Ақтөбе орта мектебі
Баяндама
Тақырып: ҚИЫН БАЛАЛАР МӘСЕЛЕСІНІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Орындаған: Тарғынұлы Дулат
2019жыл
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы мемлекетінде жас балалар және жасөспірімдер арасында (ұрлық, бұзықшылық, зорлық-зомбылық) саны артуда. Үлкендер жасөспірімдірдің арасындағы тәрбиесі «қиын» балалармен қалай жұмыс істеу керектігі жайлы жан-жақты ізденістер үстінде. Бұл тек біздің облысымыздаң ғана емес, бүкіл Республика бойынша өзекті мәселенің біріне айналып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған жолдауында «Біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық жолдары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрамыз» (34.) деген. Бұл, яғни бәсекеге қабілетті ел болу үшін жас ұрпақты тәрбиелей білуіміз керектігі. Тәрбие отбасынан басталады. Ал өмірге келген ұрпақты тәрбиелеу ол ең бірінші отбасының міндеті. Балаға тәрбие беріп, өмірге қосуы, ол – ата менен ананың жауапты ісі. Қазіргі кезде кейбір отбасында әке мен шеше ішімдікке салынып, болмаса неке тәртібін бұзып, немесе некесіз бала туып, ол баланы тастап «тастанды» қатарын көбейтіп жүрген қаракөз қыздарымыздың саны күн санап артып отыр. Сондықтан да, бұл қоғам дертін алдын алу қажет.
Тәрбие ұғымы мәнді де мағыналы ұғым, Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім, ол адамзаттың қас жауы» дегені дәл бүгінгі күнге айтылған секілді. Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда кәсіптік мектептерде қиын балалар көбірек кездесетіні белгілі, «Қиын балалар дегеніміз кімдер?» - деген сұраққа, былай жауап беруге болады: «Олар мектеп тарапынан ерекше, қосымша бақылауды талап ететін, тәрбиелеуге қарсылық білдіретін балалар». Сонымен қоса, білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мұғалімдердің талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, топтастарымен үнемі тіл табыса аламайтын, ол кейде психикалық дамуы, ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ (әртүрлі жүйке ауруларына шалдыққан) балаларды қиын балалар және қиын жасөспірімдер қатарына жатқызуға болады. Қазіргі уақытта дәрігер, психологтар және инспекторлардың есебінде осындай балалардың пайызы жоғары болып отыр. Бұл қоғамның алға басуына өз кесірін тигізетін де белгілі. Осы жоғарыда айтылып өткен қиын балалармен әлеуметтік жұмыс жасау бүгінгі күннің қажетті және өзекті ісі болып табылады.
Мінез-құлықтағы қиындық және қиын балалар ұғымын зерттеу және бақылау 1920-30 жылдары пайда бола бастады. Бастапқы ғылым саласында емес, күнделікті өмірде қолданылып жүрді. Біраз уақыт қолданылған ғылым ұмтылып, 1950-60 жылдардың басында қайтадан қолданысқа енді. Қазірде бұл терминдер ғылыми сөздіктерде нақты орын алып отыр. Балалар мен жасөспірімдердің ассоциалды мінез-құлық мәселесімен бірқатар қазақстандық педагог зерттеушілер жұмыс жасады. (Мысалы, В.Г.Баженов, Р.А.Дебагян, А.Жұмабаев, К.А.Жүкенова, А.М.Қарабаева, Л.К.Кермиов, В.П.Кривошеев, Л.В.Лысенко, М.Ф.Назаров, В.А.Парфенов, В.А.Трифонов, В.П.Шевченко, Э.И.Шнибекова, Г.А.Уманов және А.Байсымақ). Бұл зерттеушілер қиын балалардың қиқарлық сияқты жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік-педагогикалық факторлардың әсер ететіндігін зерттеді. Бастауыш мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің ассоциалды мінез-құлықтарын, спорт, өзіндік және жеке жұмыстарды ұйымдастыру, мектепке деген ықпалды күшейту, отбасындағы белсенділікті арттыру, ұжымдағы әрекеттерге балаларды қатыстыру арқылы жеңудің әр түрлі жолдарын көрсетті. Қазiргi уақытта мiнез-құлықтың бұзылу себебi түбегейлi түрде зерттелiнiп жаңа сипатқа ие болуда. Әлеуметтiк-психологиялық және педагогикалық (М.А.Алемаскин, А.С.Бехкин, Л.М.Зюбин, М.Р.Мягков және тағы басқа); клиникалық (Г.А.Власова, В.Я.Гиндикин, О.В.Кербиков, В.В.Ковалев, М.З.Певзнер, Г.Е.Сухарев тағы басқа); криминологиялық (М.М.Бабаев, К.Е.Легошев, В.Н.Кудрявцев, Г.М.Миньковский және тағы басқа) аспектiде қарастыруда.
«Қиын балалар», «мінез-құлықтағы қиындық» ұғымынан басқа, «қиындықпен тәриелену» ұғымы де кеңінен қолданылады.
«Қиындықпен тәриелену» - баланың теріс мінез-құлқы, дау-жанжал Кейде бұл қайшылық табиғи түрде, тек бір-бірін түсінбеуден шығатын дау-жанжал екеніні айтуға болады. Ал мұндай да кейде онша қауіпті емес және ол қиындықсыз жойылуы мүмкін.
Зерттеу нысаны - қиын балалар, оларды тәрбиелеу ерекшеліктері.
Курстық жұмыстың мақсаты: «қиын» балалардың пайда болу мәнін теориялық-әдіснамалық тұрғыда негіздеу және әдістемелік жүйесін талдау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
-
қиын жасөспірімдердің пайда болу себептері;
-
қиын жасөспірімдердің ерекшеліктері;
-
қиын жасөспірімдерге педагогикалық көмек көрсету;
-
қиын жасөспірімді тәрбиелеудегі әлеуметтік педагогикалық тұрғыда отбасы және мектептің өзара байланысын арттыру;
-
қиын жасөспірімді әлеуметтік ортаның теріс ықпалынан әлеуметтік педагогикалық қорғау;
-
қиын жасөспірімді қоғамға қайта қосудағы әлеуметтік жұмысты іс-жүзіне асыру.
Зерттеу болжамы. Егер «қиын» балаларды тәрбиелеуде ұстаз әр түрлі технологияларды қолданса, онда педагогтың шеберлігі мен тұлғасы шыңдалып, маңсабы көтерілер еді.
Зерттеу әдістері: үлгілеу және жалпылау, салыстыру, абстракциялау, топтау, жүйелеу, талдау, жинақтау.
Курстық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімі тұрады.
1 ҚИЫН БАЛАЛАР МӘСЕЛЕСІНІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 «Қиын бала» ұғымының шығуы және
ғалым-педагогтардың
ой-пікірлері
Қазіргі ХХІ ғасыр табалдырығын аттап отырған кезеңде «қиын балалар» мәселесі бізді әлі де ойландыруда.Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, «балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын».«Қиын балалар» ұғымы 1920-1930 жылдарда тәрбие мәселесінде пайдаланып жүрді. Бара-бара бұл 1950-1960 жылдары қайтадан қолданысқа енді. Қазір бұл мәселе ғылымда нақты орын алып отыр. Әрине, бұл мәселемен көптеген ғалымдар айналысқан, қиын балалар мінезін, өмірін жан-жақты зерттеген. Қазір де мұндай жасөспірімдер көп.Қиын балалар қайдан шығады?- деген сұраққа былай жауап берсе де болады. Ең басты себеп отбасы тәрбиесінде жатыр: ата-ананың ішімдікке салынуы немесе екеуінің біреуі болмауы. Осының бәрі баланың мінез-құлқына, ішкі жан дүниесіне әсер етеді.Кейбір тәрбиесі, мәдениеті өте төмен ата-ана баласын ұрып-соғып, жаман сөзбен балағаттап, тіпті баласына қайыр-садақа сұратқызады. Мұнда бала ертеңгі күні кекшіл, жасқаншақ, төбелескіш келеді. Сонда оның тағдыры, болашағы қандай болмақ.А.Макаренконың мына бір сөзіне көңіл қою артық болмас еді. «Бала тәрбиесі біздің өміріміздің саласы. Біздің балаларымыз мемлекетіміз бен әлемнің болашақ азаматтары. Олар ертеңгі әке мен шеше, олар да өз балаларын тәрбиелейтін болады. Біздің балаларымыз тамаша азамат, жақсы әке, жақсы шеше болып өсуі керек.Бірақ мұнымен де бітпейді. Біздің балаларымыз – біздің қартайған шағымыз. Дұрыс тәрбие - бұл бақытты қарттығымыз, бұл біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдармен бүкіл ел алдындағы кінәміз».[1]
Қазіргі уақытта мінез-құлықтың бұзылу себебі түбегейлі түрде зерттеліп, жаңа сипатқа ие болуда және әлеуметтік-психологиялық, клиникалық, криминалогиялық тұрғыда қарастырылуда.Мінез-құлықтағы қиындық – бұл шексіз ұғым, тәрбиелік және әлеуметтік педагогтік әсерге қиындықпен көнетін, қайталанбайтын психологиялық ерекшелік. Мұндай жасөспірімдер өсе келе ауыр қылмыстық істер жасауға бет бұрады. Егер талдау жасап, жасөспірімдер қылмысын тізе берсек, тізім созыла береді. Ал балалардың сол қылмысқа бару себебін іздеп, қиын балалар қалай шығатынын зерттесек, біріншіден, баланың қарны тойып тамақтануы, үйде жанжал шыққан күннің ертесінде мектепке бару, бармау мәселелері тұрады. Осы және тағы басқа мәселелерді реттеу, шешу жолдары тиісті адамдар тарапынан ұсынылған. Бала – біздің болашағымыз, елді өсіретін де, өшіретін де, осы келешек ұрпақ.Мінез-құлықтағы қиындық және қиын балалар ұғымын зерттеу және бақылау 1920-30 жылдары пайда бола бастады. Бастапқы ғылым саласында емес, күнделікті өмірде қолданылып жүрді. Біраз уақыт қолданысталған ғылым ұмтылып, 1950-60 жылдардың басында қайтадан қолданысқа енді. Қазірде бұл терминдер ғылыми сөздіктерде нақты орын алып отыр. [2]
Сөз етіп отырған бұл мәселе әрдайым социолог, психолог, әлеуметтік педагог, заңгер, дәрігер, педагог мамандарының зейінін өзіне аударып, оларды алаңдатып отыратын үлкен мәселе екенін айтып өту керек.Ең алғаш осы мәселе бойынша зерттеу жүргізген П.П.Бельский (1917ж., 1924ж.) болды, ол өз мінез-құлқы шамасынан ауытқыған, кәмелетке жасы толмаған балаларды қарастырды. П.П.Бельский өзінің 30 жыл уақытын заң бұзушы балалар мен жасөспірімдердің ішкі әлемін зерттеуге арнады. Бірақ та оның теориялық позициясы жеткіліксіз болды. Ол Л.И.Петражицскийдің теориясына сүйенеді (1908), З.Фрейд пен К.Левиннен, сонымен қатар, Ч.Ломбрододан да бірталай мағлұматтар алды.Осы қиын балалар мәселесі бойынша, жоғарыда аталған ғалымдарымыздың ішінде А.С.Макаренконың қиын балалар мен жасөспірімдерге арналған еңбектері отандық педагогикалық алтын қорына енді.П.О.Эфрусси мінез-құлықтағы қиындық табиғатын жүйке жүйесіндегі ерекшеліктері қозғаушылық, көңіл-күйдің аумалы-төкпелігімен, жұмысқа қабілеттіліктің нашарлауымен түсіндіруге әрекет жасады, сонымен бірге ол психологиялық себептерді физиологиямен ұшырастырды. Оның зертеуінің құндылығы мынада,ол кейбір жекелік ерекшеліктерді талдауға, соның ішінде оқушылардың өзін-өзі қалыптастыру әдетін анықтауға көп септігін тигізеді. [3]
Қиын балалардың жекелік ерекшеліктерін өмір жағадайымен, тәрбиемен өзара әрекеттестігін есепке алып, кешенді құрама түрінде зерттеп, іске асырған П.П.Блонский (1986ж) болды. Оның зерттеуінің негізгі мақсаты – қиын балалардың өмірін нақтылау. П.П.Блонский қиын балалардың мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсетеді. Ол қиын балаларға әлеуметтік педагогтің қатынасы арқылы «қиын оқушы» терминін нақтылауды жөн көрді. Бұл балаларға былайша мінездеме берді: «Объективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы – мынадай, ол әлеуметтік педагогтің жұмысының жемісті еместігіне байланысты. Субъективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы – мынадай, онымен әлеуметтік педагогқа жұмыс істеу өте қиын, әлеуметтік педагогтен көп жұмыс істеуді талап ететін оқушы». «Істі білдіруші» оқушыларға толыққанды мінездеме бере отырып, П.П.Блонский өз жұмыстарында мектепті, сыныпты ұйымдастыруға баса көңіл бөлінеді. Блонскийдің пікірі бойынша қайта тәрбиелеудің нағыз тура жолы, тәртіп бұзушыларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар ұжымына біртіндеп әкелу болып табылады.Көп жылдық оқу мен бақылау негізінде И.А.Невский қиындықпен тәрбиелетентін баланың пайда болуын, балалармен отбасына, мектепте жүргізілетін оқу тәрбие жұмыстарының жеткіліксіздігінен, кемеліне жетпеген педагогикалық практика нәтижесінен деп түсіндірді. Ары қарай ол өз ойын бойлай көрсетеді. Бұл қыңыр құбылыспен күресу бағытының шешімі әлеуметтік педагогтің тиімді әдістерді меңгеру қабілетін қарай емес, сол әдістерді дұрыс қолданып, дұрыс игеруіне негізделеді. Ал бұл негіз ең біріншіден әлеуметтік педагогтің жеке қасиетіне, қабілетіне, оқушымен қарым-қатынасына, олардың әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруына қарай құрылады. [4]
Баланың психикасы көп факторлы, әлеуметтік өмір жағдайына қоғам дамуына тәуелді екенін қарастырды.Ғалымдардың бірқатары баланың дамуындағы кідіріске, қоғамға бейімделудің қиындылығына себепші болып отыратын қолайсыз әлеуметтік-биологиялық факторларды анықтады.Балалар мен жасөспірімдердің ассоциалды мінез-құлық мәселесімен бірқатар қазақстандық педагог зерттеушілер жұмыс жасады. (Мысалы, А.Байсымақ, В.Г.Баженов, Р.А.Дебагян, А.Жұмабаев, К.А.Жүкенова, А.М.Қарабаева, Л.К.Кермиов, В.П.Кривошеев, Л.В.Лысенко, М.Ф.Назаров, В.А.Парфенов, В.А.Трифонов, В.П.Шевченко, Э.И.Шнибекова, Г.А.Уманов). Бұл зерттеушілер қиын балалардың қиқарлық сияқты жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік-педагогикалық факторлардың әсер ететіндігін зерттеді. Бастауыш мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің асоциалды мінез-құлықтарын, спорт, өзіндік және жеке жұмыстарды ұйымдастыру, мектепке деген ықпалды күшейту, отбасындағы белсенділікті арттыру, ұжымдағы әрекеттерге балаларды қатыстыру арқылы жеңудің әр түрлі жолдарын көрсетті.В.В.Трифонов зерттеулерінде «қиын оқушы» анықтамасы – бұл күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қаруды, әлеуметтік педагогтің ерік-жігерін, күшін, қажырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы. Бұл шексіз ұғым. [5] Ол жеке адамның өзгеру құбылысын жинақтаушы. Осы категориядағы балалардың жалпы адамдық және өзге ешкімде қайталанбайтын қасиеттері, әлеуметтік және биологиялық факторлардың ықпалымен қамтамасыз етіледі.Біраз зерттеулер (М.А.Алемаскин, Л.М.Зюбин, Д.В.Колесов, В.Н.Кудрявцев, Г.М.Минковскиий, И.Ф.Мягков және тағы басқа) «қиын балалардың» басым көпшілігі – бұлар мектеп бағдарламасын дұрыс меңгере алмайтындар, сондықтан да оқушылар ұжымынан тысқары шығып қалатын балалар, - деп атап көрсетті. Ұжымдағы жағымды позициядан қалыс қалу оларды теріс мінез-құлыққа, айналасындағы адамдармен, әсіресе бірге оқитын құрбы-құрдастарымен дұрыс қарым-қатынас жасауына кедергі келтіреді.«Қиын балалар», «мінез-құлықтағы қиындық» ұғымынан басқа, «қиындықпен тәриелену» ұғымы де кеңінен қолданылады. [6]
«Қиындықпен тәриелену» - баланың теріс мінез-құлқы, дау-жанжал Кейде бұл қайшылық табиғи түрде, тек бір-бірін түсінбеуден шығатын дау-жанжал екеніні айтуға болады. Ал мұндай да кейде онша қауіпті емес және ол қиындықсыз жойылуы мүмкін.«Қиындықпен тәриелену» мәселесі Г.А.Фортунатовтың (1935 ж) еңбектерінде зерттеген. Өзінің зерттеулерінде «қиын бала» ұғымына былайша түсінік беріп, оларға үлгермеушілер мен тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды жатқызады. «Қиын балаларға» ол психикалық бұзылудан жапа шеккендерді жатқызады. Г.А.Фортунатов қиын балаларға тек анықтама беріп қана қоймай, ондай балалардың пайда болуының себептеріне түсіндіреді және осындай себептің екі тобын табады. Бірінші топқа ол ескінің әсерін, ал екіншіге оларды қиналатын ішкі дау-жанжалдарды жатқызады. Дау-жанжалдардың тууы негізінде балаларда көбінесе мынадай мінез-бітістер: қозушылық, ұстамдылық, кейде ақылға сыймайтын қасарғыштық, кекшілдік, мейірімсіздік тағы басқа пайда болады. [7]
«Қиын балалар» намысқой келеді, олар бір нәрсеге өзінің жарамсыз екенін сезіп тұрады және сол себептен қиянат жасауға физикалық күшін жұмсап, «маған бәрі жоғарыдан төмен қарайды, мені адам екен деп санамайды, мен оларға көрсетімін»(8.), - деп саналы түрде ой тұжырымдап өзін-өзі сендіреді.Ұзақ мерзімді дау-жанжал баланы қиын атандырып ғана қоймайды, сонымен бірге оның жүйке-жүйесінің бұзылуына себепші болуы мүмкін (психоневроз). Балаларда ішкі дау-жанжалдың ықпалынан сыртқы дүниеге, қоршаған ортаға деген сенімсіз, тіпті жауластық сияқты қатынастар пайда болады.Л.С.Выготский «қиындықпен тәрбиеленумен» күресудің нақты жолын анықтап берді. [8]
1.2 Балалалар арасындағы ауытқушылық
мінез-құлықтың
шығу себептері мен
факторлары
Адам өмірге келген сәттен бастап үлкен әлеуметтік ортаға тап болады. Оның осы ортада өзін нық, еркін сезінуі мен үйлесімді дамуы үшін көптеген факторлар қажет. Қазіргі көпмәдениетті қоғамда балаға сырттан әсер етуші жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына ауқымды әсерін тигізеді. Ст.Холл «бала толыққанды дамуы үшін өз халқының сезімдері мен көзқарастарын басынан өткеруі қажет» деп санайды.
Қандай да олқылығы бар баланың даму жағдайы, әдетте қолайсыз, жағымсыз болады. Ол баланың дамуына кері тиетін тәрбиелеуші шағын әлеуметтің сипаттарынан тәрбиелеу-оқыту үрдістерінен және ықпал еткен тәрбиеленушілердің ішкі ұстанымынан құралады. [9]
Балалалардың әлеуметтік-педагогикалық олқылығының пайда болу тетігі мен дамуы баланың тұлға болуға деген қажеттілігі мен сондай болу мүмкіндігінің арасындағы қайшылықтар негізінде іске қосылады.
Баланың персонализациялануға ұмтылуы оған қатысты референттік топтардың ( бірінші отбасының, одан кейін балалар бақшасындағы және мектептегі құрбыларының ( оның әлеуметтік қалыптарға сай емес жеке дара көріністерін қабылдағысы келмейтіндігімен және құрбыларының жас ерекшелігіне байланысты мұндай ұстанымы педагогтердің және ата- аналардың олқылығы бар балаларға қатынасы негізінде қақтығысқа түседі.
Әлеуметтік – педагогикалық олқылық ерте балалық шақтан, шамамен үш жастан басталады, яғни баланың өзіндік санасының, мінез – құлқының ережеге сәйкестігінің және нормативтік іс-әрекетінің дами бастаған шағымен қатар келеді. Жағымсыз даму жағдайында олқылықтардың сандық белгілері мен көріністері жинақталып қалады.
Ерте зерттеу, алдын алу және түзету жұмыстары олардың жоғары нәтижелі маңызына ие.
Ауытқушы (девианттық) мінез-құлық деп қоғамда қалыптасқан нысандарға сәйкес емес әлеуметтік мінез-құлықты айтамыз ( И.Невский). Белгілі әлеуметтанушы И. Кон девианттық мінез-құлықты психикалық денсаулық, құқық, мәдениет немесе адами қалыптарының жалпы қабылданған қалыптардан ауытқыған іс-әрекет жүйелері ретінде қарастырады. Бейімделуші мінез-құлықтың тұжырымына сәйкес кез келген ауытқушылық бейімделудің бұзылуына алып келеді (психикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, қоғамдық). [10]
Балалар мен жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылық көріністері олардың адамгершілік және әлеуметтік дамуы жағынан дара ерекшеліктер мен тұлғалық көріністеріне, нақты жағдаяттар мен өмір жағдайларына және іс-әрекеттеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін.
Мінез-құлықтық реакция бір рет немесе жүйелі түрде әсер ететін өмірдің жағымсыз жағдайларымен және шарттарымен негізделеді. Соңғы жағдайда нақ осы немесе басқа ахуалға алып келетін мінез-құлықтағы өзгерістер біртіндеп тойтарыс беруді, қарсы шығуды, кетіп ұялуды, агрессияны келтіре аламыз. Бұл реакциялардың көрінуі нысандары өте көп болуы мүмкін. Олар әрдайым жойылуымен қоса бұл да жоғалады. Бірақ, ондай жағдайлар жиі қайталанып, бірінің үстіне бірі қатпарлана берсе, онда реакциялар беки түседі және басқа типтегі мінез-құлықтың дамуына алып келетін тұрақты психологиялық кешендер туындайды.
Жасөспірімдердің мінезіндегі ауытқушылықтың себептері мен факторларына тоқталып өтсек:
-
дұрыс тәрбиеленбегендерінің себебінен қажетті білімдердің, біліктердің, дағдылардың жоқтығы, мінез-құлқындағы жағымсыз топтардың қалыптасқандығынан баланың, жеткіншектің өзін дұрыс ұстамайтындығынан туындайтын әлеуметтік-педагогикалық олқылықтар;
-
жайсыз отбасылық өзара қарым-қатынастар, жағымсыз психологиялық ахуал, оқудағы жүйелі сәтсіздіктер, сынып ұжымдарындағы құрбылармен өзара қарым-қатынастың орындамағандығы, ата-аналарының, мұғалімдердің сыныптас жолдастарының дұрыс емес (әділетсіз, дөрекі, қатал) қатынастарынан туындайтын терең психологиялық жайсыздықтар;
-
психикалық және физикалық денсаулығы мен дамуы жағдайындағы ауытқушылықтар, жас ерекшелік дағдарыстарындағы, мінез акцентуациясы және басқа да физиологиялық, психоневрологиялық ерекшеліктер себептері;
-
ішкі және сыртқы белсенділігінің саналы көріністеріне, өзін-өзі көрсетуіне жағдай жасалмағандығынан, іс-әрекеттердің пайдалы түрлерімен айналыспайтығынан, жағымды және маңызды әлеуметтік, сондай-ақ, жеке өмірлік мақсаттары мен жоспарларының болмауы;
-
қараусыз қалумен, қоршаған ортаның кері ықпал етуімен және осының негізінде дамитын әлеуметтік-психологиялық дезадаптациямен, әлеуметтік және жеке құндылықтарының жағымсыз түрде ауысуы және жағымсыз жайттар. [11]
Жасөспірімдер мен балаларға қоршаған адамдардың немқұрайдылығы зейін қоймауы негізінде дамитын әлеуметтік-педгогикалық бақылаусыздық бұл тізбектегі ерекше рөл мен мағынаға ие. Нәтижесінде жалғыздық, қараусыз қалғандық, қажетсіздік, қорғансыздық сезімдері, жасөспірімдердің пікірінің, тағыдырының қызығуы мен икемділіктерінің өз бетінше ұйымға, кооперацияға, өзін-өзі ұйымдастыруға ұмтылуына алып келеді.
Қазіргі кездегі жасөспірімдердің жүрген ортасы қолайлы емес. Өйткені, бала ауытқушылық мінез-құлықтың әр түрлі нысандарын мектепке бара жатқанда да, аула мен қоғамдық орындарында да, тіпті үйде де көреді. Дәстүрлі ұлттық құндылықтар нормасының босауы, ата-ананың, әсіресе, отбасындағы әке беделінің төмендігі, мінез-құлықтың тұрақты үлгілері мен моралдық шекаралардың жоқтығы, әлеуметтік бақылаудың босаңсуы жасөспірімдер ортасындағы ауытқушы және өзін-өзі жоюға мінез-құлықтың өсуіне ықпал етеді. [12]
Балалалар мен жасөспірімдердің дамуы мен мінез-құлқына кері әсер ететін сыртқы факторларға мыналарды жатқызуға болады:
Қоғамдағы өтіп жатқан үрдістер:
-
қоғамдық құндылықтар иреархиясын өзгертуге бағытталған айқын жағымды мемлекеттік идеологияның жоқтығы;
-
заңдардың және құқық қорғаушы орындардың жетілмегендігі, қылмыстардың жазаланбауы;
-
жұмыссыздық (нақты және жасырын);
-
экономикалық тұрмысы төмен балалы отбасыларға әлеуметтік кепілдіктермен және мемлекеттік қолдаудың жоқтығы;
-
өскелең ұпақтың әлеуметтенуінің дәстүрлі институттарының күйреуі мен дағдарысқа ұшырауы;
-
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы зорлық-зомбылық және қатігездікті насихаттау;
-
балалардың денелік және психикалық денсаулығының бұзылуын дер кезінде ауытқудың, соған сәйкес көмек көрсетудің және квалификациялық диспансеризациясының болмауы;
-
темекіге, ішімдікке, нашақорлық заттарға жолдың ашықтығы.
Отбасының жағдайы және оның ахуалы:
-
толық емес отбасы; отбасының материалық жағдайы;
-
ата-аналардың төмен әлеуметтік-мәдени деңгейі;
-
отбасындағы тәрбие стилі (балаға бірыңғай талаптардың қойылмауы, ата-аналардың қатігездігі, олардың жазасыздығы және баланың құқықсыздығы);
-
ата-аналардың ішімдікті, нашқорлық заттарды теріс пайдалануы;
-
ата-аналардың балалардың психоактивті заттарды қолдануына жол беруі.
Мектепішілік өмірдің жеткілксіз ұйымдастырылуы: -
оқу және тәрбие үрдісін басқаруды ұйымдастырудың толық жетілмегендігі; мектептің материалдық қамтамасыз етілуінің нашарлығы; қоғам арқылы балаларымен айналыспайтын ата-аналарға ықпал ететін тетіктердің және меткептің оқушылар отбасыларымен жүйелі байланысының жоқтығы; пәндік мұғалімдердің жетіспеушілігі; сабақтардың жиі болмай қалуы; сабақтан тыс жұмыстардың қанағаттандырғысыз ұйымдастырлуы; мектепте балалар ұйымдарының болмауы;
-
мұғалімдердің бала және жас ерекшелік психологиясын білмейтіндігінен көрінетін кәсіптік деңгейінің төмендігі; «оқушы-мұғалім» жүйесіндегі өзара қарым-қатынастарының автолитарлық немесе бетімен кетушілік деңгейінде болуы;
-
жетілмеген жаңа оқу бағдарламасын енгізу, құндылықтар бағдарламаларының өзгеруі және соның негізінде «нені және қалай оқыту?» мәселесінің туындауы;
-
мектепке келген оқушылардың дамуының және оқу түрткілерінің төмендігі. [12]
Жасөспірімдердің түрлі себептермен мектепке бармай қалуы да туындайды.Баланың мектепке бармай қалуының айтарлықтай жиілеп кетуі оны психиатрға қаратуға себеп болады. Кездейсоқ себептерден кездесіп қала беретін төтенше жағадайлар мүлде әр түрлі көріністе болып келуі мүмкін: ата-анасының шешімімен кішкентай інісін немесе қарындасын қарап отыруға баланың үйде қалдырылуы, немесе баланың өз бетімен лағып кетуге бейімділігі, немесе мектпеке барудан қасақана бас тартуы сиықты келтірілген сылтаулардың барлығы оның эмоциональды бұзылуына байланысты болатындықтан, мектепке бармай қалуына осы кінәраты себеп болуы мүмкін. Мектепке барудан бас тартуы – оның сабаққа қатысқысы келмегендігінен, өз кезегінде әр түрлі механизмдердің ықпалы себеп болуы да мүмкін. Ең алдымен сабаққа қатыспай лағып жүрген баланың немен айналысатынын анықтау қажет. Егер үйден шығып мектепке кеткен бала сабаққа қатыспаған болып шықса, онда ол кино қарауға театрға кетуі, немесе жолдастырымен ойнап кетуі, немесе басқа бір жерлерде тағы бірдеңелермен айналысып жүруі әбден мүмкін екендігі ешқандай да күмән туғызбайды. Егер бұл шындығында осылай болған болса, онда ата-анасы баланың мектепке бармай, өз бетімен лағып жүретіндігінен мүлде хабарсыз екені әбден мүмкін. Ол мектепке бармай өз бетімен лағып жүрген уақыттарда басқа да қылмысты теріс қылықтарға баруы немесе әлеуметтік жағымсыз әрекеттерге ұрынуы ықтимал. Егер баланың психикалық күйзелісі бұрыннан да бар болса, онда оның ықтимал диагнозы әлеуметтік дезадаптация болуы мүмкін (мектепке бармай, өз бетімен лағып кететіндердің көпшілігінде, әлбетте, болмайды).
Егер баланың мектепке бармай үйде қалғаны ата-анасына мәлім болса, онда олардың өздері қалдырғаны немесе баланың өзі мектепке барудан бас тартқаны. Бірінші жағдайда баланың мектепке баруына ата-анасының мүмкіндік бермегені, ал, екіншісінде баланың мектепке өзі барғысы келмегені туралы мағлұматтарды ескерген дұрыс. Егер баланың мектептен бас тартқаны туралы сөз болса, онда біз: мектептен қорқуы, ата-анасынан айырылып қаламын деп қорқуы, әлеуметтік фобия, көліктік фобия немесе әлеуметтік байланыстан қашқақтауы сияқты әр түрлі себептердің нәтижесінде пайда болған эмоциональды күйзелістермен істес боламыз. Әрбір жағадайда бір-екі мәселенің жәрдемімен ықпал жасайтын бұзылу механизмдерінің сипатын анықтауға болады. Біріншіден, бала үйде немесе жолдастарымен болғанда өзін қалай ұстайтынын анқытау пайдалы. Егер оның денсаулығы бірқалыпты жақсы және көңіл-күйі шат-шадыман болып көрінсе, онда біз оның мектепке барудан бас тартуының негізі әлеуметтік байланыстан қашқақтауға тырысуынан деп ұйғаруға толық құқымыз бар. Егер ол қайғыға батып тұнжырап жүретін болса, өзін бақытсыз санап, ешкіммен араласпай жалғызсыраған байғұс болып көрінсе, жолдастарымен қосылып ешқандай жүрмесе және көңіл тоқтатып тереңірек ойлайтын қабілеті төмен болса, онда оның мектепке барудан бас тартуы депрессия түріндегі немесе өте сирек кездесетін шизофрения түріндегі айтарлықтай жиі таралған эмоциональды күйзелістің негізінен деп санауымызға толық дәлел болады. [13]
Екіншіден, мектепке барғысы келмеудің сабақ кестесіне байланысының бар-жоғын білу қажеті. Егер баланың мектепке барудан бас тартуының себебі кесте бойынша француз тілі сабағы болатындықтан немесе өзінің жалығып ұзақ отырып қалуына тура келетін қосымша сабақтың күндеріне ылғыи да сәйкес келіп тұратын болса, оның бас тартуы мен мектептегі белгілі бір жағдайдың арасында берік байланыстың бар екенін көрсетеді.
Онан кейін қаралатын үшінші мәселе: сабаққа бармай қалу үй ішінің оқиғасына байланысты ма? Бұл симптом шешесінің депрессиясын немесе әкесіне жұмыс істеткізбейтін оның бір ауруын асқындыра ма? Шешесінің жұмысқа үйден шығып кеткен тап сол мезгілі бұл симптомды қоздырып өршіткен жоқ па? Симптомның үй ішіндегі оқиғаға тәуелділігінің ашылуы оның үй ішіндегі немесе отбасындағы жағадайларға байланысты пайда болуына баланың мазасызданып алаңдаушылық туғызуы маңызды рөл атқаратындығы ықтимал екендігін ескертеді. Осыған ұқсаған мінез-құлықтың өте кең таралған механизмдері баланың ата-анасынан айырылып қалу қорқынышынан болады. Мұндай жағдайда баланың жақын туыстарынан айрылысқан кездегі оған тигізетін әсердің өзіне тән бейнесін анықтау қажет. Балалар мен жасөспірмдердің тұлғасындағы және мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың алдын алу оларды психологиялық иммунизациялауды қажет етеді, яғни, әлеуметтік-құзырлы адам болып қалыптасуы үшін мінез-құлықтың психогигиеналық дағдыларына дұрыс таңдай жасай алу біліктерін үйрету. Бұл мақсаттарды орындау үшін қоғамдық дағдарыстың жағымсыз әсерлерін жоятын және түзейтін әлеуметтік-педагогикалық жағдайларды құруға бағытталған мектеп саясатын жүйелеу қажет. Оған мынадай бағыттарды енгізуге болады: [14]
-
балалар мен жасөспірмідердің ауытқыған мінез-құлықтарының типтері мен нысандардың таралуын, оларға әсер етуші факторларға анықтау, сонымен қоса, оқушылардың және олардың ата-аналарының білімге және тәрбиеге деген қажеттіліктерін зерттеу;
-
оқушылардың, ата-аналардың пікірлерін зерттеудің нәтижелерін талдау және соның негізінде анықталған ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың тұлғасымен мінез-құлқындағы ауытқушылықтарды алдын алу және түзету бағдарламаларын құрастыру;
-
мектепте және жастар орталықтарында сыртқы тәуекел факторларына азат психологиялық, педагогикалық ахуалды қалыптастырып, бірқатар құзырлы шешімдермен шешілетін оқушылардың ата-анасымен тиімді өзара қарым-қатынасты дамыту, қосымша білім беруді және тағы басқа шараларды ұйымдастыру әлеуметтік мамандардың құзырында. [15]
Жасөспірмдердің тұлғалық және әлеуметтік құзырлығын қалыптастыруда, жағымсыз мінез-құлық көріністері түзетуді олардың жағымды «Мен» бейнесін дамытудың, өзін-өзі құрметтеу сезімін, сындарлы ойлау қабілетін, әлеуметтік маңызды мақсаттарды қоя білу білігін және жауапты шешімдер қабылдай алуды дамытудан бастаған жөн. Жасөспірім салауатты өмір салтын калыптастыра алуы үшін оған эмоциясын игере алуға, үйренуді, қақтығысты жеңе алуға үйрету қажет, сынды, өзін-өзі қорғауды, басқа адамдар тарапынан шыққан қысымға қарсылықты агрессиясыз қабылдау әдіс-тәсілдеріне баулуды, зиянды әдеттерге қарсы тұруға үйретуді, қабылдау тәсілдеріне баулуды, зиянды әдеттерге қарсы тұруға үйретуді, салауатты өмір сүруге және пайда болған мәселелерді әлеуметтік-жағымды құралдарымен шешеуге мүмкіндік беретін құндылықтармен қатар қалыптастыру қажет. Балалар мен жасөспірімдер тұлғасы мен мінез-құлқындағы ауытқушылықтың тың алдына алу жұмыстары тек мыналардың негізінде жүзеге асса ғана тиімді болады:
-
оқу іс-әрекеті жемісті болғанда;
-
оқушылардың қанағаттандыратын эмоционалдық жағымды өзара қарым-қатынас жүйелері (құрбыларымен, әлеуметтік педагог, мұғалімдерімен, ата-аналарымен) және психологиялық қорғалуы болғанда.
Соңғы жағдай тікелей түрде әлеуметтік қорғалумен байланысты. Оған мыналар кіреді:
-
оқушылардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін білуі;
-
оларды мұғалімдер мен оқу және тәрбие үрдісіндегі басқа субъектілердің бұлжытпай орындалуы;
-
оқушылардың қандай да бір белгісіне қарай дискриминацияға ұшырауына жол бермейтін психологиялық және әлеуметтік теңдік;
-
оқушылардың жеке дара ерекшелігі мен өзін-өзі анықтау құқығын сақтау. [16]
Бұл талаптарды орындау жасөспірімдердің барлық топтарымен және типтерімен өткізілетін оқу-тәрбие жұмыстарын педагогикалық дифференциация жолымен жүргізуге мүмкіндік береді. «Қиын» оқушылар әдетте өзінің ақыл-ой қабілеттілігі, сана-сезімінің өсіп-жетілуі жағынан өз құрбыларынан артта қалып, жұмыс істеуге қабілеттіліг төмендеп, кейбір психикалық функцияларының өсіп-жетілуінде ауытқушылығы (қабылдауы, зейіні, есте сақтауы, ойлауы, елестетуі, еркі, сөйлеуі, сезімі, т.б.) байқалады. Кей жағдайларда олардың ақыл-ойы, психикалық қасиеттері өз деңгейінде дамыған да болып келеді, керісінше, теріс бағытта, яғни олардың өздері үшін маңызды жағдайларда аса қырағы, байқағыш, көреген болып келеді. Ал сабақта ерікті қабылдауы, зейін қойып тыңдауы нашар, әлсіз болады. Сондықтан мұндай оқушыларға қолайлы жағдай туғызып, тиімді тәрбие әдістерін қолдану арқылы оқуға, өзінің айналасындағыларға қатынасын өзгертіп, тәртібін жақсартуға болады.Тәртібі «қиын» оқушылардың өздеріне тән ерекшеліктері сабаққа, ақыл-ой еңбегі мен дене еңбегіне қабілетсіз болып келетіндіктері. [17]
Жоғары да көсретілген талаптарды орындаған жағайда жасөспірімдерге көрсетілген көмектің жиынтығы тұлғаның бірқалыпты үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді.
1.3 Қиын жасөспірімді тәрбиелеудегі мектеп ұжымы мен отбасының рөлі
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында девиантты мінезді оқушыларға мынадай анықтама берілген: «балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан үнемі жалтаруы, отбасынан немесе балалардың оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, сондай-ақ қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы».Олардың әр кезеңде әртүрлі аталғаны бізге белгілі: «тәртібі нашар», «қиын», «тәрбиесі қиын» тағы басқа.Ғылыми тұрғыдан зерттегенде, дәл осы балалардың оқуға қызығуларының жоқ екені, олар мектепке де сыймай, үйге де сыйлы болмай, мұғалімдердің берекесін кетіріп, түптің түбінде олардың басым көпшілігінен дайын заң бұзушылар мен қылмыскерлер шығатыны бұрын да дәлелденген.Әрбір оқушының өзін қоршаған ортасымен тығыз қарым-қатынаста болатынын, солардың әсерімен дамитынын ескере отырып «қиын» балалардың мінезіне отбасы, мектеп және көшенің қалай әсер ететін жағдайларына жеке-жеке тоқталып көрелік.Бала тәрбиесіне отбасының жағымсыз әсер ету жақтарын сөз еткенде, оны үш топқа бөліп қарастыруға болады.
1. Бірінші топ – баланы қалай тәрбиелеуді
біледі және дәл солай тәрбиелейді. Олар көп емес, алайда, өздерінің
саналы өмірімен және сапалы іс-әрекеттерімен тек өз балаларына ғана
тәрбие беріп қоймай, мектептегі қоғамдық жұмыстарға қолғабыс етіп,
басқа ата-аналарға үлгі
көрсетеді.
2. Екінші топ - өз балаларына өнегелі тәрбие
бергісі келеді, бірақ, қалай тәрбиелеу керек екенінін білмейді.
Мұндайлар ата-аналардың басым көпшілігі. Олар білмегендіктен
балаларына кері әсер етуі
мүмкін.
3. Үшінші топ – балаларды тәрбиелеудің
жолдарын білмейді, білгісі де келмейді, педагогтерге қарсы тұратын
төмендегі әлеуметтік топ. Бұлар соншалықты көп болмағанымен, «қиын»
балаларды беретін отбасылар.
Енді осы факторларды тарата айталық. Халық даналығы «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Не ексең соны орасың», десе ұлы Абай «тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерімен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі - ақымақшылық» деп түйіндейді. Ал атақты физиолог И.Павлов «әрбір баланың мінез-құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекеттерінен үлгі алу барысында қалыптасады» деп тұжырымдайды.Бала отбасы жағдайында өмірдегі әртүрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым-қатынаста болу сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді. Отбасында бірін-бірі сыйлау, қамқоршы болу, бірлесіп еңбек ету секілді игі дәстүрлер қалыптасқан болса, ол ортадан қоғамға қарсы тұратын тәрбиесіз адам шығуы теориялық жағынан алғанда мүмкін емес. Бұл әңгімеміз, әрине, бірінші топтағы ата-аналарға қатысты. [18]
Моралдік жағынан азғындаған отбасында, әдетте, балаға жеткілікті көңіл бөлінбейді. Балалар ата-анасының қамқорлығы мен сүйіспеншілігін сезінбегендіктен, оларды А.С.Макаренко «ертеңгі күннің қуанышын жоғалта бастайды»,- деген. Сондықтан олар отбасында өздеріне алмаған жылылық пен қайрымдылықты сырттан, көшеден іздейді. Бірақ, көп жағдайда оларды қоғамға жат элементтер өз «қамқорлығына» алады. Олар бұзақылар тобы , нашақорлар, жезөкшелер және тағы басқа әлеуметтік топтар болуы мүмкін.Отбасы тәрбиесінде ең маңызды мәселенің бірі – ата-аналардың педагогикалық көзқарасының қалай қалыптасуында. Қазіргі кездегі аса бай отбасылардың пайда болуы, оларда бала тәрбиесінің дұрыс тәжірибесі қалыптасты деген сөз емес. Міне, осындай отбасылардың кейбір ата-аналары балаларының кез келген сұрансын мезетте қанағаттандыру, аламын деген нәрсенің бәрін сөзге келмей сатып әперу, үй тірлігіне қатыстырмауы баласының өзімшіл, тек қана тұтынушы, жалқау, басқаның есебінен жақсы өмір сүргісі келетін, арамтамақ болып қалыптасуына әкеліп соқтыратынын ескере де бермейді. Дәл осыған қарама-қарсы әрекет істейтін ата-аналардың да түсінгі балаларын тура жолдан шығаруға итермелейді. Мұндай ата-аналар өз балаларын аса қаталдықпен тәрбиелеймін деп әртүрлі қысым мен тыйымдарды қолдану, сәл нәрсеге бола қатаң жазалау, ар-намысын қорлайтын әрекеттер жасау арқылы балаларын өздеріне қарсы қояды. Мұндай жағдай да әрине, балалар ата-анасын сыйламайды, олардың баласына айтқан «ақылы» кері әсер етеді. Осындай отбасында «тәрбие» алған баланың тәрбиелі болуы да екіталай.Үшінші топқа жататан ата-аналар өз балаларының не істеп, немен айналысып жүргендерімен ісі жоқ, оны өзінің міндеті деп санамайтындар. Олардың балалары қараусыз қалғандай әсер береді. Бұл – ең қауіпті әрі сөз жоқ, девиантты мінезді балалардың басым көпшілігін беретін отбасылар.Мектептегі оқу-тәрбие жұмысындағы кемшіліктердің де бала тәрбиесіне кері әсер етері даусыз. Олардың бірнеше түрін атап өтсек мына төмендегідей: [19]
- Тәртіп бұзуға бейім тұратын оқушылардың дер кезінде анықтап, олармен алдын ала жұмыстар жүргізбеу.
-
Мектеп ұжымының осы мәселеде алаусыз болуы немесе жүйелі жұмыстың болмауы. Мектептегі өзін-өзі басқару жұмысының дұрыс жүрмеуі.Сыныптан тыс, мектептен тыс өтілетін іс-шаралардың сапасының төмен екендігі.Тәрбиесі қиын балалардың отбасыларымен қарым-қатынастың нашар ұйымдастырылуы.
-
Девиантты мінезді оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орната білмеу немесе мұғалімдер мен тәрбиешілердің кәсіби деңгейінің төмендігі.
-
Кейбір мұғалімдердің сабақ беру әдісінің төмен болуының әсерінен оқушылардың сабаққа қызықпауы, үлгерімнің нашарлығы, сөз жоқ, оқышылардың тәртібін әлсіреді және ол мұғалімдердің де беделін төмендетеді.
-
Кейбір мұғалімдердің педагогикалық этиканы білмеуі немесе сақтамауы оқушыларды өзіне қарсы қоюға әкеліп соғады да, ұзаққа созылған шиеленісті туғызады.
Көшедегі кездейсоқ топтардың оқушының теріс мінезін қалыптастырудағы қосар үлесі де аз емес. Өйткені, қазір көшелерді, аймақтарды белгілі бір топтардың бөліп алып, сол жерлерде билік жүргізілетіні ешкімге де құпия емес.Олар өз түсініктері бойынша өмір сүреді және өз қатарын өзі сияқтылармен толықтырып отырады. Ал олар сол ортада өздерін еркін әрі ыңғайлы сезінеді. Себебі отбасында, мектептегі қағидалары мен адами құндылықтары өздерінше қалыптасқан. Сондықтан қоғамдық мораль мен нормалар олардың түсінігіне сай келмейді. Олардың еліктейтіндері: түрмедегі беделділер, зоршылық пен тонаушылық «ерлік» істері. Ендеше қоғамға жат құмар ойыны, ішкілік ішу, дөрекі сөйлеу, нашақорлықпен, жезөкшелікпен айналысу олардың күнделікті қатардағы тірліктері іспетті. Нәтижеде отбасындағы тәрбиенің нашарлығы мен мектептегі тәрбие беру ісінің дұрыс жолға қойылмауының кесірінен девиантты мінезді балалар тәртіп бұзушылардан «көше» тәртібін қабылдайды. Сөйтіп, ақырында кәдімгі қылмыскерлерге айналады.Енді осы девиантты мінезді оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне тоқтала кетелік.Бұл қиын балалар өздерінің интеллектуалдық қабілеті жағынан өз қатарларынан қалмайды. Алайда, олардың жоғары психологиялық қасиеттері: зейін, абстрактілі ойлау, есте сақтау тағы басқа әртүрлі жаттығулар мен дағыдыларды дамытпағандықтан артта қалған. Соның салдарынан олар қисынды ойлай білмейді, өз ісінің ақырын болжай алмайды, сондай-ақ танымдық белсенділігі төмен, ғылым және саяси-қоғамдық мәселелер мүлдем қызықтырмайды, рухани мәдениеттің не екенінен тіпті бейхабар. Негізінен, олар қарапайым күнделікті өмірдің күйбеңінен аспайды, онда да тек даярға тап болып үйренген, салиқалы да пайдалы іс-әрекеттен гөрі уақытты босқа өткізгенді тәуір көреді.Дегенмен, олар өздерінің алдына қойған мақсатын орындау үшін (темекі, ішімдік, есірткі зат, ұрлық жасау) әртүрлі тапқырлық көрсете алады. Сабақ оқу, уәдеде тұру, режимді сақтау, саналы тәртіпке бағыну сияқты оқушыға тән міндеттер мен парызды орындауға келген олардың ерік-жігері тым төмен, табандылығы жетіспейді.Зерттеулер көрсеткендей, ер балалар мен қыздардың арасында едәуір психологиялық айырмашылықтар бар. Ер балалар қыздарға қарағанда белсенді, іс-әрекеті жылдам, ұрыс-керіс бейім. Қыздар өз көңіл күйіне көбірек берілген, айтқанды орындағыш әрі жанашыр болуға жақын тұрады. Сондықтан тәрбие беруде ер балалардың осы ерекшеліктерін есепке алу керек. Жасөспірім шағында олар «нағыз жігеттерге» ұқсағысы келеді. Дегенмен олар дөрекі, тек күшіне сенетін, төбелескіш болып келетіні жиі байқалады. Сол себепті де қыздарға қолданған тәрбие құралдары ер балаларға барлық кезде жарамды бола бермейді.
Девиантты бозбалаларды қайта тәрбиелеу кезінде олардың темпераментін ескермей кетуге болмайды. Мысалы, сангвиник өзіне қойылған талаптарды тез қабылдайды, бірақ дәл солай тез ұмытады. Холерик өзіне қойылған талапты өзін күлкіге айналдыру, мазақтау, кемсіту деп түсініп, оны дөрекі түрде қабылдамай тастайды. Меланхолик өзін ұнамдысын, өз көзқарасына тура келген жерін ғана қабылдап, басқасына көңіл де аудармайды. Флегматик бәрін әбден терең әрі жан-жақты ойланады. Осыған орай, тәрбие жұмысында темперамантінің ерекшеліктерін ескермейінше, педагогикалық шаралардың іске аспай қалуы әбден мүмкін.
Тағы бір ескеретін жайт, жасөспірімдердің жыныстық даму кезеңінде болатын дене құрлысындағы өзгерістер.Егер жақсы бағытта дамыған өзгерістер баланың санасына дұрыс әсер етсе, онда ол психологиялық жағынан да дұрыс қалыптасады. Ал керісінше, оның дене құрылымында бойы қортық, артық салмақ, көзінің, тілінің не басқа да кемістіктері болса, онда оның дұрыс мінез қалыптасуына кері әсерін тигізері сөзсіз. Сондықтан да тәрбиеші мұндай балалармен ерекше ілтипатты болуы тиіс.Көтеріңкі көңіл күй, құрмет көрсету, сенім білдіру сияқты психикалық жағдайлар тұлғаға педагогикалық әсер етудің әсерлігін күшейтеді. Ал ашуланшақ, бойын қорқыныш билеген, өкпелегіш сияқты жағымсыз сәттер оқушының жақсы болып қалыптасуына үлкен бөгет. Сондықтан оқушыға педагогикалық әсер етер кезінде оның қандай психологиялық жағдайда екенін ескеру өте-мөте қажет-ақ. Әлеуметтік педагогтың тағы бір ескеретіні: ол оқушының өзін адами тұрғыдан тең ұстауы, оған сенім ұялата білуі керек. Егер әлеуметтік педагог өзінің айтқанын оқушылардан қалай да орындауын талап етсе, олардың адамгершілік қасиеттерін есепке алмай әрекет жасаса, олардың сый-құрметіне бөленбек түгілі балалардың енжар тартуына себепші болады.
Девиантты мінезді оқушыға ата-анасының да, мектептің де жағымды әсер етуі арқылы оны дұрыс жолға салуға болмайтыны белгілі болса, онда ол баланы кешіктермей дәл уақытысында жабық түрдегі ерекше педагогикалық режимдегі арнайы тәрбие мекемесіне жіберу керек. Әрине, бұл соңғы шара, себебі қиын балалармен жұмыс жүйесін қалыптастыру қаншалықты ауыр болса да, мінез-құлқын түзету шараларын төмендегіше ұйымдастыру жөн деп санаймыз.Тәртіп пен заңды бұзуға бейім тұратын, сабақ үлгерімі нашар оқушыларды сынып және мектеп бойынша анықтау. Ол үшін біріншіден, әр тоқсан сайын бір немесе екі пәннен үлгермейтін оқушыларды анықтап отыру қажет. Үлгермейтін оқушылардың барлығының тәртібі нашар болмас, алайда, қиын оқушылардың басым көпшілігі бірнеше пәндерден үлгермейтіні ақиқат. Екіншіден, сауалнама жүргізу арқылы қиын оқушылар мен педагогтардың қарым-қатынасын анықтап, оны жолға қою мәселесін шешу қажет. Зерттеулер көрсеткендй, девиантты мінезді балалардың басым көпшілігі бір немесе бірнеше мұғалімдердің шиеленісті жағдайда болады,ондай қарым-қатынас олардың түзелуіне кері әсер етеді. Үшіншіден, қиын оқушылардың өз сыныптастарымен қандай жағдайда екенін анықтау және соған лайықты іс-шаралар жүргізу. Олардың көпшілігі өз сыныбында – басбұзар, іріткі салушылар және өзі сияқты бұзақылардың жетекшісі болып келеді. Төртіншіден, ата-аналармен және достарымен әңгімелесу арқылы тәрбиесі қиын оқушылардың бос кездерінде кімдермен жүріп-тұратынын, қандай топтарда, орталарда болатынын анықтау. Себебі дәл сол бейресми топтарда болу арқылы олар темекі шегу, арақ ішу, құмар ойындарын ойнауды әдетке айналдырады. [20]
Сонымен қатар, олар өзінен кішілерге әлімжеттік жасауын, жануарларды қаншалықты жәбірлейтінін анықтау да олардың мінез-құлқының бұзылығын көрсетеді.Жоғары да көрсетілген төрт көрсеткіштің екеуінің бар болуының өзі-ақ оқушыны тәрбиесі қиын балалар қатарына қосуға жеткілікті.Аталған тәрбиесі қиын балалардың тәртібі мен адамгершілік қасиеттерін дамытудағы ауытқушылықтардың себебін зерттеу және жеке басының психологиялық ерекшеліктерін зерделеу.Қиын балалардың «қиындығы» неде екенін білу үшін оның себебін табу керк. Біріншіден, оның жүйкесі мен психикасында ауытқушылық бар-жоғын анықтап білу керек. Мамандардың пікірінше, олндай ауытқушылығы бар оқушылардың 10-15 пайызы жүйке немесе психикалық ауру жағдайына байланысты болады екен. Мұндай оқушыларды тәрбиелеуден бұрын емдеу керек.Екіншіден, сау балалардың адамгершілік қасиеттеріне қандай факторлар жағымды, ал қандай факторлар жағымсыз әсер ететінін анықтап алу үшін ақпарат жинау. Ол үшін әңгімелер, бақылау сауалнама жүргізу, құжаттарды зерттеу әдістері қолданылады. Олардың бәріне дұрыс талдау жасау дегеніміз – қиын балаларды анықтауда қателікке бой ұрмау жағын қарастыру болып табылады. «Қиын» оқушылар әдетте өзінің ақыл-ой қабілеттілігі, сана-сезімінің өсіп-жетілуі жағынан өз құрбыларынан артта қалып, жұмыс істеуге қабілеттіліг төмендеп, кейбір психикалық функцияларының өсіп-жетілуінде ауытқушылығы (қабылдауы, зейіні, есте сақтауы, ойлауы, елестетуі, еркі, сөйлеуі, сезімі, т.б.) байқалады. Кей жағдайларда олардың ақыл-ойы, психикалық қасиеттері өз деңгейінде дамыған да болып келеді, керісінше, теріс бағытта, яғни олардың өздері үшін маңызды жағдайларда аса қырағы, байқағыш, көреген болып келеді. Ал сабақта ерікті қабылдауы, зейін қойып тыңдауы нашар, әлсіз болады. Сондықтан мұндай оқушыларға қолайлы жағдай туғызып, тиімді тәрбие әдістерін қолдану арқылы оқуға, өзінің айналасындағыларға қатынасын өзгертіп, тәртібін жақсартуға болады.
2 «ҚИЫН» БАЛАНЫ ҚАЙТА ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ
2.1«Қиын» балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру
Ойланып жоспарланған түзету жұмыстары
оқу-тәрбие жұмысында қиын балаларды қайта тәрбиелеу кезеңінде аса
маңызды болып табылады.
Біріншіден, мектеп жоспарында қиын балалардың барлығы үшін жүргізілетін іс-шаралар белгіленуі тиіс. Екіншіден, әрбір қиын оқушымен жүргізілетін жеке жұмыс жоспарының болуы ләзім.Осындай жоспарларда қиын балалрға отбасы тәрбиесінің жағымсыз факторларын болдырмау, кездейсоқ топтардың жағымсыз әсерінен оларды қорғау, сабаққа қызығуын арттыру, қандай да бір істерге ынталандыру сияқты мақсаттар қойылуы шарт. Сондай-ақ, қиын оқушылардың жағымды жақтарын нақтылап, оны олардың өзін түзету ісіне ұтымды пайдалана білу - әлеуметтік педагогтің нағыз ерлігі болып саналды. әрине, әлеуметтік педагог барлық уақытта сабырлы болуы тиіс. Өйткені, түзету жұмыстары өз жемісін тез арада бере қоймайтынын саналы ұғынуымыз керек.Қиын балалардың басым көпшілігі өздерін өзі оқитын сыныптан оқшау ұстайды, оларды сыныптың тіршілігі қызықтырмайды, олардан қашқақтайды. Олар, әдетте, нашар оқығандықтан, сыныптастары оларды себепті тәрбиеші барлық кезде сабырлы болуы тиіс. Өйткені, түзету жұмыстары өз жемісін тез арада бере қомайтыны саналы ұғынумыз керек.
Девиантты мінезді оқушылар өздеріне ұрысқанды ұната бермейді. Сондықтан мектеп мұғалімдері олармен болған қарым-қатынаста педагогикалық этиканы аса қатаң асқақтауы қажет.Қиын оқушыларды қайта тәрбиелеу дегеніміз: оның жағымсыз әдеттерін жағымды әдеттермен шығарып тастау. Оқу жасындағы балалардың негізгі айналыстаын істері – оқу, еңбек ету мен қызыққан ісімен айналысу.Оқу оқушылардың негізігі қызметі болып табылады, сондықтан қиын оқуышларды мектепке қайтару, оқуға қызығуын арттыру – аса күрделі әрі әлеуметтік педагогтің беделін артытыратын іс. Себебі қиын балалардың 90 пайызының сабаққа ықыласы жоқ. Сондықтан оларды сыныптан тыс іс-шараларға тарту арқылы, спортқа, техникаға, өнерге қызықтыру арқылы оқуға бірте-бірте тарту әлеуметтік педагогтердің және пән мұғалімдердің қасиетті ісі болып табылады. Себебі, аталған қызметтердің бірінде жеңіске жету оларды басқа да істерге табысты болуға жетелейді.Ол үшін әлеуметтік педагог адамның өзін-өзі дамытушылық қасиетімен өзін-өзі тәрбиелеу мүмкіндігін еспке алуы керек.Әрбір баланың жақсы болуға тырысатын кездері болады: оның сондай белсенділігі мен талпынысына қолдау көрету, демеп жіберу, сеніммен қарау балаға қанат бітіріп, басқаларға деген сенімен ұлғайтады. [21]
Қиын оқушыларға әртүрлі жағдаяттар туғызу арқылы сыныпта оның беделін көтеруге мүмкіндік беру, ұжымдық шығармашылық істерге тарта отырып оның қабілетін жақсы жағынан көрсете білуіне жәрдемдесу олардың мектеп ұжымына қайта оралуына әсер ететін бақытты сәттер болып есептеледі. Әлеуметтік педагог қиын оқушылармен жұмыс жүргізгенде осыларды іске асыруға міндетті.
Отбасының қиын жағдайы бала тәрбиесіне кері әсер ететіні бұрын да бірнеше рет дәлелденгені ақиқат.Біз жоғарыда айтқандай, қалыптағы отбасыдан «қиын» бала шыға қоймайтыны белгілі. Алайда Л.Толстой жазғандай: «барлық бақытты отбасылар бір-біріне қандай ұқсас болса, әрбір бақытсыз отбасы бір-біріне ұқсамайтындай әрқилы бақытсыз».Бұл жерде айтпай кетуге болмайтын біраз жәйттер де бар. Өзінің физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне байланысты қыздарға қарағанда ұл балалардың ішінде девиантты мінезділер анағұрлым жиі кездеседі. Оның дәлелді себебі жоқ емес. Қазіргі кезеңде тәрбие жұмысында фемизиациялану үрдісі жүріп жатыр немесе бала дүниеге келгеннен бастап әйелдердің тәрбиесін көріп өседі: отбасы, балабақша, мектеп. Ана тәрбиесі мен әке тәрбиесі бірдей жүрмеген жағдайда табиғи теңдік бұзылатыны айдан анық нәрсе. Себебін ашып көрелік.Анасы баланы көтергеннен бастап оны тоғыз ай бойы өз бойында сақтайды, құрасығында жетілдереді. Сол уақыттың бәрінде ана мен баланың арасында тығыз биологиялық байланыстар орнайды. Ананың көптеген қасиеттері балаға беріледі. Дүниеге келген соң да бала ана сүтімен қоректеніп, жүргенге дейін тек анасының қамқорлығында болады. Бала-бақшаға баратын жағдай туды делік, онда да оны қарсы алатын өзінің анасы сияқты тәрбиешілер, бастауыш сыныпта да әріп танытатын әйел мұғалімдер. Осы факторлар ер балаларда ер адамға лайық мінездердің толық қалыптаспауына әкеп соғады. Себебі, үлкендер олар үшін үлгі. Ал ер балалардың алатын үлгісі тек «ақ жаулықты аналар» болғандықтан, олардың мінез-құлқы солай қалыптасады. Біз бұл жерде әйелдерді кемсітуден аулақпыз, тек осындай мәселенің бар екенін айтпақпыз. Мінезі солай қылыптасқан ер бала жігіттің сөзі, намыс, уәде, ар сияқты еркекке тән ұғымдарды бойына дарыта қоймайды да ұсақтыққа көбірек кетіп қалады. Сөйтіп, олар тез өкпелегіш, біріне-бірін шағыстырғыш, өтірік айтуға бейім болып қалыптасады.
Біз бұл жерде ер балаға әкенің тәрбиесінің қаншалықты әсерлі екенін көрсетуді мақсат етіп ғана айтып отырмыз. «Баланың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге», «Атадан бала туар, атасының жолын қуар», «Ата – балаға сыншы», «Ата баласының ат меңіндей белгісі болады», «Атадан - өсиет, анадан - қасиет» деген қазақ мақалдары әкенің балаға қаншалықты тәлім-тәрбие берудегі рөлі мен орнын көрсететіні сөзсіз. Ал жапон мақалы «Ер балаға жүз мұғалімнен бір әке артық» десе, белгілі педагог В.Сухомлинский «ер бала үшін жақсы минстрден жаман әке артық» деп түйіндейді.Баланың алғашқы адами құныдлықтары, әрине, отбасында қалыптасады. Алайда, ешбір ата-ана өз баласының жаман болғанын қаламайтыны даусыз. Егер әртүрлі себептермен баласы тура жолдан шығып кеткеннің өзінде ол ата-аналарды кіналай бермей, бірлесіп жұмыс істеу үшін олармен дұрыс қарым-қатынас орнату керек, ал екіншіден, ол отбасының барлық жағдайын зерттеу керек. Бұл үшін «Менің отбасым», «Мен не үшін ата-аналарымды жақсы көремін (сыйлаймын)», «мен бос уақытымды қалай өткіземін?» тақырыптарында шығарма жаздырған жөн. Үшінден, істелген жұмыстың бәрі алдын ала терең жан-жақты ойластырған болуы керек. Ата-аналармен, олардың тәрбиесі қиын балалармен жүргізілетін жұмыс сол отбасының жеке ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланғаны дұрыс: Төртіншіден, барлық жүргізілген жұмыстар өзінің оң нәтижесін бермесе, онда атқарушы органдарға немесе құқық қорғау орындарына, басқа да комиссия және сотқа жүгінген жөн.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылардың балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының басты себептерінің бірі тәрбие жұмысының дұрыс жүргізілмеуінен деп есептеймін.Еліміздің болашағы – білімді ұрпақ. Мың өліп, мың тірілген қазақ халқы ежелден – ақ, өз ұрпақтарының болашағы мен тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарап, ерекше көңіл бөлген.Тәрбие халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көз қарасын және соған сай мінез – құлқын қалыптастыру болып табылады.
Тәрбиенің негізгі мақсаты : дені сау , ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор , іскер, бойында басқада қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.Өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесі қазіргі заман талабына сай өмірде болып жатқан өзгерістерге байланысты жаңарып отыруы тиіс. Қазіргі қоғам жан – жақты үйлесімді жетілген жаңа адамды тәрбиелеуді талап етіп отыр.Тәлім – тәрбиенің мақсаты - баланың жасы мен жеке басының ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, салауатты ұрпақты тәрбиелеу. Қоғамдық тәрбие халықтың педагогикадан бастау алып, ғылымда дәлелденген нәтижелерге сүйенсе, тәрбие құралдары мен әдістері дұрыс таңдалып жүргізілсе, игілікті тәрбиенің негізі қаланбақ.Бала тәрбиесін жалпы мынадай үш түрге бөлуге болады : рухани тәрбие, ата-ана тәрбиесі, стихиялы тәрбие.Жасөспірімдерге берілетін осы үш тәрбиенің қазіргі жағдайы қандай?
Кеңес дәуіріндегі комунистік рухани тәрбие қазір жоқ екендігі баршамызға аян. Оның орнына қазір халықтың педагогика негіздерін пайдалану қолға алынып жатыр.Жас ұрпақ – иіліп тұрған көк шыбық. Оның түзу немесе қисық өсуі бағбанның дұрыс күтіп, бағуына байланысты. Сол сияқты баланың болашағы да оның ата-анасы мен ұстаздарынан алған тәрбиесінің сапасына тікелей байланысты. Жас ұрпақтың рухани тәрбие алуына ұстаздардың берері мол. [22]
Ұстазы білімді ұрпақ қана еліміздің болашағын көркейтер азамат болып жетіледі. Ұстаз - ұрпағымыздың адамгершілікке , азаматтыққа, ана тілін және ұлттық салт – дәстүрлерді ардақтауға тәрбиелейді. Мектептегі тәрбие жүйесіне тікелей жауапты мектеп басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының алдындағы міндеттер өте жауапты әрі күрделі. Негізінен мектеп басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары сынып жетекшілерімен , әлеуметтік педагог – психологтармен және ата-аналармен бірлесе жұмыс жасауымыз керек. Тәрбие ісінің меңгерушілері өздерінің күнделікті қызметінде «сынып жетекшілер әріптестірімен, отбасымен, жұртшылықпен бірігіп жұмыс істейді» деген түсінікте. Бірақ қазіргі таңда бұл пікірді анықтау қажет сияқты : біріншіден, сынып жетекшілер оқушыны тәрбиелеу жөнінде өзара келісті, ал оқушы бұл жағдайдан – бейхабар. Ол оқушыға осы жағдайда қандай көмек қажет , немесе ол өзінің проблемаларын өзі шешетіндей мүмкіндігі бар ма ? Бұл жағы тасада қалады. Сондықтан , көп жағдайда, тәрбие жұмысы нәтиже бермейді. Тәрбие жүйесіндегі сынып жетекшісінің орнын анықтау барысында ең басты бағыттан айырылмаған абзал – ол оқушы мен сынып жетекшісінің өзара байланысы. Оқушының қалыптасуына ықпал жасайтын жағдайлардың бірнеше түрлерін атап өтсек. Олар: баланың бос уақыты, баланың өмір сүретін ортасы, тұрмыс – қалпы және мектептен тыс мекемелеріндегі (спорт мектебіндегі) тәлім – тәрбие.
Баланың бас ұстазы ата-ана болып саналады. Отбасы мүшелерінің барлық қылықтары , іс-әрекеті балаға бұлжымас заң тәрізді әсер етеді».
2.2 Тәртібі қиын оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу
Тәртібі қиын оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда әлеуметтік-педагогикалық проблема ретінде күн тәртібінен түспей отырғаны мәлім. Мұның өзі «қиын оқушылар» санының жылдан-жылға өсіп отыруымен байланысты болып табылады. Бір уақыттарда «қиын оқушыларға» көбінесе жасөспірімдер жатқызылса, бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы категорияға жататындар аз емес. Сондықтан «қиын оқушыларды» ерте жастан - бастауыш мектеп кезеңінен бастап қолға алып, олардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуларына мүмкіндік жасалуы қажет. «Тәртібі қиын оқушыларды» тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Мораль нормаларына жауап беретін айналадағы болмысқа жеке адам көзқарастарының сан-салалығын ескере келгенде, адамгершілік тәрбиенің жеке тұлғаны қалыптастырудағы ролі өте зор.
Адамзат тарихында жас ұрпаққа адамгершілік тәрбие берудің педагогикалық-психологиялық негіздері ерте заманнан-ақ ойшылдар, ғұламалардың назарында болғаны мәлім. Олардың құнды идеялары атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа беріліп, бүгінгі күнге жетіп отыр.Қазақтың ғұламаларының ішінде әл–Фарабидің шығармаларында адам баласын ізгілікке, адамгершілікке баулу мәселесі кеңінен орын алғаны мәлім. Әл–Фарабидің білуінше, «Жақсы мінез-құлық пен ақыл-күші бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Егер осы екеуі бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекеттерімізден абзалдық пен кемелдікті табамыз және осы екеуінің арқасында біз ізгі игілікті және қайырымды адам боламыз, біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал мінез-құлқымыз мақтаулы болады» - деп ескертеді . Ғұламаның бұл пікірінен ұғатынымыз – адамның санасы мен мінез - құлқы оның адамгершілік сапаларын қалыптастырудың негізі болатындығы.Ж.Баласағұни «Құтты білік» дастанында адамгершілік тәрбиесін адамның бойында кісілік, парасаттылық, имандылық, тектілік және ізгілік қасиеттерін қалыптастырумен байланыстырады. Оның «Адамшылық жаса адамға адам бол, Адам атын мақтаныш қып адал бол» деген ой-пікірлері әл-Фарабидің идеяларымен үндесіп жатыр.Осы ой-пікірлер қазақ даласында тұңғыш мектеп ашып, болашаққа оқу- бiлiм сәулесiн таратқан халқымыздың ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсарин, ұлы ғұлама Абай Құнанбаев, көрнектi қоғам қайраткерi, ғалым-ұстаз Ахмет Байтұрсынов, қазақ жерiнде тұңғыш ұлттық педагогика, психология пәндерiнiң негiзiн қалаған Мағжан Жұмабаев, Жүсiпбек Аймауытовтардың шығармаларынан да орын тауып, кешегiнi бүгiнгiмен жалғастырып келе жатқан игiлiгi мол қазына болып отыр.Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық қызметінде мұғалімдердің бала тәрбиесінде адамгершілік мәселесін жоғары талап етіп көрсеткендігі байқалады. Оның өзінің досы Н.И.Ильминскийге 1861 жылы қаңтардың 19 жұлдызында жазған хатында: «Осы жылы қаңтардың 8 жұлдызы күні менің көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі де жақсы, есті балалар... Мен балаларды оқытуға, қойға шапқан аш қасқырдай өте қызу кірістім. Кейін парақор болып шықпаулары үшін оларға адамгершілік жағынан әсер етуге бар күшімді салып отырмын », - деп өзінің сүйікті ісіне белсене кіріскеннін зор қуанышпен хабарлады.
Сондай–ақ, 1882 жылы шілдеде Н.И.Ильминскийге жазған хатында:
«Халық мектептері үшін ең керектісі – оқытушы. Тамаша, жақсы педагогика құралы да, әбден мұқият жүргізілетін инспектор бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды, - деп жазды. Мұғалім өз шәкірттерін жан–тәнімен жақсы көрсе, оқу–тәрбие ісіне шексіз берілуі ғана емес, оның беделі тек шәкірт алдында ғана емес, бүкіл ата–аналар, жұртшылық алдында жоғары болатынын ескертіп былай дейді: Ағартушы–педагогтың бұл пікірінен байқағанымыз, адамгершілікті – оқу–тәрбие үрдісінің арқауы ете отырып, бала тәрбиесінде мұғалімнің ролі айрықша екендігін түсіндіреді. Әрине, бұл мәселенің қазіргі таңда да көкейтестілігін жоймағандығы анық.Ы.Алтынсариннiң педагогикалық көзқарасынан да бүкiл әлемдiк тәлiм- тәрбиенiң деңгейi гуманистiк көзқарас, яғни шәкiртке жылы жүректi болу, мұғалiм мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерiнiң көрiнiс тапқанын көремiз. Ол өз еңбегiнде «Мен балаларды жазалауды сүйетiн қатал адам емеспiн. Бiрақ тентек етiп өсiрсең, балалардың адамгершiлiк қасиетiн бұзып аласың» дедi. [23]
Ұлы ойшыл Абай адамның өсiп жетiлуiндегi тәрбиенiң ролiне ерекше тоқтала келе, адам баласы бiр-бiрiнен ақыл, ғылым, ар-мiнез арқылы озады. Онан басқа жолмен озамын демектiң бәрi - ақымақтық дей келе, адамды тәрбиелеудегi қоғамдық ортаның ролiнiң ерекшелiгiн саралап көрсетіп бердi. Адамның жақсы, жаман болуы, ақылды, ақылсыз болуы генетикалық негiзге байланысты, ақсүйек тұқымынан шыққандар ақылды, алғыр болады дейтiн теріс көзқарасқа қарама-қарсы Абай адам мiнезiнiң қалыптасуы тәрбиеге байланысты екенiн дәлелдедi. өзiнiң отыз жетiншi сөзiнде: «Мен егер заң қаты қолымда бар кiсi болсам, адам мiнезiн түзеп болмайды деген кiсiнiң тiлiн кесер едiм-дедi. Ж.Аймауытов баланы саналы азамат етіп тәрбиелеуге байланысты құнды пікірлер айтқаны белгілі. Ол «Тәрбиенiң негiзгi мақсаты - мiнездi түзеу, адамшылыққа қызмет ету, адал еңбек ете бiлуге тәрбиелеу» деген қағиданы қуаттай келiп, «баланы тәрбиелеу үшiн әрбiр тәрбиешiнiң өзi тәрбиелi болуы керек. Себебi, бала айтып ұқтырғаннан гөрi, көргенiне көп елiктегiш келедi. Солай болған соң балаға не жақсы мiнез болсын, iспен көрсету керек»- дейдi.Тәлiм-тәрбие ғылымының теориялық жағына тұңғыш терең үңiлушiлердiң бiрi Мағжан Жұмабаевтың пiкiрiнше, тәрбие саласы тұтас бөлiнедi. Олар дене, жан, ақыл тәрбиесi, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесi. «Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегiс берiлсе, оның тәрбиесi түгел болғаны. Егер де ол жөпшенді ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын көріністерді елемейтін мықты, берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жаны толқынданарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса, міне осылай болғанда адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам адам болсын дейтін ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын...» , «Тәрбиеден мақсұт - баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару ғой» деу арқылы М.Жұмабаев тәрбие мақсатын келер күн талабымен ұштастырғысы келеді. [24]
Бiрде бiр адамзат қоғамы өзiнен бұрынғы аға буынның ақыл-ойын, тәрбиелiк тәжiрибесiн пайдаланбай өмiр сүрген емес.Қиын балаларды тәрбиелеу мәселесі ХХ ғасырдың 20-30 жылдарынан бастап, күні бүгінгі дейін педагогтардың, психологтардың және заңгерлердің зерттеулеріне арқау болып, әр қырынан қарастырылып келе жатыр. Зерттеушілер В.И.Куфаев, И.А.Невский, Л.К.Керімов қиын оқушыларға тән ерекшеліктерді бөліп көрсетуге тырысты.В.И.Куфаев өз еңбегінде «... өсіп, ер жету, әлеуметтік жағдайына байланысты, бетімен кету дәрежесіне қарай, әртүрлі себептерге байланысты» қиын оқушылардың әрқайсысына тән ерекшеліктері болатынын, сондықтан «мұндай балалар өздеріне ерекше тәсілмен қатынас жасауды және олармен тиісінше жұмыс жүргізуды талап етеді» - дей отырып, қиын оқушыларға мақсатқа бағытталған адамгершілік тәрбие беру мен мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру үшін мынадай мәселелердің шешімін табу қажеттілігін көрсетті:
- балалардың өз бетімен жүруіне қарсы күрес жүргізу мәселелері;
- оқу орындарын балалардың денсаулығына, әлеуметтік және педагогикалық бақылаусыз бетімен кетуіне және сонымен қатар тәрбиеленуі қиын балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының түрлері мен тәсілдеріне қарай айырып бөлу қажеттілігі;
- тәртібі қиын балаларға арналған мекемелер мен оқу орындарында жұмыс істейтін тәрбиешілердің арнайы білімі болуы;
- тәртібі қиын балаларға адамгершілік тәрбие беруді қоғамдық пайдалы еңбек барысында жүзеге асыруды белсендіру. [25]
Практикалық бөлім
Айзенк тесті
Мақсаты: Бұл сауалнама сыналушының психикалық күйін мойындау немесе жоққа шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қобалжу, фрустация, агрессия және ригидтілік деңгейлерін анықтауға мүмкіндік береді.
Нұсқау: Әр тұжырымдарға қарама-қарсы келесі сандар көрсетілген: 2,1,0. Егер тұжырым сізге сәйкес болса, 2 санын шеңбермен қоршаңыз, егер толық сәйкес болмаса 1 санын, тіпті сәйкес болмаса – 0 санын белгілеңіз.
1 Көп жағдайларда мен өзіме сенімсізбін
2 Кейде шешімін табуға болатын жағдайлар негізсіз сияқты болып көрінеді
3 Көп жағдайларда нақты шешімдерді өзім қабылдаймын
4 Әдеттерімді өзгерту қиын
5 Болмайтын нәрселер үшін жиі қызарамын
6 Сәтсіздіктер мені қатты ренжітеді, ерік-жігерімді әлсіретеді
7 Кей кездері әңгіме барысында серіктесімнің әңгімесіне кедергі келтіремін
8 Менің бір істен екінші іске ауысуым қиын
9 Түнде ұйықтап жатып жиі оянамын
10 Ірі сәтсіздіктерде, тек өзімді кінәлі сезінемін
11 Мені ренжіту оңай
12 Өмірімдегі өзгерістерге өте сақпын
13 Уайымға жеңіл түсемін
14 Бақытсыздық пен сәтсіздіктер мені ешнәрсеге үйретпейді
15 Менің басқаларға жиі ескерту жасауыма тура келеді
16 Пікірталас барысында мені қайта сендіру қиын
17 Мені қиялдағы сәтсіздіктердің өзі мазасыздандырады
18 Пайдасы жоқ деп есептей отырып, күресуден жиі бас тартамын
19 Айналамдағылар алдында беделді болғым келеді
20 Кейде ойлауға тұрмайтын ойлар көп мазалайды
21 Мен өмірдегі қиындықтардан қорқамын
22 Кейде өзімді қорғаусыз сезінемін
23 Кез-келген істе азға қанағаттанбаймын
24 Мен айналамдағылармен қарым-қатынасқа жеңіл түсемін
25 Мен өз кемшіліктерімді жиі талдап отырамын
26 Кейде ғана көңілді жағдайда боламын
27 Ашу үстінде өз-өзімді ұстау мен үшін өте қиын
28 Өмірімдегі күтпеген өзгерістерді қатты уайымдаймын
29 Мені сендіру өте оңай
30 Қиын жағдайларда абыржып қаламын
31 Бағынғаннан гөрі басқаруды қалаймын
32 Кейде еш нәрседен қайтпайтынымды көрсетемін
33 Мені денсаулық жағдайым мазалайды
34 Кейде қиын сәттерде өзімді балаша ұстаймын
35 Менің ым – ишарам тіке, дөрекі
36 Мен еш нәрсеге қарамастан тәуекелге барамын
37 Күткенді ұнатпаймын және қиналамын
38 Менің ойымша, мен ешқашан өз кемшіліктерімді түзей алмаймын
39 Мен кекшілмін
40 Мені жоспардағы кейбір өзгерістердің өзі ренжітеді
Кілт
1
Қобалжу шкаласы
1,5,9,13,17,21,25,29,33,37
2
Фрустрация шкаласы
2,6,10,14,18,22,26,30,34,38
3
Агрессия шкаласы
3,7,11,15,19,23,27,31,35,39,
4
Регидтілік шкаласы
4,8,12,16,20,24,28,32,36,40,
Нәтижелерді өңдеу барысында кілтпен сәйкес келген 1 және 2 жауаптар саны анықталады. Кілтпен сәйкес келген 2 жауабы үшін 2 ұпай беріледі, 1 жауабы үшін –1 ұпай беріледі. Содан кейін әр шкала бойынша қосынды шығарылады. Әрбір шкала бойынша орташа ұпай -10. Одан жоғары болуы тұлға құрылымында сол қасиеттің басымдылығын көрсетеді.
Сауалнама бойынша зерттелетін қасиеттер сипаты:
Жекедаралық қобалжу - индивидтің үрейді уайымдауға бейімділігі
Фрустрация - шынайы немесе қиялдағы кедергілер салдарынан пайда болатын, мақсатқа жетуге кедергі болатын психикалық күй.
Агрессия - жоғары психологиялық белсенділік, басқа адамдарға қатысты күш көрсете отырып лидерлікке ұмтылу.
Ригидтілік-жоспарланған істі өзгертудегі қиындық.
Сынып жетекшісі агрессиялық мінез-құлқы бар балаларға қалай қарауы керек?
Профессор Н.Е.Щуркованың және оның әріптестері мінез-құлқы күрделі балаларға арналған педагогикалық әрекет алгоритмін ұсынады.
Мінез-құлқын түсіну. «Ия, осылай болады...», «Сенің жасыңда мен де осындай жағдай болған...».
Мінез-құлқын ақтау. Балаға жартылай қолдау білдіру: «Сенің орныңда басқа біреу болуы да мүмкін еді...», «Мүмкін, мен де сөйтер ме едім...».
Баланың жасағанына ой жіберу үшін оның заттық әлеуметтік нәтижесіне талдау жасау: «Сен, сірә, .... жасағың келген шығар, ал ол ... болып шықты», «Сен оны ... болып шығады деп ойламаған да шығарсың...». Өзін-өзі анықтау үшін балама мінез-құлық тәсілін көрсету: «Былай жасағанда ... болар еді», «Мұндай жағдайда кейбіреулер ... жасайды». Бала болған оқиғаның уәждемесі мен себептерін анықтай алуы үшін, оны ойлануға шақыру: «Сен өзің қалай ойлайсың...», «Бұл енді қалай аяқталады деп ойлайсың...», «Сен туралы басқалар не ойлайды...».
Басқа мәдениет деңгейінде өзін-өзі жүзеге асыра алуына жағдай жасау үшін, сыртқы қорлаудан "қорғаныс": «Бұл есейе келе қалатын әдет...». Тиісті әсер түріне қарама-қарсы күтпеген дербес шешім: «Мен сені ... жазалауым керек еді, бірақ мен ... жасайын деп тұрмын», «Мен сені түсінеді деп сенемін...».
Тапсырма: Мына жағдаяттар кезінде жоғарыдағы педагогикалық әрекет алгоритмдерін немесе «Мен-пікірін тәсілін қолданып көріңіз. Мысалы: «Оқушыңыз сабақтан қашып кетті», «Оқушыңыз сыныптағы бір оқушымен төбелесті», «Сіздің оқушыңыз берілген тапсырманы орындамай келді», «Сіздің оқушыңыз бір мұғалімнің сабағында отырмайды», «Оқушыңыз мұғалімге ерегесіп сабақты мүлде оқымай қойды»
Тәрбиесі қиын бала берекесіз жанұяда қалыптасатыны белгілі болды. Осындай жағдайда сынып оқушыларының, мектеп ұжымының, сынып жетекшісінің ролі зор. Сынып жетекшісі нәтижеге қол жеткізу үшін отбасымен де жұмыс істеуі маңызды.
1-Жағдаят
Бір күні 1-сыныпта оқитын Самат сабақтан қашып, мектепке бармай қалды. Соңғы кезде ол тек мектептен емес, бәрінен қашқалақтайтынды шығарды. Жағдайға сипаттама: Кішкентай Самат әке-шешесінің көптен күткен баласы еді. Ол биыл 1-сыныпқа барғанда әке-шешесі қатты қуанды. Оның әкесі араққа жақын еді. Арақ ішіп келген күні үйде береке болмайтын, айқай шығаратын, анасына тиісетін. Анасы қашып-пысып жүргенде Самат қараусыз қалып, сабаққа сол күйі дайындықсыз келетін. Сол үшін мұғалімнен де талай рет ұрыс естіді. Сондай күндері сабаққа келгісі келмейді, бірақ басқа амалы жоқ. Мұғалім: «Неге сабақ оқымадың? Сабақтан соң қамап қоям» - деп қорқытып, қолына кітабын беріп, бұрышқа тұрғызып қоятын. Сол кезде мұғалімнің бетіне қарай алмай, кірерге жер таппай қатты қиналатын. Соңғы уақытта Самат сыныпта ешкімге қосылмай, оқшауланып жүретінді шығарды. Бір күні Самат сабаққа бармай қалды. Мектептен келетін уақыты әлдеқашан асып кеткесін, анасы мұғалімге телефон шалғанда оның сабаққа бармағанын біледі. Күн болса, салқын, қанша дегенімен қыс мезгілі. Анасы не істерін білмей, жылап, айналасындағы барады-ау деген үйлердің бәріне кіреді. Ешбірінде жоқ болып шығады. Амалсыздан болған жайды әкесіне айтады. Әкесі істің байыбына бармастан, салып ұрып «Баламды тауып бер» - деп мұғалімнің үйіне барып айқай шығарады. Ал Самат болса, өзінің сарайына барып, қаптағы қырқылған жүннің үстіне 1-2 сағат отыра тұрайын деп ұйықтап қалған. Осы болған жайға байланысты ата-анасы мұғалімді, мұғалім ата-ананы кіналады.
Талдау: Сіздің ойыңызша бұл жерде кім кінәлі? Мұндай отбасында психологиялық күйзелістің күштілігінен бала өзін жоғалтады. Бұдан әрі Саматтың тағдыры не болады? Мұғалім енді не істеуі керек? Оның алдында қандай міндет тұр?
2-жағдаят
Қанат ашық-жарқын бала болатын, ешқашан анасынан сыр жасырмайтын. Бірақ бір күні ол шұғыл өзгеріп, тұйықталып, ашушаң болып алды. Жағдайға сипаттама: Қанат мектептен ерте келетін еді, баланы өздерімен бірге тұратын әжесі қарсылап алатын. Әжесі себепсізден-себепсіз Қанатқа ұрсып, ештеңемен айналыспай, бос жүресің, достарыңды жиі ертіп келесің деп кінәлайтын еді. Жұмыстан оралған анасына бас салып, баланың сыртынан жала жаба бастайтын. Алғашында анасы сенбей, қарсылық білдіріп жүрді, кейін бұл дағдыға айналып, ұлының істемеген істерін істеді дегенге сенетін болды. Сөйтіп, себепсізден-себепсіз ұлына ұрсатынды шығарды. Бір жолы Қанат мектепте «Бокс» секциясы ашылатын болып, соған қатысқысы келеді. Сыныптастарының көбі қатысуда. Бірақ ақылы секцияның құны 1000 теңге. Шешесі бұдан бірден бас тартып, босқа уақыт өткізгені үшін мұнша ақша төлей алмайтынын айтты. Әжесі де қызын жақтап шықты. Қанат бұндай көзқарасқа қатты ренжіп, өз-өзінен тұйықталып қалады. Ол секцияға барып, басқа балалардың не үйреніп жатқанына қорлана бақылап тұратын болды. Үйде туыстарымен арақатынасы мүлде суып бара жатты.
Талдау: Анасы нені ескермеді? Қанат не ойлап еді? Әжесінің қылығы туралы не айтуға болады? Енді қандай ұсыныс бересіз? (Бала жаны өте жараланғыш болады, ал анасы ол жағын ескермеген. Қанат анасына өз тілегін айтқанда, оны бірден қарсы болады деп күтпеген еді. Балаға еш негізсіз ұрса беретін, анасына жамандап, жала жапқан әжесінің қылығы тіпті кешірімсіз. Оның секцияға баруына тыйым салу арқылы әжесі баланы істемеген істері үшін жазалаймын деп ойлаған.
Ұсыныстар: Анасы ең алдымен әжесімен сөйлесіп, шындығында мәселе қалай болғанын, баланың қай дәрежеде кінәлі екенін анықтау керек. Баланың сеніміне қайтадан ие болуы үшін, Қанатпен ашық сөйлескені жөн. Егер мүмкіндік болып жатса, ұлын секцияға жібергені дұрыс. Егер ондай мүмкіндік болмай жатса, оған түсіндіріп айтып, оған айналысатын басқа бірдеңе қарастырғаны жөн. Ал әжесі немересіне қатысты мәселеде ұстамдылық танытуы керек-ақ.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, әрбір әлеуметтік педагог қиын
баланың дербес ерекшелігі мен ынта-ықыласын, тұрмыс жағдайын
ескеріп, айқын, нақты талаптар қояды. Орындалмақ әрбір
педагогикалық талаптар мен тапсырмалар балалардың мүмкіндіктерімен
қабілет-икемділіктерімен сәйкестендіру
шарт.
Қайта тәрбиелеу процесінде өз орынын тауып келе жатқан әдіс - педагогикалық иландыру. Көп жағдайда этикалық тақырыптарға түсіндіру, әңгімелесу тәсілдерін қолдану өз нәтижесін бере бермейді. Қиын оқушының моральдық-эмоциялық күйін туғызып, жанамалы түрде оны нақтылы пайдаланып, оның алдына айқын мақсаттар қоюда педагогикалық иландырудың орны бөлек. Егер де, айқын мақсат шамалы болса да баланың санасына жетсе, оның тұрақты қабылдауына педагогикалық жағдай жасап, саналы іс-әрекеттерінің дәлеліне айналдыруға болады.
Педагогикалық иландырудың әсер ететендігін (қатты дауыс шығару, бұйыру, өктемдік білдіру, байкот жариялау тағы басқа) байқаймыз.
Әрине, бұл әдіс басқа да тәрбие әдістерімен тығыз байланыста жүргізілуі тиіс.
Педагогикалық иландыру фактор ретінде оқу-тәрбие процесінде жекелеген балаларға педагогикалық ықпалдар жасалынғанда еріксіз, стихиялық түрде болғанмен де белгілі мақсатқа негізделінеді.
Ерiксіз, стихиялы түрде иландыру, әлеуметтік педагогтің ақыл-кеңесін, талап-тілігн қарсылықсыз, таңдаусыз қабылдауын (суггестия) айтамыз. Педагогикалық процесте еріксіз, стихиялы тәсілді қолданудың методикалық ерекшелігі бар. Мысалы, егер де баланың интеллектік жағы басым болса, оның ықпалын төмендеткен орынды. Ал, керісінше иландырудың әсерін күрделендіріп, қиын баланың санасына жеткізу немесе ол аффектік күйде болғанда (дидактогения) еріксіз, стихиялы иландыруды қолданудың нәтижесі жоғары болмақ. Өйткені, қиын бала қатты ашуланғанда, өзінің эмоциясын басқара алмай, тәртіпсіз қылықтарын жалғастыра беруі мүмкін. Сонда, әлеуметтік педагог ашудың қарқынын төмендетуге онымен тіл тауып тежеп, өзін-өзі ұстауға себепші болып, дауыс ырғағымен, мимикасымен қолдау білдіреді.
Мақсатты түрде қиын балаларды қайта тәрбиелеудің ең басты әдісі – «көше» жолдастарымен жағымсыз байланыстарын үзу. Айтылып отырған тәсілді іс жүзіне ауыстырудың мектеп практикасында бірнеше жолдары бар.
Соның бірі – территориялық тұрақты мекенін ауыстыру, мектеп алмастыру. Қиын жеткіншекті бір жылға, бірнеше жылға басқа облыс, аудандарда тұратын туған-туыстарына жіберу. Кейбір ата-аналар мектепті алмастырғанымен қиын балалар бірін-бірі тауып алып, байланыстарын жалғастыра береді. Көптеген отбасыларының басқа қалаларда, ауданда туыстары болмау мүмкін. Бұл жағдайда іске асыратын екінші тәсіл –жағымсыз достық байланыстағы қиын балаларға екі жақтың да кездесулеріне тыйым салу.
Бұл тәсілді негізгі үш жағдайда қолданған орынды:
а) қиын бала мен «көше» жолдастарының арасындағы байланысты ата-ана, мұғалім, балалар ісі жөніндегі инспекция тоқтата алмағанда;
ә) ата-ана мен мұғалім баланың қарым-қатынасына көңілдерін аудармай, тәрбиелік мәні бар түсіндіру жұмыстарын жүргізбегенде;
б) жеткіншектің көше жолдастарымен байланыстары тереңдегені сонша, қоғам және жеке меншік мүліктерін ұрлау, тонау, қорқыту әдеттеріне жүгінген жағдайда тағы басқа өте сақтықпен тыйым салу тәсілін методикалық шеңберлікпен қолдану қажет. Әрине бұл сәтте мұғалімнің, ата-ананың, милиция қызметкерлерінің беделі болуы шарт.
Абу Насыр Әл-Фараби «Тәрбиесіз қолға білім салма» деген екен. Ең бірінші тұлға қалыптасуына тәрбие өз ықпалын тигiзедi. Сондықтан да, балалармен тәрбиенің ролін күшейту қажет
Бүгінгі ХХІ ғасырдың басты мəселесі болып дұрыс ұрпақ қалыптастыру, болашаққа нық сенімді болу табылады. Ұрпақтың мəдениетті, ұлттық санасының жоғары болуын қалыптастыру мақсат етіледі. Осынау заманның сан-қилы мəселелерімен ата-ананың бала тəрбиелеудегі үлкен қиындықтарға тап болатыныны да белгілі. Негізінен, барлық мəселе ата-аналар тарапынан баланың бос уақытын дұрыс, орынды пайдаланбаудан, тұрмыстың нашарлығы мен отбасындағы келеңсіз жағдайлардан бастау алатындығы да болады. Бала тəрбиесін жас ерекшеліктеріне қарай жүргізсе, баланың ынтасын дамыту арқылы əдіс-тəсілдерді жаңартып отырса, заман талабына сай мектеп пен ата-аналар дұрыс жолға қойылған тəрбиелік мазмұны жоғары жұмыстар атқарса іс нəтижелі болып жемісін беретіндігі сөзсіз.
Қазіргі көп мəдениетті қоғамда балаға сырттан əсер етуші жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына ауқымды əсерін тигізеді. Ст. Холл «бала толыққанды дамуы үшін өз халқының сезімдері мен көзқарастарын басынан өткеруі қажет» деп санайды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
Аманқұлова Р.К. «Жасөспірімдердің темекі тартуының алдын алу», Валеология және дене тәрбиесі, спорт. №1-2, 2015.
-
Алпысбаева Г. «Есіктен енді есірткі», Оңтүстік Қазақстан газеті, №74,26 маусым, 2011.
-
Арғынбаев Х.А. Қазақ халқындағы семья және неке. Аламты. 2013.
-
Атемова Қ. «Қазақ отбасындағы тәрбие үрдісі», Қазақстан мектебі, №1,2014.
-
Ахметжанова Н. «Мінез-құлқы қиын балалар», Ұлағат, 2011ж. №1.
-
Ахметжанова Н. «Қиын балалар қиғылығының қыры»,Ұлағат,№2, 2010.
-
Аяғанова Б., Тәжин А. Социология негіздері, Алматы: Ана тілі. 2007.
-
Әбиев Ж.Ә., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М. Педагогика: Оқу құралы. – Алматы: Дарын, - 2014.
-
Бикенов К.Ү., Жаназарова З.Ж., Нұрбекова Ж.А. Отбасымен әлеуметтік жұмыс: Оқу құралы.- Алматы.- 2013.
-
Байтабанова А. «Сынып жетекшінің қиын оқушымен жұмысы», Сынып жетекшісі, №4, 2014.
-
Батталханов Е. ««Қиын» оқушылармен жұмыс ерекшелігі», тәрбие құралы, №4, 2013.
-
Байшуақова М. « Ата-аналармен жұмыс », №3/2015.
-
Бейсебаева С.Б. « Жастардың девиатттық мінез – құлқының дамуына әсер ететін факторлар ». Весник КазНУ Серия юридическая. № 3 2009.
-
Бейімбет Қ.Ж. Ұрпақ тәрбиелеу ұлағатты іс. Алматы. 2009.
-
Қайырова Ж. «Ауытқушы мінез-құлықтың шығу себептері мен фокторлары», Қазақстан мектебі, №1.2010.
-
Керимов Я.К., Трофинов В.В. Трудный подросток А., 2011.
-
Керимов Л.К. Қиын оқушылар және оларды қайта тәрбиелеу мәселелерi А., 2011.
-
Қалаубек С. «Қиын балаларға көмек», Ұлағат, №5, 2014.
-
Қазымбетова Д.К. « Жастардың жат қылықтарының профилактикасы мен күресу жолдары » ҚазҰУ хабаршы, Психология және социология сериясы. №1 .2014.
-
Сарбасова Қ.А., Шаушекова Б.Қ. Педагогика негіздері. Қарағанды, 2014.
-
Гершунский Б.С., Никандров Н.Д. Методологическое знание в педагогике. – М., 2016
-
Краевский В.В. Методология педагогического исследования. Самара, 2014.
-
Загвязинский В.И. Методология и методика дидактического исследования. М. 2011.
-
Абенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру. – А., 2012.
-
Абилова З. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. – А.,2010.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Математикадағы қиын балалармен жұмыс

шағым қалдыра аласыз