Материалдар / Математика пәнінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математика пәнінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада математика пәнінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін қажетті мәліметтер келтірілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қазан 2024
110
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ф-БЕ-06/9

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ – АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ЖОЛ – КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ




Жалпыбілім және жалпыкәсіптік пәндер циклдік комиссиясы







ӘДІСТЕМЕЛІК БАЯНДАМА



Тақырыбы: Мұғалімнің ғылыми жұмыстарды оқушымен бірлесе

атқарудың маңызы







Орындаған: Қожаева А.Т.













Шымкент 2024ж.



Мұғалімнің ғылыми жұмыстарды оқушымен бірлесе атқарудың маңызы.


Қазіргі заманғы білім беру тұжырымдамасының бағыты-ізгілікті жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы » заңында «Білім беру жүйесінің басты мақсаты-ұлттық жеке адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасай отырып,оның шығармашылық қабілетін дамыту» деп атап көрсетілген. Осыған орай мектеп мұғалімдерінің алдында оқушыға білім-білік дағдыларын игертіп қана қоймай,қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін,ерік-жігерін,яғни оқушыны жан-жақты дамыту міндеттері тұр.Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттарына мына нәрселерді жатқызуға болады.

Оқушылардың шығармашылық қабілет деңгейін анықтау.

Қызығушылық пен таным белсенділігін арттыру.

Оқушы мүмкіндігіне сай шығармашылық тапсырмаларды жүйелі орындату.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды кезең бойынша сатылап дамыту.

Мұғалім өз ісіне шығармашылықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізу.

Осы мәселелер өз шешімін тапса, жан-жақты дамыған,шығармашыл жеке тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді.

Сонымен бірге оқушыға талап қоя білу де үлкен өнер.


Шығармашылық проблемалық сипаты бар, барлық ішкі байланыстарды біріктіретін, нәтижеде жаңа материалдық және идеалдық құндылықтар алынатын адамның мақсатты әрекеті.

Менің оқушыға қойған талаптарым:

·қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздене білу;

·ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыру;

·алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;

·өзін өзі талдауды, өзін өзі бағалай білуді меңгеру;

·басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білу (интернет, электронды пошта);

·қоршаған ортада өз орныңды, жеке рөліңді анықтай білу;

Ұстаз еңбегі оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті

Дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам

алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр.
Қорыта айтқанда, оқушы бойында шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен-күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, сыныптан-сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысы дамып, оқушы дүниетанымы арта түсері анық.

Оқушылардың білімін бақылаудың әр түрлі формаларын пайдалану үлгермеушіліктің алдын алу, әр оқушының жеке белсенді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.Әр оқушының білімін жеке бақылауда келесі мынандай жұмыстар атқарамын:

1. Ауызша бақылау жұмыстарын жүргізу – бұл оқушылардың ойлау қабілетін, зейінін, жеделдетіп есептеу білігін дамытуға ықпал етеді.Ауызша жұмыс жүргізудің көбінесе мынандай түрін қолданамын: 4-5 оқушыны тақтаға шығарамын да оларға тапсырма беремін. Дайындалғаннан кейін әр оқушы жеке жеке өз сұрақтарына жауап береді, ал басқа оқушылар осы жұмыс процесіне қатысады, жауаптарын өз мүмкіндіктерінше толықтырып отырады. Осындай жұмыс барысында көптеген оқушылардың білімі тексеріліп, бағаланады.Мысалы,

2. Математикалық диктант  қайталауға берілген тақырып бойынша сұрақтар, бұнда ережелерді, формулаларды, алгоритімдерді, қасиеттерді, яғни теориялық білімді қаншалықты меңгергенін және оларды пайдалану білігі мен дағдысын тексеруге болады.



Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Қазіргі тез өзгеріп тұратын заманда оқушының дүниетанымын, рухани әлемін, ынтасы мен қабілетін дамыту бүгінгі күннің негізгі мәселесі болып табылады.

Білім беру жүйесі қоғаммен бірге дамып, үнемі өзгеріп отырады, осыған сәйкес мектептерге қойылатын талаптар да жоғары. Оқыту және тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін уақыт ағымымен үндестіріп отыру ұстаздың жаңашылдығын айғақтайды.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың жолдары сан алуан, оны таңдап алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Оқушы шығармашылығын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру мұғалімнің сабағына назардан тыс қалмауы тиіс.

Қабілеттілік, дарындылық дегеніміз- дамудың нәтижесі болғандықтан, оның туа бітуі мүмкін емес. Оқушының қабілеті педагогтардың ықпалының аясында шыңдалады. Шығармашылықпен жұмыс жасауға мектеп қабырғасынан бастап баулу керек.

Әр түрлі оқыту әдістерінің барлығының көздейтін түпкі мақсаты оқушылардың білім алуының тиімді жолын анықтау. Осы мақсатқа жету үшін ғылыми-көпшілік әдебиеттерді дұрыс пайдалана білуі керек. Ал, сабақты ірілендірілген блок әдісімен өткізу оның өз бетімен ізденуіне көп мүмкіндік жасайды. Мәселен, математика пәнінде үлгі есептер шығарып көрсету арқылы оқушыларды өз беттерімен еңбектенуіне мүмкіндік туғызу керек. Берілген тапсырманың танымдық және шығармашылық сипаты болғанын да ойластырған жөн. Мұғалім сабағын қызықты өткізіп, тарихи мағлұматтармен байланыстырып отырса, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, ынтасы артады. Осы арады математика пәнінің күрделілігін ескере отырып, қосымша сабақтар жүргізудің тиімділігі зор. Мұғалім оқушыға тапсырма есептер беру кезінде оқушының жас ерекшелігін ескере отырып, қабілетін де назарға алады. Есептер барлық оқушыларды қызықтыратын және оның күші жетерлік шамада болуы керек. Оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру, оларға логикалық тапсырмалар беру, сұрақтар қою, тесттік тапсырмалар құрастыру, эксперименттік есептерді шештіру, сыныптан тыс жұмыстар жүргізу, ойындар мен кештер өткізу, рефераттар қорғау, ой жұмбақтар мен сканвордтар, ребустар құрастыру арқылы іске асырылады.

Өзім ұстаздық іс-тәжірибемде шығармашылықпен жұмыс істейтін оқушылар үшін өз алдыма мынандай мақсаттар қойдым:

1. Есептерді шешу тәсілдерінде жаңалықтар енгізуге жетелеу

2. Есепті шешу тәсілдерін ешкімнің көмегінсіз табу іскерлігін қалыптастыру

3. Ойлау амалының қысқа жолын үйрету

4. Есепті шешудің тиімді тәсілдерін іздестіру

5. Алынған нәтиженің дұрыстығын анықтай білуге дағдыландыру

6. Оқушының оқу материалын теориялық тұрғыдан терең білуін қадағалау

7. Пән аралық байланыспен тәрбие мәселесіне көбірек көңіл бөлу

8. Оқушылардың шығармашылық қызметін дамытуды ойластыру

Математиканы оқытуда алға қойған негізгі бағыттырының бірі-оқушылардың таным белсенділігін арттыру. Оқушылардың, ой-өрісінің белсенділігінің, ізденпаздылығың арта түсуі олардың өздігінен ізденуін, өз бетімен қортындылар жасай білу қасиеттерін дамытады. Оқушылардың оқудағы танымдық іздем паздығы мен белсенділігін қалыптастыру

проблемаларын іс жүзінде шешудің әртүрлі жолдары бар:

· танымдық іс әрекетінің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмыстарды ұйымдастырумен оқу міндеттерін іріктеп шешу;

· танымдық іс әрекетінің тәсілдерін қалыптастыру;

· іс- әрекеттердің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімде енгізу;

· оқытуға әдістемелік білімгер элементерін енгізу;

· іс- әрекеттерін өздігінше бақылауды дамыту.

· Оқушылардың танымдық қызуғушылығын дамытпай, оқытудың интессивтендіру процесін жүзеге асыру мүмкін емес, екені іс- жүзінде белгілі. Танымдық қызуғышылық белгілі компоненттерді қамтитын динамикалық жүйе.

· Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын анықтаудың негізгі, мұғалімнін анықтауының негізі, мұғалімнің білімділігі мен пәнге деген қызығушылығы және педагогикамен психологияның проблемаларына дұрыс бағдар беру болып табылады. Оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетінің формаларының бірі-өзіндік жұмыс.Қазіргі кезде негзгі талап оқушылардың белсенді іс- әрекеттік сезімін оята отырып, оларды басқара білу. Оқушылардың өз бетінше ізденуі арқылы білімін көтеруі, біліктілікке талпынуы, есептілікке дағдылануы оқ процесінде белсенділігін арттырудың бір жолы екендігі ертеден белгілі.

· өзіндік жұмыс –оқушылардың ойлау қабілетін, ақыл-ой және іс тәжірибесінен туындайтын оқу, тану әркеті.

Өзіндік жұмыстардың төрт түрі қарастырылады. Олар мыналар:

1. Үлгі бойынша орындалатын;

2. Реконструктивті-вариативтік;

3. Жаңалық ашатын

4. Шығармашылық

Бірінші жұмысты орындаған кезде оқушы көрсеткен үлгі бойынша белгілі бір іс-әрекеттің жолын ұсынады. Тапсырмаларды нұсқаулар, белгілі формулалар, теоремалар арқылы орындайды.

Реконструктивті-вариативтік өзіндік жұмыстар оқушылардың алған білімдерін қолдануға ынталандырады, сонымен қатар білімін тереңдей түседі. Тапсырмалар тек шешімнің жалпы принциптерін ғана көрсетеді.

Мысалы: 1кг мақта ма, 4кг темір ауыр ма? Әтеш бір аяқпен тұрса,2,5 кг, егер екі аяқпен тұрса неше кг болады?

Шығармашылық өзіндік жұмысы оқушылардың математика пәніне деген ынтасын қалыптастырады, оқуға деген көзқарасын өзгертеді, математикалық ой-өрісін дамытады.

1. Есепті шығару, теоремаларды дәлелдеуді әдеттен тыс, жаңа тәсілмен орындау;

2. Есепті бірнеше жолмен шығару;

3. Оқушылардың өз бетінше есеп, мысалдар құрауы;

4. Баяндамалар және басқа жұмыс түрлері;

5. Оқушылардың жұмысын тексеру, қателерін анықтау.

Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттің нәтижесі олардың білімді өз бетінше талдап және бір жүйеге келтіре алатын тапсырмаларды орындауы болып табылады.




Пайдаланылған әдебиеттер:

1.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!