МАТЕМАТИКАЛЫҚ КАФЕ интеллектуалдық сайыс 5 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

МАТЕМАТИКАЛЫҚ КАФЕ интеллектуалдық сайыс 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
МАТЕМАТИКАЛЫҚ КАФЕ интеллектуалдық сайыс 5 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Шежін орта мектебі» КММ









Shape1

МАТЕМАТИКАЛЫҚ КАФЕ





Математика пәнінің мұғалімі: Нұрғожаева А.Т































Сыныбы: 5

Күні: 16.02.18

Сабақ тақырыбы: МАТЕМАТИКАЛЫҚ КАФЕ

Мақсаты:

Білімдік: Оқушылардың ойлау қабілетін,ой ұшарлығын, оқуға ынтасын арттыру.

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ой-өрісін,логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, тыңдай, сөйлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:   Үлестірмелі тапсырмалар,  логикалық есептер , оқушыларға кафеге сай столдар жасайды.

Түрі: Топтық сайыс сағаты.


Математка сырлы,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді!

 

Құрметті математикалық кафенің қонақтары, бүгін кафеміздің екі столына тапсырыс берген қонақтар бар. Соларды таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Олар «Банкирлер», «Кәсіпкерлер» (5 сынып оқушылары)

Жақсы тәбетпен жеген ас қана сінімді болады. Сондықтан, тәбеттеріңіз ашылсын!

 

Кафеміздің ас мәзірі:

І. Қуырдақ – «Кім үлгерді,сол жеді.»

ІІ. «Үшбұрыш» қосылған сорпа.

ІІІ. Салат «Ұмытпашы»

IV. «Біздің дастарханнан – сіздің дастарханға…»

V. «Есептер қосылған балмұздақ»

VI. «Ойымды жалғастыр»

 

Уақыттарыңыз мәнді де сәнді өтсін! Біздің тағамдарымыз сіздерге ұнайды деп сенеміз. Астарыңыз дәмді болсын!


І. Қуырдақ – «Кім үлгерді, сол жеді» берілген логикалық сұрақтарға кім бірінші жауап береді? Әр сұраққа қуырдақ суретінің  бөліктері  ашылып, тағам әзірленеді.

1. Қолымызда он саусақ, 10 қолда қанша саусақ бар?  (50)

2. Екі адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады, әрқайсысы неше сағат ойнады? (2)

3. Қосақталып 5 ат  5 шақырым шапты, әрқайсысы неше шақырым шапты? (5)

4. Күрке тауық 2 аяғымен тұрғанда 10 кг, 1 аяғымен тұрса неше кг тартады? (10)

5.  1 кг темірмен 1 кг мақтаның қайсысы ауыр? ( тең)

6. Өзі менің әкемнің баласы, бірақ ол маған аға да, іні де емес. Бұл кім? (өзім)

7. 4 жұмыртқа 4 минут піседі, 1 жұмыртқа неше минут піседі? (4)

8. Үстел беті төртбұрыш, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ неше бұрыш қалды? (5)

9. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)

10. Ағаш үстінде 100 торғай отырды, аңшы он торғайды атып алды. Торғайдың қаншасы қалды? (10)

11. Бір жанұяда 5 ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар, жанұяның қанша баласы бар? (6)

12.  Қорада тауықтар және қояндар бар. Олардың барлығы 15 бас, 50 аяқ болса қорада неше тауық неше қоян бар? (5 тауық, 10 қоян)

13. Жылдың неше айында 28 күн бар? (12 ай)

14.3 шофер болыпты. Олардың Самат деген інісі болса керек. Бірақта Саматтың ағалары болмапты. Сонда қалай? (әпкелері)

15.Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар.  Осы жануарлардың  бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша болады? (20)

 

ІІ. «Үшбұрыш»  қосылған сорпа.

 


ІІІ. Салат «Ұмытпашы»


1. Математик, дәрігер,  ақын,  музыкант,  екінші Аристотель атанған шығыстың ғұлмасы кім? (Әл-Фараби)

2. Геометрияда жаңалық ашқан үшін Зевс құдайына жүз өгіз Құрбан еткен кім? (Пифагор)

3. «Математика – ғылымдар патшасы, ал арифметика  математика патшасы»- сөзінің авторы (Гаусс).

4. Атақты математик әйел?  (Ковалевская )

 

IV.  «Біздің дастарханнан – сіздің дастарханға …»


Топтар дайындап келген математикалық сұрақтар қойылады

Мысалы:

1. Бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)

2.  Бойы 2 қарыс, сыйып тұр 25 арыс (сызғыш)

3.  Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)

4.  3 кесіндіден құралған фигура? (үшбұрыш)

5. 10 мен 15 – тің ең кіші еселігі? (30)

6.  Ең кіші натурал сан? (1)

7.  Бір нүктеден таралған екі сәуледен құралған фигура? (бұрыш)

8.  1800 тең бұрыш қалай аталады? (жазыңқы)


V. «Есептер қосылған балмұздақ»

1 топ тапсырмасы

3,5/7 = 0,5            

78,1/11 =7,1   

67,2/21 = 3,2                               

10,4/8 = 1,3     

72,8/13 = 5,6   

43,7/23 = 1,9                                   



2 топ тапсырмасы

8,4/15 = 0,56

4,8/12 = 0,4    

3,32/4  = 0,83                    

26,1/3 = 8,7

65,8/14 = 4,7

57,5/25 = 2,3    



VI. «Ойымды жалғастыр»

Топтар кезекпен саны бар дайындап келген мақалдарын айтады.

 

Қорытындылау:

Реңжімендер қалсаңыздар жеңіліп,

Алда тұр талай жеңіс сізді күтіп.

Математиканы терең зерттеп, танысып,

Кездесейік сайыстарда қауышып – деп бүгінгі сайысымыздың жеңімпаз топты анықтап сабақты аяқтаймыз. Сау болыңыздар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
1178
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі