Математика пәнінен тест тапсырмаларының берілу формалары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Математика пәнінен тест тапсырмаларының берілу формалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепте математика курсын мазмұндау оқу материалын сипаттау сөзбен және графиктік –символдық формаларды бірге пайдалануға негізделген. Бұл формалардың әрқайсысы –ақпарат таратуға бағытталған өзндік тіл. Сондықтан оқулықтағы материалды нақты және саналы түрде меңгеру үшін оқушылар ақпараттың берілуінің екі формасында қабылдауға дайын болуы керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математика пәнінен тест тапсырмаларының берілу формалары



Мектепте математика курсын мазмұндау оқу материалын сипаттау сөзбен және графиктік –символдық формаларды бірге пайдалануға негізделген. Бұл формалардың әрқайсысы –ақпарат таратуға бағытталған өзндік тіл. Сондықтан оқулықтағы материалды нақты және саналы түрде меңгеру үшін оқушылар ақпараттың берілуінің екі формасында қабылдауға дайын болуы керек. Әрине , мектептегі математика тілі ақпаратты қабылдауға қосымша қиындық туғызбауы керек, бірақ ақпаратты таратудың әр түрлі формасынан бас тартуға да болмайды. Біз өз жасымыздағы басқа оқушылардың осы тектес тапсырмаларлы қалай қабылдайтынын анықтау мақсатында тәжірибе жүргіздік. Тәжірибе мақсатына сай интернет желісінен іздеп вербальдық және вербальдық емес тапсырмаларды қамтитын тесттің дайын түрін алдық.Бұл тапсырмалар оқушылардың фигуралар арасындағы , санды және әріпті өрнектер арасындағы ұқсастықты бақылау , салыстыру және фигуралардың басты белгілерін табу іскерліктерін анықтауға бағытталған.

Тесттің бірнеше нұсқаларын көрсете отырып , олардың көрсеткен нәтижелеріне анализ жасалынды.

Бұл жасалған тәжірибе оқушылардың осы жаста тапсырманың көрнекі түрде берілген материалдармен нәтижелі жұмыс жасай білетіндіктерін көрсетті. Вербальдық тапсырмаларға дұрыс жауапты -28 пайыз, ал вербальдық емес тапсырмаларға олардың жартысынан көбі, яғни 71 пайызы дұрыс жауап берді. Бұдан оқушылардың төрттен үші тапсыманың көрнекі түрде берілген түріне қиналмай жаап беретіндігін көруге болады.

Бірақ тапсырмаларды символдық-графиктік түрде ғана беру оқушылардың осы тапсырмаларды табиғи тілдегі мағынасын мүлдем түсінбеуге әкеліп соқтырады.

Біз өз тәжірибемізде оқушылардың вербальдық тапсырмаларды орындағанда қиындыққа тап келетінін көрдік. Мұның себебі неде?

Себебін анықтап көрейік.

Біріншіден, барлық игеруге тиіс материалды мұғалім тікелей сабақ барысында беруге тырысады және оқушылар сабақ кезеңінде мәтінді түсініп оқуына көңіл жеткілікті бөлінбейді, яғни оқушылар оқулықты тек анықтамаларлы , ережелерді жаттағанда және үйге берген тапсырмаларды орындағанда ғана пайдаланады. Олар аз оқиды, сондықтан олардың сөздік қорлары аз. Оқушылар оқығанынан немесе естігендерінен негізгі ойды бөліп ала алмайды, мәтіндік есептердің мазмұнын нашар түсінеді , есеп шешімін іздеу және оның шартындағы қажетті барлық ақпараттарды бөліп ала алмайды.

Екіншіден, 5-7 сыныптардың оқулықтарында оқушыларға шешу алгоритмі белгілі есептерді кіргізген. Сондықтан , мектеп оқулықтарына шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды да енгізген жөн.

Үшіншіден, оқушылар бұрын әзірленген дайын схема бойынша пайымдау жасап үйренген.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.05.2022
526
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі