Материалдар / МАТЕМАТИКА ПӘНІНДЕ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНМЕН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

МАТЕМАТИКА ПӘНІНДЕ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНМЕН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың математикалық ой-өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту-математикадағы басты проблеманың бірі. Бұл әсіресе белгілі бір пәнге деген тұрақты қызығушылықтар мен бейімділіктер әлі қалыптасып жатқан жасөспірімдік кезеңде өте маңызды. Дәл осы кезеңде математиканың қызықты жақтарын ашуға ұмтылуымыз қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қазан 2022
465
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МАТЕМАТИКА ПӘНІНДЕ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНМЕН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ



Аннотация:Оқушылардың математикалық ой-өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту-математикадағы басты проблеманың бірі. Бұл әсіресе белгілі бір пәнге деген тұрақты қызығушылықтар мен бейімділіктер әлі қалыптасып жатқан жасөспірімдік кезеңде өте маңызды. Дәл осы кезеңде математиканың қызықты жақтарын ашуға ұмтылуымыз қажет.

Мақсаты:Бұл мақалада Математика пәнінде Жоғары сынып оқушыларына Ойын технологиясы арқылы оқытудың маңыздылығы жайлы жан-жақты талдау жасалынған.

Негізгі сөздер:ойын технологиясы,математика сабағы,тәрбие,ойын,қызығушылық.


Қазіргі кезде математиканы оқыту әдістемесі ғылымында ізденістер, жаңалықтар болып жатыр. Математика пәні негізінен анықтамалардың, теоремалар мен ережелердің біртұтас жүйесі болып табылады. Әрбір жаңа анықтама, теорема және ереже алдыңғы дәлелденгенген ережелерге негізделген. Әрбір жаңа тапсырма бұрын шешілген тапсырманың элементтерін қамтиды. Пәннің барлық тарауларының осындай байланыстылықта және бірін-бірі толықтырып тұрады, бір тақырыпты түсінбеу салдарынан толық бөлімді кейде математикаға деген қызығушылықты төмендетуге алып келеді. Бірақ мұнымен қатар математика есептердің жүйесі болғандықтан, олардың әрқайсысын шешу үшін ақыл-ой күші, табандылық, ерік және басқа да тұлғалық қасиеттер қажет. Математика пәнінің бұл ерекшеліктері арқылы оқушыларда ойлау белсенділігі артады, бірақ көбіне бұл оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының төмендеуінің себебі болып табылады. Күнделікті сабақтағы бір сарыңдылық оқушылардың ынтасын,қызығушылығын жоғалтады.Оқушылардың едәуір бөлігінің математикаға деген қызығушылығының пайда болуы көбінесе оқыту әдістемесіне, оқу жұмысының қаншалықты шебер құрылатынына байланысты болатыны рас. Математикаға қызығушылық танытпайтын, олар үшін бұл «қызықсыз», «құрғақ» ғылым болып көрінетін мұндай оқушылар үшін сабақты қызықты, ойын-сауық түрінде, математикалық ойын түрінде өткізу қажет. Бастапқыда оқушыларды процестің өзі қызықтырады, кейін ойында жетістікке жету, жеңіске жету үшін жаңа нәрсені үйренгісі келеді. Ойын арқылы оқытуда негізінен-эмоционалды және ұтымды бірлікке жетуді қамтамасыз етеді.

Ойын арқылы оқыту жайлы ерте кезден-ақ көптеген зерттеулер жүргізіле бастады. Осы ойын арқылы оқытудың балаға пайдасы жайлы алғашқылардың бірі болып В.А. Сухомлинскийдің зерттеді және ол өзінің "Тәрбие туралы" жұмысында кеңінен қарастырылған. Бұл кітапта ол отбасында және мектепте балаларды тәрбиелеу туралы ойларымен таныстырады, оның ішінде автор ойынды қолдану туралы былай жазады: "...Ойын – бұл үлкен жарық терезе, ол арқылы қоршаған әлем туралы идеялар мен ұғымдардың өмір сүру ағымы баланың рухани әлеміне енеді. Ойын-бұл қызығушылық пен қызығушылықтың жарығын тудыратын ұшқын". Сухомлинскийдің жұмысын жалғастыра отырып, Д. Б. Эльконин "Ойын психологиясы" жұмысында: “Ойын психикалық процестердің дамуына әсер етеді,” "Ойынның мәні баланың жаңа мазмұнды мотивтері мен байланысты міндеттері бар екендігімен шектелмейді. Ойында мотивтердің жаңа психологиялық формасы пайда болады”-деп жазады. Әйгілі француз ғалымы Луи де Бройль “Барлық ойындарда (тіпті ең қарапайым ойындарда да) ортақ көптеген элементтер бар”,- деп тұжырымдаған. “Ойынды міндеттелген тапсырма және жеңуге болатын қиындық, содан соң жаңалық ашу қуанышы мен кедергіні жеңу сезімі қызықтырады. Сондықтан жасына қарамастан барлық адамдар ойынға қызығады”-деп есептеген.

Бала неғұрлым үлкен болса, оған ұзақ уақыт бойы қызықсыз және монотонды әрекеттерге назар аудару оңайырақ болады деп есептеледі, оның жарқын мысалы математика сабақтарында бір типті мысалдарды, теңдеулерді және есептерді шешу болып табылады, алайда, математиканы оқудағы ілгерілеу бұл жолмен іс жүзінде мүмкін емес. Ойындарды пайдалану мектеп жасына дейінгі балалар мен жас балаларды оқыту үшін өте қажет деп саналады. Жоғары сынып оқушылары әлдеқайда байсалды және «еркелетпей» оқуға қабілетті деген пікір бар. Соған қарамастан кейбір зерттеулер көрсеткендей, жоғары сынып оқушылардың ойынға деген қызығушылығы кіші жастағы оқушылардан кем түспейтіндігін көрсетті және де қызықсыз дәстүрлі оқыту формасына қарағанда ойын форматындағы сабақта тапсырмалар мен есептерді үлкен қызығушылықпен және көп мөлшерде шешілетінін көрсетті. Ойын түрінде өткізілетін сабақтар, бір жағынан, оқушылардың алдына өте жақын мақсат қоюға – «сабақ соңында сыныптастарын жеңуге», екінші жағынан, алға қойған тәрбиелік мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде білім беру жүйесіндегі мәселелердің бірі жоғары сынып оқушыларына ойын технологиясын қолданбау, әсіресе математика пәнінде. Біз бұл ойын технологияғаны қолдану арқылы жоғары сынып оқушыларының өшіп бара жатқан математикаға деген қызығушылығын оятамыз.

Сабақта оқытудың ойын түрлеріне көшу арқылы, тіпті ең пассивті оқушылардың өзі бар күш-жігерін салып, ойынға қосылады.Ойынның негізгі маңыздылығы төмендегідей:

- сабақта ойын формасын қолдану мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетін ұйымдастыруға ықпал етеді

- ойында үлкен білім мен тәрбие бар

- ойын байқағыштық пен аңғарымдылық қасиеттерді анықтау қабілетін дамытады

-қызықты және көңілді, оқушылардың көңілді жұмыс көңіл-күйін тудырады,

-оқу материалын меңгерудегі қиындықтарды жеңуге ықпал етеді;

- ойын балалардың психикалық дамуына үлкен әсер етеді;

-олардың ой-өрісін, зейінін, шығармашылық қиялын жетілдіруге әсер етеді

Ойындар мен ойын формалары тек оқушылардың көңілін көтеру мақсатында қолданылмайды , сонымен қатар оларды математикаға қызықтыру, қиындықтарды жеңуге деген қабілеттерін ояту және тақырып бойынша жаңа білім алуды көздейді.Ойын оқушылардың бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыруға,әлеуметтік өмірдегі процестерге өзінше баға беру мен пайыздай алушылыққа үйретіп, адамдармен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді,зейіні артады және есте сақтау қабілеті дамиды. Математика сабағында ойын атмосферасын құру оқушылардың танымдық қызығушылығы мен белсенділігін дамытады , шаршауды басады.

Математика сабағында ойын бірнеше функцияларды атқарады: 1)Математикалық ойын барысында ойын, оқу және еңбек қызметі бір уақытта жүреді. Шынында да, ойын өмірде салыстыруға келмейтін заттарды біріктіреді және бірге деп саналатын нәрселерді ажыратады. 2)Математикалық ойын оқушыдан тақырыпты білуді талап етеді. Өйткені тақырыпты түсінбесе тапсырмаларды шеше алмай, оқушы ойынға қатыса алмайды. 3)Ойындарда оқушылар өз жұмыстарын жоспарлауды, тек өзгенің ғана емес, өз қызметінің нәтижелерін бағалауды, есептерді шешуде тапқырлық көрсетуді, кез келген тапсырмаға шығармашылықпен қарауды және қажетті материалды пайдалануды және таңдауды үйренеді. 4)Ойын нәтижелері оқушыларға олардың дайындық, жаттығу деңгейлерін көрсетеді. Математикалық ойындар оқушылардың өзін-өзі жетілдіруіне көмектеседі және сол арқылы олардың танымдық белсенділігін арттырады, пәнге деген қызығушылығын арттырады. 5)Математикалық ойындарға қатысу кезінде оқушылар жаңа ақпарат алып қана қоймай, қажетті ақпаратты жинау және оны дұрыс қолдану тәжірибесіне ие болады.

Сонымен, ойын және ойын технологиясын дербес педагогикалық құндылық ретінде қарастырып, оның педагогикалық мүмкіндіктерін барынша пайдалануымыз қажет.

Жоғары сынып оқушыларын математика сабақтарында ойын технологиясы әдісімен оқыту жұмыстары мынадай бірнеше маңызды мәселелерді шешеді: біріншіден, оқушылар ойын кезінде бір-бірімен тең құқықтыққа ғана қолы жетіп қоймай, бір-бірімен қарым-қатынастары артып, ұнамдық қасиеттері дамиды, бұл оқушылардың логикалық ойлары дамитыны сөзсіз; екіншіден оқулықта берілген материалдарды қызығып, ынта-жігермен оқиды, бұл оқушылардың білімді сапалы меңгеруін қамтамасыз етеді, үшіншіден, оқушылардың арасында жарыс пайда болады, оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады, төртіншіден, оқушылар шығармашыл ойлауға дағдыланады. 
Сондықтан жоғары сынып оқушыларын оқытуда математика сабағына ойын технологиясымен өткізу – математиканы сапалы оқытудың маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии: Учебное пособие. – М.: Народное образование, 1998.

  2. Щуркова Н.Е. Педагогическая технология . М., 1992.

  3. Данилов И.К. Об игровых моментах на уроках математики // «Математика в школе» - 2005 г., №1.

  4. Ремчукова И.Б. Игровые технологии на уроках, математика. - Волгоград, 2008.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!