Математика сабақтарында оқушылармен жеке-дара жұмыс істеуге арналған қиықшылар.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Математика сабақтарында оқушылармен жеке-дара жұмыс істеуге арналған қиықшылар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі уақытта бастауыш мектепте оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдері қолданылуда, одан кіші жастағы мектеп оқушыларының шығармашылығына, өздігінен жұмыс істеуіне зор көңіл бөлінеді. Жеке оқыту өзнің құрылымы жағынан алғанда жан-жақты ұғым, сондықтан біздер өз сабақтарымызда әр оқушының білім жағынан бірдей өсуіне көп көңіл бөлеміз. Төмендегі берілген қиықшалар қиындығы жоғары деңгейде берілген математикаға бейімділігі бар оқушылар тобына арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

зз

Математика сабақтарында оқушылармен жеке-дара жұмыс

істеуге арналған қиықшалар


Қазіргі уақытта бастауыш мектепте оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдері қолданылуда, одан кіші жастьағы мектеп оқушыларының шығармашылығына, өздігінен жұмыс істеуіне зор көңіл бөлінеді. Жеке оқыту өзнің құрылымы жағынан алғанда жан-жақты ұғым, сондықтан біздер өз сабақтарымызда әр оқушының білім жағынан бірдей өсуіне көп көңіл бөлеміз. Төмендегі берілген қиықшалар қиындығы жоғары деңгейде берілген математикаға бейімділігі бар оқушылар тобына арналған.

1-қиықша

1.Жеміс салынған кәрзеңгені велосипедпен тасып жүр.Кәрзеңке велосипедтен 5кг жеңіл.Бала велосипедтен 23 кг ауыр.Велосипедтің массасы 12 кг. Велосипедпен қанша килограмм жүк тасыды?





2.Сіріңкенің 12 шырпысынан құрастырылған фигурадан 2 шырпыны алып тастаңдар,сонда 3 тең квадрат шығатын болсын.Қандай фигура пайда болды,дәптерлерлеріңе сызыңдар. 62-сурет

3.Мен бір санды ойладым, оны 15-ке арттырдым және қосындысын 6-ға бөлдім.Нәтижесінде 5 шықты.Мен ойлаған сан қандай.

Теңдеуді жазыңдар.

2-қиықша

1.3см-ден артық болатын кесінді сызыңдар. Біріншіден 2 см кем болатын екінші кесінді сызыңдар.

2.Бал толтырылған бедонның массасы 42 кг. Егер бедонның жартысын ғана балмен толтырсақ,онда бал22кг бал болады. Бос бедонның массасын табыңдар.

3.24,45,54 сандарының әрқайсысын 4 есе арттырыңдар,содан кейін 2 есе кемітіңдер.Неғұрлым қарапайым тәсілмен сол нәтижені қалай шығарып алуға болады?

3-қиықша

1.Арман Мерейден 6 кг ауыр,Ақдәулет Әселден 3кг ауыр.Ақдәулет Арманнан қанша килограмм ауыр?

2.Екі бөлмеде 86 адам бар.Бір бөлмеден 30 адам,ал екіншісінен 40 адам шығып кеткенде бөлмелердегі адам саны бірдей болып қалған.Әуелде әр бөлмеде қанша адам болған?

3.Мен бір сан ойладым, оны 5 есе арттырдым және көбейтіндіден 40-ты шегердім.Нәтижеде 20 шықты.Менің ойлаған саным қандай?

4-қиықша

1.Біз Анар екеуміз 82 беттен тұратын кітапты дауыстап оқып шықтық. Анар 39бет оқыды. Қалай деп ойлайсыңдар,қайсымыз көп бет оқыдық канша бет артық оқыдық?

2.Дүкенге 84 кг ұн алып келді және оны 2 және 3кг-дық қалталарға өлшеп салды.2-кг-дық қалталарға салған ұн қанша болса,3 кг-дық қалталарға салған ұн сонша болды.

Қандай пакеттер көп және қаншасы көп болған?

3.Мен бір сан ойладым да, оны 8-ге бөлдім. Бөліндіні 29-ға арттырғанан кейін 31 саны шықты.Мен қандай сан ойладым?

5-қиықша

1.Нұрлан,Жасұлан және Аслан биікке секіруден жарысқан. Нұрлан 64см-ге,Жасұлан одан 17см-ге артық биіктікке,ал Аслан Нұрланнан 9 см артық биіктікке секірді.Кім биігірек секірді: Аслан ба, әлде Жасұлан ба ?Қанша сантиметрге артық секірді?

2.Екі себетте120 алмұрт бар. Екі себеттен де бір алмұрт алғаннан кейін біреуінде 24, ал екіншісінде 36 алмұрт қалды.Әуелде әр себетте қанша алмұрт болған?

3.Ойланған санды мен 7 есе арттырдым, ал көбейтіндісін 69-ға кеміттім.Нәтижесінде 8 шықты.Менің ойлаған саным кандай?

6-қиықша

1.Сиқыршы темір ұстасына оның сарайы үшін 9 құлып және әр құлыпқа 3 кілттен жасауға бұйрық берді(мыс, күміс және алтын кілттер).Темір ұстасы қанша кілт жасауы тиіс?

2.Егер таразының бір табағына кірпіш салынса, онда таразы тең басу үшін екінші табағына 1 кг гирь мен жарты кірпіш салу керек болады. Суретін салып, кірпіштің массасы қандай екендігін ойлап көріңдер.

3.Екі санның да соңғы цифры бірдей. Олардың қосындысы да сондай цифрмен аяқталуы мүмкін бе?

7-қиықша

1.Екі аяғымен тұрған тырнаның массасы 6кг.Егер ол бір аяғымен тұратын болса онда оның массасы қандай болады?

2.Бір қатарда 10 ағаш бар. Ағаштардың ара қашықтығы 5 м-ден.Шеткі ағаштың жанында су құбырының краны бар.Ағаштарды суару керек.Тек бір ғана шелек бар.Әр екі ағашқа бір шелек су керек .Барлық ағашты суару үшін қанша жол жүру керек?суретін салыңдар.

3.Екі санның қосындысы оның біреуінен 5есе артық .Мысал ойландар.Екінші сан біріншіден қанша есе артық?

8-қиықша

1.Кесінділерді өлшемей -ақ СD кесіндісі MK кесіндісінен қанша есе артық ,ал MK кесіндісі AB кесіндісінен қанша есе кем екендігін айтуға бола ма ?Әрбір кесіндіні өлшендер және есептеп шығару арқылы тексеріп көріңдер.

DrawObject1 А В

DrawObject2 С Д

DrawObject3 М К

2 .Ауыл арқылы екі телефон желісі өтеді.Бірінші желідегі балғандардың аралығы 20 м, ал екіншісінде - 30м. Қайсы қашықтық артық:бірінші желідегі біріншіден он екінші бағанға дейінгі қашықтық па?

3.Бөлінгіш бөлінгіштен 4 есе артық. 2 мысал ойлап табыңдар. Не артық : бөлінді ме немесе бөлгіш пе? Қанша бірлікке артық?

9-қиықша

1.Аман Тұрарға қарағанда 15 тасты көп терді. Аман 8 тасты Тұрарға берді. Олардың қайсысының тасы артық болды және қаншасы артық?

2.Қасқыр, Түлкі және Аю үшеуі балықты бөлісті. Аю барлық балықтың жартысын, Қасқыр 7 кг алды, сонда Түлкіге 9 кг қалды.Аңдар барлығы қанша балық ұстаған?

3.Бір таңбалы санның оң жағына 0 цифрын қосып жазған.Сонда сан қанша есе артқан? Бірнеше мысалды қарастырыңдар және қорытындысын жазыңдар.

10-қиықша

1.Әкесі 30 жаста болғанда баласы 6 жаста еді.Енді баласы 11 жаста. Әкесі қанша жаста болады?

2.Гүлнұр сурет дәптерге маркалар жабыстырған. Бірінші бетіне ол 18 марка жабыстырды,оның ішінде 5 маркасы польшанікі, ал қалғандары ресейдікі.Екінші бетіне ол 7 болгар маркасын ал үшінші бетіне бірнеше чехтің маркасын жабыстырды. Болгар мен чехтің маркаларының саны ресейдің маркаларының санындай болды.Гүлнұр чехтің қанша маркасын жабыстырған?

3.Азайғыш азайтқыштан 4 есе артық. Мысалдар ойлап табыңдар. Қайсысы артық: азайтқыш па әлде айырма ма? Қанша есе?



11-қиықша

1.Шешесі 41 жасқа толғанда қызына 11 жас болады. Қазір шешесі 33 жаста . Қызы қанша жаста?

2. Сүтті 4 бидонға бөліп құйған. Екінші бидонға 32 л , үшіншіге -41 л, төртіншіге -43 л сүт құйған. Бірінші мен екінші бидондағы сүт қанша литр болса,онда үшінші мен төртінші бидондағы сүт сонша литр болады. Бірінші бидондағы сүт қанша литр?

3.1,2,3,4,5,6,7,8 сандарын тік төртбұрыштың клеткаларына бөліп жазыңдар, сонда:1)әр бағандағы сандардың қосындысы бірдей болатын болсын;2)әр жолдағы сандардың қосындысы бірдей болатын болсын.

12-қиықша

1.Тік төртбұрыштың қабырғасы шаршының қабырғасынан 2 есе ұзын . Шаршының қабырғасы 3 см. Алты бұрыштың периметірін табыңдар.

2. 2 гирь бар: біреуінің массасы 5 кг, ал екіншісінің массасы 3 кг . Олардың көмегімен массасы 2 кг жарманы және 14 кг жарманы қалай табуға болады?

3.Мынадай санды ойлап табыңдар,сонда ол:

1)2-ге және 5-ке бөлінетін болсын;

2)2-ге бөлінетін және 5-ке бөлінбейтін болсын ;

3)5-ке бөлінетін және 2-ге бөлінбейтін болсын;

4)2-ге бөлінбейтін 5-ке бөлінбейтін болсын ;



13-қиықша

1.2 л суды мынадай ыдыстар бар болса қалай өлшеп құюға болады.

  1. Шелек, үш литрлік және төрт литрлік банкалар ; 2)үш литрлік және төрт литрлік банкалар?

  2. Үш піл бөренелер тасыды. Бірінші піл 31 бөрене, екіншісі-25 бөрене әкелді. Бірінші піл екінші піл бірге үшінші ден 2 есе артық әкелді. Үшінші піл қанша бөрене әкелген ?

  3. Бір қосылғыш екінші қосылғыштан 2 есе артық. Көбейтінді кіші қосылғыштан қанша есе артық?екі мысал ойлаңдар.

14-қиықша

  1. Мотоциклші 7 сағат жол жүрген . Бірінші сағатта ол 20км, ал әрбір келесі сағатта ол алдыңғыдай 10 км артық жүрді. Мотоциклші қанша километр жол жүрді?

  2. Арман мен Дастан бірдей кесінділерді өлшеді. Арманда олардың біреуі екіншісінен екі есе артық еді. Дастан бір кесінді екіншісінен 3 см қысқа деді. Бұл қандай кесінділер? Оларды сызыңдар.

  3. 1)Екі санның және олардың қосындысының бірдей цифрмен аяқталуы мүмкін бе?

2)екі санның қосындысы қосылғыштардың біреуіне тең болуы мүмкін бе?Әр қосылғышқа тең болуы мүмкін бе?

15-қиықша

1.Ересек адам ең көп болғанда 100кг жүк көтере алады. Ол ішіне сынап толтырылған сегіз литрлік банканы көтере ала ма?1 л сынаптың массасы 13 кг.

2.Тең қабырғалы үшбұрыштың периметрі қабырғалары тең алтыбұрыштың периметріне тең. Қайсысы ұзынырақ : үшбұрыштың қабырғасы ма әлде алтыбұрыштың қабырғасы ма?

3.Екі санның және олардың көбейтіндісінің бірдей цифрмен аяқталуы мүмкін бе?Екі санның көбейтіндісі:

1)көбейткіштердің біріне;2)әр көбейткішке тең болуы мүмкін бе?

16-қиықша

1.12 бөлке нанның массасы 3кг. Массасы 1 кг-ға тең болуы үшін қанша бөлке нан алу керек?

2.Дәптерлеріңе қалаларды кескіндейтін А,В,С үш нүктені белгілеңдер. Біз А қаласында тұрмыз, тағы екі қалада болуымыз керек. Жолды қалай таңдап алған дұрыс?АВ=32км, АС=40км,ВС=28км.

3.Көбейтіндісі олардың қосындысынан кем болатын екі санды табыңдар.Екі санның қосындысы олардың айырмасына тең болуы мүмкін бе?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
08.01.2018
632
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі