Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Математикалық әлемі" курсы. 2 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі
«Математикалық әлем» үйірмесі
(2 сыныпқа арналған)
Сынып: 2
Мұғалімдер: Мамытова Г.Р
2020- 2021 оқу жылы
УДК
ББК
Басылымның шығуы Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» ММ оқу - әдістемелік кеңесі шешімімен.
Құрастырғандар: Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері:
Мамытова Г.Р, Абильдина К.С, Байкасынова Б.К.
2 сынып оқушыларына арналған «Математикалық әлем» курсының оқу анықтамасы [текст]: оқу анықтаманы / құраст: Мамытова Г.Р, Абильдина К.С, Байкасынова Б.К. – Қостанай ауданы. 2016, – 10 бет
ISBN
Бағдарлама жалпы орта мектептердегі 2 сынып оқушыларына таңдау курсынан сабақ жүргізетін мұғалімдерге арналады. Оқу анықтамасы мaтемaтикa пәнінің негізгі oқу мaтериaлдaрын бacшылыққa aлa oтырып жacaлғaн, бұл оқу анықтамасы oқушылaрдың білім-білік деңгейлерін, тaнымдық қaбілеттерін aрттырaды .
Тәжірибеде көрсеткендей осы жинақтағы мәліметтердің сапалы білім берудегі маңызы өте зор.
УДК
ББК
ISBN
© Мамытова Г.Р, Абильдина К.С, Байкасынова Б.К.
© Қостанай ауданы. 2016
2 сынып бойынша
«Математикалық әлем» курсы бағдарламасы
Базалық мазмұны
1. «Математикалық әлем» курсы не үшін керек? (1сағат)
Оқушыға осы курстың не үшін керек?- екенін білгізу үшін мысал келтіру арқылы дәлелдету.Оның мазмұны мен мақсаты және міндеттері өмірдің қай қырын алсақ та, математикасыз ойлауда, есептеулерді дәлелдеу мүмкін емес екенін ұғындыру.
2. Шапшаң есептеу тәсілдері. (1 сағат)
Есептеулер жүргізуде қолданылатын ауызша қосу және азайту тәсілдерін қайталау. Қосу мен азайту амалдарының қасиеттері және дербес жағдайлары. Бекіту.
3.Логикалық есептер шығару. (1 сағат)
Логикалық тапсырмалар арқылы оқушының логикалық қабілетін дамыту. Өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру. Карточкалар, сиқырлы шаршылар, геометриялық суреттер арқылы жұмыс жасау және дәлелдеу.
4.Ескі қазақ өлшемдері. (1сағат)
Ғасырлар бойы жинақталған тәжірибесінің ұрпақтан-ұрпаққа үзіліссіз өңделіп, жаңарып жетуінің нәтижесінде өлшеудің өзіндік халықтық жүйесі қалыптасқанын, мәселен, сыйымдылықты, массаны, уақытты, көлемді, ауданды өлшеу жүйесіне сипаттама беру барысында ұғынуы және түсінуі.
5.Викториналық сұрақтар. ( 1сағат)
Викториналық сұрақтар арқылы математикалық терминдерді, ережелерді, қосудың және азайтудың қасиеттерін қаншалықты білетіндіктерін тексеру. Есте сақтау қабілеттерін арттыру.
6.Математикалық жұмбақтар . (1 сағат)
Математикалық жұмбақтардың шешуі мен жауабы тек
математикаға байланысты емес екендігі айтылып, жұмбақтың мағынасы
мен мәні түсіндіріледі, салыстырылады және жауабы нақты шешім табады.
7. Математикалық ойындар. (1 сағат)
Оқушылардың ой-өрісін дамыту. Ойлау қабілеттерін, тілін дамыту.
«Арифметикалық шығыр» ойыны.
8.Ұлттық ойын есептер. (1 сағат)
Қазақтың ұлттық ойындары, оқушылардың ой-өрісімен қайрат жігерін, қимыл- қозғалыстарын шыңдап, зеректікке бағыт-бағдарын қалыптастырады.
9.Деңгейлік тапсырмалар. (1сағат)
Қазіргі заман талабына байланысты үш деңгейде тапсырмалар орындаған жөн, тапсырманы орындап болған оқушыларға әр түрлі бағыттағы шығармашылық тапсырмалар беріледі. Шығармашылық тапсырмалар балаларға жан-жақты ізденуге мүмкіндік алып, қабілеттері жоғарлай береді.
10.Теңдеу құруды ойластыру мен шешудің жолдары. (1сағат)
Теңдеулерді шешудің оңай тәсілдерінен, күрделі теңдеулерді әр түрлі тәсілдермен шеше отырып, берілген сандарды бір-бірімен байланысты ұғымдар арқылы шешу.
11.Математикалық сөзжұмбақтар. (1 сағат)
Сөзжұмбақтарды шешу үшін берілген әр деңгейдегі сұрақтарға жауапты дәлме-дәл беру. Сөзжұмбақтарды құрастырғанда оқушылардың білім деңгейіне байланысты жүйелі тапсырмаларды қарастырып берген жөн.
12.Сандық ребустар мен есептеулер .(1сағат)
Ребустарды тез шешу тәсілдерін ұғындыру, оның өзіне тән ерекшелігін ескере отырып, жеңіл және күрделі тапсырмаларын нақты шеше білуді қарастыру.
13.Қызықты есептер, тапсырмалар. (1сағат)
Әр бағыттағы қызықты есептерді шешу үшін,оны бірнеше рет оқып түсіну керек. Көп жағдайда амалдарды қолданбайтыны айтылады. Оны мұғалімдердің көмектесуі арқылы түсініп орындалады.
14.Жиынтық амалдарға қатысты тапсырмалар. (1сағат)
Амалдардың орындалу тәртібіне байланысты білімдерін тексеру және өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
15. Математикалық фокустар. (1сағат)
Оқушылардың логикалық қабілеттерін дамыту. Өз бетімен ойласа отырып, тапсырмаларды шеше білуге үйрету. Өтілген тапсырмаларды құрастыру және шешімін анықтау қасиеттерін қарастыру.
16. Математикалық викториналар. ( 1сағат)
Ертегіні қолдану арқылы викториналық сұрақтармен жұмыс жүргізу. Оқушы ойын дамыту, зейінін сақтандырып, есте сақтау қабілетін шыңдау, сыни ойлауға төселдіру және өзінің жасаған жұмысын баяндауға, дәлелдеуге ыталандыру.
17. Сандық мақалдар. (1сағат)
Мақалда кездесетін сан есімдерді сабақта тіл ұстарту үшін қолданылады. Тіл-ой көркі. Сөйтіп, әр нәрсеге байыппен қарап, батыл сөйлеуге, сөйлеу мәдениетіне жаттықтырады. Халық тілін меңгеруге , халық қазынасына құрметпен қарауға тәрбиелейді.
18. Геометриялық фигуралар сыр шертеді .(1сағат)
Фигуралардың ішінен керекті кесіндіні көрсету несесе көзбен тік бұрыштарды ажырата білу. Фигуралардың ішінен тік бұрыштарды табу, геометриялық фигуралардан тік бұрыштарды анықтау. Тік бұрыштан және шаршының қабырғаларының қосындысын табу. Берілген өлшем бойынша тік бұрыштар сыза білуге дағдыландыру.
19. Қозғалысқа есеп шығару. (1 сағат)
Оқушыларды қозғалысқа байланысты есептер шығаруға жаттықтыру. График сызу арқылы есептер шығаруға қалыптастыру.
20.Фигураларды мүсіндеу. (1сағат)
Алгоритмді пайдаланып, шаршы салуды орындайды,периметрді есептеп табады, бір амалмен шығаратындай етіп, есепті талдайды және өзгертеді, топта шаршылармен амалдар жүргізуді және қосу мен азайтуға дағдыланады.
21. Математикалық эстафета. (1сағат)
Өтілген материалдар бойынша тапсырмалар құрастырылады. Қосу мен азайтуды тез орындап, тексеру. Берілген тапсырмаларды топтарға бөліп сайыс түрінде орындату.
22.Қызықты суреттер, қызықты есептер. (1сағат)
Сөз есептің құрамды бөлігін ескере отырып, қызықты есептер құрастыру жолдары көрсетіледі, оқушылар берілген суреттер арқылы қызықты есептер құрастыруға дағдыланады, оны шешу жолын өзі табады.
23.Уақыт өлшеуіштері. (1сағат)
Уақыт ұғымы сағат ғана емес екенін түсіндіру, секунд, минут, апта, ай, жыл тәулік, ғасыр, жыл мезгілдерінің өлшеуіштері туралы ақпарат беру, дәлелдеуге машықтандыру.
24.Дидактикалық ойындар. (1сағат)
Жан-жақты дамытуға берілген тапсырмаларды, қызықты ойындар мақсатында шешуге қалыптастырып орындатуға болады.
Мысылы: «Киіз үй», «Мен үшін қызық», «Сиқырлы қорап», « Кім жылдам?»
25.Логикалық қызықты әзіл есептер. (1сағат)
Әр адамның бойындағы туғаннан пайда болған интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал ету, оқушының табиғи қасиеттерін, математикалық білімін тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негізін салу болып табылады.
26.Бұл қандай өрнек?. (1сағат)
Әр түрлі өрнектер құрады,табады, оқиды және жазады, екі таңбалы сандарды салыстырады, заңдылықты анықтайды және оларды жіктемелейді, топта көпбұрышты сипаттайтын әр түрлі элементтерді анықтайды және атайды, тапсырманы түрлендіріп орындайды. «Дәрігер Айболит» ойыны арқылы жетістікке жетелеу.
27.Алгебраның және геометрияның элементтері. (1сағат)
Геометриялық фигураларды бір-бірінен ажыратуды,олардың периметрлерін табуға, көпбұрыштардың түрлік ерекшеліктерін, олардың мәндік белгілерін тағайындайды: санды теңдік және теңсіздіктерді, санды және әріпті өрнектерді құрады, салыстырады, өрнектің мәнін табады, теңдеулерді шешуге қалыптасады.
28.Логикалық қорытындылар. (ықтималдыққа байланысты логикалық пікір,ой қорыту) (1сағат)
Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Бұл оқушылардың түрлі мазмұнды есептерді шығаруда, есептің шартын құра білуге қалыптастырылады. Бір есептің бірнеше шешімдерін табуға жетелейді. Әрбір сабақ қызықты есептер мен аяқталып, логикалық есептер оқушылардың жас ерекшелігіне қарай күрделене түсуі қажет.
29. Шығармашылық тапсырмалар.«Басқа қырынан таны». (1сағат)
Белгілі бір заттың басқа қырын ашу. Мысалы, сіріңке тек жанып, жарқырап қана қоймай, пішіні мен салмағы жағынан кішірейеді. Оқушыларға қарапайым заттардың: полиэтилен қақпақ, пенопласт т.б ерекше қасиеттерін ашу, анықтау ұсынылады. Ерекше жауаптар ескеріледі және ұсынымдарды талдауға да, пікірталас ұйымдастыру.
30.Ұқсастықтар іздеу. (1сағат)
Белгілі бір зат немесе құбылыс айтылады, мысалы, «тікұшақ». Әртүрлі нақты белгілер бойынша тікұшаққа ұқсас заттарды жазу.Ұқсас заттарды қасиетіне қарай топтап жазуға да болады. Мысалы, «құс», «көбелек» (ұшады, қонады), «автобус», «поезд» (көлік) т.б. Бұл тапсырма заттардың қасиеттерін анықтау, оларды белгілер бойынша жіктеуге арналған тапсырмаларды орындату.
31.Заттың қолдану тәсілдері. (Салыстыру,жүйелеу бақылауды меңзейді) (1сағат)
Жақсы танымал бір сөз беріледі, мысалы: «Кітап». Заттың қалыптан тыс неғұрлым көп қолдану аясын айту керек. Кітапты оқиды, бір нәрсенің астына қоюға болады, қажетті қағаздарды көзден таса зат ретінде жасыру мақсатында қолдануға болады т.с.с. сондай-ақ, тіс щеткасы, тоқыма сымы т.б ұсынуға болады. Бірақ заттарды адамгершіліксіз, жыртқыштық жолмен қолдану тәсілдерін айтуға тыйым салынады жөн.
32. Штрихтау арқылы фигураларды кескіндеу. (1сағат)
Фигураларды штрихтау жұмысы бойынша берілген тапсырмаларды орындату, сабаққа деген қызығшылықтарын ояту тапсырмаларды орындауда логикалық ойлауларын дамыту, шығармашылыққа баулуға қалыптастыру.
33. Математикалық диктанттар. (1сағат)
Білім, білік, дағдыны меңгеру деңгейлерін анықтауға, өтілген материалдарды қандай деңгейде игергенін және оқушылар тарапынан жиі жіберілген қателерді анықтау мақсатында әр қилы тапсырмаларды жан-жақты қарастыру немесе өзін-өзі бағалау бағытында сенімділік күшін дамытуға қалыптастыру.
34.Ғұламалар, дарындылар,қиялшылдар шыңы.(Қорытынды). (1сағат)
Жыл бойы өтілген тапсырмалар мен деңгейлік жұмыстар, ой ширату, ой қозғау, ой толғау, ой қорытудағы шығармашылық тапсырмаларды қаншалықты деңгейде игергенін, тапсырмаларды күрделендіріп жеке, жұппен және топпен тапсырма беру арқылы сайыс сабақ жүргізіп қорытындылауда (өзін-өзі бағалау, топпен, жұппен бағалау) арқылы аяқтауды ұйымдастыру.
Оқушыларға қойылатын талаптар
Оқушылардың білуі тиіс:
-
Шапшаң есептеу жолдары
-
Тез есептеу әдістерін
-
Натурал сандардың реттік қасиеттері мен белгілерін ажырату әдістері
4 . Логикалық есептерді әр түрлі тәсілдермен түрлендіре шешу әдістерін үйрету
Оқушылар меңгеруге тиіс:
-
Логикалық есептерді шешу тәсілдерін
-
Математикалық тілде дәлелдеу
-
Геометриялық фигураларды ажырату
-
Математикалық әлем туралы және онда қолданылатын ойын әдістерін.
Оқушылар жасауға тиіс:
-
Математикалық тарихи мағлұматтар жинақтауға;
-
Логикалық есептерді аналитикалық, графиктік әдістермен шешуді;
-
Математикалық ойын есептерді шығару тәсілдерін игеруді.
-
Сандардың қасиеттерін білуді.
Оқушыларға көрсете білу:
-
Шапшаң есептеу тәсілдерін білу
-
Логикалық есептерді шешу
-
Сандардың ауыстырымдылық қасиеттері мен белгілерін білу.
Пәнаралық біріктіру:
-
Математиканың дүниетанумен байланысуы
-
Жұмбақ есептердің әдебиеттік оқумен байланысуы
-
Шырпымен басқатырғыштардың геометриямен байланыс
-
Пәнаралық байланыс:
Математика, дүниетану, әдебиеттік оқу,қазақ тілі.
Түсінік хат
«Ойлауды өркендету жолдары. Ойлау – жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан ұстаз баланың ойлауын өркендеткенде, сақтықпен басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек»
М.Жұмабаев
«Математикалық әлем» курсының бағдарламасы негізінен оқушылардың математикалық жұмбақ, ребустар, сөзжұмбақтар жауабына немесе оның тұжырымдалуына математикалық ұғымдар, символдар, терминдер енеді.
Бұл курста оқушылар, ойын немесе жұмыс үстінде ойлау, өлшеу, есептеу табу, зерттеу сияқты процестермен кездеседі. Осы мағынажа түрлі жаттығулардың – математикалық есептердің , математикалық жұмбақтардың, ребустардың ойындардың рөлі зор. Сондықтан да сабақ ұстінде іздену мәселесін міндет етіп қойып, оны шешуде түрлі ойындар пайдалансақ, оқушылардың қызығушылықтары артып, мақсатымызға жетеміз.
Жұмбақтар салыстыру, теңдеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді. Оқушы қиялының дамуына елеулі әсер етеді. Геометриялық басқатырғылар арқылы оқушылардың геометриялық фигураларды санап, айырмашылықтарын табу қызықты тапсырмалар арқылы берілген.Сол арқылы байқампаздықтары дамиды.
Математикалық әлем курсы
2 сынып
Аптасына 1 сағат. Барлығы 34 сағат
Курстың негізгі мақсаты – Оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, тез есептеу жолдарын үйрету. Ойындар ойнау арқылы пәнге қызығушылығы мен сындарлы ойлау және сыни көзқарасын қалыптастырып,өз ойын еркін дәлелдеп беретін тұлға қалыптастыру.
Міндеттері:
-оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру;
-алған білімнің тиянақты болуын қамтамасыз ету;
-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру;
-логикалық ой - өрістерін арттыру;
-математиканы оқып – білуге ынталанады;
-есеп шешуін іздеу оқушылардың қиыншылықты жеңуге жігерлендіреді;
-берілген тапсырманың шешуін табуға қатысты оқушылардың шығармашылық шабыттануына мүмкіндік береді;
-тапсырмаларды талдауға дағдыланады;
-өз бетімен жұмыс жасау дағдысы қалыптасады;
-жеке, жұппен,топпен тапсырмаларды орындауға үйренеді;
-бір-біріне сыни ,сындарлы ойлауға үйретеді;
-сабақта бірін-бірі сыни тұрғыда бағалай біледі.
«Математикалық әлем» үйірмесінің күнтізбелік жоспары
Аптасына 1 сағаттан, барлыңы 34 сағат
2 сынып
№ |
Тақырыбы |
сағат саны |
Күні |
1 |
Математика пәні не үшін керек? |
1 |
2.09.2020 |
2 |
Кім шапшаң |
1 |
9.09.2020 |
3 |
Логикалық есептер шығару |
1 |
16.09.2020 |
4 |
Ескі қазақ өлшемдері |
1 |
23.09.2020 |
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз |