Материалдар / Математикалық дәмхана
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математикалық дәмхана

Материал туралы қысқаша түсінік
Интеллектуалды сайыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2018
604
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

20.01.2018

«Математикалық дәмхана»атты шоу 4 а -4б сыныптары
Мақсаты: а
) оқушылардың білімге деген көзқарастарын қалыптастыра отырып, математика пәніне деген қызығушылықтарын ояту;
ә) оқушылардың математикалық ой - өрісін дамыту;
б) оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу;
Көрнекілігі: ойын тақырыбына байланысты плакаттар, үлестірмелі карточкалар.
Техникалық құралдар: интерактивті тақта.
Сайыс барысы:
І. Ұйымдастыру: сайыс барысымен таныстыру.
ІІ. Негізгі кезең: топтарды таныстыру, әділ қазыларды анықтау, сайыс тапсырмаларын өткізу.
ІІІ. Қорытынды: жеңімпаздарды анықтау және марапаттау.
Өткізу барысы:
1. Кіріспе:
Хафизова А.Н
Математика-ермек емес баланың

Математика- көрегендік,даналық.

Математика-құрметтеуге лайық,

Кел, балалар мұны жақсы ұғайық!

Математика – бұралаңсыз нақты ілім,
Үйрететін бақыт тілін, бақ тілін.
Айдынында сүңгіп, сүңгіп жүзсең бір,
Тарқамайды қуаныш пен шаттығың, - деп, бастауыш сынып апталығы апталығының аясында өткелі отырған «Математикалық дәмханаға» қош келдіңіздер! Осы дәмхананың ашылуына орай арнайы шақырылған меймандарымыз бар, соларды қарсы алайық.
Үлгілі тәртіп, жақсы оқу –
Алға қойған мақсаты.
Әрқашанда мектепте
Шығып жүрген жақсы аты.
Ортаға 4а- 4б сынып оқушылар тобын шақырамыз!

1.Псих/қ тренинг: (музыкаға билеу)

2.Сәлемдесу:4А-4Б оқушылары
Асып - тасып саспайтын,
Батыл қадам бастайтын.
Еркін айтып ойларын,
Жарыстан еш қашпайтын,
Бұл дәмхананың ерекшелігі – мұнда математиканың жанашырлары өз білімдерімен сынасады. Дәмхана қызметкерлері
(Ардақ Нағимбекқызы мен Гүлжихан Бертайқызы) ас мәзірі ретінде түрлі математикалық тапсырмалар ұсынады.Әрбір ұсынылған ас мәзіріне сіздердің төлейтін ақшаларыңыз – берілген тапсырмаларды орындау. Әр тапсырма жеңіл - қиындығына қарай ұпай санымен бағаланады. Ұсынылған тағамдардың бағасын есептеп отыратын дәмхананың әкімшілік және есептеу қызметкерлерімен таныс болыңыздар. Олар: (әділ қазылармен таныстыру)

Әділ бағаға қалтасы толы,
Әділ – қазыларды ортаға шақырайық!
Сіздерден кафенің «Бухалтерлік мекеме» - деп аталатын бөлмесіне жайғасуларыңызды сұраймыз!
Сонымен қатар есепшілер: Есепшілерді таныстыру
.

Бас есепші –
Есептеуші қызметкерлері -
Құрметті дәмхана қонақтары, өздеріңізге арнайы әзірленген столдарға жайғасыңыздар.
Сондай – ақ бұл кафеде математиканы сүйіп оқитын, оның қыр – сырын меңгеруге құлшынысы бар барлық математика жанкүйерлеріне де орын бар. Сіздер біздің дәмхананың таңсық тағамдарына тамсанып уақыттарыңызды қызықты да мазмұнды өткізесіздер деп сенім білдіремін. Дәмхана мәзірінен колориялы тағамдармен қатар ыстық, суық тағамдарды, дәмі тіл үйіретін десерт пен сусындарды таба аласыздар.

3.«Кіру билетінің сұрақтары»: (екі топқа бірдей 10 сұрақ қойылады, әр сұрақ 5 ұпаймен бағаланады)
Сайыс кезеңдері:
1 - тағам. Қазақтың ұлттық тағамдарының бірі – қуырдақ.(Ұяшықтағы сұраққа жауап беру)
2 – тағам. Математикалық салат: «Адасқан әріптер».
3 – тағам. Математикалық десерт: «Жеміс қосылған балмұздақ»: (
Геометриялық фигураларға арналады:Неше үшбұрыш,неше төртбұрыш?)
4 – тағам. Математикалық сусын. «Шөлбасар» (
Логикалық есептер)
5 – дәрі:
Мезим деп аталады (топ басшыларына сұрақтар)
Құрметті кафе қонақтары
! Сіздер қандай қонақ екендеріңізді, қандай тілде сөйлесетіндеріңізді білгіміз келеді. Ендеше, өздеріңді таныстырып өтсеңіздер! (әр топ өздерін таныстыру)
1 - тағам. Қазақтың ұлттық тағамдарының бірі
– қуырдақ. Бұл қазақтың басты тағамдардың бірі болғандықтан, мұнда «Ұяшықтағы» сұрақтар 3-ші сыныптың бағдарламасына сай білуге тиісті есептер болады. (5мин. уақыт беріледі.

2 – тағам. Математикалық салат: «Адасқан әріптер». Әріптерінің орындары ауыстырылып берілген сөздерден математикалық термин құрау керек

Көрермендерге сұрақтар беру:

1)Автобуста 35 жолаушы келе жатты.1-ші аялдамадан автобусқа тағы 7 жолаушы отырды. 2-ші аялдамадан 10 адам түсіп қалды. Автобуста енді неше адам болды?(32)

2)Санжардың 100 теңгесі бар.Алдымен ол 45 теңгесін, содан соң 35 теңгесін жұмсады. Санжарда қанша ақша қалды?(15т)

3 – тағам. Математикалық десерт: «Жеміс қосылған балмұздақ» Неше үшбұрыш,неше төртбұрыш бар?)


4 – тағам.
Математикалық сусындар. «Шөлбасар» Есептерді сан түрлі шығарамыз,
Арасында ойын ойнап жарысамыз.
Бұл кеште ойлы, сұрақ, жеңіл сұрақ табылар,
Қаласаңыз, әзіл есеп – ол да бар
.(логикалық есептер)
5 – дәрумен. Математикалық дәрумен – «Мезим».
Бүгінгі кеште сіздер біздің аспазшылар даярлаған тағамдардың дәмділігіне риза болып, барлық ұсынылған астан бас тарқан жоқсыздар. Кей адамдарда қабылдаған астар тез қорытылады, ал кейбір адамдарды мазасыздандыруы мүмкін. Сондықтан астарыңыз бойларыңызға тез сіңуі үшін дәмхана қызметкерлері дәмді астармен қатар асқазан үшін таптырмас дәрі – «Мезимді» ұсынады(
топ басшыларына сұрақтар)10-10-нан сұрақтар

Ойын – толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озық келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады қапылыста.
Олай болса, бүгінгі математикалық дәмханадан өздеріңізге дайындаған ас мәзірлері алдарыңызға тартылды. Ендігі кезек ішілген тағамдардың бағасын есептеуге де келіп жетті. Біздің есептеу бөлімінің қызметкерлері қай топтың ас мәзірін қаншалықты көп таңдағанын анықтайды.
Оған дейін:
Шыңымыз биік болар білім қусақ,
Әлі де үйренеміз аман болсақ.
Өмір деген өнермен үйлеспей ме
?(музыка : флеш-моб)
(марапаттау ) 4а сыныбы жеңіске жетті

Білім деген - биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген – ақылшың,
Қиындықтан өткізер.
Бүгінгі дәмхана қонақтары, сіздерге әрқашан да білімдерің ақылшы да серік бола берсін. Білімнің биік шыңына талмай, шаршамай жете беріңдер деп қорытындылағым келіп тұр.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!