Материалдар / Математика пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математика пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Шілде 2024
258
2 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Математика пәнінен білім алушылардың функционалдық сауаттылығын

арттыру»

Игембаева Мархаба Толеужановна

«Жаңатоған ауылының №14 ЖББ мектебі» КММ


Қазақстан білім беру жүйесі қазіргі таңда өзгермелі және өскелең талаптары мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып,отандық білім саласын әлемдік білім деңгейіне жеткізуге бетбұрыс жасауда.бұл білім жүйесін жетілдіру және оны сапалы деңгейге көтеруді алға тартады.

Білім алушыларға функционалдық сауаттылығын арттыру – білім беру процесінің негізі болып табылады. Функционалдық сауаттылық – білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы.Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық – білім алушының әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене қатысуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Математикалық сауаттылық сөйлеу және жазу мәдениетіне қоршаған ортаны және олардың заңдылықтарын баяндау, оны оқып үйренудің ғылыми бейнесін меңгерудегі басты құралы ретінде ерекше көңіл бөлу қажет. Математикалық сауаттылық білім алушылардың математикалық тексті оқуына, жазуына және қайта айтып беруіне, жазылғандар мен айтылғандарды түсіне білуіне ең минимальды талап ретінде қарау қажет. Математикалық сауаттылық – әлемдегі математиканың ролін анықтау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттіліктерін негізделген қабілет. Математика пәні міндетті пәндердің бірі болғандықтан білім алушылардың даярлығы, математикалық ұғымдарды қолдана білу деңгейлері стандарттан төмен болмауы тиіс. Бірақ білім алушылардың қабілеттері мен математикалық білімдері, ол білімдерді қолдану деңгейлері әр түрлі болады. Осы орайда математикалық сауаттылық моделін қарастырған математикалық сауаттылық моделі шынайы әлем проблемаларын математикалық әлеммен ұштастыруға, тәжірибедегі мәселелерді пайымдай отырып, оның математикалық моделін құруға алғы шарт болып табылады.












Математика сабағындағы негізгі сауаттылыққа тоқталайық:

1. Математика – ғылым болмысынан балама ұғымдар. Сондықтан да математика

барлық ғылымдардың логикалық негізі- күре тамыры ретінде қарастырылады.

2. Математика ең алдымен білім алушылардың дұрыс ойлау мәдениетін

қалыптастырады, дамытадыжәне оны шыңдай түседі.

3. «Математикалық сауаттылық» ауызша, жазбаша қабілеттерін қалыптастыру

арқылы білім алушының «математикалық сауаттылықты» меңгеру қабілетін

шыңдайды.

4. Математика әлемде болып жатқан түрлі құбылысты, жаңалықты дұрыс қабылдап,

түсінуге көмектеседі.

5. Математика болашақ тұлғаны моральдық, эстетикалық және этикалық тұрғыдан

қалыптастыруда да тәрбиелік мәні бар.

Математикалық сауаттылықтың тағы бір ерекшелігі пәнаралық байланыста. Математика сабағының басқа пәндермен байланыс кезінде олардың математикалық сызбаларымен қосындыларын жинақтауда. Математика сабағында пәнаралық байланысты негізге ала отырып, сұрақ-жауап, баяндау, проблемалық ситуацияларды туғыза отырып білім алушыларды алға қойған мәселені шешуге, шығармашылық жұмыстармен айналысуға, бірін-бірі бағалай алуға, өз ойларын нақты, толық жеткізе білуге көңіл бөлемін. Өз тәжірибемде білім алушылардың төмендегідей есептерді шығару барысында функционалдық сауаттылықтары дамып, ақпараттық мәдениеттілігі қалыптасады.



1. Біздің ықшам ауданда 5 үй бар. Әрбір үйде 5 мысық бар. Әрбір мысық 5 тышқан аулайды. Тышқандарды ұстай алмаса, әрбір тышқан 4 уыс ұн жейді. Егер әрбір уыс ұн 5 граммға жуық болса, мысықтар тышқанды ұстағанда неше кг ұн сақтап қалады? (3,125 кг )

2. Егер 8 адам 8 сағатта бір жұмысты бітіретін болса, адамдардың біреуі осы жұмыстың жартысын неше сағатта бітіре алады? (332 сағ)

3. Ахметтің анасының 3 баласы бар. Егер олардың үлкенінің аты - Қыркүйек, ортаншысының аты – Қазан болса, кенжесінің аты кім болғаны? (Ахмет)

4. Бір ауылда 80 үй бар. Осы ауылдағы 60 үйде ат, 50 үйде есек болса, ауылдағы ең аз қанша үйде ат та, есек те бар? (30)

5. Бір қатарда Қанаттың артында 36 адам бар. Ал Аслан Қанаттан 23 адамнан кейін тұр.

Асланның алдында 51 адам бар болса, онда қатарда неше адам болғаны? (65)

Математикалық сауаттылықты қалыптастыру үшін:

- теорияны білу, оны логикамен ұштастыру

  • есепті шығаруда тиімді жағын көруге баулу

  • математикалық сайыс сабақ, пән кеші, апталықтарды математиканың даму тарихымен байланысты.

  • Ақпараттық оқыту технологиясынан математика сабақтарында интерактивтік тақтаны қолдану. Интерактивті тақта арқылы білім алушылар жаңа материалдарды арнаулы бағдарламалар көмегімен мүмкіндігінше меңгерумен қатар функционалдық сауаттылығы да артады.

Қазіргі таңдағы ақпараттандырылған заманда сабақта интерактивті тақтаны тиімді пайдалана отырып, білім алушының білім сапасын шығармашылық негізінде арттыру – өмір талабы. Ол үшін мұғалім тиімді интерактивті әдістер арқылы проблемалық ситуациялар туғызып, оқушылардың топтық жұмысының нәтижесінде олардың өз бетімен тақырыпты түсінуге қолайлы жағдай туғызады, танымдық қызметін басқарып, ілгері жетелеп отырады. Соңында білім алушылар өздері қорытындысын шығарып, практикалық жұмыстармен бекітеді.

Жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін ұрпақтың бойына сіңірте білу – ұстаздардың басты міндеті. Жаңа технологияның тиімділігі сол,

білім алушы:

мақсат қоюға үйренеді;

есте сақтау қабілеттері дамиды;

басқалармен бірігіп жұмыс жасайды;

кітаппен жұмыс жасауға үйренеді;

қатарынан қалмауға тырысады;

дарынды білім алушылар өз қабілеттерін одан әрі бекіте түседі;

әлсіздер оқуға ниет білдіріп, өзіне деген сенімсіздіктен арылады;

күшті сыныптарда оқуға деген ынта артады;

білім дәрежесі бірдей сыныптарда оқу жеңілдейді;

өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;




Мұғалім:

жүйелі тапсырма беруге ұмтылады;

білім алушыны жан-жақты танып біледі;

қарым-қатынас орнатады;

білім алушылардың өзара әрекеттесуіне жол ашады;

оларға шығармашылық еркіндік беріледі.

Біздің заманымыз ғылым мен техниканың ғарыштап дамыған кезеңі, біз ұстаздар сол заманмен бірдей қадам басуға міндеттіміз, себебі біз адам тағдырына, бала тағдырына жауаптымыз. Сондықтан білім алушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын арттыру үшін мынадай жұмыс жүргізуіміз керек:

1. Сабақ берудің жаңа тхнологиясы негізінде құрастырылған сабақтың әр тарауы, әр тақырыбы бойынша «білу-түсіну-қолдану-тұжырымдау» деңгейлік тапсырмаларымен жүйелі жұмыс жасауды күшейту;

2. Сабақта практикалық мазмұнды есептерді , әртүрлі форматтағы тест тапсырмаларын, стандартты емес жағдайларда білімді қолдануға арналған қызықты есептер шығарту;

3. Математика пәні сабақтарында, таңдау курстарында алған білімдерін өмірмен ұштастыруға, оны практикада қолдануға, логикалық есептер шығаруға үйрету;

4. Халықаралық зерттеулер мен Ұлттық емтихандардың нәтижелері бойынша мектепте білім алушылармен мақсатты түрде жұмыс істеу;

Сонымен, қазіргі уақыт жаңа әдісті, шығармашылық ізденісті талап етеді. Мұғалімнің негізгі міндеті – білім алушыларға терең де тиянақты білім беру. Білім беру маңызы жаңартылған сайын, әрбір пәнді оқытудың өзіндік ерекшеліктері туындауда. Бүгінгі таңда білім беру жүйесін жаңалауды іске асырудың қажеттілігі күн санап арта түсуде.

Білім алушылардың математикалық сауаттылықтарын қалыптастыру мәселесі бүгінгі таңда мектептеріміздің білім саласында тұрған басты мәселенің бірі болып табылады. Себебі білім алушының кез-келген сабаққа деген қызығушылығы болмаса, онда оның алған білімі тұрақты болмайды. Олай болса, «Математиканың қорғанын тек күштілер мен батырлар ғана бұза алады» деген ұранды ұстана отырып, жалықпай, үлкен төзіммен, алдымызға келген шәкірттерге олардың жеке тұлға болып қалыптасуына, жақсы тәрбие, терең білім беру үшінаянбай еңбек етуіміз қажет.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!