«Математикадағы жеті түсті гүл»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Математикадағы жеті түсті гүл»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Математикадағы жеті түсті гүл»
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰОҚ конспектісі

Күні,айы,жылы:21.01.2021 жылы

Білім беру саласы: «Таным», «Коммуникация»

Бөлімі: Математика негіздері

Тақырыбы: Математикадағы жеті түсті гүл.

ҰОІӘ жаңашылдығы: логикалық сұрақтар,

Мақсаты: Балаларға тапсырмалар арқылы алған білімдерін бекіту, логикалық ойлауларын және зейіндерін дамыту.Есеп шығару , 7-ге дейінгі сандық және реттік санау дағдыларын жетілдіру, апта атауларын атау,геометриялық пішіндерді ажыратып , өз бетінше жұмыс жасау дағдысын дамытып , сөздік қорын молайту.

Ұқыптылыққа , әдептілікке тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар : Жеті түсті желекті гүл, алма ағашы,сандар, жетті қабатты үй, геометриялық пішіндер.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу, көрсету.

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Мотивациялық қозғаушылық

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Здраствуйте дети!

Good morning children!

Қол ұстасып тұрайық,

Шаттық шенберін құрайық.

Жеті бірдей өрнекпіз,

Жеті түрлі өлеңбіз.

Жеті түрлі бояумыз,

Жеті түрлі әуенбіз.

Үлкендерді құрметтеп,

Баршаға сәлем береміз.

Ізденуші қозғаушы

Балалар бүгін тобымыздың бөлмесінде ғажайып гүл өсіп шығыпты.

Жай гүлден қандай айырмашылығы бар

-Қанша желектері бар?

-Бұл гүл қай ертегіде бар?

Ғажайып гулдің барлық тілегін орындай аламыз.

Түрлі түсті желектері бар

жеті желегі бар.

«Жеті түсті гүл» ертегісінде.

Жеті түсті гүл ертегісінде қыздың барлык тілегін орындаған болатын.Біздің тілегімізді орындай ала ма екен?

-Қыз гүлге қандай сөз айтады, кәне есімізге түсірейік.

Ұшшы,ұшшы жапырақ

Батыс,шығыс арқылы

Солтүстік пен оңтүстік

Шеңбер жасап кері қайт

Жерді жайлап басқаның

Болсын менің айтқаным.

Гүлдің көгілдір түсті күлте жапырағында ненің суреті бейнеленген ? Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

-Кім атап, көрсетіп береді?

Ал қазір жылдың қай мезгілі?

Көктем мезгілінде неше ай?

Көктем айларын кім атап береді?

-Қазір қай ай?

Бір жылда неше ай бар?

Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Балалар бірінші тілегін орындадық. Келесі желекті кім жұлып алам дейді.

Ұшшы , ұшшы жапырақ

Батыс, шығыс арқылы

Солтүстік пен оңтүстік

Шеңбер жасап кері қайт

Жерді жайлап басқаның

Болсын менің айтқаным.

2-ші желекте ненің суреті бейнеленген.


-Бұл не?

-Қандай ағаш?

-Алма ағашында не өсіп тұр?

-Қанша алма өсіп тұр?

Кел Ардақ санай ғой.

Есептің шешуін мұқият тыңдаймыз.

Алма ағашында жеті алма өсіп тұрды, жел соғып екеуі түсіп қалды, қанша алма қалды?

Барлығы қанша алма?

Қанша алма түсіп қалды?

Қанша алма қалды?

Жауабы қанша алма қалды?

Бес алма

Барлығы жеті алма болды.

Түскені 2 алма

7-2=5

Жауабы: 5 алма

Бұл тапсырмасын орындадық кім желекті жұлып, сөзін айтып берем дейді.

Ұшшы, ұшшы жапырақ

Батыс , шығыс арқылы

Солтүстік пен оңтүстік

Шеңбер жасап кері қайт

Жерді жайлап басқаның

Болсын менің айтқаным.

Келесі үшінші желек.

1.Сан құрамы.

-Қандай сандар?

Ал тағы көп қабатты үй. Үй шатырында 7саны,7 сан құрамын сандармен белгілейді.

7-ге дейін тура және кері санау. Бұл тапсырманы орындадық гүлдің үшінші желегінің тілегін орындадық. Кім жұлып ,сөзін айтып береді.

4.Апта күндері.

Бір аптада неше күн бар?

Бір аптада 7 күн бар.

-Аптаның бірінші күнін,соңғы күнін ата?

Дүйсенбі, жексенбі

Апта күндері туралы тақпақ кім біледі?

5.Күлте жапырақта «?»белгісі.

Сұрақ белгісі қай кезде қойылады?

Сұрақ қойылғанда қойылады.

Мысалы:Бір нәрсе сұрағанда , жұмбақ шешкенде . Ал қазір менің сұрақтарыма кім тез жауап береді.

1.Қонжык біреу,табаны нешеу?

4

2.Үш қоянда құлақ қанша?

6

3.Суға 3 торғай қонды. Біреуі ұшып кетті . Қанша торғай қалды?

-торғайлар суға қона алмайды

Гүлдің 5-ші желесін орындадық. Келесі желекте. Ненің суреті бейнеленген.

Сергіту сәті:

1дегенде тұрайық,

2,3,4алақанды

Соғайық.

Оң жаққа бұрылып.

Сол жаққа бұрылып,

5дегенде бір отырып

бір тұрып,

6дегенде бір жүгіріп

алайық.

7 дегенде асықпай,

Орнымызды табайық.

6.Пішіндер

-Қандай пішіндер?

Ұшбұрыш ,төртбұрыш , дөңгелек

-Пішіндермен не істеуге болады?

сурет салып ,бояуға, құрастыруға.

Дұрыс балалар бүгін су көлігін құрастырамыз.

Су көлігін құрастырмас бұрын қауіпсіздік ережесімен таныс болыңыздар!

-Қандай су көлігін білесіңдер?

Қайық ,кеме т.б.

-Құрастырғанда бұрышы бар пішіндермен ғана құрастырамыз.

-Шеңбер , сопақшада бұрыш бар ма?

-Жоқ

Бұл тапсырманы да жақсы орындадық кім жұлып алам дейді?

Балалар екі-екіден қосылып , кеме,қайық құрастырады.

7-ші желекте ненің суреті бейнеленген.

Ендеше түстерді атаймыз және санаймыз.

Жауаптары: Жеті түрлі түс бейнеленген.

Жеті түрлі түсті атайды және санайды.

Рефлексивті коррекциялаушы

Көңіл күй.

-Балалар бүгінгі оқу іс – әрекетте көңіл күйлерін қандай болды?

-Сендерге оқу іс - әрекет ұнады ма?

-Бүгінгі оқу іс - әрекетте не ұнады?

Балалар біз бүгін гүлдің барлық желектің тілегін орындадық.

-Енді жеті түсті гүл балаларға алғыс айтқысы келген екен,оқып көрейік. Гүлдің ортасындағы шеңберді алып, артынан әріптерді алып.

«Жарайсыңдар!»

Бүгінгі оқу іс – әрекет аяқталып қалды,мен де сендерге алғыс айтамын «Бәрін бүгін жақсы қатысқан үшін және орындаған үшін және тапсырмаларды жақсы орындаған үшін «жарайсыңдар» деп айтамын.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Балалар тапсырмаларды орындауды, жыл мезгілдерді атап, есеп шығару туралы түсінікті;

Игереді: Математикалық жұмбақтарды шешуді , геометриялық пішіндерден құрастыруды.

Меңгереді: Сан құрамын және апта күндерін , сандарды тура және кері санауды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
20.01.2021
407
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі