Материалдар / «Математика пәнінің сабақтастығы» факультативтік сабағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Математика пәнінің сабақтастығы» факультативтік сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Факультативтік сабақ бағдарламасын оқыту маңызды болып табылады, себебі оны оқып-үйрену барысында математиканың практикалық маңыздылығы, тұлғаның логикалық және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыру мен дамыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Бұл бағдарлама мектеп оқушыларына қажетті тапсырмалардың тиімді тәсілдерімен орындауға бағыт беру мақсатында құрылып отыр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2018
775
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Түсінік хат



Математиканы оқытудың білімдік мақсаты барлық оқушыларды математика ғылыми негіздері туралы жүйелі білімдермен және оларды толық сапалы да берік игеруге қажетті біліктіліктермен дағдылармен  қаруландыру болып табылады. Осындай білім алу нәтижесінде оқушылардың ақыл-ойы дамиды.

Математика сабақтарында ауызша есептеу оқушының логикалық ойлауын дамытады, математикаға қызығушылығын арттырады, тыңдай білуге, байқағыштыққа, шапшаң есептеу дағдыларын қалыптастырады. Оқушының ойлау қабілетін дамытып, әрі пәнге деген қызығушылығын арттыратын жұмыс түрі факультативтік сабақ. Қызығу танымдық іс-әрекеттің қозғаушы күші оқушының қызығу жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті мен дарыны ұшталады. Логикалық есептеулер оқушының ойын дамытады және математикаға деген қызығушылығын арттырады.

Мектеп бағдарламасындағы математика пәні бір оқушының бойында қызығушылық тудырса, екінші бір оқушының бойында қиындық тудырады. Осы қиыншылықты қызығушылыққа айналдыру барысында факультативтік сабақта келтірілген тақырыптар арқылы жеңіске жетуге болады.

 Оқушылардың мектептегі математика пәнінен алған білімдері сабақтастықты талап етеді, яғни факультативтік сабақ курсын оқу барысында тақырыптар кеңейтіліп, тереңдетіледі. Қарапайым логикалық, әзіл есептер шығару арқылы күрделіге қарай көңіл аудара отырып, оқушының өзіне деген сенімін арттыруға болады.

Сабақтастықтың түпкі мақсаты – оқушыларды жүйелі, сатылы дамыту, теориялық білімін практикамен, өмірмен байланыстырылуын сәтті ұйымдастыру.

Факультативтік сабақ бағдарламасын оқыту маңызды болып табылады, себебі оны оқып-үйрену барысында математиканың практикалық маңыздылығы, тұлғаның логикалық және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыру мен дамыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

Осыған байланысты, 5-класс оқушылары үшін математика пәнінің оқу бағдарламасына сүйеніп «Математика пәнінің сабақтастығы» тақырыбындағы факультативтік сабақ бағдарламасы ұсынылып отыр.

Бұл бағдарлама мектеп оқушыларына қажетті тапсырмалардың тиімді тәсілдерімен орындауға бағыт беру мақсатында құрылып отыр.

Бағдарлама бір жылға арналып жасалған.


Факультативтік сабақ бағдарламасы оқу жүктемесінің көлемі:


  1. 5-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында– 34 сағат;





















Факультатив сабағының негізгі мақсаты:

  • Оқушылардың математика пәнінен білімдерін тереңдетіп, кеңейтіп дағдыларын қалыптастыру;

  • Оқушыларды қиындатылған есептерді шешуге үйрету;

  • Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттырып қабілеттерін дамыту;

  • Оқушылардың математикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру және оларды оқуға үйрету.



Міндеттері:

- Оқушылар натурал санадарға амалдар қолдануды ойын және логикалық есептер мен байланыстыра білу;

- жай бөлшектерді өмірдің элементтерінен тани білу;

- пайыз, пропорция есептерін жедел түрде шығара білу;

- ондық бөлшектерді оқып, жазып, оларға амалдар қолдана білу;

- қызықты тапсырмаларды орындап тақырыпты меңгеру;

- оқу бағдарламасының тақырыптарын меңгеру;

- математика элементтерін пайдаланып ребустер, сөзжұмбақтар құрастыра білу, оларды шешу.

 

 Оқушы білуі тиіс:


  • Натурал сандарды шапшаң қосу және азайту тәсілін білуі;


  • Мәтінді есептерді шешуде теңдеу құра алуды;


  • Пайыз анықтамасын пайдаланып, күрделі есептерді шығаруды;


  • Кейбір сандардың шапшаң квадраттау тәсілін;


  • Логикалық есептерді теңдеу арқылы шешуді;



  • Алған білімдерін практикалық есептерді шығаруда пайдалана білу.



Күтілетін нәтиже:

- Оқушыларды есептерді дұрыс шешуге үйретеді;

- Оқушы тапсырмаларды жеңіл, әрі тез тез, тиімді тәсілмен шығаруын үйренеді;

- Оқушының ой-өрісі дамып, ойлау қабілеті тереңдеп артады;

- Қиындығы жоғары есептерді шығара алады;

- Шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеті артады.

 





«Математика пәнінің сабақтастығы» факультативтік сабағының мазмұны:

    1. Натурал сандар және нөл - 5 сағат

Адамның алғашқы санау тәсілдері. Натурал сандар және нөл. Математика өмірінен. Әл-Фараби өмірі, еңбектері. Натурал сандарға амалдар қолдану. Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдану. Сандарға байланысты есептер. Сандарды салыстыру.

    1. Натурал сандардың бөлінгіштігі - 6 сағат

Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері. Жай және құрама сандар. Натурал сандардың 2, 3, 5, 9, 10-ға бөлінгіштік белгілері. Дәрежеге байланысты есептер. Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу. Ең үлкен ортақ бөлгіш (ЕҮОБ). Ең кіші ортақ еселік (ЕКОЕ).

    1. Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану – 6 сағат.

Жай бөлшектер түрлері. Дұрыс және бұрыс бөлшектер. Жай бөлшектерді түрлендіру. Жай бөлшектерді қосу және азайту. Жай бөлшектерді көбейту және бөлу. Аралас сандарды қосу және азайту. Аралас сандарды көбейту және бөлу. Жай бөлшектерге байланысты логикалық есептер.

    1. Мәтінді есептер – 3 сағат.

Жасқа байланысты есептер. Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер. Қозғалысқа қатысты мәтінді есептер.

    1. Ондық бөлшек - 4 сағат.

Ондық бөлшек. Ондық бөлшектердің шығуы мен даму тарихы. Ондық бөлшектерді қосу және азайту. Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту, бөлу.

    1. Жиын – 2 сағат.

Жиын және оларға қолданылатын амалдар. Бос жиын. Жиындардың бірігуі және қиылысуы.

    1. Пайыз - 3 сағат

Пайызға байланысты есептер. Пайыз тақырыбына мәтінді есептер. Санның пайызын табу. Пайызы бойынша санды табуға есептер құрастыру, шешу.

    1. Геометриялық фигуралар - 3 сағат.

Геометрияның шығу тегі. Геометриялық фигуралардың өмірде қолданылуы. Үшбұрыш. Төртбұрыш. Геометриялық фигуралардың құрылымы. Шеңбер. Дөңгелек. Дөңгелек сектор.

    1. Шығармашылық сынақ жұмыстары. Қорытынды қайталау - 2 сағат.

















«Математика пәнінің сабақтастығы» факультативтік сабағының

тақырыптық – күнтізбелік жоспары



Р/с

Тақырыптар

Сағат саны

Өтілетін уақыты

1

Кіріспе. Адамның алғашқы санау тәсілдері. Натурал сандар және нөл саны.

1


2

Математика өмірінен. Әл-Фараби өмірі, еңбектері. Натурал сандарға амалдар қолдану.


1


3

Сандарға байланысты есептер. Сандарды салыстыру.


1


4

Теңдеулер тарихынан. Теңдеу құрастыру және оны шешу.


1


5

Натурал сандардың бөлгіштері, еселіктері. Жай және құрама сандар.


1


6

2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік. Қазақтың байырғы есептері.

1


7

3-ке, 9-ға бөлінгіштік. Сандық ребустар.

1


8

11-ге, 13-ке бөлінгіштік. «Жаңылмаймын» ойыны.

1


9

Дәрежеге байланысты есептер. Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу.


1


10

Ең үлкен ортақ бөлгіш (ЕҮОБ). Ең кіші ортақ еселік (ЕКОЕ)


1


11

Математикалық фокустар. Өзіндік жұмыс.

1


12

Жай бөлшектер түрлері. Дұрыс және бұрыс бөлшектер.

1


13

Жай бөлшектерді түрлендіру. Жай бөлшектерді қосу және азайту.


1


14

Жай бөлшектерді көбейту және бөлу.

1


15

Жай бөлшектерге байланысты логикалық есептер.


1


16

Аралас сандарды қосу және азайту.


1


17

Аралас сандарды көбейту және бөлу.


1


18

Мәтінді есептерді шығару. Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер.


1


19

Қозғалысқа қатысты мәтінді есептерді шығару.



1


20

Жасқа байланысты есептер. Шырпымен ойындар. Аралас есептер.


1


21

Ондық бөлшектердің шығуы мен даму тарихы.


1


22

Ондық бөлшектерді қосу және азайту.

1


23

Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту, бөлу.


1


24

Қазақтың байырғы есептері. Қалжың есептер

1


25

Жиын және оларға қолданылатын амалдар. Бос жиын.


1


26

Жиындардың бірігуі және қиылысуы.


1


27

Пайызға байланысты есептер.


1


28

Пайыз тақырыбына мәтінді есептер.


1


29

Санның пайызын табу. Пайызы бойынша санды табуға есептер құрастыру, шешу.


1


30

Геометрияның шығу тегі. Геометриялық фигуралардың өмірде қолданылуы. Үшбұрыш. Төртбұрыш.


1


31

Геометриялық фигуралардың құрылымы. Шеңбер. Дөңгелек. Дөңгелек сектор.


1


32

Фигураларды қиюға және құрастыруға берілген есептер.


1


33

Шығармашылық сынақ жұмыстары. Сөзжұмбақтар құрастыру.


1


34

Білімді жүйелеу. Қорытынды сабақ.


1


















Пайдаланылған әдебиеттер:


Мұғалімдер үшін:


І Негізгі әдебиеттер:


1. С.Елубаев, Н.Шакуов «Математикалық кеш», 1971 ж.

2. З.З.Уайсова «Ғажайып математика», 2012 ж.

3. С.Қаниев, С.Елубаев «Математикадан конкурстық есептер», Алматы, 1989 ж.

4. С.М.Аймахан, Г.У.Құдайбергенова, Қ.Мырзабекова «Математика», факультативтік курс, оқу-әдістемелік құрал. Қызылорда, 2010 ж.

5. Ш.Х. Құрманалина, С.Ш. Сәрсенбаева, Р.Қ. Өміртаева «Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар». Алматы, «Атамұра, 1997 ж.

6. Әбілқасымова А.Е,Төлеубаева С.Қ. «Математика сабақтарында ұлттық ойындарды қолдану», Астана, 2005 ж.

7. Математика и физика в школах Казахстана -2004, 2005, 2006 жж.

8. А.Әбілқасымова, З.Жұмағұлова, Т.П.Кучер «Математика» оқулығы, 5 класс, "Мектеп" баспасы, 2017



ІІ Қосымша әдебиеттер:


1. Журнал «Математика Қазақстан мектебінде», 2009 -2017 жж.

3. ИФМ журналдары, 2010-2017 жж.

4. Журнал «Математика Қазақстан мектебінде», 2009 -2017 жж.

5. О.А.Жәутіков, «Математиканың даму тарихы», Алматы, 1967 ж.


ІІІ Ақпараттық әдебиеттер:


1. www. 45 minut.kz

2. Bilim Time.kz

3. Kopilka urokov.ru

4. Интернет-ресурс материалдары. http://www.testent.ru.


Оқушылар үшін:


1. М.В.Симакин «Математика тест тапсырмалары»

2. Журнал «Репетитор көмекші» №5-6, 2016 ж.

3. Интеллектуалдық ойын «Ақбота» есептері.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!