БАЯНДАМА
ТАҚЫРЫБЫ:
«Математика пәніндегі
оқушының
оқу жетістіктерін
критериалдық бағалау
жүйесі»
БАЯНДАМАШЫ: Т.Н.Ажигалиева
математика пәнінің
мұғалімі
2018
жыл
«Математика пәніндегі
оқушының
оқу жетістіктерін
критериалдық бағалау
жүйесі»
«Оқытушы
бағалағанда
олардың іске қатысы жоқ
сөздеріне қарап емес,
олардың егістерінің бетіне
шыққан жемістеріне,
яғни оқушы жетістігіне
қарай бағалау керек»
(Ы.Алтынсарин)
Бүгінгі білім беру жүйесінің ерекшелігі-білім
алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту болып
табылады. Оқушылардың білім нәтижелерін бағалау оқыту үдерісінің
маңызды бөлігі болып табылады.
«Бағалау» термині «бір адам басқа адамның не
айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің
дербес түсінігін мұқият бақылауы болып табылады.Өз кезегінде, білім
беру сапасын жоғарылату оқушылар білімін бағалаудың нақты
критерийлерін жасауды талап етеді. Бағалаудағы ерекше амал -
критерий арқылы бағалау болып табылады.
Критериалды бағалау-бұл білім берудің мақсаты мен
мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлығын
қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру
үрдісі, яғни белгілі бір критерийлер арқылы
бағалау болып табылады.
Математиканы оқытуда критериалды бағалаудың
мақсаты:
1.Математиканы оқыту сапасын
жоғарылату
2.
Оқушылардың білімін міндетті деңгейден мүмкін деңгейге
жетелеу.
Критериалды
бағалаудың міндеттері:
1.Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтау;
2.Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;
3.Жеке
оқушының даму жетістігін бақылау;әділ
бағалау;
4. Білімнің меңгерілуі туралы
оқушы мен мұғалім және ата – ана арасындағы кері байланысты
қамтамасыз ету
Критерийдің мазмұны:
Бағалау критерийлері - оқытудың мақсатын және ара-қатысының белгісі.
Дескриптор - жетістік деңгейінің сипаттамасы.
Білім сапасын бағалау жүйесінде жаңарту
мәселесі:
1.
Оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы
қайшылықтар
2.Әлеуметтік сұраныстардың
өзгеруі
Ұстанымдар
негіздері:
1.Дескрипторлар оқушыға алдын-ала белгілі болуы
шарт.
2.Оқушы өз білім деңгейін анықтай алуы
қажет.
3.Нақты білімділік мақсатты бағалауы
қажет.
Қалыптастырушы
бағалау - күнделікті алған білімінің меңгеру
деңгейін анықтайды; негізгі бақылау жұмысына дейін білімін
жүйелейді;
Кездескен қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге
оқушыға мүмкіндік береді.
Негізгі бағалау белгілі бір тақырыпты
қорытындылау мақсатында орындалады; негізгі бағалаудағы оқушының
алған бағасы тоқсандық баға болып табылады. Негізгі бағалауда
барлық критерийлер барынша қолданылуы керек.
Критерий оқушының жас ерекшелігіне, бағдарламаға сай
алынады.Критериалды бағалау технологиясы
(1-кесте) оқушы бойындағы үрейленуді басады ,
жауапкершілік қабілетінің дамуына ықпал
етеді.
Критерийлер
|
Дескрипторлар
|
А.Білу,түсіну
|
Алынған ақпаратты талдау,қайта жаңғырту, болжау жасау
арқылы түсінгендігін көрсете білу
|
В. Қолдану
|
Бұрын алған ақпараттар мен білімдерін жаңа немесе
таныс емес жағдайларда және контекстерде
қолдану
|
С. Талдау,
жинақтау
|
Білім
көзінен алған ақпараттарды талдау, синтездеу, бағалау
арқылы пікірлер қалыптастыру.
|
D. Рефлексия
|
Ақпараттар,
фактілер мен ойларын,
пікірлерін ауызша және жазбаша
ұсыну.
|
Критериалды бағалаудың
пайдасы:
-Жеке
тұлға
-Бағалаудың
демократиялығы
-Сын тұрғысынан ойлау
қабілетінің дамуы
-Кері байланыстың жиілігі,
рефлексия
-Қиындықты жеңуге деген
құштарлық
-Оқушының бағалаудан алған
негативінің болмауы, психологиялық жайлы ортаның
қалыптасуы .
Критериалды бағалаудың
оқушы үшін тиімділігі
-
Танымдық қабілеті мен ойлау
деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін
пайдалануға
-
Табысқа жетелейтін бағалау
критерийлерін түсінуге
-
Өзін және өзгелерді бағалау
арқылы өз біліміне рефлексия
жасауға
-
Сыни ойлауына,еркін ойын
айтуына , өзінің білімін көтеруге
Критериалды бағалаудың ата
- ана үшін тиімділігі
-
Баласының білім сапасының
дәлелдемелерімен танысуға
-
Оның оқуындағы табыстылықты
бақылауға
-
Оқуына қолдау көрсету үшін
бағыт алуына мүмкіндік туғызады
«Постер
қорғау» критериі
Критериалды бағалауда міндетті
түрде дескрипторлар құрылуы керек. Дескрипторда оқушының жетістік
деңгейінің дәл сипаттамасын
және
оларға берілетін ұпай санын көрсетілу керек. Мысалы.11-сыныпта
геометрияда «Пирамида» тақырыбынан өздік жұмысты бағалау
критерилері(3-4 кесте)
Критериі
Сriteria
Критерий
|
Дескрипторы
Descriptor
Дескриптор
|
Жетістік деңгейі
The level of
achievement
|
А (Білу және
түсіну)
№1.«Пирамиданың табан-диагоналі 16 см-ге тең тік
төртбұрыш. Пирамиданың әрбір қыры 10 см, пирамиданың биіктігін
табыңдар»
|
Есептің сызбасын дұрыс
сызды
|
1
|
Биіктікті табуға қажетті белгісіз элементті,
көмекші фигураны дұрыс анықтады
|
1
|
Белгісіз элементті табуға керекті теорема,
формулаларды дұрыс тауып қолданды
|
1
|
Пирамиданың биіктігін тауып, есептің жауабын
дұрыс берді
|
1
|
В (Қолдану)
№2.
«Пирамиданың табан- қабырғасы 12 см-ге тең
теңқабырғалы үшбұрыш. Оның әрбір бүйір қыры табан жазықтығымен
450 бұрыш жасайды. Пирамиданың биіктігін
табыңдар»
|
Биіктікті табуға қажетті белгісіз элементті,
көмекші фигураны дұрыс анықтады
|
1
|
Есептіңсызбасындұрыссызды
|
1
|
Белгісіз элементті табуға керекті теорема,
тұжырымдаманы дұрыс тапты
|
1
|
Белгісіз элементті табуға керекті формуланы дұрыс
қолданды
|
1
|
Пирамиданың биіктігін тауып, есептің жауабын
дұрыс берді
|
1
|
C. (Талдау,
жинақтау)
№3.
«Үшбұрышты дұрыс пирамиданың табан қабырғасы 4
см, биіктігі 6 см. Пирамиданыңбүйір бетінің ауданын
табыңдар»
|
Есептің сызбасын дұрыс
сызды
|
1
|
Есепті шығаруда қолданылатын формулаларды дұрыс
жазды
|
1
|
Белгісіз элементтерді дұрыс анықтап, көмекші
сызбалар сызды
|
1
|
Белгісіз элементті табуға керекті теорема,
тұжырымдаманы дұрыс тапты
|
1
|
Белгісіз элементті табуға керекті формуланы дұрыс
қолданып, оны дұрыс тапты
|
1
|
Пирамиданың бүйір бетінің ауданын тауып, жауабын
дұрыс берді
|
1
|
D (Pефлексия)
№4.
«Дұрыс пирамиданың биіктігі мен
апофемасы тең болуы мүмкін бе
?»
|
Дұрыс пирамиданың биіктігі мен апофемасынын
сызбасын дұрыс сызды
|
1
|
Екеуінің байланыстыратын көмекші фигураны көрсете
білді.
|
1
|
Көмекші фигураны пайдаланып, биіктік пен
апофеманы салыстырып, дұрыс ой қорытындысын
жасады.
|
2
|
Барлығы: 19 ұпай
|
Зерттеу жұмыстарын бағалау
үшін рубрика
Жоспарлы сабақтарға критерий құра отырып,
берілген критерийлер арқылы
оқушылардың өзін-өзі бағалауда, бірін-бірі бағалауда
олардың сабаққа деген ынтасы, өзіндік ойы, пікірі
қалыптасып, есте сақтау қабілеттерінің , пайымдау, ажырату,
жаңа бір ой түюлері, бір-бірінің , мұғалімнің
алдындағы
жауапкершіліктері
артады. Оқушыларды бағалауда әділдік пайда болды,
берілген критерийлер бойынша неге қол жеткізгендерін, нені білу
қажет екендіктерін біліп отырды. Критериалды бағалау
арқылы оқушылар өз деңгейлерін анықтай алды. Бұл
олардың білім деңгейлерін көтеруіне ықпалын
тигізеді. Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалаудын
тиімділігі, бұрын тақтаға шығып, сабақ айтуға ұялатын оқушылар
өздерін еркін ұстай бастады, сабаққа деген ынтасы артты, сенімділік
пайда болады және олар бір-біріне көмектесе отырып және
олар бір-бірін бағалау арқылы әділ баға қоя
бастайды.
«Тұжырым жасай білген адам, алдына мақсат та қоя
біледі» деген екен белгілі шығыс ойшылы. Олай болса, бағалауға
деген көзқарасымызды өзгертсек, сабақтарымызға критерий арқылы
бағалауды енгізіп, оқушыларымыздың тұлғалық бағытын белсенді
позицияға бағыттасақ, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, нәтижеге
жеткізу, ал оқушыларымыз әр сабақта белгілі бір нәтижеге жету
барысында еңбектенсе, оқушы да, мұғалім де өз
еңбектерінің табысын көре алады .