Материалдар / «МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ПРОБЛЕМАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ » ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ІС-ТӘЖІРИБЕНІ ЖАЛПЫЛАУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ПРОБЛЕМАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ » ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ІС-ТӘЖІРИБЕНІ ЖАЛПЫЛАУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге әдістемелік нұсқаулық ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Мамыр 2021
901
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ПРОБЛЕМАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ІЗДЕНУ-ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ

ІС-ТӘЖІРИБЕНІ ЖАЛПЫЛАУ


Токыжанова Шолпан Касымовна

Шығыс Қазақстан облысы,Аягөз ауданы,

С.Ғаббасов атындағы жалпы білім беретін мектеп


Тақырыптың өзектілігі:

Өзімнің педагогикалық қызметімде төмендегідей проблемалар кездесті:

  • Пәнге қызығушылықтың төмендеуі;

  • Оқушылардың оқу деңгейінің олардың нақты мүмкіндіктеріне сәйкес келмеуі;

Осыған байланысты төмендегідей сұрақтар туындады:

Бұл проблеманы қалай шешуге болады? Білім сапасын арттыру үшін оқу процесін қалай ұйымдастыруға болады? Пәнді оқып –үйренуде оқушылардың қызығушылығын қалай арттыруға болады? Оқушыларды өз бетінше ойлай білетін,әлемде пайда болған қиындықтарды көре білетін, оларды шешудің тиімді жолдарын таба алатын,алған білімдерін қайда және қалай қолдануға болатындығын түсінетін тұлға етіп қалай тәрбиелеуге болады?

Бұл проблеманы шешудің жолдарының бірі математика сабағында оқушылардың проблемалық-ізденушілік қабілеттерін дамыту деп ойлаймын.Оқушылардың сабақтағы белсенді танымдық әрекеті сапалы білім игерулеріне,пәнге деген қызығушылығын арттыруға,өздерін бағалауға көмектеседі. Оқушылардың танымдық әрекетін қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың көмегімен арттыруға болады.Осындай технологиялардың бірі проблемалық оқыту технологиясы болып табылады.

Жұмыстың мақсаты: математика сабақтарында проблемалық оқыту технологиясын қолдану тәжірибесін жалпылау

Міндеттері:

1) Типтік оқу бағдарламасына сәйкес проблемалық оқытудың әдістемелік негіздерін кеңейту;

2) Әдістемелік және электрондық дереккөздерге сүйене отырып ,педагогтардың проблемалық оқытуды қолданудағы іс-тәжірибелерін оқып -үйрену;
3) Математикаға оқытуда проблемалық технологияны қолдану тәжірибемді тарату;

4) Сабақтың әр кезеңдерінде проблемалық оқыту технологиясын қолдануды көрсету.



Жұмыстың негізгі сипаттамасы

Проблемалық оқу технологиясының негізгі идеялары

Қазіргі оқушы – ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат. Білім беру ұйымдарының алдында күрделі міндет тұр. Ол жан-жақты, бәсекеге қабілетті, креативті ойлайтын, ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару бүгінгі күннің аса маңызды міндеттерінің бірі.

Проблемалық оқыту технологиясы арқылы оқушылардың тез ойлап табу, жаңалық ашу, аяқ астынан ақыл табу, интеллектуалдық биіктік, ұшқыр ойлылық сияқты қабілеттерін дамытады.деп анықтама беріледі. Креативтілік — өркендеуге, дамуға, нәтижеге жетуге бағытталған.Проблемалық технология бойынша ізденушілік, зерттеушілік, эвристикалық әдістермен жұмыс жасалады, қиялдауға итермелейді, қысылмай өз ойын айтуға мүмкіндік береді. Еліміз келешекте дамыған елдердің қатарында болу үшін ,бүгінгі мектеп түлегі өз бетінше ойлай алатын, қиындықтарды көре білетін, оларды шешудің тиімді жолдарын таба алатын,алған білімдерін қалай қолдануға болатындығын түсінетін тұлға болулары керек. Қазіргі таңдағы білім беру жүйесі білім алушылардың алдына міндеттерді қою және оны шешуде өз бетінше жұмыс істеудің шығармашылық ізденушілік дағдыларын меңгеру міндетін қояды. Проблемалық оқыту оқушылардың өздігінен ізденуіне, зерттеу жұмыстарына баулуда, белгілі емес проблемаларды өз беттерінше шешуде өте ұтымды технология болып келеді.

Сондықтан мұғалімдердің алдында білім алушыны қажетті білім құралдарымен қалай қаруландыру керек деген сұрақ туады. Проблемалық оқыту проблемалық жағдайлар жасау арқылы педагогтың мақсатты іс-әрекетін қамтамасыз ететін тәсілдер жүйесі болып табылады. Бүгінгі білім берудің негізгі міндеттері – білім алушыны белгіленген білім жиынтығымен қаруландыру ғана емес, оның өмір бойы оқу, командада жұмыс істеу, рефлексивті өзін-өзі ұйымдастыру арқылы өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру. Аталған дағдыларды қалыптастыруда проблемалық оқыту технологиясы маңызды роль атқарады. Бұл технологияның өзектілігі оқу қызметіне мотивацияның жоғары деңгейін дамытумен, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттырумен анықталады, туындаған қайшылықтарды шешу, сабақта проблемалық жағдайларды жасау кезінде мүмкін болады. Оқушылардың жан-жақты қиындықтарын жеңуде жаңа білімді, іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін, іскерліктер мен дағдыларды меңгеруге деген қажеттілік туындайды Проблемалық оқытуды зерттеуші ғалым М.И.Махмутов: «Білім мен білім алу әрекеті арасындағы өзара байланыс оқушы өзі білмейтін нәрсемен танысқанда, оны түсінуге тырысқанда пайда болатын қайшылықтардан шығу жолын іздегенде ғана тығыз болады. Өйткені ол жаңа білімді игеру барысында ізденіс жасап, әрекет етеді» - деп көрсетеді. Ғалым проблемалық оқыту негізінде оқу проблемасы жататындығын, ал ол проблема оқушылар бұрын меңгерген білім мен берілетін жаңа білім арасынан туындайтынын сөз етеді. Мұндай жағдайдан шығу білімді меңгерудің жолдарын қарастыру кезінде туындаған проблеманы шешу үшін ойлау қабілетін дамытқанда ғана іске асады. Ал поляк ғалымы В.Оконь: «Проблемалық жағдай тудыру, проблема көтеру, қойылған мәселелерді шешуде оқушыларға қажетті көмек көрсету .. », - дейді Ғалым проблемалық оқытудағы проблемалық ситуацияның орнын сөз етеді. Оны шешуге оқушыларды жұмылдыру, көмек беру, мәселесіне тоқталып, ең бастысы проблеманы таба білу, оны ұсынудың маңызын айқындайды. Ғалымдар пікірін талдап, саралағанда ортақ бір тұжырым шығады. Проблемалық оқыту негізінде оқушыларға бейтаныс проблеманың жататыны, оқушылардың оны салыстыру, дәлелдеу шешу үшін болжамдар жасай отырып еңбектенуі керектігін тұжырымдайды. Проблемалық ситуацияны шешу-зерттеу, іздену еңбегін, шығармашылық еңбекті талап етеді. Ал шығармашылықтың мәні – жеке тұлғаның бір нәрсе жасап шығаруы немесе өзіне ғана тән бір нәтижеге қол жеткізуі. і. Демек, проблемалық оқыту білім алушылардың шығармашылық ойлауын дамытады деген сөз.
Орта білім беретін мектептің міндеттеріне сүйене отырып, оқытудың дәстүрлі типін проблемалық оқытумен салыстырудан шығарылған қорытындылар негізінде проблемалық оқытудың негізгі міндеттерін тұжырымдауға болады. Оларды шартты түрде жалпы және арнайы міндеттерге бөлеміз.
Проблемалық оқытудың жалпы міндеттері:
-
оқушылардың білім жүйелері мен практикалық қызмет тәсілдерін меңгеруі;
- танымдық дербестігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- оқушылардың өз бетінше ойлау қабілеттерін дамыту.


Проблемалық оқытуға негізделген зерттеу-іздендіру бағытындағы тапсырмалардың ерекшелігін төмендегі салыстырмалы кесте арқылы дәлелдеуге болады.

1-кесте.


Дәстүрлі оқыту

Проблемалық оқыту

Тапсырмаларда проблема қою міндет емес.

 

 

Проблеманы шешу міндеті қойылады.

Тапсырмалар осы бағытта беріліп,

іздену,зерттеушілікпен айналысады

Жауабы оқулықтарда бар.

 

Дайын жауабы жоқ. Проблемалық ситуацияны шешуді қажет ететін тапсырмалар беріледі

Оқушы-обьект.

Оқушы- субъект. Ол- белсенді тұлға.

Орындаушы, жауап беруші, дайынды қайталап айтушы.

Білімді өз ізденісімен алушы және зерттеуші.

«Жаңалық» ашу, жаңа өнім жасау міндетті емес.

Жеке тұлғаны дамытуға, ғылыми – ізденіске жетелейтін шығармашылық бағыттағы тапсырмалар.



Проблемалық оқытудың басқа оқыту әдістерінен ерекшелігі сол, ол оқу мақсаттарының бірнешеуіне бірден қол жеткізуге мүмкіндік береді :

  • Оқушылардың қажетті білім, білік, дағдыларын қалыптастыру

  • Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсенді ету;

  • Оқуға тұрақты қызығушылығын арттыру;

  • Шығармашылық ойлауды дамыту

  • Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту

  • өзін-өзі оқытуды дамыту

  • зерттеу белсенділігін қалыптастыру

Әдістің тиімді жақтарымен қатар, келесідей кемшіліктерді атап кетуге болады:

  • проблемалық зерттеу стратегиясын практикалық дағдыларды қалыптастыру үшін пайдалану қиыншылығы;

  • жаңа материалды меңгеру үшін көп уақыт қажет (басқа оқыту әдістерімен салыстырғанда);

  • проблемалық оқыту әдістемесі бойынша сабақтар тек бір мағыналы емес шешімдер мен пікірлерге жол беретін материал негізінде ғана мүмкін;

  • проблемалық оқыту әдісі балаларда белгілі бір білім қоры бар болғанда жағдайда жүзеге асады.

Сабақтың проблемалық технологияны қолдану арқылы құрылуының ең басты көрсеткіші –ізденушілік іс-әрекеттің болуы:

  • Проблемалық ситуацияны және проблеманы қою;

  • Болжамдарды негіздеу және ұсыну;

  • Болжамдарды дәлелдеу;

  • Проблеманы шешудің дұрыстығына көз жеткізу

Проблемалық оқыту әдісінің мәні проблемалық жағдайларды құру және оларды шешу тәсілдерін табудың ерекшелігінде. Бұл әдістегі ең қиын нәрсе – ол дұрыс проблемалық жағдайды құру.

Сол проблемалық жағдайды өз мәнінде құру үшін мына төмендегілер ескерілуі тиіс:

Біріншіден, оқушыларға ұсынылатын мәселе сол жастағы балалар үшін қолжетімді және жас ерекшеліктеріне сай болуы тиіс.

Екіншіден, мәселе қолда бар білім мен дағдылардың көмегімен ғана шешілмеуге тиіс, яғни жаңа идеяларды да ұсынуға және жаңа білімді іздеуге итермелеуге тиіс.

Үшіншіден, құрылған жағдайда қарама-қайшылық болуы тиіс.

Төртіншіден,проблемалық жағдай білім алушының ерекше қызығушылығын тудыруы керек

Математика сабақтарында проблемалық ситуацияны қолданудың негізгі шарттары

Оқушы тарапынан:

  • Жаңа тақырып (жаңа білімді ашу”);

  • Алдыңғы білімді қолдану және жаңа жағдайға бейімдеу

  • Жаңа тапсырмадағы белгісіздікті анықтау

  • Белсенді ізденушілік іс-әрекеті

Мұғалім тарапынан:

  • Сабақта проблеманы қоя білу және процестті басқара білу

  • мұғалім білімді хабарлау немесе баяндау емес, проблемалық міндеттердің көмегімен жаңа білімді іздеуді міндеттей білу

Проблемалық технологияны қолдану барысында оқушылардың мынадай қабілеттері жақсы дамиды:

  1. Рефлексия жасау (орындалған жұмыстың талдауы, қатені таба білуі және проблеманы шешуі);

  2. Мақсат қоя білу;

  3. Модельдеу

  4. Жоспарлау(өз іс-әрекетіне жоспар құра білу);

  5. Коммуникативтік қабілет.

Проблемалық ситуацияда төмендегі кезеңдерді бөліп көрсету керек:

Проблеманың

қойылуы

Проблеманы

хабарлау

Оқушыларды

диалогқа шақыру

Диалогты жандандыру

Тақырыпқа жақындататын

диалогқа келу,тақырыпты хабарлау

Шешу жолдарын іздестіру

Болжамдарды хабарлау


Оқушы болжамдарын

мұғалімнің тексеруі


Тақырыпқа итермелеуші диалог

Тақырыпқа жеткізуші диалог

Итермелеуші және жеткізуші диалогтардың сипаттамалары :

Итермелеуші диалог –бұл“экскаватор”, проблеманы,сұрақтарды,қиындықтарды қазбалайды .

Жеткізуші диалог – бұл “локомотив”, жаңа білімге жеткізетін сұрақтар мен тапсырмалардың тізімі



Итермелеуші

Жеткізуші

Құрылымы

Жекелеген сұрақтар және итермелеуші тұжырымдар


Мықты оқушылардың ойын ашатын сұрақтар мен тапсырмалардың жиынтығы

Белгілері

  • Оқушы ойының белгісіздікке ұмтылуы

  • Оқушының күтпеген жауап айтуы

  • Оқушының ойы қажет проблеманы шешкенде диалогты тоқтату

  • Оқушы ойының қадамдары

  • Оқушының күтпеген жауап айтуының мүмкін еместігі


Нәтиже

Шығармашылық қабілеттерді дамыту

Логикалық ойлауын дамыту


Диалогтың бірнеше тәсілдерін келтірейік

1-тәсіл

Фактілер туралы: Сені не қызықтырды? Нені байқадың? Қандай фактіні көріп тұрсыңдар?

Теория туралы: Сені не қызықтырды ? Сенің көзқарасың бойынша қанша теория бар?

Ыңғайлысын таңдау: Қандай сұрақ туады? Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар? Біздің алдымызда қандай проблема тұр?

2-тәсіл Cыныпта бірнеше көзқарас пайда болды.Неге?

3-тәсіл. Cендер басында қалай ойладыңдар? Іс жүзінде қалай болды?

4-тәсіл Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар? Біздің алдымызда қандай проблема тұр?

5-тәсіл

Сендер тапсырманы орындай аласыңдар ма? Не қиындығы бар?

6-тәсіл

Сендер тапсырманы орындай алмадыңдар ма?Неге тапсырманы орындау мүмкін болмай жатыр? Алдыңғы тапсырмалардан қандай айырмашылығы бар?

7-тәсіл

Сендер не істегілерің келді? Қандай білімді қолдандыңдар? Тапсырма орындалды ма?

Проблемалық сабаққа дайындық барысында мұғалім іс-әрекеттің әр қадамын нақты,анық жазу керек.Сабақта проблемалық технологияны қолдануға даярлық уақытты қажет етеді,проблемалық сұрақтың тұжырымдамасын дайындау біршама күрделі,оқушыларды тығырықтан шығаруға ұмтылдыру үшін әр тапсырманы,әр сұрақты ойластыру керек.

Пробеманы шешу сабақтың недәуір уақытын алғанмен,дайын білімді алумен салыстырғанда әлдеқайда пайдалы,құнды.

Проблеманы шешуді топтық жұмыс барысында,ынтымақтаса отырып та жүзеге асыруға болады.Дұрыс ұйымдастырылған ынтымақтастық оқу-тәрбие процесінде жақсы нәтижелер береді.

Математика сабақтарында проблемалық оқыту технологиясын қолдану мысалдары

Проблемалық оқыту технологиясы негізінен сабақта қолданылады

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!