Материалдар / Математика пәнін оқытудағы жаңаша әдіс – тәсілдер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математика пәнін оқытудағы жаңаша әдіс – тәсілдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәнін оқытудағы жаңаша әдіс – тәсілдер түсіндіру
Авторы:
04 Наурыз 2024
250
12 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Математика пәнін оқытудағы жаңаша әдіс – тәсілдер

Мырзакасова Гулия Есимкановна

«Өмір бойына жететін білім алу» моделінен
«өмір бойы білім алып өту» моделіне көшуге тиіспіз.

Н.Ә.Назарбаев


            Әлемдік бәсекелестік заманында әрбір адамның білім сапасын, қабілеттік деңгейін, іскерлік мүмкіндігін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселесі  күн тәртібіне өткір қойылып, адамның білімі мен біліктілігі қазіргі кезеңде мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналып отыр. Бәсекеге қабілетті, интеллектуалдық күші жетік маман кадрлар болмай, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономика дамыдайды. Қай заманда да өркениеттің өрлеуі инеллектуалдық шығармашылық негізінде іске аспақ.

Бүгінгі таңда жеке тұлғаны емес, оның даму үрдісін басқару қажеттігі айқындалып отыр. Білім алушының  түрлі ақпараттың толассыз ағынында бағытталуы қиынға түсіп отыр, ол үшін оның талдау, құрылымдау, жүйелеу, мәселені шешу дағдылары жетік дамытылуы тиіс. Ал бұл, педагог жұмысындағы тікелей жасалатын әдістерден бас тартылып, артық дидактизмнен, ғибаратты сарыннан тежелуді; оның есесіне бірінші орынға қарым-қатынас жасаудың сұхбаттық әдістерін, шындықты бірлесіп іздеуді, сан    алуан шығармашылық әрекетті тәрбиелеуші шарттарды жасау арқылы дамытуды білдіреді. Төменде аталып өтілетін түрлі әдіс-тәсілдерді жүйелі түрде студенттер жоспарланған сабақтарына кіргізіп, қолдануы жеке тұлғаның дамуына, жаңа ақпараттарды меңгеруіне сепігі тиеді деген сеніммен ұсынамын.

Әдіс түрлері:
— Ойын түрлері;
— Жеке және жұптық, топтық жұмыстар;
— Оқушылардың өз бетінше іс-әрекеттері;
— Нақты жағдайлар, олардың нәтижесін жасау;
— Сұрақтар қоюда  ынталандыру (СТО-ға үйрету);
— Оқыту мәселелері.

  1. Ыстық орындық” әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық.

  2. Автор орындығы”оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады. Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде тиімді.

  3. «Миға шабуыл» стратегиясы

Тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек жазыңыз. Уақыт аяқталғанда кезектесіп өз идеяларыңызды оқисыз, идея қайталанбау керек. Қайталанған идеяларды сызып тастап отырыңыз. Мысалы: «оқушылар мектепті тастамас үшін не істеу керек?»

4.“3 таяқша” әдісі. Берілген тақырыпқа байланысты 1 сұрақ, 1 жауап, 1 идея әр топ даярлап, көпшілікке салады.
5. 
«Бинго» ойыны.

Лотоға түскен сандарға байланысты сұрақтар беру.  Мысалы: 16 – сұрақ.  Сабаққа не үшін келдіңіз? Алдымен оқушыларға жауап бергізіп, соңынан дайын жауапты ашу, салыстыру.
«Әдіс алмасу үшін»

  1. «Өзіңізді тексеріңіз» әдісі  Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба? Өткен тақырып бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде, оқушылар ол келтірілген мысалдардың өткен тақырыпта бар, жоғын анықтайды.

7.«Он сұрақ!» әдісі.

(Негізгі сөзді табу) Оқушы бір сыныптасын таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады (немесе қолына ұстатып, қолын жоғары көтеріп ұстау) – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.

  1. «Серпілген сауал» әдісі Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз. Мысалы,
    – “Самат, Рахаттың жауабы туралы сен не ойлайсың?”

– “Самал, Айгүлдің жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?”

– “Қанат, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?”

9.«Құпия зат» – Мына зат бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз: Бұл не? деп сұрамаңыз

10.«9 – ромб» әдісі. Қатысушыларға айтарлықтай маңыздысын анықтап, талқылау үшін тізім беріледі. Тізімнің әрбір тармағын үлкен ромбылы торға орналастыру қажет. Маңызды тармақтарды әдетте ромбының жоғарғы жағына, ал оншалықты маңызды еместерін төменгі бөлігіне орналастырады. Әр қатарда орналасқан тармақтардың маңызы бірдей. Кейбір топтар ең маңызды карточкаларын орталықта орналастыра алады (екі нұсқасы сәйкес келеді, себебі тапсырманың маңызды элементі топтағы талқылау үдерісі болып табылады). Ромбының нысаны топқа бір қатар басымдықтар мен перспективаларды қамтуға мүмкіндік береді.

  1. 11. Кері байланыс түрлері. «Алма ағашы» әдісі. Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма–мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.
    «
    Бір сөзбен» әдісі – Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады.

Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, Немқұрайлылық, Қанағаттану, Шабыт, Зерігу, Алаңдау, Тыныштық, Сенімділік, Сенімсіздік, Рахаттану.

13.«Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының

1 – баспалдағы Мен…………БІЛЕМІН

2 – баспалдағы Мен…………ТҮСІНЕМІН

3 – баспалдағы Мен…………ЖАСАЙ АЛАМЫН

  1. «Таңдау» әдісі.

  • Мен үшін сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.

  • Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.

  • Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым.

  • Мен пікірсайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым.

  • Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін. Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына «+» белгісін қою тапсырылады.

  1. Кері – байланыс әдістерінің бірі: «Тазалық» ойыны. Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:

  1. Чемодан(суреті)

  1. Қоқыс жәшігі (суреті)

  1. Ет тартқыш (Суреті)

Оқушылар, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, ет тартқышқа салыңыздар (жазыңыздар).Осы әдіс тәсілдерді өзімнің теориялық сабақтарымда үнемі студенттерге кері байланыс ретінде пайдаланып отырамын. Соның нәтижесінде «Бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығының 3 курс студенті Қазанғапова Айкүміс «Байқау» тәжірибесінде өз сабақтарында қолданып өте жақсы нәтижеге жеткен болатын. Мысалы, 1 сыныпта «Екі таңбалы сандар» тақырыбының жаңа сабақты түсіндіру кезінде  «Қысқы ойындар» әдісін қолданды. Әрбір ойыншы өз парақшаларын аралас­тырып, үстел үстіне сандарын төмен қаратып орналастырады. (Нұсқалары: 2 Х 5; 4 Х 5; 5 Х 4.) Сосын ойыншылар өз парақшаларын қандай ретпен ашатынын келіседі.

Ойын тәртібі: Бірінші ойыншы жоғары қатардың сол жағын­ дағы бірінші парақшаны ашады.Екінші ойыншы да өз жиынтығынан жоғары қатардың сол жағындағы бірінші парақшаны ашады. Ойыншылар сандарды салыстырады. Кімнің қолындағы сан артық болып шықса, екі парақша да соның қолына көшеді.Егер екі ойыншының қолындағы сандары тең болса, онда парақшалар әркімнің өзінде қалады.Барлық парақшалар аяқталғанша ойын жалғаса береді. Кімнің қолында көп парақша қалса, сол жеңіске жетеді.

Ал, сабақты қорытындылау мақсатында «Табыс сатысы» әдісін қолданған.

1 – баспалдағы Мен 11- ден 20-ға дейінгі сандарды білемін.

2 –баспалдағы Мен бір таңбалы екі таңбалы сандарды салыстыруды түсінемін.

3 – баспалдағы Мен 11-ден 20-ға дейінгі сандардан өрнек құрастыруды жасай аламын. Сабақ өте жоғары деңгейде өтілді.

Қазіргі таңда оқу сабақтары барысында оқытудың интербелсенді әдістері және интербелсенді құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Сондықтан оқу- тәрбие үдерісінде үнемі жаңа оқыту құралдарының мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып, оған білім алушыларымызды үйрету – әр педагогтың басты міндеті деп, «Білім алу – батылдық, оны толықтыру – даналық, ал шебер қолдана білу – өнер» деген нақыл сөзбен  қорытындылаймын.

 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!