Математикалық негіздерді қалыптастыру.Артық , кем , тең амалдарымен танысу.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Математикалық негіздерді қалыптастыру.Артық , кем , тең амалдарымен танысу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Дайын күнтізбелік жоспар математика пәні бойынша.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

(Мектепалды даярлық тобы)

Тақырыбы: Артық, кем, тең >; <; = таңбалары

Білім беру саласы: Таным

Оқыту іс- әрекетінің түрі: Математика

Мақсаты: Заттарды санына қарай салыстыру, артық, кем, тең таңбаларын бекіту. 5 санының құрамын қайталау. Сан мен санды салыстыруда артық, кем, тең таңбаларын қолдануға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту. Жинақылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: заттық суреттер тобы, цифрлар, салыстыру артық, кем, тең таңбалары.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын, бағалау, қорыту.


Іс-әрекет
кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Бала әрекеті

Мотива-

циялық-
қызығушылық:

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Қайырлы таң көк аспан

Қайырлы таң жер ана.


Балалар сендер «Бауырсақ» ертегісін білесіңдер ме?

Еске түсірейік.

Ал бүгін біз «Бауырсақ» туралы басқаша ертегі құрастырамыз


Қимылмен орындайды






-Иә

Ұйымдастыру-ізденушілік

-Ерте, ерте, ертеде ата мен әже болыпты. Ол бауырсақты пісіріп қайда суытып қояды?

-Иә, ол терезеден секіріп түсіп мектепке қарай қашып кетіпті. Қашып келе жатса алдынан не шығады?

(Тақтада қоян бейнесі)

-Қоян не деп сұрайды?


Бауырсақ мен мектепке барамын жүр дейді. Қоян мен бармаймын , ойын ойнаймын дейді. Сонда бауырсақ қоянға тапсырма беріпті. Сол тапсырманы қоян орындай алмай қиналып тұр екен. Қоянға көмектесеміз бе?

1-Тапсырма: «Шатасқан сандар»

шашылып жатқан сандарды ретімен санап орналастыру. (1- ден 5- ке дейінгі сандар)

-Қоян сендерге риза болды. Ол да енді мектепке баратын болды.

Бауырсақ келе жатса алдынан не шығады?

(Тақтада қасқыр бейнесі)

-Қасқыр не деп сұрайды?


Бауырсақ мен мектепке барамын жүр дейді. Қасқыр мен бармаймын , ойын ойнаймын дейді. Сонда бауырсақ Қасқырға тапсырма беріпті. Сол тапсырманы қасқыр орындай алмай қиналып тұр екен. Қасқырға көмектесеміз бе?

2-тапсырма: «Суреттерді сана және салыстыр»

Суреттерді санап артық, кем немесе тең екенін айту.

Қасқыр сендерге риза болды. Ол да енді мектепке баратын болды.

Бауырсақ келе жатса алдынан не шығады?

(Тақтада аю бейнесі)

-Аю не деп сұрайды?


Бауырсақ мен мектепке барамын жүр дейді. Аю мен бармаймын , ойын ойнаймын дейді. Сонда бауырсақ аюға тапсырма беріпті. Сол тапсырманы қасқыр орындай алмай қиналып тұр екен. Аюға көмектесеміз бе?

3-тапсырма: «Геометриялық пішіндерді ата және артық, кем, теңін анықта»

Қалташадан бір үшбұрыш аламыз да сол туралы сұрақтар қоямыз. Енді дөңгелек алып сол туралы да бірнеше сұрақтар қоямыз. Тағы да үшбұрыш алып шығып, пішіндерді санату. Қайсысы артық, қайсысы кем? Сұрақтарын қою.

-Балалар аю өзі туралы сергіту жаттығуын орындасыншы дейді. Орындайсыңдар ма?

Сергіту сәті: «Маймақ аю»

Маймақ аю тұршы

Маймақ аю отыршы

Міне былай, міне былай

Міне былай билеші


Маймақ аю жүрші

Маймақ аю жүгірші

Міне былай, міне былай

Міне былай билеші


Маймақ аю сартылдат

Маймақ аю топылдат

Міне былай, міне былай

Міне былай билеші


Аю сендерге риза болды. Ол да енді мектепке баратын болды.

Бауырсақ келе жатса алдынан не шығады?

(Тақтада түлкі бейнесі)

-Түлкі не деп сұрайды?


Бауырсақ мен мектепке барамын жүр дейді. Түлкі мен бармаймын , ойын ойнаймын дейді. Сонда бауырсақ Түлкіге тапсырма беріпті. Сол тапсырманы түлкі орындай алмай қиналып тұр екен. Түлкіге көмектесеміз бе?

4-тапсырма: Дәптермен жұмыс

1.Ауада жазу

2.Тақтаға жазу

3.Дәптердегі есептерді шешу, артық, кем, тең таңбаларын қою.

Түлкі сендерге риза болды. Ол да енді мектепке баратын болды.

-Енді бауырсақ, қоян, қасқыр, аю, түлкі барлығы дос болып, мектепке бірге баратын болыпты.




-Терезенің алдына



Қоян


Бауырсақ қайда барасың?






Иә






Қасқыр


Бауырсақ қайда барасың?







Иә







Аю


Бауырсақ қайда барасың?






Иә










Иә

Қимылмен орындайды

















Түлкі


Бауырсақ қайда барасың?






Иә

Рефлексивтік- түзету:

- Сабақта сендерге не қызықты болды?


-Қай тапсырма қиын болды?

-Қандай таңбалармен таныстық?

Жарайсыңдар, балалар, сабаққа жақсы қатыстыңдар!

Сендерге рақмет!

Бауырсақтың тапсырмалары

Есеп шығару

-Артық, кем, тең



Күтілетін нәтиже:

Білуі: Заттарды санына қарай салыстыруды біледі.

Меңгеруі: Қарапайым математикалық ұғымдар туралы білімді меңгере білуі, сұраққа толық жауап бере білуі.

Жасай алуы: Достарының жауабына, ойына, өз көзқарасын еркін білдіре білуі.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2023
388
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі