Математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды ұйымдастыру

Тақырып бойынша 12 материал табылды

Математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды ұйымдастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды ұйымдастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды ұйымдастыру


Егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына қосылу болса,оған жетудің бірден бір жолы әлемдік білім кеңістігінен орын алу болып табылады. Мұның өзі ұлттық білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап оны тың арнаға , жаңа сапаға жеткізу қажеттігін міндеттейді. Сондықтанда білім мазмұнын байыту , оқыту үрдісін жетілдіру , жан-жақты дамыған, рухани жетілген жас ұрпақты

қалыптастыру – өз шешімін қажет ететін кезек күттірмейтін мәселе.

Осы арайда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «...Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім мен ғылымның баға жеткісіз қорын барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай етуі қажет » деген сөзі егеменді елімізде білім мәселесіне мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөлініп отырғандығын дәлелдейді. Яғни болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына  ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын  күш тек білімде ғана.

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтқандай, «табыстың кілті – білімде . Қай кезеңде болсын, қай салада болсын, біз «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас­тары­мыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жететінін түсінетін уақыт келді. Бүгінгі байлық, бүгінгі мақтан тек қана білімнің, білімдінің айналасында салтанат құрады,» - деген болатын.Сондықтан да, қазіргі уақыт талабы – оқушылардың білім сапасын көтеру, шығармашылық қабілетін, ақыл - ой белсенділігін дамыту. 

Қазіргі таңда біздің қоғамымыздың бір бөлшегін мүмкіндігі шектеулі жандар құрағандықтан, білім беру саласында арнайы түзету мекемелерінің өз орны бар.Соның ішінде зиятында ауытқушылығы бар балаларға арналған көмекші мектеп интернаттарда ақыл –есі кем балаларды оқыту процесі терең өзгешелікке ие. Өйткені мұндай балалардың орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы салдарынан, барлық танымдық процестерінде бұзылыстары болады. Зиятында ауытқушылығы бар балаларда сезімдік қабылдаудың баяулығына байланысты оқу материалдарын түсінуде үлкен қиындықтар кездеседі. Бұл жөнінде белгілі ғалым педагог Л.С.Выготский

« Дұрыс ұйымдастырылған оқыту процесі ғана баланың жеке басының дамуын ілгерлете алады » - деген болатын.Осы орайда көмекші мектеп алдында білім беру мақсатымен қатар түзете-дамыту мақсаттары бар.Бұл мақсаттарды тек қана әрбір мұғалім сабақтарын жаңаша ұйымдастыру арқылы оқушылардың білімге деген ынтасын, қызығушылығын арттырғанда ғана жүзеге асырылады.

Қызығу – танымдық іс-әрекеттің қозғаушы күші. К.Д.Ушинский «Қызығушылық оқушының білімге деген құштарлығын арттырып қана қоймайды, сонымен қатар бізге белгісіз жұмбақ сырларға жауап іздеуге итермелейді» -дейді.

Оқыту үрдісі кезінде мұғалімнің оқушы қызығушылықтарын оятуы, дамытуы сабақтың мазмұнын терең әрі қызықты етіп және оқушылардың танымдық әрекеттерінің тәсілдерін әр түрлі тапсырмалармен нәтижелі жасай білуінде.

Сондықтан қазіргі қайта жаңғыру кезінде оқыту үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді пйдаланып пәнаралық байланыстарды ұйымдастыра жүргізу оқытудың мақсатына жетудегі оқушылардың қызығушылығын арттырудың бірден –бір жолы. .

Пәнаралық байланыс – педагогика ғылымының негізгі мәселесінің бірі.

Танымал педагогтар Я.А.Коменский, Д.Локк, Л.Н.Толстой, И.Г.Пестолцци, Ж.Ж.Руссо, И.Ф.ГЕрбарт және қазақ ғалымдары Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев т.б. оқытудағы пәндерді бір-біріне интеграциялау мәселесі бойынша өз еңбектерінде атап өткен.Олар жас буынға, келешек ұрпаққа білім беруде табиғат құбылыстарының өзара байланысы жөніндегі көзқарастарын қалыптастыру керек екендігін баса назар аударған.

Р. Декарттың «Барлық  ғылымдардың байланыстылығы сондай,олардың бәрін бірден оқыту – олардың біреуін басқасынан бөліп оқытудан оңай» деген пікірін еске алсақ, пәнаралық байланыс білім берудің кіріктірілген технологиясының құрамына енеді.

Арнайы мектеп –интернаттарда әрбір пәнді басқа пәнмен байланыстыра отырып өткізудің үлкен мәні бар. Негізінен, оқу пәндері әр ғылымның логикасына сүйенетіндіктен, олар бір-бірінен өз алдына оқшауланып, бөлектенбейді. Сондықтан әрбір мұғалім жеке деректерді нақтылы жағдайларды, оқиғаларды түсіндіріп қана қоймай, шектелмей пәнаралық байланыс негізінде білім беруді көздеуді жолға қою қажет. Жаңа талаптарға сәйкес, оқу пәндерінің мазмұнын, оқу- танымдық мүмкіндіктерін толығырақ пайдаланудың дидактикалық амалы – жақын пәндерді бір-біріне интеграциялай отырып оқыту негізінде білім сапасын арттыру үдерісін ізгілендіру болып табылады.

Оқу пәндерінің ішіндегі «математика» пәнінің алатын орны ерекше. Мектеп курсындағы математика сабағында пәнаралық байланыстардың қалыптасуы білімді терең меңгеруге, ғылыми түсініктермен негіздерін пайда болуына, оқу - тәрбиелік процестерін кемелденуіне және оның оңды ұйымдастыруына, көзқарастың кеңеюіне әлемдегі заттардың тұтастығын, табиғаттағы құбылыстардың өзара байланыстарын түсінуге әсерін тигізеді.

Оқушыларды математикадан терең және тиянақты білім, іскерлік, дағдымен қаруландыру қоғамымыздың уақыт күттірмейтін талабы. Ондай талаптардың бірі - оқушылардың әрекеттерін есеп шығаруға бағыттау. Ал осы талаптарды орындаудың бірден бір жолы – пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың белсенділігін арттыру.

Пәнаралық іскерлік оқушының бір пәннен меңгерген білім-іскерлік дағдыларын, екіншіде жақын меңгеруде пайдалана білу қабілетінен көрінеді.

Пәнаралық байланыс тіл әдебиет пәнінен меңгерген кітапты пайдалану іскерліктері, география, тарих, математика т.б. пәндерді үйренуде қолданылады. Сол сияқты оқушының бір пәннен үйренген еңбек іскерліктері екінші пәнді терең меңгеруге ықпал етеді.

Әрбір пәнді өткенде, оны басқа пәнмен байланыстыра отырып, өтудің үлкен ерекшеліктері бар. Бір жағынан оқу мазмұнын бекітсең, екіншіден тәрбие алып шығады.

Shape1

Пәнаралық байланыстың мазмұны




Shape2

Shape3

Shape4

Оқу пәндері арасындағы өзара байланыстың дамуы.


Shape5

Білім мазмұнының барлық құрамды бөліктерінің байланысын талап етеді.






Shape6 Shape7

Shape8

Пәнаралық байланыс жан-жақты тәрбие беру жүйесінің барлық салаларын комплексті жүзеге асыруға ықпал жасайды.


Shape9

Пәнаралық байланыс педагогикалық еңбектің ғылыми негізінде тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.










Оқытудағы пәнаралық байланыстар – ол оқушыларды өнімді ойлау қызметіне шығармашылық элементтерін ендіру әдісі, бұл оқу процесінің жетілдірудің маңызды факторы. Көмекші мектеп-интернаттарда пәнаралық байланысты ұйымдастыру мұғалімдер мен оқушылардың уақыты мен күш салуын талап етеді. Осының барлығы оқу процессін жетілдірудің факторы ретінде, оны ұйымдастыру комплексті тәсілде жету мақсатында, мұғалімдерге пәнаралық байланыстарды іске асыруда мақсатты дайындық керектігін айтады.Пәнаралық байланысты тұтас бір сабақ немесе сабақ құрылымының бір кезеңінде үзінді кино немесе бейнетоптама арқылы өткізуге болады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.02.2025
180
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі