Тасқала аудандық білім
бөлімі
ЖОББ Семиглавый Мар
мектебі
Математика сабағында оқушылардың
функционалдық сауаттылықтарын
арттыру
(баяндама)
Дайындаған:бастауыш сынып
мұғалімі Д.К.Балмулдина
2017-2018 оқу
жылы
Н.Ә.Назарбаев өзінің 2050 стартегиясында
«Балаларымыздың, жалпы жеткеншек ұрпақтың функционалды
сауаттылығынада зор көңіл бөлу қажет.Балаларымыз қазіргі заманға
бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды.» деп атап
көрсетті.
Білім беру жүйесі жыл сайын әр
түрлі өзгерістерге ұшырап отыр. Бұл өзгерістердің басты
мақсаты - өсіп келе жатқан ұрпақты жан-жақты дамыған,
құзыретті азаматтар етіп тәрбиелеу. Осы мақсатқа жетуге
функционалдық сауаттылық көмектеседі.
ЮНЕСКО-ның анықтамасына сүйене келе
сауаттылық деген сөз тұлғаның оқу, түсіну және күнделікті
өмірге қатысы бар қарапайым қысқа мәтіндер құрастыра алуы
екен. Сондай-ақ сауаттылық деп әлеуметтік қатынастар жүйесінде
қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ететін минималдық дағдылар жиынтығы.
Белгілі бір жағдайларда бұл дағдылар жиынтығы әр түрлі деңгейде
болатындығына байланысты қазіргі білім беру
тәжірибесінде«функционалдық
сауаттылық» термині қолданылады. Бұл
терминнің анықтамасы - адамның сыртқы қоршаған
ортамен карым-қатынас орната алуы және ол ортаға жылдам
бейімделуі
Математикалық сауаттылық – математиканың
әлемдегі рөлін анықтау және түсіну, әр түрлі формада берілген
сандық ақпараттарды оқу, талдау, түсіндіріп беру, дұрыс негізделген
математикалық пайымдаулар айту, есептерді шығарудың тиімді
тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен байланыстыру,
математикалық білімді өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі
мәселелерді шешуде еркін қолдану болып
табылады.
Оқушыда функционалдық
математикалық сауаттылық қалыптастыру үшін ең алдымен пәндік
сауаттылық қалыптасуы керек
Математика сабағындағы
негізгі сауаттылыққа мыналар жатады
:
1.
Математика – ғылым болмысынан балама ұғымдар. Сондықтан да
математика барлық ғылымдардың логикалық негізі – күре тамыры
ретінде қарастырылады.
2.
Математика ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін
қалыптастырады, дамытады және оны шыңдай
түседі.
3.
«Математикалық сауаттылық» ауызша, жазбаша қабілеттерін
қалыптастыру арқылы оқушының «математикалық сауаттылықты» меңгере
білу қабілетін шыңдайды.
4.
Математика әлемде болып жатқан түрлі құбылысты, жаңалықты дұрыс
қабылдап, түсінуге көмектеседі.
5.
Математиканың болашақ тұлғаны моральдық, эстетикалық және этикалық
тұрғыдан қалыптастыруда да тәрбиелік мәні
бар.
Математикалық сауаттылықты қалыптастыру
үшін:
- теорияны білу , оны логикамен
ұштастыру;
- есепті шығаруда тиімді жағын
көруге баулу;
- математикалық сайыс сабақ,
пән кеші, апталықтарды математиканың даму тарихымен
байланыстыру;
-математика сабақтарында
интерактивтік тақтаны қолдану. Интерактивті тақта арқылы
оқушылар жаңа материалдарды арнаулы бағдарламалар көмегімен
мүмкіндігінше меңгерумен қатар функциональдық сауаттылығы да
артады.
Қазіргі таңдағы
ақпараттандырылған заманда сабақта интерактивті тақтаны
тиімді пайдалана отырып, оқушының білім сапасын шығармашылық
негізінде арттыру - өмір талабы. Ол үшін мұғалім тиімді
интерактивті әдістер арқылы проблемалық жағдаяттар туғызып,
оқушылардың топтық жұмысының нәтижесінде олардың өз бетімен
тақырыпты түсінуге қолайлы жағдай жасау қажет, сонымен қатар
танымдық қызметін басқарып, ілгері жетелеп отыру да маңызыды болып
табылады. Соңында оқушылар өздері қорытындысын шығарып, практикалық
жұмыстармен бекітеді.
Оқушылардың математикалық
функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін мұғалім жоғарғы ойлау
деңгейіндегі талдау, жинақтау,бағалау деңгейіндегі тапсырмалар
ұсыну керек деп санайды ғалымдар.
Мысалы білу, түсіну, қолдану
деңгейінде оқушылар дайын есепке сызба құрастырса, талдау
деңгейінде сызба арқылы есеп құрастырады және шығарады.Ал жинақтау
деңгейінде өздері құрастырған сызбаны көрші топқа ұсынып
шығартады.Бағалау деңгейінде бір бірінің жұмыстарын тексеріп өз
ойларын ұсынады.Осы жұмыс кезінде бала алған білімін жинақтап, ойын
білдіруді үйренеді.
Немесе математикалық диктантқа
берілеген тапсырманы түрлендіріп өткізуге болады.Ол үшін оқушыларға
әр түрлі сандар мен таңбалар үйлестіріледі.Содан мұғалім мысалды
оқиды, оқушылар тақта алдына шығып сол мысалды алдарындағы
карточкалармен көрсетеді.Бұл тапсырма оқушылардың қызығушылығын
оятып, сауаттылықтарын дамытады.
Біздің заманымыз ғылым мен
техниканың ғарыштап дамыған кезеңі, біз ұстаздар сол заманмен
бірдей қадам басуға міндеттіміз, себебі біз адам тағдырына, бала
тағдырына жауаптымыз. Сондықтан оқушылардың функционалдық
математикалық сауаттылығын арттыру үшін мынадай жұмыстар
жүргізуіміз керек:
1) Сабақ берудің жаңа
технологиясы негізінде құрастырылған сабақтың әр тарауы, әр
тақырыбы бойынша “білу-түсіну-қолдану-тұжырымдау” деңгейлік
тапсырмаларымен жүйелі жұмыс жасауды
күшейту;
2) Сабақта практикалық
мазмұнды есептерді, әртүрлі форматтағы тест тапсырмаларын,
стандартты емес жағдайларда білімді қолдануға арналған
қызықты есептер шығарту;
Математика пәні сабақтарында,
таңдау курстарында алған білімдерін өмірмен ұштастыруға, оны
практикада қолдануға, логикалық есептер шығаруға
үйрету.