Материалдар / Математика шыңы

Математика шыңы

Материал туралы қысқаша түсінік
3 сыныпқа арналған вариативті сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қырқүйек 2024
181
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Математика 3-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сандарды цифрмен жаз.

Сабақтың мақсаты:

Сандарды оқу, жазу, салыстыру дағдыларын дамыту.

Ауызша қосу мен азайту дағдыларын бекіту.

Логикалық ойлауды дамыту.

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,қайталау.

Сабақтың түрі:ойын сабақ

Сабақтың барысы:

І Қызығушылықты ояту

Психологиялық дайындық

ІІ Мағынаны тану

1

«Санда неше бірлік (ондық)бар?» ойын-жаттығуы.

Ойынның мақсаты:санның ондық құрамын анықтай білуге жаттықтыру.

Оқушыларға екі таңбалы және үш таңбалы санды атау,ал оқушылар карточканың көмегімен неше бірлік немесе ондық немесе жүздік екенін көрсетеді.

24,257,63,652,39,875,12,658


2

Мына сандарды бірдей қосылғыштардың қосындысы түрінде жазып көрсет.

12,18, 20,24, 32.


3 «Қандай сан жоқ?» ойын-жаттығуы.

Мақсаты:сандар қатары туралы алған білімдерін бекіту.Оқушылардың зейінін дамыту.

Тақтаға түсі,көлемі әртүрлі,әр бұрышқа шашыраңқы жазылған 1-ден 20-ға дейінгі сандары бар кесте ілінеді.Қандай сан жоқ екенін балалар табуы керек.

18, 2 ,10, 9, 11, 20, 7 ,4,15 ,12,3,16, 5,19, 1, 13 Шешуі:6,8,14,17


4

1,2,3 сандарын пайдаланып,екі таңбалы сандарды жаз.

Неше сан жаздың?Ең кіші санды ата.Ең үлкен сан ше? Ондығы бар, 1 бірлігі бар,3 ондығы бар сандарды ата.Барлық осы сандарда қандай ұқсастық бар?


Математикалық диктант түрінде жүргізіледі.

Сандарды жаз.

4онд.2бірл 4онд 8онд.5бірл.

3онд.1бірл. 2онд. 8жүзд.4онд.8бірл.

2онд. 1онд.7жүзд 6жүзд.9бірл.
















Математика 3-сынып

Сабақтың тақырыбы: Өрнек құр, мәнін тап

Сабақтың мақсаты: Өрнек құрай білуге үйрету. есептеу дағдыларын, тірек білімдерін жетілдіру. Өз бетінше жұмыстануға, алған білімдерін шығармашылық деңгейде қолдана білуге үйрету. Жинақылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,қайталау.

Сабақтың түрі:ойын сабақ

Сабақтың барысы:

І Қызығушылықты ояту

Психологиялық дайындық

ІІ Мағынаны тану

1

Өрнек құр, мәнін тап

100 бен а-ның айырмасына 215-ті қос. а=78, 45

52-мен 136-ның қосындысынан а-ны азайт. а= 66, 110


2

Теңдеуді шеш

х-3 =5 х+4 =12 21:х = 7 4* х = 12


3

Салыстыр

4м2дм3см * 523см а -8 * а – 28 а: 4* а:8

7дм8см * 7м2см 46 – в* 57-в 48:в * 40:в


4

Суретте 16 сіріңкеден 5 шаршы құрастырылған. 4 шаршы болатындай 3 сіріңкенің орнын ауыстыр.

5

Жоғалған санды тап

34* +1*5=*37 *46 – 2*7 = 62*

*46 - 2*7 = 62* 87* -3*5 = *45


III. Мадақтау












Логикалық тапсырмалар

1. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? Шешімі: Жанат – ұзын


2. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
Жауабы: үш


3. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?
Жауабы: 4 мысық


4. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?
Жауабы: үш стакан


5. Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат –үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды?
Жауабы: 1-Марат, 2-Асет, 3-Талғат


6. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?
Жауабы: үшеу


7. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады?
Жауабы: екі сағат


8. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?
Жауабы: жоғары


9. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?
Жауабы: шырпы


10. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады?
Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса


11.10 литрлік бөшкеде су бар және 7 литрлік, 2 литрлік бос ыдыстар бар. Екі ыдысқа 5 литрден суды қалай тең бөлуге болады?
Шешімі: 10-7=3 7-2=5 2+3=5


12. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы ұш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр?
Жауабы: Бір ғана мотоцикл


13. Сыныпта 35 оқушы бар. Қыздар ұлдардан үшке артық. Сыныпта ұлдар қанша , қыздар қанша?

Шешімі: x+x+3=35 x=16(ұ) х+3=16+3=19(қ)


14. Ауылдан қалаға дейін велосипедші 20 км/сағ жыдамдықпен, ал қайтар жолда 10 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Велосипедшінің орта жылдамдығын тап.
Шешімі: (20+10):2=15


15. Жаңа үй салып жатқан Бобер Бобтың 6 бөренесі бар. Олардың әрқайсысын 6-ға бөлу керек. Ол өзінің өткір тістерімен бөренені бір жерден кесу үшін 1 минут уақытын жібереді.Барлық жұмысқа оның қанша уақыты кетеді?

Шешімі: Бөренелердің біреуін 6-ға бөлу үшін 5рет кесу керек. 1бөренеге-5минут, 6*5=30минут.
16.Ондық цифрлары бірліктер цифрларынан үлкен болатын қанша екі таңбалы сан бар?
Ж-бы: 45 сан


17.Кесіндінің әрқайсысында 4 нүктеден болатындай етіп, екі кесіндіде қанша нүктені орналастыруға болады? Шешімі:Екі кесіндіні қиылыстырып, ортасына бір нүктені қоямыз. Қалғандары сәйкесінше. 7 нүкте қоюға болады.
18. 4 қарындаш пен 3 жалпы дәптер 54 тг, 2 қарындаш пен 2 жалпы дәптер 34 тг тұрады. 8 қарындаш пен 7 дәптер қанша тг тұрады? Шешімі: 4қ+3жд=54 2қ+2жд=34 жүйе құрып, 1 қарындаш пен 1 жалпы дәптердің құнын тауып аламыз.Шешуі: 1к-3тг, 1жд-14 8к-24тг, 7жд-98тг
19. Шахмат турниріне 7 адам қатысты. Әркім әрқайсымен бір партиядан ойнады. Барлық ойналған партиялар саны қанша?
Шешімі: 6+5+4+3+2+1=21 партия
20. Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін?
Жауабы: 53


Математика 3-сынып

Сабақтың тақырыбы: Кім жүйрік?

Сабақтың мақсаты: Есептеу дағдыларын жетілдіру.

Ойын,тілін,танымдық қабілетін дамыту.Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру,білімдерін нақтылау. Ұқыптылыққа,тәртіптілікке,әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

I.Қызығушылықты ояту

«Миға шабуыл»ойыны

-Құстарға арналған үй? (ұя)

-Ең үлкен 1 таңбалы сан? (9)

-1 тәулікте неше сағат бар? (24)

-1 ғасырда неше жыл бар? (100)

-Ең кіші натурал сан? (1)

-1 сағ неше минут бар (60 мин)

-Бүгін нешесі

-Балаларды оқытып,бірдеңеге үйрететін жер? (мектеп)

ІІ.Мағынаны тану

1

Теңдік тура болатындай жақшаларды қой:

16:2+5-3= 4 19+1:4 = 5

19-13+8=14 25-20:2+8= 7

21-3+24-4=38 43-20+7=16


2

Өрнекті құрып мәнін тап:

125- пен 456-ның қосындысынан 200-ді азайт

10-мен 2-нің бөліндісін 8-ге көбейт

158-пен 369-дың қосындысына 123-ті қос

24-пен 3-тің бөліндісін 2-ге көбейт


3

Есептеу жылдамдықтарын арттыру үшін мынадай тапсырмалар ұсыну керек.

Санды 2 санға жіктеп жаз,ол сандардың біреуі берілген.

3Shape1 Shape2 Shape3 40= 240+ + 570=270+ 100= 50+

2Shape4 Shape5 Shape6 31=201+ 190=140+ 440= 220+


4

Мына сандарды өсу ретімен жазу ұсынылады:

720 900 515 598 342 438 226 614


5

Ең кіші үш таңбалы сан - ---------------------------------

Ең үлкен екі таңбалы сан - -------------------------------

Ең үлкен үш таңбалы санның алдында тұрған сан - -------------------------

600 санынан кейінгі сан - ----------------------

  1. бен 501 сандарының арасында тұрған сандар - ---------------------



6

Артық санды табыңыз: 30,28,24,21,18,15.







Математика

3 – сынып

Сабақтың тақырыбы: Теңдеу және оны шешу.

Сабақтың мақсаты: 1. Теңдеу құрамына енетін әріптің мәнін табу керек болатын теңдік екенін ұғындыру. 2. Сабақты өмірмен байланыстыра отырып ұқыптылыққа , жинақтылыққа тәрбиелеу.3. Теңдеулерді шеше және оны тексере отырып, есепті теңдеу құру арқылы шығаруғадағдыларын дамыту.


Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Әдіс-тәсілі: талдау, жаттығу, сұрақ, жауап, ойын.

Пайдалынатын көрнектіліктер: басқұр, фигуралар, кесте.


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастру кезеңі:

1. Оқушыларды түгендеу.

2. Психологиялық қызығушылықтарын ояту

Көз- қарайды, көреді. Құлақ- естиді, тыңдайды. Ми- ойлайды.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Теңдеу дегеніміз не?- ереже сұралады.

Теңдеу деп құрамында әріп болатын және онымен белгіленген санды іздеу мақсаты

қойылатын теңдікті айтады.

Үй тапсырмасын жауаптарын оқыту арқылы тексеру.

4 тапсырманы тексеру:

А) х+149=938 х-546=464 х*5=630 х/4=243

432+х=900 1268-х=219 4*х=592 984/х=4

Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақ мақсатымен таныстырлады. Теңдеулерді шешу және тексеруге арналған мысалдар, есептер шығаруға жаттығамыз, үйренгенімізді бекіте түсеміз.

Әрбір оқушы өзіне берілген тапсырманы түсіндіре отырып орындайды:

1.Не білемін?

а+587 458*а

у+254=45*564

х/547=458-52

2.Не білуім керек? Топпен жұмыс

1 топ 2 топ

Х+20*8=2600 Х*(40:4)=12600

Х+160=2600 Х*10=12600

Х=2600-160 Х=12600:10

Х=2440 Х=1260

2440+20*8=2600 1260*(40:4)=12600

240+160=2600, 2600=2600 1260*10=12600, 12600=12600

40*6+Х=9400 (190-90)*Х=38600

240+Х=9400 100*Х=38600

Х+9400-240 Х=38600:100

Х=9160 Х=386

40*6+9160=9400 (190-90)*6=38600

240+9160=9400, 9400=9400 100*386=38600, 38600=38600

4 топ 3 топ

19200:10:Х=10 Х-560:7=20000

1920:Х=10 Х-80=20000

Х=1920:10 Х+80-80=20000+80

Х=192 Х=20080

19200:10:192=10 20080-560:7=20000

1920:192=10, 10=10 20080-80=20000, 20000=20000


Х:(36+64)=543 3090:10-Х=209

Х:100=543 309-Х=209

Х=543*100 Х=309-209

Х=54300 Х=100

54300:(36+64)=543 3090:10-100=209

54300:100=543, 543=543 309-100=209, 209=209


3.Кім жүйрік?

Теңдеулерді шеш және тексер:

І топ ІІ топ

12+в=72:2 (х+20):5=6

12+ в 36 х+20=6*5

в =24 х+20=30

12+24=72:2 х=30-20

х=10

(10+20):5=6


ІІІ топ ІҮ топ

а:10=960:2 2400:(с-12)=10

а:10=480 с-12=2400:10

а=480*10 с-12=240

а=4800 с=240+12

4800:10=960:2 с=252

2400:(252-12)=10


3.Кім жылдам?

Үшбұрыштың периметрін өрнек түрінде жаз.

Shape7


3+3+4Х немесе 2*3+4Х= 6+4Х

4.«Сиқырлы айна» тапсырмасы.

Өрнек түрінде жаз және оқы

(а:80)*5

(90+с)*60

(70:5)+(42:х)

(984+324):(5+412)

Сергіту сәті.


  1. Есепті шығар.

Шарты:

Басқұрдың ұзындығы- 3м 5 есе қысқа

Қыл арқанның ұзындығы- ?

Шешуі:

Х:5=3

Х=3*5

Х=15 (м)

15:5=3 (м)

Жауабы: қыларқанның ұзындығы- 15 (м).


  1. Шарты:

6кесе -180тг.

8 кесе- ?тг.

180/6=30 тг.- бұл бір кесенің құны.

30*8=240тг.- бұл 8 кесенің құны.

Жауабы: 240 теңге.

І бала

Қандай санға 1242-ні қосқанда 3130 шығады?

Х +1242=3130

Х= 3130-1242

Х =1888

1888+1242=3130

3130=3130

2 бала

Қандай саннан 3412 азайтқанда 7148 шығады?

3130 -Х =7148

Х =7148-3130

Х =4018

3130 -4018 =7148

7148=7148

3 бала

Қандай санды 75 көбейткенде 675 шығады?

75* Х=675

Х=675:75

Х=9

75* 9=675

Шығармашылық тапсырма:

111*(1+1+1)+1+333+333=1000.

Бағалау.










Сабақтың тақырыбы:Көбейту кестесімен теңдеулерді шешу

Мақсаты:   Көбейту амалы бар теңдеулерді шешуді меңгерту.Есептеу дағдыларын жетілдіру. Ой-өрісін дамыту.

 

Сабақтың барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Білім.1 Теңдеулерді шешу: х*2=4        х*2=12       8*х=16

Үлгі:

х*2=4

х= 4:2

х =2

2*2= 4


3. Сабақтың  тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

Түсіну.№2  Теңдеулерді шешу: х*2=6              2*х=6

Неге  х*2=6,   2*х=6 теңдеулерінің шешімі бірдей болатынын түсіндір.

х*2=6                                               2*х=6

х= 6:2                                              х= 6:2

х =3                                                   х =3

3*2= 6                                         3*2= 6      

4. Қолдану. өзіндік жұмыс

 Кестені толтыр:

Көбейткіш

5

6

2

5

2

Көбейткіш

3

2

8

4

9

Көбейтіндінің мәні

15

12

16

20

18

 

 

 

 

 

5. Жұптық жұмыс

4 Тура теңсіздіктер құр:

  95 > 30+40                           40< 95-30

60+40 > 95-30       40-30<95-60

 

6..Жинақтау Өтілген материалмен жұмыс

 6  шешуі: 70- 3*4 =58

Жауабы: 58 кг қант қалды

7  шешуі:  45+23=68

68+38=106

Жауабы: 106 пакет апельсин шырыны

8.Қорытындылау.

9.Үйге тапсырма : № 5,10 – 30 бет
















Сабақтың тақырыбы: 1. Мың көлеміндегі сандар
Мақсаты:Деңгейлеп оқыту арқылы көбейтудің белгісіз компоненттерін табуды ұғындыру. Есеп шығару, теңдеулерді шешу. Таным қабілетін, ой өрісін дамыту. Білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Оқыту әдісі: деңгейлеп оқыту, ұжымдық оқыту.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта кітапхана ресурстары
Сабақтың барысы: 1. 1. Ұйымдастыру кезеңі
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізеді біздерді,
Математика сырына

1 деңгей. Білім.
Егер екі көбейткіштің көбейтіндісінің мәнін бір көбейткішке бөлсе, онда басқа көбейткіш шығады.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

2 деңгей. Түсіну.
Бос орынға қандай санды қойғанда, тура теңдік шығады:
4* = 8 теңдігінде екінші көбейткіш белгісіз. Егер көбейтіндінің мәні 8 - ді белгілі көбейткіш 4 - ке бөлсек, белгісіз көбейткіш шығады.
Белгісіз көбейткішті табу үшін, екі көбейткіштің көбейтіндісінің мәнін белгілі көбейткішке бөлу керек.

3деңгей. Қолдану.
№ 4 Белгісіз көбейткішті тап:
*5 =10 *3=15 2*=8 3*=9

4 деңгей. Жинақтау.
Математикалық диктант.
№ 5 Теңдік құрып, белгісіз көбейткішті тап:
1. Белгісіз санды 4 - ке көбейтсек, 8 шығады;
2. 5 - ті белгісіз санға көбейтсек, 5 шығады;
3. Белгісіз санды 3 - ке көбейтсек, 0 шығады.
6 деңгей. Бағалау





















Математика 3-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ауызша есептеу

Сабақтың мақсаты:Кестелік қосу және азайтудың ауызша тәсілін үйрету.

1000 көлеміндегі сандардың қосындысы мен айырмасын табу дағдыларын жетілдіру. Есептің дұрыстығын тексеру үшін қосу және азайту кезінде сандар арасындағы байланыс туралы білімдерін саналы түрде пайдалануға үйрету.

Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.


Сабақтың барысы:

I.Қызығушылықты ояту

Балалар көздерін жұмып,мұғалім сөзіне мұқият құлақ салады,әрбір сөйлемнің соңындағы сөзді хормен дауыстап айтады.

Сабақта біздің көздеріміз ықыласпен қарайды және бәрін ....( көреді )

Құлақтарымыз мұқият тыңдайды және бәрін .... ( естиді )

Басымыз өте жақсы ... ( ойлайды)

ІІ.Мағынаны тану

1 Ауызша есептеп жаз

48+2= 29+6= 100-3=

90-4= 35-8= 795+8=

53+27= 17+25= 342+56=

50-15= 92-39= 879- 408=


2

Бос тор көздерді толтырып, шешуін түсіндір

3 7 1 0 6 5 4 5

+ 2 8 - 7 +1 6 + 2 7

Shape11 Shape10 Shape9 Shape8 9 6 2 5 8 5 3 8


3

Кестені толтыру

Сан

Жүздіктер

Ондықтар

Бірліктер

Разрядтық қосылғыштар қосындысы

326

3

2

6

300+20+6

785





82





548





303





698





358







4

Ұлан лагеріне үш дос келді: Марат, Бақыт және Қанат. Олардың әрқайсысы мына фамилиялардың біреуі екендігі белгілі: Имашев, Саматов, Ғаниев. Марат Ғаниев емес, Бақыттың әкесі инженер. Бақыт 6 сыныпта оқиды. Ғаниев 5 сыныпта оқиды. Имашевтың әкесі слесарь. Балалардың әрқайсысының фамилиясы қандай?

Шешуі: Марат Имашев, Бақыт Саматов, Қанат Ғаниев

ІІІ Ой толғаныс: Мадақтау










Сабақтың тақырыбы: Өрнектің мәнін табу

Сабақтың мақсаты:

Біліміділік: Өрнек туралы түсініктерін қалыптастыру. Санды өрнектер мен әріпті өрнектердің айырмашылығын түсіндіру арқылы білімділіктерін арттыру.

Дамытушылық: тиімді әдістерді тез таңдай білуге дағдыландыра отырып, ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелілік: Өз бетімен жұмыс жасауға баулу, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру әдісі, сұрақ-жауап әдісі, «математикалық телефон» әдісі.

Көрнекілігі: интерактивтік тақта, қима қағаздар

Сәлемдесу:

Оқушыларды түгендеу

Топтастыру

1-топ Шаршы

2-топ Үшбұрыш

3-топ Төртбұрыш

4-топ Дөңгелек


Психологиялық дайындық:

Тыңдаңдар қыздар,

Тыңдаңдар ұлдар.

Қолдарыңды созыңдар,

Алақанды ашыңдар.

Қайсысымыз «5» алудан қашпаймыз,

Ендеше үй тапсырмасын оқығандардан бастаймыз.

Үй тапсырмасын сұрау.

Өзіндік жұмыс-14

4 – тапсырмасы: Кестені толтыр

5 – тапсырма: Теңдеуді шеш


Жаңа сабақ

Өрнек

Санды өрнек Әріпті өрнек

167+25+33+100 а-10-с

Амалдар таңбаларынан, сандардан және жақшалардан құрастырылған жазу санды өрнек деп аталады. (17-2):5=3

Құрамында әріптері бар өрнек әріпті өрнек деп аталады. 250 – с - 83; мұндағы с=102

250-102-83=65

Өзіндік жұмыс – 15

1 - тапсырма (Ауызша орындау) «Математикалық телефон» әдісі арқылы

18:6=3 24:6=4 30:6=5 36:6=6 12:1=12 12:2=6 12:3=4

12:4=3

2-тапсырма. «Күн сәулесі» ойыны

20:2=10 30:3=10 60:3=20 90:3=30

20:10=2 30:10=3 60:20=3 90:30=3

185+20-33=172 231-111-74=46

C *5:4 мұндағы с=8; 8*5:4=10

36: а + 85-36 мұндағы а = 6; 36:6+85-36=55


3- тапсырма Есепті шығар. Өз бетінше орындау

Берілгені: Автобустың билеті – 50 теңге

4 билет - ? теңге тұрады

Шешуі: 50 * 4 = 200

Жауабы: 4 билет 200 теңге тұрады

Сергіту сәті:

4- тапсырма. «Кім жылдам». Топ басшыларының сайысы

3 санының көбейту кестесін жатқа айту

5-тапсырма. «Мейірімді жүрек» ойыны (топтық жұмыс)

4 топтан 4 оқушы шығып жүректе жазылған тапсырманы орындайды.

1-жүрекше 1-топ

Теңдік тура болатындай жақшалар қой. (3+6)-(18:9)=7

Теңдеуді шеш:

85:х=5

X=85:5

Х=17

85:17=5

5=5

2-жүрекше 2-топ

Есепті шығар. Анасы 27 дәптерді 3 баласына тең бөліп берді. Әр бала неше дәптерден алды? Жауабы: 9

Теңдік тур болатындай етіп жақшалар қой.

17+(40:8)=22

3-жүрекше 3-топ

Салыстыр. 85+15 25+85

Теңдеуді шеш.

Х-120=280

X=280+120

X=400

400-120=280

280=280


4 – жүрекше 4-топ

Өрнектің мәнін тап. 18:а*8; мұндағы а=9; 18:9*8=16

Салыстыр. 7 * 4 8 * 5


Логикалық сұрақтар

  • Баспалдақ 15 басқыштан тұрады.Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?

  • 11 түйе, бес жылқы.
    2 сиыр, бір ешкі
    2 қоян, үш түлкі,
    Неше болды барлығы? (24)

  • Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?

Қорытындылау.

  • Өрнек нешеге бөлінеді?

  • Санды өрнекке мысал келтіру

  • Әріпті өрнек дегеніміз не? Мысал келтіру

Бағалау. Смайлик арқылы өз-өздерін бағалау

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ