Материалдар / Математика пәнінен Өткенді пысықтау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математика пәнінен Өткенді пысықтау

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика сабағынан 2 сынып балаларына арналған сабақ жоспары.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Тамыз 2018
487
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау
Пәні: «Математика 2 – сынып»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың алдыңғы сабақта алған білімдерін тиянақтау. Есептерді шығарта отырып, білім, білік дағдыны қалыптастыру. Өз бетімен
жұмыс істеуге дағдыландыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттырып, өз бетінше жұмыс істеуге, пәнге қызығушылығын, белсенділігін дамыту.
3. Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа, ұқыптылыққа, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелер, суреттер, презентация
Пәнаралық байланыс: дүниетану, өзін өзі тану
Сабақ түрі: аралас, саяхат.
Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, жұппен жұмыс, топтық, жеке.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру барысы:
Психологиялық ахуал
- Сендерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын.
- Слайд
- Қуанамын мен де,
- Қуанасың сен де,
- Қуанайық, достарым,
- Арайлап атқан күнге!
- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз өзгеше болмақ, өйткені бізге қонақтар келіп отыр. Қонақтармен амандасу.
Бір, екі, үш
Отырамыз тып - тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
Мақсат қою. Слайд 2
Мақсатымыз – білім алу,
Міндетіміз - еңбектену
Еңбектену арқылы,
5 - ке қолды жеткізу
Бүгін біз сабақта өткен тақырыптарды қайталап, есептер шығарып, мақсатымызға жетеміз.
Сондықтан біз өзіміздің білімімізді көрсетейік, сендерге табыс, сәттілік тілеймін.
Бейнеролик көрсету (Санамақ)
- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше өтпек. Бүгін біз сендермен Ғажайыпстанға саяхат жасаймыз. Онда әр түрді ғажайыптар кездеседі.
- Бейнеролик көрсету (Санамақ)
- Сонымен біз тепловоз ТУ - ТУ, ЧУ - ЧУ - мен, Елдос және Аяжанмен ойын ойнап, саяхат жасайды екенбіз.
- Олар бізге не деді?
- Ол үшін топ құру керек деді.
- Алғырлар, Тапқырлар, Білгіштер
- Математикалық жаттығу минуты
- Әр топқа 4 сұрақтан беріледі?
Сұраққа жауап берген топқа геометриялық пішіндер беріледі
- 1. Атамның жасы ең үлкен екі таңбалы санға тең. Атамның жасы нешеде?
- 2. Немересінің жасы ең үлкен бір таңбалы санға тең. Немересінің жасы нешеде?
- 3. Марат Қайраттан күшті. Кім әлсіз?
- 1. Түлкі қасқырдан қулау. Қайсысы аңқау?
- 2. Асқар мысығының салмағы қанша екенін білгісі келді? Алдымен өзі өлшенді. Салмағы 35 кг көрсетті. содан кейін мысығын қолына алып таразыға тұрды. Ол 40 кг болды.
Мысығының салмағы қанша?
- 3. 2 кг мақта ауыр ма, 2 кг темір ауыр ма?
1. 2 ондық және 5 бірліктен тұратын сандарды ата
2. 4 ондық 7 бірліктен тұратын сандарды ата;
3. Қайсысы артық: 5 дм 3 см немесе 35 см?
1. Тосап қайнату үшін жеміс - жидектер сатып алынды. 6 кг жеміс қайнатылды. 8 кг қалды. Неше килограмм жеміс сатып алынды?
2. Азайғыш 18, азайтқыш 8. Айырманың мәнін тап
3. Мен бір сан ойладым, егер одан 40 - ты азайтсақ, нәтижесі 20 болады. Мен қандай сан ойладым?
Бейнеролик көрсету (Санамақ)
Достарына келді, олармен ҚУЫСПАҚ ойынын ойнағысы келді, бірақ кім жүргізуші болатынын анықтау үшін, санамақты білу керек екен, олар білмейді, біз көмектесеміз бе?
Парақшаларды тарату
1 – Үй тапсырма:
Зайцев технологиясы бойынша
Уақытқа есепте
80 – 50 =
40 + 20 =
76 - 6 =
11 – 3 =
12 – 8 =
90 + 10 =
6 + 8 = 7 + 9 =
100 – 100 =


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!