Материалдар / "Математика сабағында оқушылардың танымдылық белсенділіктерін арттыру" мақала
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Математика сабағында оқушылардың танымдылық белсенділіктерін арттыру" мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика сабағында танымдық белсенділікті арттыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2024
218
4 рет жүктелген
1300 ₸
Бүгін алсаңыз
+65 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +65 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тагыбердин Муслим Саинович

Ақтөбе қаласы №8 орта мектеп

математика пәні мұғалімі





Математика сабағында оқушылардың танымдылық белсенділіктерін арттыру



Білім негізі бастауыштан басталатыны белгілі. Бастауыш сынып оқушысы не нәрсені болса да білуге құмар, қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады. Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. Сондықтан оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан – жақты іздене отырып, өз алдыма мынандай «Математика сабағында оқушылардың танымдылық белсенділіктерін арттыру» деген тақырыпты таңдап, мақсат қойдым: «Оқушылардың есеп шығаруға деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау».

Төмендегі міндеттерді іске асыруды жоспарладым:

1. Математика сабағында оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру арналған дидактикалық жинақ дайындау.

2. Дидактикалық жинақ тапсырмаларын іс – тәжірибемде қолдану.

3. Оқушылардың танымдық белсенділіктерінің дамуын, пәндік көрсеткіштерін саралап, талдау.

Теорияға сүйенетін болсақ, танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушылардың белсенділігі ауызша, жазбаша жұмыстарда, бақылау эксперименттер жүргізу жұмыстарында, бір сөзбен айтқанда, оқу үрдісінің барлық кезеңінде қажет.

Ал, «таным – ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой – өрісінің күрделі үрдісі». Оқу үрдісінде оқушының белсенділігі, негізінен екі түрлі сипатта болады: сыртқы және ішкі белсенділік.

Оқушының ішкі белсенділігі оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Оқушы белсенділігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді. Оқушыда белсенділік бір қалыпта болмайды, оның қарапайым және күрделі шығармашылық т. Б. белсенділік түрлері болады. Осы арада шет елдік психологтар Дьюи мен Фишердің зерттеулері бойынша, оқушы «Не үшін? Неге? Не арқылы?» сұрақтары төңірегінде тереңірек ойлана бастайды

Сыртқы белсенділік дегеніміз – оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл қозғалыстары, практикалық әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, әрекеті т. Б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін.



Қорытындылай келгенде, жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкірттеріміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі.

Ж. Аймауытов пікірінше: «Мұғалімнің айналысатыны – үнемі қозғалып, өзгеріп, өсетін, өркендейтін тірі адам (тұлға) болғандықтан, біркелкі әдіске табан тіреп шектеліп қалуға болмайды…» дегендей, ХХІ ғасыр мұғалімі заман ағысымен жүре білуі қажет әрі керек.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!