Материалдар / Математика пәнінен семинар сабақ жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математика пәнінен семинар сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Зерттеук сабақтарын жүргізу жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Маусым 2018
2256
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ : Математика Тақырыбы : Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу жазбаша тәсілін қайталау сабағы



Мектеп: «Шұбар» жалпы орта мектебі

Күні: 24.04.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні: Жолдас Роза Жарылқасынқызы

Сынып : 3

Қатысқаны:24

Қатыспағаны:- 1

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары

1.Өтілген материалдарды өмірде қолдану дағдыларын бақылау

2.Оқушылардың ұшқыр ойлау қабілеттерін арттыру,тіл байлығын молайту,өз ойын еркін,нақты, жүйелі түрде жеткеру қабілетін қалыптастыру

3.Оқушыларды заман талабына сай экономикалық сауаттылығын арттыру,зияткерлікке жауапкершілікке,ынтымақтастыққа,мамандыққа баулу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар біледі: . Аукцион ұғымы қалыптасады

Көптеген оқушылар біледі: Мамандық туралы ,ақша бірліктері,ақша айналымы туралы түсінік қалыптасады.

Кейбір оқушылар біледі: .Есеп шығарудың тиімді жолдарын үйренеді, топпен жұмыс істейді.

Жетістік критерийлері

А деңгейлі оқушы : Үш таңбалы сандарды көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілін меңгере алады

В деңгейлі оқушы : шығарудың тиімді жолдарын үйренеді, бөлу амалдарын орындауда қиналады, мұғалім тарапынан көмек қажет етеді .

С деңгейлі оқушы : көбейту мен бөлу амалдарын толығымен дұрыс орындай алмайды, көмек көрсетілуін қажет етеді

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: Валюталар туралы мәліметпен танысады оларды атай алады

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер Доллар, евро, Аукцион,рубль, менеджер ,спикер, банк атаулары «АТФ», «БТА», «ХАЛЫҚ», «Каспий» банктері

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Эрудит сайысы , қоржын , сауда мүліктері , анкета жүргізіледі

Талқылауға арналған сұрақтар: Аукционда тапсырмаларды орындайды

Құндылықтарға баулу

Мәңгілік ел бұл- Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы .Елдің барлық жетістігі мен табыстары – барша қазақстандықтардың күн сайынғы қажырлы еңбегі.

Пәнаралық байланыс


Дүниетану пәнінен төл теңге туралы , тірі, өлі табиғат туралы түсініктері қалыптасқан.

АКТ

Проектор арқылы суреттер мен тапсырмалар слайдтармен көрсетіледі

Алдыңғы оқу

Көбейту мен бөлудің ережелері қалыптасқан

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығулар түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

1 минут












8 минут



Психологиялық ахуал: Шаттық шеңбері

Болашақтың ұрпағымыз білімді

Көрсетеміз сабақтан алған білімді

Тапқырлықты таныту мақсатымыз

Біліммен шықсын тек, атымыз

Аукционға қатысушылар 4 топқа бірігіп, банк атауларын таңдап алады. «Халық» банк, «АТФ» банк , «Каспий» банк, «БТА» банк

Жұптық жұмыс «Мен саған, сен маған» әдісі бойынша үй жұмысын өзара алмасып тексеріп шығады , жіберген қателерін, есептің дұрыстығын талдап шығады . Әр топтан 1 оқушыдан дұрыс есепті тақтаға жазып шығады «Адам байлығының ең тамашасы-білім» деген екен Абу Райхан Беруни. Балалар сол білімдеріңді көрсететін уақыттарың аукцион ойыны арқылы болып отыр.Shape1



Топта 1 менеджер,1 спикерді сайлап алады . Менеджер міндеті: топты басқарып отырады. Әрбір қатысушының жинаған валютасы банк айналымына түсіп отырады. Оны спикер есептейді.Әрбір қаржы жинаған оқушының табысы балл болып есептеледі Ол бағалау парақшасына жазылады

«Миға шабуыл»әдісі Суреттер , яғни валюта номиналдары көрсетіледі оқушылар оның қай мемлекетке тиесілі екендігін айтып шығады.

Сұрақтар

Болжалды жауаптары

1.Еліміз валютасы


Теңге

Әлемдегі, көршілес елдердің айналымдағы және қандай ақша атауларын білесіңдер?


-Теңге-Қазақстан мемлекетінің ақша бірлігі

-Доллар- АҚШ мемлекеті ақша бірлігі,

-Рубль – Ресей мемлекетінің ақша бірлігі-

-Евро- Еуропа мемлекеттерінің ақша бірлігі

-Сом -Қырғызстан мемлекетінің ақша бірлігі

-Сум Өзбекстан мемлекетінің ақша бірлігі





Шаттық шеңберінде кеспелерлер таратылып сол бойынша 4 топқа бірігіеді










Жұппен жұмыс орындап келген үй жұмыстарын өзара тексеріп талдайды






2-3 слайдтар


Валюта суреттері кеспелер , слайдтар

Сабақтың ортасы

18 минут




















Аукцион шарты

1-тур Алғашқы капитал ( тапсырмалар)

2-тур

«Эрудит»сайысы: (Оқушыларға сұрақтар қойылады )

3-тур

«Таңдау табыс» тапсырмалар таңдалып алынады топпен орындалады

4-тур « Қорытынды» Саудаға қойылатын заттармен аукцион ойнатылып жиналған қаржыларына байланысты тауарды сатып ала алады

Олай болса іске сәт !

Қоржындарың теңгеге толсын!

-Бүгінгі сабағымыз « Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлудің жазбаша тәсілін қайталау».

1-тур «Алғашқы капитал»

«Құпия әдісі» арқылы ұжымға берілген тапсырма

Қалыптастырылатын дағдылар:

- ойлау, шешім қабылдау;

-проблеманы шешу;

390:3 486:6 540:2 660:3 берілген амалдары кері амалмен тексеріп шығарады

Бірінші орындап шыққан оқушыға- 10000тг , екіншіге – 5000 тг, үшінші мен төртінші орындаған оқушыларға 3000тг бағаланады .

Жеке жұмыс «SWOT- талдау» әдісі барысында әрбір топтан тапсырманы бірінші болып орындаған 1 оқушы топ мүшелеріне жәрдем беруге мүмкіншілігі бар

Семантикалық карта №1

279:3 202*3 609:3 550:5 420*2 160:2

Семантикалық карта №2

410* 2 640: 2 860:2 840: 4 480*2 420:6

Семантикалық карта №3

288:4 304*2 300:5 360: 6 826: 2 125*5

Семантикалық карта №4

322*3 102*4 320*3 150*3 936:3 844:4

Тапсырманы қатесіз орындаған жағдайда 1000тг қатесі болған жағдайда 500тг бағаланады

Топтық жұмысы «Бес сұрақ» Бұл әдіс ақпарат жинақтауға арналған, ол сондай-ақ оқушыларға мәселені терең зерделеуге немесе оны шағын тақырыптарға немесе тармақтарға бөлуге мүмкіндік береді. Бұл оқушыларға күрделі тақырыптарды түсінуге көмектеседі. Аталған әдіс іс-әрекетті жоспарлауға және мақсат белгілеуге ықпал етуі мүмкін әртүрлі мүмкіндіктерді қарастыруды көздейді.

1-топқа тапсырма

Зауыт жұмысшылары 80 токайырғыш пен 120 розетка дайындады Өнімнің әрқайсысы қорапқа 10данадан салынды. Токайырғышқа қарағанда , розетка салынған қораптардың қаншасы артық ?

ТShape2 окайырғыш -80

Розетка -120 қанша қорап артық?

Қорапқа - 10-нан салды

Шешуі : 80:10= 8 120:10 =12 12-8=4 қорап артық

2- топқа тапсырма

Зауыт жұмысшылары 80 токайырғыш және 120 розетка дайындады. Барлық өнімнің 5-тен бір бөлігі қораптарға салынды . Қанша өнім қораптарға салынды?

ТShape3 окайырғыш -80 5/1 бөлігі қорапқа салынды

Розетка -120

Қанша өнім қорапқа салынды?

Шешуі: (120+80): 5=40 өнім қоарпқа салынды

3- топқа тапсырма

Зауыт жұмысшылары 80 токайырғыш , одан 120 дана артық розетка дайындады . Жұмысшылар барлығы қанша өнім дайындады?

ТShape4 окайырғыш -80

Розетка - ? 120 дана артық

Шешуі : (80+120)+80 =280 өнім дайындады

4- топқа тапсырма

Зауыт жұмысшылары 120 розетка дайындады , бұл токайырғышқа қарағанда 80 дана артық .Жұмысшылар барлығы қанша өнім дайындады?

ТShape5 Shape6 окайырғыш - ?

Розетка -120 бұл 80 дана артық

Шешуі : (120-80)+120= 160 өнім дайындалды

Дескриптор

-Шартты құра алады

- Шешуін бірлесіп ,түсіндіріп береді

Әрбір топқа қатесіз орындалған тапсырмаға 10000 теңге беріледі, ал егер қателері болған жағдайда теңге берілмейді

(Орындаған оқушы ақшалай сыйлық алып , оны өзінің бағалау парақшасына жазып алып ,банк менеджеріне өткеріп отырады)

2-тур

«Эрудит» сайысы:

«Кім ұшқыр ойлы» ойыны

Әр топтқа кезек –кезек сұрақтар қойылады

Әрбір сұрақтың құны-200тг

1-топ

1 Ұшбұрыштың периметрін қалай табамыз?

2.4 – тің квадраты қандай?

3. 8 –дің квадратынан 20-ны азайтқанда неше болады ?

4. Периметр дегеніміз ?

5 .Шаршы дегеніміз.....

6. 215*0 ?



2-топ

.1. Фигураның ауданды қалай табамыз?

2. 7- нің квадраты нешеге тең ?

3. Көбейтудің қанша қасиеті қандай , атап шық ?

4. Көбейтудің компоненттерін ата?

5. 35 мен 100 көбейтіндісі қанша ?

6. 4 мин неше секунд бар ?

3-топ

1. Көлемді қалай табамыз?

2 .5-тің квадраты нешеге тең?

3. 1000гр көппе? 1кг көппе?

4. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті дегеніміз?

5 .450 мен 10-ның көбейтіндісі қанша ?

6 Ұзындығы 4 см Ені 2 см болған тіктөртбұрыштың периметрін тап



4- топ

1 .Азайтудың компоненттерін ата

2. 5 мин неше секунд бар?

3. Ұз 6 см, ені 4 см тең тіктөрбұрыштың ауданы нешеге тең?

4. Периметр дегеніміз не?

5. 620 мен 100-дің көбейтіндісі қанша?

6.Бөлудің компонентерін атап шық?

Дескриптор

- Сұрақтарға жылдам ,әрі тез жауап береді

Сергіту сәті (Бейнекөртсетілмдегі қимылдарды орындау )

Шығармашылық тапсырма: барлық топқа беріледі ұтымды жауап берген топ мүшесіне 10000тг қоржынына салады

- Енді осы тапсырмаға көңіл бөлейікші Ребустің шешуін тауып көрейік

5 БАР '' ЖИ 'л ''' -

Дескриптор

-Ребусты шешеді

- Мағынасын түсіндіріп береді

«Бес бармақ жиналса –жұдырық» деген мақал- мәтел шығады оның мағынасын оқушылар түсіндіруі керек

4-6 слайдтар сұрақтарымен тапсырмалар жазылған









Picture 2



Picture 1








Picture 4




















7-9 слайдтар

Семантикалық карталар










Кеспелер, слайдта жазылған тапсырамалар, флипчарт





























10-12 слайдтар







Постер қорғайды


Кеспе қағаздар













Теңге номиналдары


























Бейнекөрсетілім




















































Ребус


12 -слайд

Сабақтың соңы

10минут

4-тур Қорытынды

Әр топтың спикері оқушылардың жинаған қаражаттарын санап шығады Менеджер банктің қаржысын есептейд. Ақшалар анықталған соң аукционға қойылатын заттармен таныстырылады. Менеджер шешім қабылдайды Әрбір топ мүшелері жинаған ақша мөлшерімен бағаланады

Сатылым жинаған ақшаларына қарай әрбір топ өз таңдауы бойынша затты сатып ала алады



Сауда мүліктері




Бағалау парақшалары


Кері байланыс

«Сауалнама» ТАҚТАДАҒЫ ГРАФФИТИ әдісі Бұл әдісті қолдану кезінде оқушыларға белгілі бір тақырып байынша өздерінің ойларын, сезімдерін, идеяларын және ұсыныстарын жазу ұсынылады. Сауалнама арқылы кері байланыс жасау


үлестірме материалдары


2 минут

Сабақта


Сабақ барысында


Көңіл -күйім


Сабақ




Тапсырмалар

Белсенді болдым / онша белсенділік танытпадым


Шаршамадым / шаршадым


Көтеріңкі / көңілсіз


Түсінікті/ түсініксіз

Пайдалы / пайдасыз

Қызықты / қызықсыз


Қиын / оңай

қызықты / қызықсыз


Үй тапсырмасы

1 минут

5 мысал 127 бет


Саралау- Сіз қандай тәсілмен

көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда

қабілетті оқушыларға қандай

тапсырмалар бересіз?

«Кім ұшқыр ойлы» ойыны арқылы оқушылардың қабілеттілігі мен ерекшеліктерін ұшқыр ойлы әрекеттерін бақылау, «SWOT- талдау» әдісі барысында әрбір топтан тапсырманы бірінші болып орындаған 1 оқушы топ мүшелеріне жәрдем беруге мүмкіншілігі бар дарынды оқушыны анықтау


Оқушылардың материалды игеру деңгейін топтық және жекелеген тапсырмаларды орындағандарына қарай бағалаймын.(теңге номиналдарымен бағалап отырамын .)

Бағалау парақшасын өздері бағалап отырады жуан , жіңішке сұрақтар жұптық жұмыс орындайды,сауалнама жүргізіледі

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріледі , Акт- мен жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақатп отыруды ескеріледі

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы бағалау

Алға қойылатын мақсатым :








Әдебиеттік оқу сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы оқушы шығармашылығын арттыру

Ахметова Гүлнара Кәкімқызы

І санатты бастуыш сынып мұғалімі

30 ЖОББМ

Әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгертуге ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру-жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Әдебиеттік оқу сабағы-оқушының жан дүниесін, адамгершілік қасиетін, ойлау, сөйлеу, шығармашылық әрекетін дамытып, жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуында ерекше орын алатын пән. Әдебиетті ұлағатты адамдар «адамтану құралы» десе, әдістемелік тұрғыда зерттеуші- ғалымдар әдебиет пәнін «адам тәрбиелеу құралы» деп жатады. Әлбетте бір пікірден бір пікір өз үндесін тауып жатқандай. Үндес пікірлердің түйіні-әдебиет пәні жеке тұлғаның рухани әлемін, оның адамгершілігін, ойлауын, көңіл-күй сезімін, тілін, шығармашылық әрекет бастауларын қалыптастыруда ерекше орын алады./1,70/ Әрине, бала тілі оқу, әңгімелеу, пікірлесу арқылы дамиды. Ой дамыса ізденеді, сөйлеседі, біреуге әңгімелейді, пікір алмасады. Бүгінгі таңда мұғалімнің ең басты міндеті де дайын білімді, дағдыларды меңгертіп, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, бір тума ойлау қабілетімен ерекшеленетін, рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып отыр.

Сондықтан мұғалім өз жұмысын оқушының өздігінен білім алуына бағыттауы қажет. Оқытуда осы мүддеден шығатын жаңа технология түрлері көп. Жаңа оқыту технологиясының түрін әр мұғалім оқушының жас ерекшелігіне қарай таңдап қодануы керек. Жаңа технология талабы оқушы арқылы орындалатын болғандықтан, олардың шығармашылық қабілеттері мен бейімділігі анықталатын әдістемелік жолдарды пән, тақырып, тарау бойынша анықтау керек.

Әдебиеттік оқу пәні бойынша оқушының шығармашылық деңгейін дамыту, білімді жүйелі меңгерту үшін «Дамыта оқыту технологиясы», «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы және «Модульдік оқыту технологиясы» тиімді екен. Бұл жаңа технологиялардағы қолданылатын әдіс-тәсілдер бір-біріне ұқсас. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты роль атқарады. Жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамытуда сыни тұрғысынан оқу мен жазу технологиясы өз тиімділігін нақтылауда. Яғни, мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, танымдық, шығармашылық қабілеттерін де дамытады.

Көрнекті психолог Л. С. Выготский шығармашылық деп жаңа дүниелер жасауды түсіндірген. Ғалымның зерттеулерінде «шығармашылық» ұғымы «жаңалық», «жаңа дүние жасау», «жаңалық ашу» ұғымдарына жақын қолданылып жүр.

Әдіскер –ғалым М. Р. Львов шығармашылыққа оқушылардың жазған өлеңі мен прозасы, шығарған газеттері мен журналдары, сондай-ақ, жеке күнделіктері мен хаттарды т.б. жатқызады.

Ғалым С. Рахметова шығарманың мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстардың (шығарманың баяндау түрін өзгертіп әңгімелеу, әңгіме бірінші жақпен баяндалатын болса, оны үшінші жаққа айналдыру, әңгімедегі оқиғаға ұқсас өз жандарынан әңгіме құрастыру, т.с.с.) барлығын да баланың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың жолдары деп көрсетеді./2,13/

Демек, шығармашылық-өздігінен жаңа дүниелер жасау, яғни бұл жерде оқушылардың өз ойынан ойлап шығарған, ешкімдікіне ұқсамайтын дүниесі, оның ойлау мүмкіндігінің жемісі  және соған жеткізетін әрекеті деген мағынаны білдіреді.

Әрине, өздігінен ізденіп, зерттеу жұмыстарын жүргізген, жинаған материалын талдай білген оқушының әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білуіне, оның идеялық-эстетикалық мән-мағынасын терең ойлап, тебірене қабылдауына мүмкіндіктер туатыны сөзсіз. Сонымен қатар оқушының оқырмандық, ізденімпаздық белсенділіктерін де арттырады.

Оқушылардың шығармашылық бастамасын дамыту, білімді қарапайымнан күрделіге қарай жүйелі меңгерту сабақтың үш сатысында жүргізіледі: қызығушылықты ояту сатысында айтылған сөз, істелінген әрекет бүкіл сабақтың сыр сандығын ашатын кілті десем, мағынаны тану сатысын- білімнің нағыз шыңдалар шағы дер едім, ал ой толғау сатысында нәтижені көру, яғни еңбектің жемісін тату іске асырылады.

Сөзім дәлелді болу үшін әдебиеттік оқу пәнінен өткізілген сабақтарымнан үзінді ұсынамын. Төмендегі сабақтарымды сын тұрғысынан ойлау технологиясына негіздедім. Осы технология қолданылған сабақтарымда оқушыларды шығармашылық жұмыс жасауға қалай үйретіп жүргенім туралы тоқталғым келеді.

3-сынып М. Әуезов «Көксерек»

1-топ: «5 жолды өлең» стратегиясы

  1. Көксерек.

  2. Ашқарақ, азулы.

  3. Ұрлайды, ызаланады, ұлиды.

  4. Көксерек-құла түздің тағысы.

  5. Көкжал.

2-топ: «Топтастыру» стратегиясы. Асыранды бөлтірік, оның мінезі.

3-топ: «Семантикалық карта» стратегиясы.

Қай кейіпкердің              сөзі, Көксерек пен ауыл итінің портреті

Әңгімеден үзінді


- Кәпір, қырыс, тағы емес пе! Кеудесін бермейді, жасымайды. Ұры. Асырасаң да мал болмайды. Тұқымы жау емес пе!

Бауырын көтеріп, тырбанып жүруге айналды. Семіріп жонданғандай да болды. Бірақ үлкейісі даладағыдай емес, бәсеңдеу.

Үлкен қара ала төбет.

Алдыңғы жағы арыстан бейнесіне ұқсайды.

Көксерек


+


Ауыл үлкендері

+



Ауыл иті Аққасқа



+

4-топ: «Венн» диаграммасы

Сонымен қатар әр бөлімді аяқтағаннан соң рефераттар және эссе жазу, өлең құрастыру, альбом және газет шығаруға тапсырмалар беріп отырамын.          Мысалы: «Туған елім, туған жерім» атты бөлімді аяқтағаннан кейін оқушыларға өзінің туған жері туралы эссе жазу, өлең құрастыру беріледі.

Оқушы шығармашылығы:

Жүрегім сен деп соғады, туған елім,

Бойыма қуат берген,

Туған жерім.

Есейіп төл перзентін ер жеткенде

Жайнауың үшін аянбай төгеді терін.   (  Булатова Альбина)

Эссе

Туған ел.

Мен Орал қаласының кішкентай тұрғынымын. Орал қаласы әдемі де сұлу. Бұл қалада әдемі көшелер, зәулім үйлер, кең байтақ жерлер бар. Орал қаласы Ақжайықтың жағасында орналасқан. Ағаштары көп, халықтары кең пейілді. Қазақ халқы қашанда туған жерін қадірлеген. Мен кішкентай болсам да өзіме, еліме, жеріме қызмет еткім келеді.     (Баймурат Аружан)

3-сынып Т. Жұртбаевтың «Қоңыр қозы» әңгімесін өткен кезде мынандай шығармашылық тапсырма берілді:

Мұхтардың портреті

Досымның портреті

Әжем немесе атам портреті

Маған берілген бата

Мұхтардың мінезі салмақты. Қалың ерінді, торсық шеке, маңғаз.

Менің досым-Әдемі. Оның жасы 10-да. Өзі толықтау келген, шашы ұзын. Орташа бойлы, қасы мен кірпігі қою қара, сүйкімді.

Менің әжем-Қисметова Роза. Ол кісінің жасы биыл 70-ке толады. Құлағы дұрыс естімейді, ал көзі жақсы көреді. Шашы аппақ. Бойы еңкіш тартып, аласарған.

«Көп жаса. Сабағыңды жақсы оқы. Ғұмырың ұзақ болсын. Қанаты қатты қыран бол. Еліңді сүй.»

Осы жұмыспен қатар «Әжемнің әңгімесі», «Атамның әңгімесі» айдарымен ауыз әдебиеті үлгілерін жинадық. Олардың ата-әжелерінен жазып алған аңыз-әңгімелерін сыныпта оқыдық.

Шығармашылық тапсырма түрлерін сынып оқушыларының жас ерекшелігіне, шығармашылық қабілетінің даралығына қарап ары қарай жалғастыра беруге болады.

Келесі сабақта шығармашылық  жұмыстар мен ізденістер, пікір алысулар бір-бірімен сабақтаса түседі. Жұмыс нәтижесі бастауыш білім сатысын аяқтағанда байқалуға тиіс деп ойлаймын.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдері арқылы оқушының алған білімдерін нығайтуға әбден болады. Тек әдіс-тәсілдерді тиімді, орынды пайдалану керек.

Қорыта айтқанда, оқытуда жаңа технологияларды қолданудың ұстаздар  және оқушылар үшін маңызы өте зор.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Тәжіғалиева З. Әдебиет сабақтарында оқушыны шығармашылыққа баулудың тиімді технологиясы. //Ғалым-ұстаз С. Шарабасов және қазақ филологиясы мәселелері.  Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Орал, 2007-70 б.

2. Жаманқұл П. Қ., Муфтибекова З., Орынбаева Н. Н. Оқулықтағы көркем шығармаларды оқытудың әдіс-тәсілдері. //Әдебиеттік оқу әдістемесі. 3-сынып. Алматыкітап баспасы, 2010.-13 б.

3. Иманбекова Б. И., Жаманқұл П. Қ., Муфтибекова З. Әдебиеттік оқу. 3-сынып. Алматыкітап баспасы, 2010.-121, 137 б.



Аукцион туралы түсінік

Аукцион - сауда - тауарды барынша жоғары бағамен сату.
Қазіргі экономика саласында қолданылып жүрген біршама терминдермен таныстырып өтемін.
Инвестор, валюта, сертификат, патент, менеджмент, инфляция т. б.
Аукционға бүгінгі сабағымызда 3 зат қойылады.
Машина 250000 тг
Білезік (бағалы) 10000 тг
Сағат 5000 тг
Қойылған заттарға байланысты мақал - мәтелдер айтқызу.






























 Тақырыбы: «Эрудит!» зияткерлік сайыс
  Мақсаты: Оқушылардың ауызша  есептеу 
  қабілетін ойын арқылы жетілдіре отырып 
 пәнге деген қызығушылығын арттыру.
 Оқушылардың қисын ,есте сақтау,
 ұйымдастыру, оперативтік ойлау қабілеттерін
  дамыту.Ұйымшылдыққа,жауапкершілікке,
 байқампаздыққа,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.



Күні: 20.04.16    Пәні:Математика     Сыныбы: 3 «А»
Мұғалімнің 
аты-жөні:    Болатбаева Фарида Абатханқызы
Сабақтың  тақырыбы:    Қалдық қалатын жазбаша бөлу
Сабақтың  мақсаты :    Қалдықпен бөлудің жолдарын анықтауға және оны шығаруды үйренуді бірге орындау

Оқыту нәтижелері:    Сабақ соңында балалар қалдықпен бөле алады;
Тексеру жолдарын үйренеді;
Өрнектерді салыстырып, талдау жұмыстарын жүргізе алады;
Жеке,жұпта, топта бір-біріне сенімділік білдіреді,ұйымшыл болады,бірін бірі үйретеді;
Сабақтың
 барысы    Мұғалімнің
іс-әрекеті    Оқушының
 іс-әрекеті

Ұйымдастыру
кезеңі

    «Психалогиялық дайындық»
- Көңіл күйлерің қалай?
- Сабаққа дайындықтарың қалай?
- Ынталарың ше?
- Ендеше сабағымызды бастайық.    Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына  хормен дауыстап  жауап береді
-    Керемет !
-    Тамаша !
-     Ғажап !
-     Бастайық!
    «Топқа  бөліну»
Банк атауларымен топқа бөліну
Халықтық банк, АТФ банк
Каспи банк ,Еуразия банк    1 топ. Халықтық банк
2 топ. АТФ банк
3 топ. Каспи банк
4 топ. Еуразия банк
 
Үй тапсырмасы    Үйге  берілген тапсырманы жұптық жұмыс арқылы тексеріледі    Әр оқушы үй жұмысын бір-бірінің дәптерлерін алып тексереді
( дұрыс жауаптар тақтаға жазылады)


Ой шақыру
    «Білгенге маржан»
Математикалық диктант 
84*9    810/9   79*6      736/9     
52*8     452/9     85*4   963/9      
Математикалық диктантты  әр оқушы жеке- жеке  орындайды
( дұрыс жауаптар тақтаға жазылады)

Мағынаны таныту

     №1 «Есіңе түсір,қайтала!»
І. Міндетті деңгейі
Қалдықпен бөлу қалай орындалатынын қарастыр
467:4=            281:2 =
216:5=             631:5 =

ІІ. Мүмкіндік деңгейі
Үш таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға бөлу жолдарын көрсеті
467:41=                     281:23 =
216:52=                     631:54 = 

 № 2 «Кім жылдым»  
І. Міндетті деңгейі
564:5           569:6             233*3
 467:2          478:4             936:3
178:7           638:3             144*2


ІІ. Мүмкіндік деңгейі
235: □ = 78(қалд.1)
197: □ =  48(қалд.5)
143: □ = 35 (қалд.3)
923: □ = 184 (қалд.3)
    І. Әр  топқа флипчат беріледі. Берілен флипчатқа қалдықпен бөлудің орындалу жолын жазады. Әр топ өз жұмысын қорғап шығады.
467:4=116    (3қ )            281:2 =140    (1қ)
216:5=43      (1қ)             631:5 = 126   (1қ)


ІІ. Оқушылардың білім сапасын көрсету үшін жоспардан тыс есептер беріледі
467:41=11  (16қ)              281:23 =12     (5қ)
216:52=31   (8қ   )             631:54 = 11  ( 37қ)

564:5=112  (4қ)    569:6 =94 (5қ)      233*3=699
467:2=233 (1қ )    478:4=119  (2қ)    936:3=315( 1қ)
178:7=25  (3қ )     638:3=212 (2қ)     144*2=288


235: 3 = 78(қалд.1)
197: 4 =  48(қалд.5)
143: 4 = 35 (қалд.3)
923: 5 = 184 (қалд.3)

    
«Миға шабуыл»
І. Міндетті деңгейі
  Оқулықтағы №3;  №4 ; №5 а,ә осы есептерді топтық жұмыс арқылы орындайды. 


ІІ. Мүмкіндік деңгейі
Санға байланысты мақал мәтел айту
Төрт топ санға байланысты бір-бір мақалдан  мысал  келтіреді    Есеп№3.
Ш: 25*3 =75    75+25= 100
Ж: Барлығы 100 тг
Есеп №4
345-х=30*4         х=225
Есеп  №5
 А)   145-40=105       145+105=250    Ж:250
 Ә)   145+40=185      185+145=330     Ж:330

4 топ өз мақалын айта отырып мақал сөзін орысша, ағылшынша тілдерге аудару

Ой қорыту


Бағалау
      «Сіз білесіз бе?» 
Қалдық бөлгіштен кем болады.
Тағы басқа сол сияқты ....
( Қалдықпен бөлуге байланысты ережелер айтылады. Сонымен қатар математикада өткен ережелерді айтып өтеді)    4топ өзара сабақтан алған білімдерін «Сіз білесіз бе?» ойыны арқылы қорытындылайды

( Оқушылар қалдықпен бөлуге байланысты ережелер айтылады)

    Бағалау. Әр топта бағалау парағындағы критерий бойынша жиынтық баға шығарамын.    Критерий бойынша оқушылармен топпен бірлесе отырып,жиынтық бағамен  бағаланады..
    Рефлексия
1. Топта  өзара жұмыс істеу сендерге ұнады ма ?
2. Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар
3. Не білдіңдер, не үйрендіңдер ?
    
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стиккерге жазып,тілек ағашына апарып жабыстырады.





Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау Санды өрнектердің және әріпті өрнектердің мәндерін табу үшін алдымен оларды ықшамдап алған тиімді. Қосу амалдарының қасиеттерің пайдаланып, санды өрнектерді және әріпті өрнектерді ықшамдауды қарастырайық.
1. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті.
Қосылғыштардың орындарын ауыстырғаннан қосындының мәңі өзгермейді.
Демек, кез келген а және б сандары үшін
a+b=b+а
2. Қосудың терімділік қасиеті.
Екі санның қосындысына үшінші санды қосу үшін бірінші санға екінші сан мен үшінші санның қосындысын болуға болады. Кез келген а,б және с сандары үшін
(а+b)+с=а+(b+с)
Демек,
қосудың терімділік қасиеті бойынша қатар тұрған қосылғыштарды топтап (жақшаға алып) қосып, оларды қосындысымен алмастырғаннан қосынды мәні өзгермейді.


3. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті.
Көбейткіштердің орындарын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді. Әріптеп жазсақ: а*b=b*а
4. Көбейтудің терімділік қасиеті. Екі санның көбейтіндісінін үшінші санға көбейту үшін бірінші санды екінші және үшінші санның көбейтіндісіне көбейтуге болады

(а*b)*с=а*(b*с)

Өсімдік тектес оюлар ұлттық өнерімізге өте ертеден сіңіп, кеңінен тараған өрнектің бір түрі. Өсімдік тектес ою-өрнегінің негізін гүл, жапырақ, сабақ құрайды. Гүл-жапырақ оюлары әр түрлі заттарға сәнімен қалыптасып, ұйқасымын табады.Олар өзінің даму барысында әртүрлі жолдардан өтіп, қолданылатын затқа сәндік, көркемдік қасиет беріп, мазмұндарын шешті. Мәселен өсімдік оюларымен шымылдық, перде, түскиіз, көйлек, камзол, бешпет, аяққап, текемет, сырмақ, білезік, шолпы, сырға, жүкаяқ, сандық, қыш құмыралар және т.б. заттар ойылып, кестеленіп, боялып, бедерленіп, сырылып, әшекейленіп безендірілді





Picture 4 Picture 3

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!