«Адам ұрпағымен мың жасайды»-дейді халқымыз.Ұрпақ
жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап
келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. Қазіргі
мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет-оқушылардың
шығармашылық білім дағдыларын
қалыптастыру.
«Математика сабағында оқушылардың сыни ойлауға
үйретудің тиімді әдіс-тәсілдері»
«Адамның құндылығы – оның ойлау
қабілетінде» (Блез
Паскаль).
«Адам ұрпағымен мың жасайды»-дейді халқымыз.Ұрпақ
жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап
келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. Қазіргі
мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет-оқушылардың
шығармашылық білім дағдыларын
қалыптастыру.
К.Ушинский «Мұғалім- өзінің білімін үздіксіз
көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді
тоқтатысымен оның мұғалімділігі жойылады»,-деген
даналығында. Белгілі ғалым Дайана Халперн
«Сыни ойлау - ойлаған түп нәтижеге жету үшін
танымдық техникаларды пайдалану арқылы шығармашылықпен
әрі қарай бағыттап ойлану
деген» Сыни тұрғыдан ойлау дәстүрлі оқытудан
басты айырмашылығы- білімнің дайын күйінде
берілмеуі.
Математика сабағында сын тұрғысынан ойлауды
дамыту технологиясы-оқушылардың математикалық функционалдық
сауаттылығын қалыптастыру құралы болып табылады
.
Сын
тұрғысынан ойлаудың тамырын сонау гректік сократтық дәстүрге
дейінгі 2500 жыл бұрынғы дәуірден көруге болады. Сол кездің өзінде
беделді негізге алынған білімді тексеру үшін жетекші сұрақтарды
пайдалану қалыптасқан. Олар тиімділік, нақтылық пен логикалық
сабақтастықтың талаптарына жауап бере ала ма деген сауалды ортаға
тастайды. Джон Дьюи білім беру саласында осындай зерттеуді бастаған
алғашқылардың бірі болды. Ол оқушылардың ойлау дағдысын
қалыптастырудың білім беру бағдарламасын тек оқушылар үшін ғана
емес, қоғам үшін және барлық демократиялық құрылыс үшін тиімді
болуына бағыттау керек екендігін мойындатты. Эдвард Глейзер (1941)
сын тұрғысынан ойлау қабілеттілігі үш элементтен тұратындығын
болжап берді:
1. Проблемалар мен
мәселелерді шешу кезінде өзінің тәжірибесін қалыптастыру
өрісіне кіретін ойлау үдерісін жүзеге
асыру.
2. Логикалық зерттеу
және ой жүгірту әдістерін білу.
3. Осы әдістерді
қолданудағы тәжірибелік дағдылар.
Математика пәнін оқуда сыни тұрғыдан ойлау
технологиясының тиімділігі. Математиканы оқытудың мазмұнын жүзеге
асыру үшін жаңа технологияларды тиімді пайдалану қажет. Математика
сабағында оқушылар өз бетінше білу дағдыларын дамыту баға жетпес
құндылықтарының бірі. Жаттығуларды өз бетінше тексеріп, қорытынды
жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар
әдістерін кеңінен қолдану қажет. Математика сабағында сыни тұрғыдан
ойлау технологиясының әр түрлі стратегияларын қолдана отырып, өз
бетінше жұмыс істеу факторы - есептерді шығара
білу.
Шапшаңдылық дағдыларын ұйымдастыра отырып,
оқушылардың құзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы жаңа буын
оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін
көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға,
тез арада шешім қабылдауға көмектесетін бірден бір тиімді
технология. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдаланатын әр ұстаз
өз педагогикалық қызметінде оқушы мен мұғалім арасындағы
қарым-қатынасқа дегенде көзқарасының мүлдем өзгергенін
байқайды.
Сонымен қатар сыни тұрғыдан ойлау көбінесе
баламалы шешімдерді қабылдауға, бір нәрсені елестетуге, ойлау
және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін
енгізуге дайын болуды көздейді. Әлем елдерінің
біразы игерген әдіс-тәсілдер мен технология бұл күнде
әрбір мұғалімнің басты құралы болып отыр. Сондай- ақ
сыни тұрғысынан ойлау әдісі, оқытуда дамыған технологияға
жатады. Бұл иллюстративті-түсіндірмелі, өз бетімен іздену,
проблемалық, шығармашылық, ойын, пікір сайыс, өзін-өзі
дамыта оқыту әдістерінің жинағы. Сыни тұрғыдан
ойлау «ойлау туралы ойлану» деп
сипатталады. Ол маңызды мәселелерді талқылау және
тәжірибені ой елегінен өткізуді
қамтиды.
«Шығармашылық жұмыс-ұдайы оқумен, үйренумен қоса
жүргізілетін ауыр еңбек» деп қазақтың біртуар азаматы Ғабиден
Мұстафин айтып кеткендей оқыту барысында шығармашылық сипаттағы
тапсырмаларды жүйелі ұйымдастыру және оны болашақ
кәсіби бағдарымен сабақтастыра қарастыру мұғалімнің
педагогикалық шеберлігіне байланысты. СТО технологиясының
әдіс-тәсілдерін қолдана
отырып,оқытуда мұғалімнің сабақта
біраз жетістіктерге жетуіне мүмкіндік мол. Мұғалім әр
сабаққа шығармашылықпен баруы керек, өйткені
сабақ-мұғалімнің өнері, шығармасы. Мұғалім еңбегінің
түпкі нәтижесінің көрінісі-оқушылардың шығармашылықпен
айналысуы.
Сыни тұрғысынан ойлау әдісі несімен
ерекшеленеді?
1.
Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының мақсаты барлық
жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан
қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы
шешім қабылдауға үйрету.
2.Сыни тұрғысынан ойлау өз пікірімен қатар
өзгелердің де пікірін ескеріп, өзінікі қате екендігіне
объективті түрде көз жеткізіп бас тарта
білу.
3.Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам сұрақ
қоя біледі.
-Мен не
білемін?
-Мен жаңадан нені білдім?
–Білімім қаншалықты
өзгерді?
-Мен осы білімімді өмірде қалай
пайдалана аламын ба ?
Бұл
олар көрсеткен сыни тұрғыдан ойлау тәртіптері мен
дағдыларын зерттеуді, жазып алуды және бағалауды талап
етеді. Бұл қабілеттер мен дағдылар оқу үдерісіндегі
белгілі бір дәлелдерді талқылап, қарастыруды қажет
ететін тапсырмаларды орындау барысында көрініс береді.
Балалардың сыни тұрғысынан ойлау
қабілеттерінен табуды қажет ететін негізгі
ерекшеліктері:
Ұтқырлық:ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу,
үзілді кесілді жауаптарды іздеудің орнына сұрақтар қою;
дәлелдерді талап етіп, кез келген дәлелді есепке алып отыру;
эмоцияға емес, себепке негізделу.
Сыңаржақтылықтың
болмауы: барлық қорытындыларды
бағалау;
болжамды көзқарастар мен мүмкіндіктердің барлығын
қарастыру;
баламалы интерпретацияларға
ашық болуға ұмтылу
Пайым: дәлелдердің деңгейі мен маңызын мойындау;
балама жорамалдар мен мүмкіндіктердің орынды екендігін немесе
артықшылығын мойындау.
Тәртіп: тиянақты, нақты және жан-жақты болу.
Өзіндік
сана-сезім:өзіміздің эмоциямыз бен көзқарасымыздың,
сеніміміз бен болжамдарымыздың субъективті екенін сезіну.
Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады,
олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау
үшін саналы түрде стратегиялар қолданады;
олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне
сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай
адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық
болады.
Сыни тұрғысынан ойлауды үйрету үшін
мына төменгі шаралар орындалуы
тиіс:
1.Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт
керек;
2.Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға
рұқсат беру керек.
3.Әртүрлі идеялар мен пікірлерді
қабылдау.
4.Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді
іс-әрекетін қолдау
5.
Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды елемеуге
тырысу.
6.Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған
сынының дәлелді, дәйекті болуын талап
ету.
7.Сыни тұрғыда ойлауды
бағалау
Сын
тұрғысынан ойлау қызығушылықты ояту, мағынаны тану,
ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Осы кезеңнің мақсаты
бұрынғы білімің жаңа біліммен
ұштастыру Қызығушылықты ояту.
Сабақта оқушы нені біледі, тақырып бойынша не айта
алады, соны анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғап ояту
арқылы жүзеге асады. Осы кезеңде «түртіп алу», «топтастыру»,
«жұпта талқылау» т.б. әдістер
қолданылады.
Дегенмен, ХХІ ғасыр қарыштап дамыған білім
ғасыры. Бүгінгі жастардың өмірден үйренері көп.
Сондықтан олар мұғалімге, оның өткізген әрбір сабағына
сын көзбен қарайды. Оларды таңдандыру, қызықтыру үшін әрбір сабақ
жаңалық болуы керек. Сабақтарды сыни тұрғыдан
ойлау технолгиясын қолдану оқушылардың білім алуға
қызығушылығын оятып, танымдық, шығармашылық қабілеттерін
дамытып, белсенділігін арттыратын, жан-жақты тұлға етіп
тәрбиелеуге бағытталған әдіс деп қарастырылады.
Ұлы
ойшыл психологтар айтпақшы, «Мұғалім бала жанының инженері» деген
сөзі еріксіз еске түседі. Алдында мақсат қойып, соған қарай
ұмтылған ұстаз әрқашанда өз биігінен көрініп, ел аузынан түспей
кейінгі ұрпақтың өнегесі мен мақтанышы болып қалатыны
хақ.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық ІІІ
деңгей.
2.Оқыту ізденіс ретінде және Ізденіс оқыту
ретінде (оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары
мен әдістері) С.Мирсеитова