2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ
«Ustaz tilegi» - Республикалық кәсіби педагогтар қауымдастығына қосылып, сайттағы 381 569 материалды тегін жүктеп алу мүмкіндігіне ие болыңыз
Толығырақ

МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептегі математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түріне-үйірме жұмыстары жатады.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ

Математика - барлық ғылымдардың логикалық негізі, демек, математика сабағы оқушының дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, зерттеушілік белсенділігі мен зерттеушілік қабілеттерін дамытады, оны шыңдай түседі және ғылыми дүние танымын қалыптастыруға септігін тигізеді. Математиканы оқыту барысында оқушылардың пәнге деген көзқарасы әр түрлі факторлармен: жеке басының және пәннің ерекшеліктерімен қатар оқыту әдісімен анықталады. Олардың осындай ерекшеліктерін ескере отырып, пәнге деген ынтасын арттыру мақсатында үйірме жұмысын ұйымдастырудың маңызы зор. Көпшілік оқушылардың, үйірме мүшелерінің математика пәніне қызығушылығының артуы оны оқыту әдісінде үйірме жұмысының қаншалықты дұрыс ұйымдастырылғанына байланысты. Үйірме жұмысында оқушылардың математика тарихынан алынған мағлұматтармен және көрнекті математиктердің өмірбаянымен, ғылыми еңбектерімен таныстыру мұғалімнің сыныптан тыс жұмыстарында жандандырады.Сондай-ақ оқушылардың ой-өрісін дамытатын логикалық есептер шығаруға, қалжың есептерді талдауға, викториналық сұрақтарға, оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамытатын математикалық сандық ребустарға, қиынырақ есептерге уақыттың бөлінгені дұрыс.
Мектептегі математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түріне-үйірме жұмыстары жатады. Математикалық үйірме оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырумен қатар, математикалық oй-өрісін, зерттеушілік қабілеттерін дамытуға, өзіндік жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға, математикалық білімінің сапасын жоғары деңгейге көтеруге септігін тигізеді.
Негізінен барлық сыныптардағы математикалық үйірмелер екі денгейде болуы мүмкін: біреуі - үлгерімі жоғары деңгейдегі оқушылар үшін, екіншісі-үлгерімі орта деңгейдегі оқушылар үшін.
Матeмaтикaлық үйірмедегі сабақтар төмендегі жоспар негізінде жүргізіледі:
1)Математика тарихына байланысты үйірме мүшесінін 5-10 минутқа шақталған баяндамасы, үйірме жетекшісінің немесе үйірме мүшелерінің тақырыпқа сәйкес хабарламалары;
2) Ecenmер шығару, оның ішінде жоғарғы қиындықтағы есептер;
3) Жаттықтыру есептерін және жаңылтпаш есептерін шығару;
4) Оқушыларының әр түрлі сұрақтарына жауап беруі.
Үйірме мүшелерін конкурстық есептермен таныстыру, жоғары оқу орындарына түсу емтихандарының есептерінің ҰБТ тапсырмаларының деңгейі жайлы мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Мұндай есептердің шартымен үйірме мүшелерін әр сабақтың сонында таныстырған тиімді тапсырмаларды оқушылар, қалауы бойынша өз бетінше үйде орындалуына болады, үй тапсырымасын орындау оқушыларға міндеттелмейді.
Оқу материалдары қиындығының өсу тәртібіне сәйкес орналастырылады.

  1. Зерттеу жұмыстары жалпы жүйесінің негізгі кезеңдері


  • Проблеманың өзектілігі (болашақ зерттеулерді анықтау, проблемаларды табу);

  • Зерттеу саласын анықтау (негізі мәселелерді белгілеу);

  • Зерттеу тақырыбын таңдау (зерттеу шеңберін белгілеу);

  • Шешімге келу тәсілдерін анықтау, жүйелеу (зерттеу әдістерін таңдау);

  • Зерттеу жүргізудің жүйелілігін анықтау;

  • Ақпараттар жинау, реттеу (алған білімдерін есепке алу);

  • Алынған материалдарды жинақтау, талдау (белгілі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, материалдарды жинақтау);

  • Есеп беруге дайындау (негізгі түсініктерге анықтама беру, зерттеу нәтижесі бойынша хабарлама дайындау);

  • Баяндама (зерттеу нәтижелерін құрбылары алдында баяндау, сұрақтарға жауап беру).

Зерттеу жүргізудегі ең маңызды нәрсе проблеманы көре білу болып табылады. Проблема жай ғана мәселе деген сөз емес, «problema» сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда «міндет», «кедергі», «қиындық» деген ұғымды білдіреді. Проблема теориялық немесе практикалық болуы мүмкін. Ол – белгілі бір қиыншылыққа тап болу. Қиындықтан шығу зерттеуге бағытталған жан-жақты ізденісті талап етеді.

Тақырып проблеманың сипатын ашып береді.

Зерттеу тақырыбы түрліше болуы мүмкін. Ең бастысы, өзіне қызықты болуы мүмкін.

Тақырыптарды негізгі үш бөлікке бөлуге болады:

  • Қиялға негізделген құбылыстарға бағытталған фантастикалық тақырып;

  • Өзіндік бақылаулар мен эксперимент жүргізу және практикамен тығыз байланысты эмприкалық тақырып;

  • Түрлі қайнаркөзден алынған деректермен, материалдармен танысу жұмыстарына бағытталған теоритикалық тақырыптар;

Тақырыпты таңдағаннан кейін болжам жасауға үйрену керек. Болжам деген сөз – ежелгі грек тілінен аударғанда құбылыстар арасындағы заңды байланыстар жөнінде негізднмн деген ұғымды білдіреді.

Болжам – бұл әлі айқындалмаған, логикалық дәлелденбеген және тәжірибеден өтпеген білім. Болжам шындық та, жалған да болуы мүмкін емес, ол тек қана анықталмаған құбылыс. Егер болжам теорияға айналмаса, жалғанға айналады. Болжамдағы басты талап нақты материалдармен келісілуі тиіс.

Зерттеу обьектісі – теория мен практикадағы байланыстар, қатынастар, қасиеттер жиынтығы және ақпараттар зерттеудің қажетті қайнаркөзі қызметін атқарады.

Зерттеу пәні нақтырақ. Ол жұмыстағы танысуға жататын қатынастар мен байланыстан тұрады, ғылыми ізденістің шекарасын орнатады. Әрбір обьектіде бірнеше зерттеу пәндірін бөліп алуға болады. Зерттеу пәні сол зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтайды.

Мақсат зерттеушінің негізгі жоспарына сәйкес қысқа, нақты болады. Ол зерттеудің міндеттеріне дамытылады, айқындалады.

Зерттеудің келесі кезеңі зерттеу әдістерін таңдау болып табылады. Бақылау, эксперимент, ақпараттар іздеу, жинау зерттеу әдістері бола алады.

Бақылау – өте кең таралған және тиімді зерттеу әдісі. Бақылау әдісін белгілі бір мақсатқа негізделген қабылдау түрі деп атайды. Ол прктикалық, танымдық міндеттерде бақылау зерттеу әдісі ретінде түрді сипаттайды.


27 Наурыз 2025
124
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі