Математика пәнін оқытуда инновациялық
технологияларды қолдану
Ахметкалиева Қарлығаш
Кенесбековна-математика пәнінің мұғалімі
Өскемен қаласы әкімдігінің «№6
орта мектебі» КММ
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы.
Білім жүйесіне ақпараттық технологиялардың
тереңдеп енуі оны оқыту әдістемесін ғана емес, мазмұнын да өзгерте
бастады. Математика саласында математикалық әдістер мен
математикалық ойлау ғана емес, жалпы ғылыми
дүниетаным да
жаңаруда. Мектепте математикалық білім беру мазмұнын жаңарту мен
оны оқыту әдістемесін жетілдіруден бұрын математикалық білім беру
сапасын жолға қоюмыз қажет деп ойлаймын.
Оқушылардың ойлау қабілетін тереңдету, пәнге қызығушылығын арттыру
бағытында көп жылдардан бері педагогикалық зерттеу жұмыстарын
жүргізіп келемін. Сол жасалған жұмыстарымның негізінде оқушының
- есептің берілгенін толық оқып шығуға дағдыландыру
- теорияны білу,
оны логикамен ұштастыру
- шапшаң ойлау қабілетін қалыптастыру.
- көру, есте сақтау қабілетін дамыту
- есепті шығаруда тиімді жағын көруге баулу
- пәнге деген құзырылылығын арттыру бағыттарын қалыптастыруды
басшылыққа аламын.
Қазіргі қоғамымызға әр мұғалім өз іс-әрекетінде қажетті
өзгерістерді,
әртүрлі тәжірибелер жөніндегі
мағлұматтарды,
жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс
пайдалана білуі керек. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен
білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс -әрекетінің
ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің
бірі.
Педагогикалық менеджмент тұрғысынан дәстүрлі сабақ пен қазіргі
сабақты салыстырмалы талдауды зерделей отырып, сабақты жаңаша
құруды үйреніп, оқушыларға оқу тапсырмасын дайындап, олардың
танымдық қызметін белсендіруді, білім сапасын арттыруды мақсат етіп
алдым. Oсы мақсатқа жету үшін инновациялық технологияларды сабақта
қолданамын. Ж.А.Қараевтың және Ж.У.Кобдикованың «Үш өлшемді
әдістемелік жүйемен оқыту» Ж.А. Қараевтың «Саралап деңгейлеп оқыту
технологиялары» іс -тәжірибе барысында өзінің өміршеңдігін көрсетіп
келеді. Блум таксономиясының үлгісі негізінде оқу тапсырмаларын
дайындап, сабақты жоспарлау өз нәтижесін беруде. Сыныптағы
оқушылардың пәнге қызушылығы артып, білімнің сапа көрсеткішіне
өзгеріс енді.
Сабақты Блум таксономиясы
бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі,
ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына,
ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Блум
таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық
үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында
белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды
қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні-
оқушыларды кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады. Сабақ жоспарын
Блум таксономиясына салып, бағдарламада белгіленген жеті модульді
ықпалдастырудың арқасында оқушылардың не білетінін және нені жасай
алатынын, сондай-ақ қызығушылықтарын түсініп, оқытудың жаңа
тәсілдерін тиімді және орынды пайдаланып, оқушы бойында ішкі уәж
тудырып, өз қабілеттеріне сенім арттырып, ол өз кезегінде жаңа
материалды саналы түрде меңгеруіне әсер етеді деп
күтіледі
Осы орайда оқушылардың өз
бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған Ж.У.
Кобдикованың басшылығымен жазылған 6 сынып математика оқулығын
көмекші құрал ретінде атап айтуға болады. Әңгімелесуші –оқулық
нұсқасында жазылған бұл оқулық нәтижеге бағытталған сабақ жоспарын
құруға, оны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оқулықта Блум
таксономиясына негізделіп дайындалған деңгейлік тапсырмалар алты
қадаммен берілген.
1-қадам. «Білу» тапсырмаларын
орындау нәтижесінде өткен тақырыптың мазмұны бойынша ең қажетті
ақпараттарды білетін болады. 2-қадам. «Түсіну» тапсырмалары «Білу»
тапсырмалары жауаптарының себеп-салдарын анықтауға бағытталады.
«Білу» тапсырмаларының жауаптарына «Неге? Не себепті?» деген
сұрақтар қою арқылы түсіну дағдылары қалыптасады. 3-қадам: «Талдау»
тапсырмалары «Түсіну» тапсырмаларының нәтижелерін салыстыруды талап
етеді. Олардың ұқсастығы мен ерекшеліктері арқылы тақырыптың басты
идеясын тұжырымдауға болады. 4-қадам: «Жинақтау» тапсырмаларын
орындау арқылы тақырыптың тұжырымдалған басты идеясын көрнекі түрде
тірек сызба ретінде құрастырады. 5-қадам: «Қолдану» тапсырмасында
сабақта оқып үйренгендерін практика жүзінде пайдаланып, әртүрлі
есептер шығарып, күтілетін нәтижелерге жетуге болады.6-қадам: «Баға
беру» тапсырмалары тақырыпты меңгерудің соңғы қадамы болғандықтан,
біліп үйренгендерін өмірмен байланыстырып,
қорытады.
Блум
таксономиясы негізінде
жоспарланған сабақ үлгісінен
мысал келтіретін болсақ:
Сабақтың тақырыбы
|
Қарама-қарсы сандар.Бүтін сандар.Рационал сандар
туралы түсінік.
|
Сілтеме
|
Блум таксономиясы,Марта
Бронсон/2002ж/өзін-өзі реттеу.Оқулық. Мұғалімге арналған
нұсқаулық. Математика 6-сынып. Ж.У.
Кобдикова. сабақ жоспары.
|
Жалпы мақсаттар
|
Оқушылардың логикалық ойлау
қабілеттерін,білім,білік дағдыларын дамыта отырып,интеллектуалдық
әрекеттерін қалыптастыру, математикаға деген қызығушылықтарын
арттыру, оқушыларды өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
|
Оқыту нәтижеле-рі
|
Оқушылар қарама-қарсы сандар туралы
түсінікті,қандай да бір санға қарама-қарсы сан болатынын, бүтін
сандар жиынын,рационал сандар жиынын, таңбалар ережесін білулері
керек, берілген санның қарама-қарсы санын таба білуге тиіс.Натурал
сандар, бүтін сандар және рационал сандар жиынының Эйлер-Венн
дөңгелектері арқылы кескінделуін білулері тиіс.
|
Негізгі мақсаттар
|
Қарама-қарсы сандар туралы,
бүтін сандар жиынын қандай сандар құрайтынын, рационал сандар
жиынын қандай сандар құрайтыны туралы түсінік беру, таңбалар
ережесімен таныстыру,берілген санның қарама-қарсы санын тауып
үйрету.
|
Сабақтың әдіс-тәсілдері
|
Топпен жұмыс, топтастыру, салыстыру,
саралап-бағалау, толғаныс, болжау.
|
Сабақтың көрнекілігі
|
Үлестірме парақшалар,слайдтар, сөздер,суреттер,
сызғыш, қосымша тапсырмалар.
|
Тапсырма-лар
(Уақыты)
|
Сабақ уақыты: 45 минут.
|
Білу тапсырма-сы
5мин,
|
Жаңа тақырыпты өздіктерінен түсіну
әдісі
1-топ
Координаталық түзудің бойынан
А(6),В(-6),С(4),Д(-4)
2-топ
Координаталық түзудің бойынан натурал
сандар мен 0 санын белгілеңдер
3-топ
Координаталық түзудің бойынан рационал сандарды
белгілеңдер.
|
Түсіну тапсырма-сы
(5
мин)
|
|
Көп
нүктенің орнына қажет сөздерді жазыңдар
Бір-бірінен тек қана .................
ажыратылатын сандар қарама-қарсы сандар деп
аталады. Мысалы:
Оң
санға қарама-қарсы сан ................ сан
болады.
Теріс санға қарама-қарсы сан ............сан
болады.
О
саны................ қарама-қарсы сан
Натурал сандар және оған ..........сандар және
..... саны бүтін сандар деп аталады.
Бүтін сандар, бөлшек сандар ...........рационал
сандар деп аталады.
Координаталық түзу бойынан А,В,С нүктелерінің
координаталарын кескіндеп, оған координаталары қарама-қарсы сандар
болатын нүктелерді әріптермен белгілеп, координаталарымен
жазыңдар.
Таңбалар
ережесі
+(+) = +
-
(+ ) = -
+
(-) = -
(-)- = +
|
|
Сергіту сәті
2
мин
|
«Кім алғыр?» ойыны; 1-ден 30-ға дейінгі сандардың
арасынан 3-ке еселік сандарды алып тастай отырып, кезекпен жылдам
санайды.
|
Қолдану
10 мин
|
Кітаптан есептер шығару
№113-117.
|
Талдау
5
мин
|
-
№121. Жұлдызшаның орнына теңдік тура
болатындай таңбаны қойып жазыңдар.
-
Оң санға қарама-қарсы сан қандай
сан?
-
Теріс санға қарама-қарсы сан қандай
сан?
-
Оң сандар және теріс сандар қандай сандарды
құрайды?
-
Қарама-қарсы сандар дегеніміз қандай
сандар?
-
Рационал, бүтін, жұп, тақ сандарды салыстырып,
ұқсастығы мен ерекшеліктерін жазыңдар.
Қай тұжырымдама тура:
-
Кез келген натурал сан –бүтін сандар жиынының
элементі.
-
Кез келген бүтін сан –натурал сандар жиынының
элементі.
-
Кез келген рационал сан бүтін сандар
жиынына тиісті.
-
Кез келген бүтін сан рационал сандар жиынына
тиісті.
-
0 саны рационал сандар жиынына
тиісті
|
Жинақтау кезеңі
Бекіту тапсырма-лары
6мин
|
А-деңгейі 1.
5 санына қарама-қарсы сан
А) 0 В) -5 С)
5
2.Теріс санның қарама-қарсы
саны
А) натурал сан В) оң сан
С) бүтін сан
3. 0
санының қарама-қарсы саны
А) теріс сан В) оң
сан С) 0
4. Есепте :-(-4) А)
4 В) -4 С) 0
5. Есепте -(+5,2) А)
5,2 В) -5,2 С)
0
6. Есепте :+(-8) А)
-8 В) 8 С)
–(-8)
7.
Есепте: -(-7) А)
-7 В) (-7) С)
7
-
В-деңгейі: Сабақта алған білімдеріңнің
негізінде тірек сызба құрастырып, оны
толтырыңдар.
|
Баға беру:
5
мин
|
А
–деңгейі: Балалар,сендер қалай
ойлайсыңдар, сандарды «бүтін оң» және «рационал теріс»деп екі түрге
бөлудің қажеттілігі бар ма? Ол не үшін
керек?
В-деңгейі: Топтарыңда мысал есеп
құрастырып,оны талқылап, шешуін табыңдар.
|
Рефлексия
1
мин
|
Стикерлерге оқушылар пікірін
жазады
|
Оқушылар ды бағалау
|
Топ
басшыларының көмегімен бағалау критерийлері арқылы
бағалау.
|
Үйге тапсырма:
|
№119,123
|
|
|
|
|
Блум
таксономиясы ақпараттық технологиялар
көмегімен оқушылардың ойын жетілдіруге, тез де ұшқыр
ойлауға, жылдам шешім қабылдап, оның дұрыстығын дәлелдеуге
мүмкіндіктер береді. Берілген тапсырмаларды орындауда
оқушылар өз беттерімен ізденеді, ой-өрістері кеңейіп,
дүниетанымдары қалыптасады. Теориялық білімдерін кеңейтіп, оны
практикада қолдануға ықпал етеді. Оқушыларды ақпараттық
қоғамдық өмірге дайындауға бағытталған. Берілген тапсырма
арқылы оқушылардың логикасы дамытылып, өздігінен
ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік
береді. Оқушы өз
білімін де өзгенің ерекшелігін де көре
біледі.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Әдебиет:
-
С.Мирсеитова «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс
оқыту ретінде»
Қарағанды,2011
-
Мұғалімге арналған нұсқаулық,
73-бет
Дереккөз: Ұлттық оқу зертханалары, Бефель, Мэн
штаты, АҚШ.
3.Ж.У. Кобдикова Математика. Жалпы білім беретін
мектептің 6-сыныбына арналған оқулық.