Материалдар / Математика сабағында рухани құндылықтарды арттыруға жаңаша көзқарас және ақпараттық технологияны қолдану тиімділігі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математика сабағында рухани құндылықтарды арттыруға жаңаша көзқарас және ақпараттық технологияны қолдану тиімділігі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика сабағында рухани құндылықтарды арттыруға жаңаша көзқарас және ақпараттық технологияны қолдану тиімділігі туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Маусым 2021
477
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Математика сабағында рухани құндылықтарды арттыруға жаңаша көзқарас және ақпараттық технологияны қолдану тиімділігі.

Қазақстан Республикасының Пре­­зиденті Н.Ә.Назарбаев инно­ва­циялық болашаққа жол – жал­пы­ұлттық басымдық ретінде жария етіп, бұл мақсатқа жету жо­лын­да Қа­зақстанды әлемдік дең­гей­дегі білім орталығына айнал­дыру қажет­тігін атап өткен еді. Осы инновациялық болашақтың негізгі тіректерінің бірі математика ғылымы мен білімінің дамуын­да жатыр. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру жү­йесін жаңа сапамен және терең мазмұнмен толықтыру қажет екені айтылған. Осы мақсатты орын­дау­да жеке пәндерді жүйелі оқытудың маңызы зор.

Ғылымдардың патшасы атанған математика пәнінен білім берудің ерекше екенін айта кетуге болады. Математика адамзаттың жараты­лыс­ты тануында, мемлекеттердің ғы­лыми дамуының негізінде жатқан ғылым ретінде танылды. Осыдан елу жыл бұрын Америка Құрама Штаттары ғарыш кеңістігін игерудегі артта қалуының негізгі себебі ретінде жаратылыстану ғылымда­рын, әсіресе, математиканы оқы­ту­дың кемшіліктерін атап кеткен екен.

Қазақстанда математика жақсы дамыған ғылымдар санатында. Бас­тауын әйгілі Әл-Фарабидан алатын Қазақстан математикасының да­муы­­на және оның өркендеуіне атақ­ты ғалымдарымыз, академиктер О.Жәу­тіков, Ө.Сұлтанғазин, Қ.Қа­сымов, Т.Кәлменов үлкен үлес қосты. Еліміздің тәуелсіздігі жылдары ерекше жетістікке жеткен ғалымдар М.Өтелбаев, Ш.Смағұлов, Б.Жұма­ғұл­ов, Н.Данаев, У.Өмірбаевтар Мем­лекеттік сыйлықтың лауреттары атақтарын алды. Осындай ғылыми жетістіктерді жастарға жеткізіп, олар­ды ғылымның жаңа шың­дары­на жетелеу ғалымдар мен математика мұғалімдерінің негізгі мәселесі.

Математика пәнін оқытудың кейбір мәселелерін атап өте кетсек дейміз. Бірінші, математиканы оқытудың мазмұны туралы. Бізде математиканы оқыту ісі оның тео­рия­лық негіздерін, классикалық бөлімдерін терең меңгертуге ба­ғытталған. Бұл бағыттағы жаңа көзқарасқа келетін болсақ, матема­тиканы оқытуда практикалық мә­се­лелерге көп көңіл бөлу қажет­тігінде болып отыр. Соңғы кезде ғылымның негізгі жетістіктері мен мәселелері қолданбалы салаға бағытталғандықтан, олар мектеп бағдарламасына енуі қажет. Ық­тималдық теориясы, статисти­ка­лық әдістер, математикалық моделдеу және басқа бөлімдер математика пәніне кеңінен енуі қажет. Бұл әлемдегі кең тараған үрдіске сай екендігінің мысалы ретінде PISA халықаралық зерттеуін атап кетуге болады. Ол зерттеудегі көп­теген тапсырмалар сол сала­дағы практикаға бағытталған. Сонымен қатар, негізгі тақырыптарда да құзыреттілікке құрылған. Бола­шақта оған практикалық маңызы бар тапсырмаларды енгізу қажет. Екінші мәселе, 12 жылдық орта білімге көшу. 12 жылдық орта білімге көшу тек қана орта білім беруді бір жылға ұзартып қана қоймай, білім берудің жаңа маз­мұ­нына өтуге бағыттайды. Оқыту­дың жаңа тәсілі құзыреттілікке ар­налған бұл білімде, талап­кер­лер­дің пәндер бойынша алған білімін жаңа мәселелерді шешуге бағыт­тайды.

Математика пәнін оқытуда әр кезде де оқушылардың теория­ны тиімді пайдалана білуіне көп көңіл бөлінгені. Бүгін бұл негізгі талапқа айналуы қажет болып тұр. Математика пәнін бейіндік мектепте оқыту кезінде жоғары оқу орнындағы оқумен сабақтас жүргізу қажеттігі туындап отыр. Үшіншіден, математика пәні бойынша білім сапасын арттыру. Соңғы жылдары математика пәнін оқушылардың меңгеру деңгейі тө­мендеп кеткені байқалады. Рес­пуб­ли­камыздағы Ұлттық бірыңғай тестілеу мен халықаралық зерттеулер нәтижесі соның айғағы бола­тындай. ҰБТ нәтижесі бойынша математика пәні оқушылардың ең төменгі деңгейде меңгерген сабақ­тарының қатарында тұр. Ал математика – оқушылардың жан-жақ­ты ойлау қабілетін дамытатын ғылым. Демек, бұл жерде пәнді оқытуда, тәжірибе алмасуда артта қалуға болмайды. Сол себепті, математика пәнін оқытуға ерекше көңіл бөлу қажет.

Қазіргі жаңа әлемдік техно­ло­гияны толық меңгеретін дәуір тала­бына сай мамандар дайындау басты міндет болып тұр. Ол үшін жаңа­шыл технологияны барлық салада қол­дану қажет.

Білім-сарқылмайтын қазына, айнымайтын дос, мызғымайтын қорған, құтқарушы құрал, әмбебап ақылгөй, пайдалы қару, өмірлік азық. Білім-Отанымызды көркейтудің сан мың жолының ең тиімдісін таңдап алуға қызмет ететін ғажайып күш. Сонымен бірге ол үнемі қолдауды, жарнамалау мен насихатттауды қажет етеді.

Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр. Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып табылады.

Ақпараттық технологияның мұғалімдерге берер мынадай мүмкіндіктері байқалды:

  • жеке тұлғаны қалыптастырудаға жауапкершілігі артады;

  • инновациялық технологиялардықолдану іскерлігі, әдіс-тәсілі артады жас мамандардың қызығушылығын туындатады;

  • мектептегі басқа пән мұғалімдерімен тәжірибе алмастыру арқылы ұжымның ұйымшылдығының ұйтқысы бола алады;

  • интернетке кіру жүйесі арқылы әлемдік деңгейде іс-тәжірибе алмасуды қалыптастырады және оқытудың түрлі әдіс тәсілдерін игеруге қол жеткізеді;

Ақпараттық технологияның оқушыларға берер мүмкіндігі:

  • түрлі ақпараттық, бейнелік, дыбыстық анықтамалар арқылы білімін жан-жақты жетілдіреді, дамытады;

  • тақырыптан қалып кеткен немесе дұрыс түсінбеген тақырыпты қосымша қайталауға мүмкіндік беріледі;

  • пәнге қызығушылығы, үздіксіз ізденісі артады;

  • ойлау, есте сақтау, пікір сайыстық қабілетті дамиды;

Ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін атай келе, осы технологияны меңгерудегі мұғалімнің кәсиби шеберлігі, ақпараттық технологияны дұрыс және ұтымды қолдана алуы басты мәселе. Әрбір ұстаздың мақсаты –оқытудың барлық компоненттерін пайдалана отырып оқушыға жалпы орта білім деңгейінде терең білім беру, әрбір оқушыны жан-жақты құзыретті етіп тәрбиелеу. Математика-ерекше құдіретті ғылым, ал математика пәнінің мұғалімі баланың бойындағы ақыл, білім, парасат, сабырлық, шығармашылық қасиеттерін бойынан аша білетін тұлға.

Қазіргі уақытта математика ғылымы кең етек алып дамуда. Сондықтан математиканы оқытудың мазмұнын ашуды жүзеге асыру үшін жаңа ақпараттық технология құралдары ауадай қажет. Қазіргі ақпараттық технологияның озық жетістіктерін математика сабағында қолдану арқылы танымдылық іс-әрекеттерін ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзіреттілігін дамытуға болады.

Оқыту үрдісінде оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру, оқу материалын игерудін тиімді жолдары мені жаңа материалды баяндауда барлық жаңа технологиялар, әдістер және жаңа жолдар әрқашан қызықтырады, қазіргі ақпараттық технологиялар мұғалімге оқытуды жоғары деңгейге жетуіне мүмкіндік береді.

Мен өзімнің сабақтарымда оқытудың ұйымдастыру формаларының жеке, топтық, ұжымдық жұмыс жасау түрлерін пайдаланамын. Мұғалім бұл уақытта топпен үйрену деңгейіндегі материалын жан-жақты зерттейді. Мұндай сабақ оқушылар тобының сабақтан жалығуына, босаңсуына мүмкіндік бермейді, керісінше жеке тапсырмамен жұмыс жасауға жағдай жасайды. Сонымен жаттығу тапсырмаларының саны шектелмеген үлкейді; оқушының жұмысы ұтымды екпініне жетеді; үйренудің деңгейлі жетістігіне оңай жетеді; оқушының бүкіл сабақ бойы белсенділігі мен қызығушылығы артып отыратынын көреміз. Сабақта, сабақтан тыс кезде оқушылардың шығармашылықпен айналысуына, өз бетінше жаттығулар орындауына мүмкіндік жасауымыз керек.

Мұғалімнің алдындағы ең басты мақсат-бұл оқушыға сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Мұғалімдер жұмысының нәтежелі етіп, әрі оқушының білім сапасын көтеру үшін ұстаздар қауымына жаңа ақпараттық технология құралдарын сабақтарда қолданудың тиімділігіне көз жеткіземіз.




Әдебиет:

1. Назарбаев, Н. Ә.: Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам / Н.Ә. Назарбаев // Егемен Қазақстан. – 2012. – 10 шілде.

2. Назарбаев, Н. Ә. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы / Н.Ә. Назарбаев // Егемен Қазақстан. – 2018. – 10 қаңтар.

3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы / Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығы // ресми мәтін. – Астана, 2012.

4. А.Қ.Әлімов. Оқытуда интербелсенді әдістерді қолдану. Алматы, 2012ж 6. Интернет қоры. bilimdiler.kz.

5. Кенеш Ә.С. Әбілқасымова. Математиканы оқытудың теориясы. Алматы 1998 Журнал «Математика Қазақстан мектебінде» Алматы 2014.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!