Математика пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Математика пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
3.Бөлім «Көбейту және бөлу» Жиындар және оларға амалдар қолдану тақырыбында жаңартылған білім мазмұны аясында 2 сыныпқа арналып өткізілген ашық сабақтың жоспары.Оқушылар топтық жұмыс жасау арқылы жиындарды топтайды және Венн диаграммасына салып тәжірибелік жұмыстар жасау арқылы жаңа сабақтың мақсатына жетеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Математика пәнінен ашық сабақ жоспары











Махмутова Сауле Мурзашовна

бастауыш сынып мұғалімі

1-деңгейлі маман

«Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің

Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской орта мектебі»ММ

Меңдіқара ауданы

Қостанай облысы

2 «Ә» сынып

2017-2018 оқу жылы






















Оқу ісінің меңгерушісі: Тлебаева К.А. ---------


Пән: математика

Ортақ тақырып:

«Дені саудың – жаны сау»

Мектеп: «Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской орта мектебі»ММ


Мұғалімнің аты-жөні: Махмутова Сауле Мурзашовна

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Күні: 22.02.2018ж

Сынып: 2 «Ә»

Сабақ тақырыбы

3.Бөлім «Көбейту және бөлу»

Жиындар және оларға амалдар қолдану

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

2.4.1.1.Диаграмманың көмегімен бірдей санды жиындардың бірігуін жəне жиындардың бірдей санды бөліктерге бөлінуін көрнекі бейнелеу.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: үлестірмелі материалдармен практикалық амалдардың көмегімен бірдей санды жиындардың бірігуін жəне жиындардың бірдей санды бөліктерге бөлінуін бейнелей алады.

Оқушылардың көпшілігі: диаграмма дайындамаларының көмегімен бірдей санды жиындардың бірігуін жəне жиындардың бірдей санды бөліктерге бөлінуін көрнекі етіп бейнелейді.

Кейбір оқушылар: диаграмманың көмегімен бірдей санды жиындардың бірігуін жəне жиындардың бірдей санды бөліктерге бөлінуін өздігінен көрнекі етіп бейнелей алады.


Жетістік критерийлері

Оқушылар ресурстар арқылы сандарды жиындарға топтайды және Венн диаграммасын қолданады.

Тілдік мақсаттар

Жиынның бірдей санды бөліктерге «бірігуі» мен «бөлінуі» нені білдіретінін түсіндіре алады.


Пәндік лексика және терминология

Диаграмма, «бірігу» жəне «бөліну»

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

Талқылау: Диаграмма қалай құрылғанын айта аласың ба?

Жазу:Өрнектер жазу

Құндылықтарды дарыту

Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы.

Ұлттық құндылықтар,ұлттық әшекейлердің маңызын білу

Тірек,білім, білік дағдылары

Көбейту және бөлу. Теңдіктер. Әшекей бұйымдарды атау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақ басы



2 минут





2 минут











2минут




Сабақтың ортасы



15 минут





Сергіту сәті

1 минут

(Ұ) Ынтымақтастық ортасын құру. Қолдарындағы айнаға қарап өздеріне және достарына көңіл-күй сыйлаймыз.

«Нұрлы сезім» тренингі

Сендерге бүгінгі сабаққа көмектесуге атақты ғалым Ли Шульманның 3 көмекшісі келді. Олар топтарға жұмыс жасауға көмек береді.

-Кәне, достар айтыңдаршы, баспен не істейміз?

-Қолмен ше? Жүрекпен ше?

-Баспен ойлаймыз, қолмен жасаймыз және жүрекпен іс-әрекетті сезініп істейміз.Ендеше іске сәт!

Алдыңғы білімді бекіту. 4 теңдік құру. Ауызша қима қағаздар бойынша теңдіктер құрастырады. 6,18,3. 35,5,7. 6,4,24.

Миға шабуыл. ҰЖ. «Сұрақ-жауап» әдісі

-Жиын дегеніміз не?

-Жиын неден тұрады?

-Қиылысқан жиын туралы не білеміз?

Ендеше, кәне ортаға келіп жиын құрайық.Ортаға шеңберге жиналып, оқушылардың киімдерінің ұқсастықтары бойынша, ұл мен қыз және аяқ киімдерінің түстері бойынша жиынға бөлінеді.

«От шашу» әдісі бойынша бағалау.

Енді бүгінгі сабақта біз қандай нәтижеге жетуіміз керек?

Жетістік критерийін құрайық:

Жиындарды білеміз

Диагр арқылы сандардың жиынын бейнелейміз.

Венн д. арқылы сандардың ұқсастығымен, айырмашылығын атаймыз.

Үлестірмелі қағаз бойынша жиынға тиісті және жиынға тиісті емес белгілерін көрсетеді.

Өз пікіріңді талқылап, айт. Өрнек құрастыр.ЖЖ.

Әр топқа ұлттық әшекейлер таратамын, Берілген әшекейлерді 2 сандыққа бөліп салу.

«Ұлттық әшекейлер» бұрышы бойынша таныстырылым жасаймын. Сұрақ-жауап алу.Ұлттық дәстүрлер бойынша еске түсіру.

Тапсырмалар:

1 топ. 6 сырғаны 2 сандықшаға бөліп салу.

2 топ. 16 түйреуішті 4 қызға тең бөліп беру.

3 топ.Өз тобының қыздарына білезіктерді тең бөліп сыйға тартады.Осы әшекей бұйымдарды қайда және кіммен көретіндерін айтады.

Практикалық жұмыс. ТЖ

1-топ: берілген сандарды флипчартқа сандарды таңдап, Венн д салу.

2 - топ:сандарды жиындарға бөліп жапсырады

3 - топ: Сандарды бейнелеу.

Топ жұмыстарын қорғау және бағалау.

Дескрипторлары бойынша бағалаймыз.

«Бес бармақ» әдісі.

Көңілді күн


Айна


Бас,жүрек, қолдың суреті


сандар




Оқушылар



Сызбалар








Сандық,біле-зік,түйреуіштер, ұлттық әшекей бұйымдарынан жасалған көрме



«Ұлттық әшекейлер» бұрышы





Флипчарт

маркер

сандар

Би билеу


5 минут

ӨShape2 Shape1 Ж. Тапсырма:Берілген жиындардың элементтерін Эйлер-Венн диаграммасына белгілеңіз. Жиын элементтерінің бірігуі мен қиылысуын анықтаңыз және жазыңыз.

A= {5, 7, 9, m, k }

B= {n, m, k, 6, 8 }



Қима қағазға жазылған тапсырмаларды орындайды.Сағат тілі бойынша тексереді.Дұрыстарына смайлик жапсырады.

Дескриптор:

Білім алушы:

диаграммаға А жиынының элементтерін белгілейді;

диаграммаға В жиынының элементтерін белгілейді;

А және В жиындарының бірігуіне тиісті элементтерді жазады;

А және В жиындарының қиылысуына тиісті элементтерді жазады.


кесте







АКТ

Сабақтың соңы

10 минут


Кері байланыс



3 минут

-Достар біз осы жасаған іс-әрекетіміздің арқасында қандай нәтижеге қол жеткіздік?

-Бұндай нәтижеге жетуімізге Шульманның үш көмекшісінің септігі болды ма?

Енді бүгінгі сабақ бойынша өздеріңді бағалайсыңдар.Ол үшін алдарыңдағы стикердің түстерін таңдайсыздар.

Сары түс – білдім

Қызыл түс – қателесемін

Жасыл түс – түсіндім, қателеспеймін, орындаймын

Таңдаған стикерді Венн диаграммасының қиылысқан жиынына жапсырамыз.





Сары, қызыл, жасыл стикерлер

Венн диаграммасы

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қабілеті төмен оқушылар: жиындарды біріктіреді, бөледі.

Қабілеті жоғары оқушылар:өздерінің таңдауы бойынша сандарды Венн диаграммасына салып бейнелейді.

Қосымша тапсырма: «Жоқ санды тап» үлестірме қағаз.

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Қабілеті жоғары оқушылар сұрақтарды өз бетінше құрастыра алады.



Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.02.2019
740
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі