабы: біздің эрамыздан бұрынғы III – ғасырда жазылған грек математигі Евклидтің « Бастамалар» кітабы.

12. Жетіқарақшы қашан көрінеді?


2-жүргізуші: Құрметті бүгінгі ойынға жиналған нақты ғылымдарды сүюші қауым. Сіздерге соңында айтарымыз бар:
Есептеуге жүйрiк болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан,
Барлық ғылым саған үйiр болады,
Досың солар – табылатын қасыңнан.
1-жүргізуші:
Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе.
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт.
Мықты болсаң – заманыңды көктеп өт - дей отырып, мықтыларға арналған математика, информатика пән апталығында оқушыларға үлкен жеңістерді, мұғалімдерге табыс тілейміз!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!