математика сабақтан тыс

Тақырып бойынша 31 материал табылды

математика сабақтан тыс

Материал туралы қысқаша түсінік
математика сабақтан тыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математикалық лобиринт

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.

  2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.

  3. Тәрбиелік: оқушылар арасында тығыз қатынас орнату. Ұлттық құндылыққа бағыттау.



  1. «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек».

С.М.Ломоносов

2. «Математиктердің өзіне тән тілі бар, ол формула» С.В.Ковалевская

3. «Арифметика – математиканың, ал математика – барлық ғылымдардың

патшасы» К.Гаусс

  1. «Лобачевскийді үш нәрсе данышпандылыққа жетқізді, олар: дарын, жігер

және еңбек». М.Искаков



Ұстаз: Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

Нақты ғылымдарға қызығушылар.

Естігенін есте тұтып,

Оқығанын миға тоқушылар.

Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!

Айтар ойын тұспалдар.

Сіз оқытқан окушылардың,

Сәті келді сыналар.



Есепті түрлі-түрлі шығарамыз,

Арасында ойын ойнап жарысамыз.

Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар.

Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.

Олай болса, тұрмайық,

Кешімізді біз бастайық,

Әділ бағаға қалтасы толы,

Әділқазыларды шақырайық.

Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімын дұрыс бағалау

Үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс

шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып қойылған.

Шын жүйрік шабасынан табылады.

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады.

Әр команданы ортаға шақыра, кешіміздің өтілу тәртібімен таныстырайық.

  1. Таныстыру. Әр топ өзідерін таныстырады

  2. Бәйге. (Жауап нақты, тез болу керек)

Алғырлар тобына сұрақтар:

1. Тек қана 1-ге және өзіне бөлінетін сан қалай аталады?

Жауабы: жай сан

2. Бөлшек сызығының үстіне жазылатын сан қалай аталады?

Жауабы:бөлшектің алымы деп аталады

3. Көбейтінділері 1-ге тең сандар қалай аталады?

Жауабы: Олар өзара кері сандар деп аталады

4. Ең кіші жай санды ата.

Жауабы: ең кіші жай сан ол – 2.

5. 282 саны 3-ке бөлінеді ме? Не себепті?

Жауабы: 282 3-ке бөлінеді себебі: цифрларының қосындысы 12-ге тең ал ол 3- ке бөлінеді, ал сол санды бөлген кезде жауабы 94

Тапқырлар тобына сұрақтар

  1. Бөренені 8 бөлікке бөлу үшін неше рет кесу керек?

Жауабы: 7 рет

2. 3/4 -ке кері сан?

Жауабы: 4/3=1 1/3

  1. Қос ат 40 км шапқанда, әр ат қанша км шабады?

Жауабы: 40 км

  1. Ең үлкен 3 таңбалы санды ата.

Жауабы: 999.

  1. 100 жылдықты басқа атауы?

Жауабы: ғасыр.

3 – кезең: “Алғыр болсаң тауып көр” Математикалық жұмбақтар шешу.

Алғырлар тобына

1.Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг тартады , ал екі аяғымен тұрса , оның салмағы қанша болады?

2.Отбасында жеті қыз және әрқайсысында бір-бірінен інісі бар.Отбасында неше бала бар?

3.5 жұмыртқа 5 минутта піседі. 10 жұмыртқа неше минутта піседі?

4.Жанұяда бес ер бала және олардың әрқайсысының бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар?

Тапқырлар тобына

1.Төрт қойдың неше аяғы бар?

2.Бір жылда неше ай,неше апта,неше күн бар?

3.30-санын үш 6 ны пайдаланып шығар? Таңбасын қой.

4.Інісінің 14 асығы бар,ағасының одан бес асығы артық. Екеуінің неше асығы бар?

4 – кезең: «Топ басшылар сайысы»

Алғырлар тобының топ басшысына тапсырма:

1-ден бастап 40-қа дейінгі сандарға дейін санау керек. Жай ғана санап қана қоймай 4-ке бөлінетін санға кездескенде, Мен білемін! - деп айту керек.

Білгірлер тобының топ басшысына тапсырма:

1-ден бастап 50-ге дейінгі сандарға дейін санау керек. Жай ғана санап қана қоймай 5-ке бөлінетін санға кездескенде, Мен білемін! - деп айту керек















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2024
66
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі