Материалдар / Математика сабағында АКТ құралдарын қолданып оқытудың тиімділігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математика сабағында АКТ құралдарын қолданып оқытудың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика сабағында АКТ құралдарын қолданып оқытудың тиімділігі жайында қолдануға болатын бағдарламалардың баяндалған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2022
604
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Жаңартылған білім беру аясында нәтижеге бағытталған білім берудегі тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбындағы аудандық педагогикалық оқу


Тақырыбы: Математика сабағында АКТ құралдарын қолданып оқытудың тиімділігі



Рисунок 2



Аты-жөні: Шұбанханова Құралай Дидарқызы

Жұмыс орны: «Абай атындағы орта мектебі» КММ

Қызметі: Математика пәнінің мұғалімі



















Кіріспе


Білім сапасын арттыру – барлық мұғалімдерді толғандыратын маңызды мәселе. Бұл ретте білім деңгейінің төмендеу себептерінің бірі – күнделікті көптеген мұғалімдердің сабақ үрдісін түгелдей дерлік жаулап алған дәстүрлі бір сарынды сабақтары деп айтуға болады. Математика пәні нақты пән болып есептеледі. Сондықтан, әр мұғалім өз жұмысында сабақты жандандырудың әдіс-тәсілдерін іздестіруі, бұған оқушыларды тарта білуі, олардың белсенді шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыра білуі міндет.

Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуіне ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.

Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.

Оқыту әдістерінің басты қызметі – оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру. Осы орайда, білім берудің классикалық негізі ретінде оқыту мақсаттарының жүйесі мен білім беру үдерісі нәтижелерінің басымдылығын арттыру үшін ақпараттық коммуникациялық технологиялар қолданылады, бұл оқу бағдарламасының жаңа құрылымында көрініс тапты. АКТ оқушыларға білім беру үрдісінде математикалық ұғымдарды түсіндіруде және олардың қабылдауын жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып табылады. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды ойланып қолдану қажет. Заманауи АКТ-құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге, нақты шешім қабылдауға баулиды [3, 56б.].

Зерттеу жұмысының мақсаты: жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ барысында математикалық ұғымдарды оқытуда, теориялық және әдістемелік негізін нәтижелі меңгертуде белсенді оқыту әдіс – тәсілдерін ақпараттық оқыту технологиясында қолданып оқытудың тиімді жолдарын анықтау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттерімен танысып, оларға ғылыми – әдістемелік тұрғыдан шолу жасау;

  • Белсенді оқыту әдіс – тәсілдернің ғылыми - теориялық негізін ашу;

  • Жоғары сынып математика сабағында тиімді оқытудың белсенді әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың пән бойынша білім деңгейлерін арттырудың мүмкіндіктерін анықтау;

  • Жоғарғы сынып математика сабағында белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын АКТ-ны қолдану арқылы арттыру және оның тиімділігін тексеру.

Тақырыптың зерттеу деңгейі: оқытудың белсенді әдістері – оқу материалын меңгеру үдерісіндегі оқушылардың немесе білім алушылардың танымдық іс – әрекетін арттыруға негіз болатын оқыту тәсілдері.

Зерттеу көздері: зерттеу мәселесі бойынша жоғары сыныпта математиканы оқытудың әдістемесі.

Зерттеудің тәжірибелік болжамы: жоғары сынып оқушыларының пәнге деген қызығушылықтарын арттыру үшін ақпараттық коммуникативтік технологияларды мектептегі әдістемелік-көмекші құрал ретінде ұсынуға болады.

Зерттеу әдістері: бақылау, сауалнама, эксперимент.

Тақырыптың ғылыми жаңалығы: жоғары сынып математикасында ұғымдарды оқытуда ақпараттық технологияны пайдалану оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ендеше дербес компьютерлерден басқа мультимедиалық, ақпараттық білім берудегі негізгі құрал интерактивті тақтаны, ғаламтор, телекоммуникациялық құралдарды, электрондық оқулықтарды үйлесімді әрі тиімді пайдалану арқылы оқушылардың математикалық ұғымдары туралы білімдерін көтеру.

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.


















1 Ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдаланудың тиімділігі мен ерекшеліктері

1.1 Математика сабағында ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолдану ерекшеліктері



Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет деп тұңғыш елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ақпараттық қоғамға бейімдеу. 

Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет тапсырманы бірлесіп шешуге алып келетін – ұйымдастыру және сұқбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады[8]. 

Оқытудың ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологияларын пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды. 

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда. 

Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады. 

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқушылардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр[9]. 

Математика сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі: 

- оқушының өз бетімен жұмысы; 

- аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу; 

- білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру; 

- шығармашылық есептер шығару; 

- қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы; 

- қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі; 

- экономикалық тиімділігі; 

- іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену; 

- қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі; 

- оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.  

Ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары мынадай: 

1. Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады. 

2. Білімге бір – бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады. 

3. Оқытудың жүйесінің көп денгейлі жетілдіруі олардың таралымдалуы мен оқу сапасын арттырады. 

4. Оқушы өз бетінше немесе өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады. 

5. Оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады. 

Білім беру жүйесінде электронды оқулықтарды пайдаланып, үлкен табыстарға жетуге болады. Электронды оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі – пәндік білім, екіншісі – компьютерлік білім. Электронды оқулықтарды пайдалану оқушының өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді. Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. Электрондық оқулық   арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдап көрсетуге болады. Бұл әдіс, мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінін әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Осылайша жас ұрпақты оқытуда инновацияны пайдаланудың – шығармашылық жетістіктің негізгі көзі. 

М.В. Кларин: «Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті», - деген болатын.

Технологияларды қолдана отырып, шығармашылық іс-әрекет талаптарын орындау мақсатында, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында бағдарламадағы мәтіндерге сәйкес деңгейлік шығармашылық тапсырмаларды алып қарастырып, сабақ барысында қолданып мынадай тұжырым жасауға болады:

  • Оқушылардың шығармашылық дербестігін дамыту арқылы оның жеке тұлғасы қалыптастырылады;

  • Қызығушылық іс-әрекет түрлері жеңілден  күрделіге  қарай, кезекті түрде белгілі бір ретпен, жүйемен жүргізілуі нәтижесінде шығармашылығы дамиды;

  • Қызығушылық іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру біліктері мен іздемпаздықтың қалыптасуы оқушыларды шығармашылыққа баулиды;

  • Оқушыларды танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай топтарға бөліп, сәйкес жұмыс түрлерін таңдап, жүйелі жұмыс жүргізудің маңызы зор.

Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады. Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флеш-карталарына салып берудің тиімділігін білеміз.

Видео - сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео-сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Оқушылардың ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз.

«Дәстүрлі оқытуда мұғалімнің орташа көңіл бөлуі ең қабілетті балалардың сабаққа қызығушылығын жоғалтуға, ал нашар оқитындардың оқу әрекетіне кірісіп кете алмауына әкеп соғады» деп жас ғалым С.Дүйсенова компьютердің оқу процесіндегі ерекшелігін атап өтеді.

Жаңа материалды тез қабылдап, есте сақтау қабілетін арттыру өтілген материалдарды қайталап отыру арқылы да жүзеге асырылады. Компьютермен жұмыс барысында өтілген материалға бірнеше рет қайтып оралуға болады.

Берілетін материал бірсарынды болып, тек мұғалім ғана сөйлейтін болса, балалар тез шаршап қалады да, сабақ сәтсіз аяқталады. Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін математика сабағында компьютер арқылы оқушылардың белсенділігін арттыратын ойындық элементтер қолданылады.



1.2 Ойын технологиялары



«Тарсия» ойыны

«Сиқырлы бөшке» ойыны







«Айналмалы әйткеншек» ойыны



«Адасқан сандар» ойыны



«Сиқырлы шыны» ойыны








2 Математика сабағында ойын технологиясын қолдану


Математика пәнінен оқытудың белсенді әдіс – тәсілдерін 8 сыныпқа қолдандым. Барлығы 5 оқушы қатысты. Тәжірибе кезінде әр сабақ сайын әртүрлі оқытудың белсенді әдіс – тәсілдерін жүргізіп отырдым.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Тригонометриялық функциялардың қасиеттері

Сабақ мақсаттары

Тақырып аясында берілген есептерді шығара алады, яғни теориялық алған білімін практикада қолдана алады.

Бағалау критерийлері

Оқушылар осы тақырып бойынша білу, түсіну, талдау, қолдану, анализ, синтез ойлау дағдыларын қалыптастыруы тиіс.

Тілдік мақсаттар

Осы тақырыпқа қатысты терминдерді үш тілде меңгереді, қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі әдебиеттердегі материалдарды меңгере алады. Ол үшін мынадай сөздіктер қолданамын.

Қазақша

Руский

English

Радиан

радиан

Radian

Шеңбер

окружность

Circle

Бұрыш өлшемдерін түрлендіру

Преобразование измерений углов

Converting units of angle mesure

Стандарт орналасу

Стандартное расположение

Standard position

Дербес бағытталған бұрыш

Частный направленнный угол

Primary directed angle

Бастапқы қабырға

Начальная сторона

Initial side


Құндылықтарды дарыту


Оқушылардың бір-біріне деген кұрмет, басқаның пікірін тыңдау, өз пікірін еркін білдіру дағдыларыныңқалыптасуы бірлескен жұмыс арқылы іске асады.

Пән аралық байланыстар

Геометрия, тұрмыста қолдана алу

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, интернет ресурстары (сайттар, видеолар, есептер), таратпа материалдар, көрнекі-демонстрациялық құралдар

Бастапқы білім

Кез келген бұрыштың тригонометриялық функциялары.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!