7 саны — натурал сан және сандық сәуледе 6
санынан кейін тұрады. 7 санының құрамы: 1 мен 6, 2 мен 5, 3 пен 4.
7 саны күнделікті өмірде кездеседі: аптаның жеті күні, белгілі
ретпен орналасқан кемпірқосақтың жеті түсі. Осы сабақта 7 санының
натурал сандар қатарындағы орны туралы білімді қалыптастыру, 7
санын басқа сандармен салыстыруды үйрету, 7 санының құрамымен
таныстыру қажет. Сабақты өткен білімді қайталаудан бастаңыз.
Оқушыларға ауызша жаттығулар қатарын жасауды
ұсыныңыз:
тура және кері ретпен 10-ға дейін
санау;
2-ден 5-ке дейін, 6-дан 3-ке дейін, 4-тен 9-ға
дейін, 9-дан 5-ке дейін санау;
“Жалғастырып сана” ойынын ойнатыңыз: бір оқу-шы
10-ға дейінгі кез келген санды атайды, екінші оқушы келесі санды
айтып жалғастырады;
“Алдына тұр” ойыны: бір оқушы тақтаға шығып 10-ға
дейінгі кез келген санды атайды, келесі оқушы оның алдына тұрып,
сол санға дейінгі санды айтады т.с.с.;
“Жаңғырық” ойыны: гонгіні бірнеше рет соғыңыз
және оқушылардан сіз неше рет соқсаңыз, сонша рет қол соғуын
сұраңыз; басқа нұсқасы: қарындашпен үстелді бірнеше рет
тықылдатыңыз және оқушылардан сіз неше рет тықылдатсаңыз, содан бір
соққыға азырақ соғуын сұраңыз т.с.с.
Оқушылардан жұмбақты шешуді
сұраңыз:
Қызыл, сары, жасылды, Көкте бір зат асылды
(Жауабы: кемпірқосақ).
Олардан: “Кемпірқосақты көргендерің бар ма?” —
деп сұраңыз. Әрі қарай мына сұрақтарды қойыңыз: “Кемпірқосақта неше
түс бар? Олар қан-дай түстер?” Оқушылардан оқулықтағы суретті
си-паттауды сұраңыз. Кемпірқосақтың барлық түстерін санап шығуды
ұсыныңыз.
Төрт топ бойынша жұмысты ұйымдастырыңыз.
Кемпірқосақтың қиылған жолақтарын таратып, оларды қажетті ретімен
орналастыруды сұраңыз. “Кім кемпірқосақты тез әрі дұрыс жинап
бітіреді?” жарысын өткізіңіз. Оқушылардан шыққан кемпір-қосақтың
жолақтарын санауды сұраңыз.
Тақтада және оқулық бойынша сандық сәулемен жұмыс
жасаңыз. 7 саны қай саннан кейін тұратынын сұраңыз. 7 санын оның
сол жағында орналасқан сандармен салыстыруды
сұраңыз.
|
Түстер палитрасы. Оқушыларға
тапсырманы топпен орындауды ұсыныңыз. Ол үшін қатырма қағазға түрлі
түсті дөңгелектер желімделген па-литраны пайдаланыңыз. Жеке әртүрлі
түсті қағаз дөңгелектер дайындап қойыңыз. Оқушыларға әрбір
палитрада жеті түстен болу үшін неше түрлі түсті дөңгелек
жетпейтінін анықтауға мүмкіндік бері-ңіз. Жұмыс барысында оқушылар
түстер гаммасын сақтай отырып, жетпейтін дөңгелектерді желімдеу
керек.
Жауабы:
біріншіге бір бояу қосу керек,
екіншіге — екеу, үшіншіге — үшеу.
Сандарды салыстыр. Оқушылармен
салыстыру таңбаларын қайталаңыз. Тапсырманы өз беттерінше орындауды
ұсыныңыз. Оқушылар сандардың ара-сындағы сия тамшыларының орнына
қандай салыс-тыру таңбасын қоятынын табады. Содан кейін оқушылар өз
жұмыстарын тексеру үшін тақтаға дұрыс жауапты
іліңіз.
Кемпірқосақта неше түс бар?
Оқушылар түс-тердің аттарын атап, кемпірқосақ түстерінің санын
санап шығады.
Жауабы:
7 түс (1 — қызыл, 2 — қызыл
сары, 3 — сары, 4 — жасыл, 5 — көгілдір, 6 — көк, 7 —
күлгін).
Шығарып көр. Оқушыларға өз
беттерінше са-науды, ал содан кейін алынған жауаптарын жұптар
арасында алмастыруды ұсыныңыз. Олардан Руслан-ның жасы қанша болса:
“Сонша жастағы балалар бар ма, әлде жоқ па?” сұраңыз. Сыныптағы
неше баланың жасы Русланның жасымен бірдей екенін анықтатып, оның
нешеуі қыз, нешеуі ұл бала екенін
таптырыңыз.
Жауабы:
жеті
жаста.
Мысалдар құрастыр және шығар.
7 саны-ның құрамы туралы білімін бекітуге берілген тапсырма.
Оқушылар суреттер бойынша мысалдар құрастырып, оларды
шешеді.
Жауабы:
1 + 6 = 7; 5 + 2 = 7; 3 + 4 =
7.
Орындап көр. Олардан таныс
ноталарды атауды сұраңыз. Содан кейін барлығы қанша екенін
санатыңыз. Қиындық туған жағдайда ноталардың аттарын
айтыңыз.
Есте сақта! Берілген тапсырма
барысында сан-дық сәулеге сүйене отырып, 7 саны көлеміндегі қосу
және азайту амалдарының барлық жағдайларын
қарастырыңыз.
|
Парталас көршісімен бірге “Мен
... білемін” ойынын ойнатыңыз. Мысалы,
— Мен жеті қыз есімін білемін:
…
— Мен жеті ұл есімін білемін:
…
— Жалғасын өзің
ойластыр:
— Мен жеті …
білемін.
|
Жеті жидектің суретін
сал. Тапсырманы орын-дау барысында оқушылар 7
санын заттардың саны-мен байланыстыруға
дағдыланады.
Сандарды салыстыр. Оқушылар өз беттерінше
түсіп қалған салыстыру таңбаларын
қояды.
Жауабы:
1 < 7 7 =
7
7 > 2 5 <
7
4 < 7 7 >
6
7 > 3 6 =
6
Заттарды тиісті санмен сызық арқылы
қос.
Тапсырмада оқушылар 7 санын заттардың санымен
байланыстыруға дағдыланады.
Кемпірқосақтың түстерін ретімен
боя.
Кемпірқосақ түстерін еске сақтау үшін осы
түстер-мен байланысты әртүрлі сөз тіркесін қайталатуға болады.
Берілген тапсырманы өз ойын жұп болып бөлісу арқылы орындатыңыз.
Тапсырманы орындау қиынға соққан жағдайда оқулықтағы үлгіні
қолда-нуға болатынын
ескертіңіз.
Түсіп қалған сандарды қой. Сандарды табу
қиындық туғызса, санау таяқшасының орнына қа-рындаштарды қолдануға
болады. Өзара тексеруді
ұйымдастырыңыз.
Жауабы:
біріншіде: 4, екіншіде: 5, үшіншіде:
1.
Үлгі бойынша жаз. Оқушыларға 7 цифрының жазба
үлгісін көрсетіңіз, ол қандай бөліктерден тұратынын сұраңыз. Осы
цифрдың элементтерін жеке жолға жазып шығуды ұсыныңыз. 7 цифрының
жазылу үлгісін тақтада көрсетіңіз. Цифрдың жазылу кезеңдеріне көңіл
бөліңіз. Осыдан кейін оқушылар сіздің нұсқауыңыз бойынша 7 цифрын
жазуы керек. Кестедегі бесінші және алтыншы жолдар өз бетімен жұмыс
жасауға арналған.
|