Материалдар / МАТЕМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ ОҚЫТУДЫҢ БЕЛСЕНДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

МАТЕМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ ОҚЫТУДЫҢ БЕЛСЕНДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
МАТЕМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ ОҚЫТУДЫҢ БЕЛСЕНДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ Оқыту әдістемесі – оқушыларға білім беру, танымын арттыру және дамыту, дағдыландыру мақсатында оқытушылардың қолданатын тәсіл-амалдары мен құралдарының жиынтығы. Бұл ұғымның анықтамасы мен әдістерді жіктеу турасында педагог ғалымдар арасында ортақ пікір қалыптаспаған. Педагогикалық әдебиеттерде оқыту әдістерінің 50-ден астам түрі көрсетіледі. Қазіргі таңда Қазақстанда білім берудің жаңа жүйесі дайындалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге батыл қадамдар жасалынуда. Білім берудің мазмұны жаңарып, оларды технологиялық-педагогикалық тұрғыдан жетілдіру қажеттігі туындауда. Білім беру деңгейіндегі озық технологияларды пайдаланудың мақсаты – үйрете жүріп, үйрену.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қаңтар 2023
358
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МАТЕМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ ОҚЫТУДЫҢ БЕЛСЕНДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ


Оқыту әдістемесі – оқушыларға білім беру, танымын арттыру және дамыту, дағдыландыру мақсатында оқытушылардың қолданатын тәсіл-амалдары мен құралдарының жиынтығы. Бұл ұғымның анықтамасы мен әдістерді жіктеу турасында педагог ғалымдар арасында ортақ пікір қалыптаспаған. Педагогикалық әдебиеттерде оқыту әдістерінің 50-ден астам түрі көрсетіледі. Қазіргі таңда Қазақстанда білім берудің жаңа жүйесі дайындалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге батыл қадамдар жасалынуда. Білім берудің мазмұны жаңарып, оларды технологиялық-педагогикалық тұрғыдан жетілдіру қажеттігі туындауда. Білім беру деңгейіндегі озық технологияларды пайдаланудың мақсаты – үйрете жүріп, үйрену.

Мұндай мақсатта мектептерде бірінші кезекте үйрену мен үйретудің басты әдістемесі мен технологиясы ретінде белсенді оқыту әдістемесін таңдауы қажет. Мектептерде оқытудың белсенді түрлерін қолданудың төрт дәлелі бар:

1)белсенді түрде оқу мен сыни ойлау өмірде қолданыс табатын білім береді;

2)жүйелі ойлау тек қана белсенді түрде ғана сіңіріледі;

3) белсенді оқыту/оқу өздігімен білім алуды дамытады;

4) оқушылардың қызығушылығы мен ынтасы оқыту/оқуды белсенді тәсілдерін қолданғанда анағұрлым жоғары болады [3].

Егеменді еліміздің аяққа тұрып, өз-өзіне келген уақытында білім саласында елеулі өзгерістер болып жатыр. Осы қолға алынған өзгерістерді жүзеге асыру үшін аса бай мұраларды қолға алу арқылы білім берудің тиімді әдістерін қолдану кажет.

Сан жылдар бойы қолданып келген дәстүрлі сабақ оқушыларымызды бұл көздеп отырған талабымызға жеткізбейді. Сондықтан қазіргі уакытта талап та, кажеттілікте және сол қажетілікке жеткізуші әдіс-тәсілдерде өзгерген.

Ұлы кемеңгер, казақ тілі білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының: «Басқадан кем болмас үшін, біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Күшті болуға бірлік керек.

Білім берудің негізгі мақсаты білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі кұралдарды колданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Бүгінгі таңның мұғалімі өз білімін қолданумен қатар, шәкірттерінде зерттеушілік, ізденушілік әрекеттерді ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін меңгеруі керек. Жаңа технологияларды жүзеге асыруда мұғалімнің өзгеруге бейімділігі, белсенді әрекеті, ізденімпаздығы, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, шәкірттерін жеке тұлға ретінде бағалауы ерекше орын алады.

Себебі біз жан-жақты дамыған, жаңа ортаға бейім, бәсекеге қабілетті тұлғаны дайындауымыз қажет. Ең бастысы балалар сабақта тыңдаушы, бұйрықты орындаушы емес белсенді түрде өз ойымен бөлісуші болып, дайын білімді кабылдаушы кейпінен өз бетімен өзіне қажетті білімді игеруші тұлға дәрежесіне ауысуы қажет.

Бүгінде кең етек жайып келе жаткан технология - белсенді оқыту.

Белсенді оқыту әдісі:

- оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырады;

- оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынасын арттырады;

- оқушылардың әлеуметтік-мәдени тұрғыда дамытады;

- оқушылардың білім, білік, дағдыларын калыптастырады;

- оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытады;

- оқушылардың өзгермелі өмірге бейімдейді.

Белсенді оқытудың бірегейі - американдык-педагог ғалымдар Чарльз Темпл, Куртис Мередит, Джинни Стилл ұсынған «Оқу мен жазу арқылы сын тұргысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы.

Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының ең басты өлшем бірлігі - оның тиімділігі, нәтижелілігі, жаңашылдығы. Бұл шыңдалған ойлау үлгісі. Бұл технология оқушы белсенділігін арттырып, құзірезтілігін дамытуда маңызы зор екендігі дәлелдеген.

Белсенді оқыту стратегияларының бірі «ББҮ» әдісі:Білемін. Білгім келеді. Үйрендім. Бұл стратегияны 1984 жылы Чикаго университетінің профессоры Донна Огл шығарған. Оның максаты - таным үрдісінде рефлексивтілікті дамыту. Ол үшін төмендегі кестені толтыру керек. Топтың мүшелерін дамыту мақсатында уақытты үнемдеу аркылы оқушылардың барлығын тындауға мүмкіндік береді. Кестені толтыру барысында ұсыныстар және жаңа ойлар қосуға болады. Бірінші баған сабақтың басында толтырылады, соңғы екі баған сабақты қорытындылау кезеңінде толтырылады. Соңғы бағандағы оқушы пікірі мұғалімнін келесі сабағының мақсатын айкындауға мүмкіндік береді.

Мысалы:

Білемін: қысқаша көбейту формулаларын;

Білгім келеді: күрделі теңдеулерді түрлендіру;

Үйрендім: мәтінді есептерді теңдеу құру арқылы шығару.

Кубизм стратегиясы.Балалар, мына қолымдағы кубиктің алты жағы бар, қазір мен үш қатардың біреуінің жанына барып иіремін. Қай жағы түссе, сол жақтың сұрағына жауап бересіңдер.

Суреттеңіз. Квадрат теңдеу дегеніміз не?

Салыстырыңыз. Толық квадрат теңдеумен толымсыз квадрат теңдеуді салыстырыңыз.

Зерттеңіз. Квадрат теңдеудің қанша түбірі болатынын қалай анықтауға болады.

Болжаңыз. Кез келген квадрат теңдеудің түбірлерін табу үшін ?1,2=−?±√?2−4??2? формуласын қолдануға бола ма?

Қолданыңыз. Толық квадрат теңдеуден келтірілген квадрат теңдеуді қалай алуға болады?

Талдаңыз. Келтірілген квадрат теңдеу түбірлері формуласының жалпы түрдегі квадрат теңдеу түбірлерінің формуласынан қандай айырмашылығы бар?

«ЕЛШІЛЕР» әдісі. Мақсаты: белсенді тыңдау, шешендік өнер және сөйлеу мәнері, бөлу және өзара байланыс кұру.

Бөлмеге 3-4 адамнан тұратын топтарға арналған контейнерлер қойылады. Топтар тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланады да, зерделенген материалды түсіндіру және жинақтау, бұл туралы жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып береді. Бұл - шаршататын және бір сарынды «баяндама жасалатын», мезі кылатын сабақтардан кұтылуға мүмкіндік беретін тамаша әдіс. Сондай-ақ бұл әдіс елшінің тілді қолдану шеберлігін көрсетеді, әрі белсенді тыңдаушылар тобын қалыптастырады.

«Бағдаршам» әдісі. Мұғалім оқушылардан өз жұмыстарының нәтижелері бойынша оқу мақсатына қаңшалықты жеткендігін және өзінің білімдеріне қаншалықты сенімді екендігін көрсетуді сұрайды.

- Жасыл - мақсатқа қол жеткізілді, сенімді алға жүреді.

- Сары - біршама алға жылжу бар, кейбір мәселелер бойынша табысқа қол жеткізілді, алайда сенімсіздік бар, кеңес, көмек сұрайды.

- Қызыл - жетістікке қол жеткізбеді, абыржуда, сондықтан ол туралы мұғалімге мәлімдейді.

Бұл әдіс мұғалімдерге қиындықтарды ерте анықтауға, ал оқушыларға мұғалімнен алдын ала көмек сұрауға мүмкіндік береді.

Әрине, әдістер өте көп. Оларды жаппай ретсіз қолдануға болмайды. Әр қайсысының сабақ кезеңдерінде өзіндік қолдану орны бар. Сондықтан менің оқыған осы курстын берері мол болды.

Өз білімімді жетілдіру барысында негізгі белсенді оқыту әдісін тереңдей ұғынғандай болдым. Жаңаша әдіс-тәсілдер оқушының кеңінен ойлануына, көркем тілмен өз ойын ашық жеткізуіне жол ашатынына көзім жетті. Белсенді оқытуда мұғалімнің челленжер, фасилитатор болып оқушыны орындаушылықтан ізденімпаздылыққа жетелеп, көшбасшылық қабілеттерінің дамуына көп көмегін тигізетінін білдім.

Оқу мен тәрбиенің ұштасатындай, білім мен дағдының оқушы бойында қатар нәр алып, логикалық ойлауының тереңге тамыр жайып өсуіне де ықпалы мол. Өз білімімді әлі де жетілдіріп, алған білім-білік дағдыларымды, үйренген әдіс-тәсілдерімді қолдану арқылы құзырлылық танытатын, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеп шығаратыныма сенімім мол.


Әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә. «Қазакстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына карай 20 қадам». Астана. 2012 жыл.

2. Григальчик Е. К., Губаревич Д. И. Обучаем иначе. Стратегия активного обучения. - Минск: Современное слово, 2003.

3. Байтұрсынов А. Шығармалар жинағы. - Алматы, 1989

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!