Материалдар / Математика пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану - сапалы білім негізі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математика пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану - сапалы білім негізі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңыздылығы туралы айтылады. Бұл мақаланың жас мамандарға көмегі бар есептеймін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қазан 2022
625
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Математика пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану - сапалы білім негізі


Қарағанды облысының білім басқармасының

Балқаш қаласы білім бөлімінің

«№24 мектеп-интернаты» КММ,

математика пәнінің мұғалімі Бертаева Нурсулу Камбаровна


Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Ағартушы-жазушымыз-кемеңгер ғұлама ұстаз Ыбырай Алтынсариннің алға қойған мақсаты - қайткен күнде де «қалың елі, қазағым» терезесі тең көсегелі, көргенді мәдениетті, өнері өркендеген ел қатарына қосу болатын. Ы. Алтынсарин идеяларын дамытып, қоғамда пайдалана білу үлкен бір жетістік.

Жаңа технология - мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын құрал. Бүкіл дүниежүзілік беталыстан шеттеп қалмау мақсатында біз ақпараттық технологияны тікелей оқу үрдістерінде қолдану мүмкіндіктерін толықтай пайдаланудамыз. Қоғамдағы ақпараттандыру процесстерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. Ақпараттандырылған ғасырда озық технологияның үздік жемістерін пайдалану – дамыған елдердің шешімі. Сондықтан еліміз үшін бұл да бір жаңа белес, жаңа шың!

Казіргі таңда білім жүйесінде жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылып жүр. Сондықтан математиканы оқытудың мазмұнын ашуды жүзеге асыру үшін жаңа ақпараттық технология құралдарының қажеттілігі зор. Қазіргі ақпараттық технологияның озық жетістіктерін математика сабағында қолдану арқылы танымдылық іс-әрекеттерін ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзіреттілігін дамытуға болады.

Математика пәнін оқытудағы ақпараттық технологиялардың педагогикалық мақсаттары:

  • қолданушы мен ақпараттық және коммуникациялық құрылғылар арасындағы жылдам байланыс;

  • оқытылу ақпаратының компьютерлік көзге елестетілуі;

  • ақпараттық-әдістемелердің оқыту процесін ұйымдастырудағы бақылауын автоматтандыру

Математика сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі жағынан қарастырсақ, мұғалімдерге берер мүмкіндіктері:

  • инновациялық технологияларды қолдану іскерлігі, әдіс-тәсілі артады;

  • мектептегі басқа пән мұғалімдерімен тәжірибе алмасады;

  • интернетке кіру жүйесі арқылы әлемдік деңгейде іс-тәжірибе алмасуды қалыптастырады және оқытудың түрлі әдіс тәсілдерін игеруге қол жеткізеді;

  • жеке тұлғаны қалыптастырудағы жауапкершілігі артады;

  • мұғалім үздіксіз ізденісте жүреді;

  • мұғалім сабақты қызықты, жүйелі түрлендіріп өткізуге машықтанады.

Ақпараттық технологияның оқушыларға берер мүмкіндіктері:

  • түрлі ақпараттық, бейнелік, дыбыстық анықтамалар арқылы білімін жан- жақты жетілдіреді, дамытады;

  • өз бетінше сарамандық тапсырмаларды орындайды;

  • тақырыптан қалып кеткен немесе дұрыс түсінбеген тақырыпты қосымша қайталауға мүмкіндік беріледі;

  • пәнге қызығушылығы, үздіксіз ізденісі артады;

  • ойлау ,есте сақтау, пікір сайыстық қабілетті дамиды;

  • түрлі бейнелік, сілтемелік, нұсқаулық тапсырмаларды орындайды;

  • түрлі деңгейдегі тест тапсырмаларын орындап өзінің білім-білік дағдыларын тексереді, шығармашылық есептер орындайды;

  • аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;

  • қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

  • қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

  • білім алушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Математика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудағы басты мақсаты – білім алушылардың өз бетінше білім алу үрдісін қалыптастыру, оқушыларға білім алу процесінде көмектесу. Бұл мақсаттарға оқыту программалары , дәрістерді қолдауға арналған электрондық оқулықтар, тексеру программалары, видео сабақтар, анимациялық бейнелерді құру сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Қазіргі таңда сабақтарда интернеттік  желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдаланып, әр түрлі платформадағы бағдарламаларды үздік игеруде.  

Қазақстандық білім беру жүйесінде қолданысқа енгізілген арнайы техникалық ақпараттық құралдар негізіндегі жаңа технологиялар: интерактивті тақта, интернет ресурстарымен жұмыс, сандық білім кеңістігін құру, дербес мультимедиалық кітапхана, қашықтан жүргізілетін сабақтар, диспуттар, конференциялар, тренингтер, іскерлік ойындар және т.б.

Интерактивтік оқыту - бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым- қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.

Интерактивті тақтаны мынадай жағдайларда қолдануға болады:

  • теориялық материалды өздігінен меңгеруге,

  • сабақты иллюстрациялық материал ретінде жабдықтауға,

  • интерактивті тақтада кескінді түрлі - түсті айқын, ұқыпты оңай көрсету,

  • әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру,

  • сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әр түрлі деңгейлі, шығармашылық тапсырмалар орындауға,

  • әрбір жеке тұлғаның білімін,білік іскерлігін әрбір тақырыптар, әрбір тараулар бойынша тексеруге,бағалауға,

  • емтиханға дайындық кезеңдерінде пайдалынады.

Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін – өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты - оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін, шығармашылық қабілетін дамыту. Мұның тиімді жағы: электронды оқулықта әр сабаққа арналған бейне көрініс, анықтама сөздік, есептердің шығарылу жолы, фигуралардың кеңістікте орналасуы, диктант, тест тапсырмаларын, қайталау сұрақтарын пайдалана аламыз. Электронды оқулықты қолдану арқылы сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі, оқушының пәнге қызығушылығы, білім, білік, дағды деңгейін қалыптастыруы, білімнің тереңдігі, тексеру түрлері, бағалауы, практикалық дағдыларды игеруі артады. Оқушылардың өздері де алынған ақпаратты көшіріп алып, онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады .

АКТ-ны математика сабақтарында қолдану көрнекіліктің және жұмыстың тез орындалуы, жазбаша жұмыстың болмауының арқасында, материалды игеруге уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Интерактивті режимде оқушылардың білімдерін тексеру оқытудың тиімділігін арттырып, тұлғаның барлық потенциалын, танымдық, моральды-адамгершілік, шығармашылық, коммуникативтілік және эстетикалық мүмкіндіктерін іске асыруға көмектеседі, оқушылардың зияткерлігін, ақпараттық мәдениетін дамытуға әсер етеді. Оқу үрдісінде электрондық оқыту бағдарламаларын дәстүрлі оқыту әдістерді педагогикалық инновациялармен ұштастыру арқылы жүйелі түрде қолдану дайындық деңгейлері әртүрлі балаларды оқытудың тиімділігін біршама көтереді.

Алгебра, геометрия, математика сабақтарын цифрлы білімдік ресурстарын қолданып өткізуде мен өз сабақтарымда графиктерді, суреттерді, алгоритмдерді көрсету үшін интерактивті тақтаны немесе мультимедиялық презентацияны қолдана отырып, материалды түсіндіремін. Мұндай презентацияларға әсіресе, геометрия сабақтарында стереометриялық есептерді шешуде ешнәрсе тең келмейді, кез келген геометриялық фигураны интерактивті тақта көмегімен бұруға, қосымша салу жұмыстарын жүргізуге, оны толық көлемді түрде көрсетуге, жазықтықта сызба салуға, салу есебінің шешуін көрсетуге болады. Алгебрада «Функциялардың графиктері» тақырыптарын түсіндіргенде көрнекі түрде графиктердің абсцисса осі бойымен немесе ордината осі бойымен жылжуын көрсетуге болады. Төменгі сыныптарда анимация көмегімен есепте берілген ситуацияны көрнекі түрде модельдеп көрсетуге болады, т.с.с.

Оқушы алгебра, геометрия пәндері бойынша жаттықтырушы және оқыту бағдарламаларымен өз бетінше жұмыс істейді. Оқыту бағдарламалары (жаттықтырушы) әрбір оқушының материалды толық қабылдауын қамтамасыз етеді, себебі әрқайсысы өз қарқынында (өте маңызды) өз бетімен оқу материалы бойынша жылжып отырады.

Сабақта жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру,шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу - басты талап.

Математика пәнінің ерекшелігіне қарай математика курсын толығымен компьютерлік негізінде ауыстыруға болмайды. Мысалы: аксиома, теорема, оларды дәлелдеулер жолымен оқушылардың абстрактылық ойлау қабілетін дамыту істері бұрынғы тәсілмен жүруі тиіс. Тек кейбір тақырыптар мен тарауларды оқып үйренуде ғана компьютерлік технологияға жүктеу керек.

Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Әрбір ұстаздың міндеті мектеп оқушыларын отан сүйгіштікке, ақыл-ойын жан-жақты дамытуға, ұмтылуға тәрбиелеу. «Қыран-түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз-шәкіртіне талап сыйлайды» деген халқымыздың қанатты сөзі ұстаз арқылы дарыған талаппен ұрпақтың алысқа ұшатынын меңзеген.

Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына енуде ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!