Материалдар / Математикалық ойындар арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Математикалық ойындар арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша қызметкерлеріне, математикалық ойындар арқылы бүлдіршіндердің логикалық таным-түйсіктерін арттыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Наурыз 2021
1137
8 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Маңғыстау облысы


Ақтау қаласы


39 Хиуаз балабақшасы




Ғылыми жоба үлгісін құрастырған: балабақша тәрбиешісі Ұлболсын Тоқабаева



Тақырыбы:

Математикалық ойындар арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту



Бағыты: «Балабақша жұмысында логикалық ойын түрлерінің маңызы. Математикалық ойынның ерекшелігі»




Секция: Жаратылыстану














2021 жыл


Мазмұны

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3



1 тарау. Логикалық ойындар


1.1.Балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту жолдары.............................4-5

1.2.Логикалық ойындар арқылы танымдық қабілетті арттыру...........................6-7


2. Математикалық ойындар


2.1.Математикалық ойынның маңызы...................................................................8-9


2.2.Математикалық ойын түрлері, қолдану тәсілі............................................10-11


ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................12


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................................................13



















Кірісіпе


Мектепке дейінгі балалық шақта бүлдіршіндер айналасында болып жатқан құбылыстарды жіті аңғарып, көргені мен сезгендерін зердесіне хаттай жазып ала қоятын зеректігін ескерген жөн. Әрдайым қозғалыс үстінде жетіле дамыған балалардың денесі мен салмағы да бірқалыпты мөлшерді сақтап өсіп отырады.

Сол себепті қазіргі таңдағы негізгі талаптардың бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған, жаңаша, тәуелсіз, ойлай алатын шығармашыл тұлға тәрбиелеу. Бала мектепте жақсы оқуы үшін, оған бегілі білік пен дағдылар қажет (алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталануын дағды деп атайды). Сол себепті балалардың бойына жастайынан жақсы тәрбие қалыптастыру үшін, олардың ойлау дағдыларын бірізділікке топтастырып, шыңдай білуіміз қажет.

Балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ оқушыларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.

Балалармен жұмыс жасау барысында аңғарғаным, олар ойын баласы болғандықтан логикалық тапсырмаларды орындау барысында асқан қызығушылық танытады. Түрлі әдіс-тәсілмен ойын арқылы ойларын өрбіту өзінің оң нәтижесін береді.

Балабақшада бүлдіршіндерге қалай тәрбие берілсе, ол өскен кезде өзінің көрінісін байқатпақ. Сол себепті мен өзіме жүктелген міндеттің қаншалықты салмақты екенін білемін. Және жұмыс жасау барысында барынша тиімді тәсілдерді пайдаланып, балалардың ой-өрісін дамытуға ат салыса бермекпін.

Жалпы, логикалық ойындардың осы ретте маңызы зор. Сол себепті мен оны тереңірек зерттеп, өз әріптестеріммен бөліссем деймін.

Саналы ұрпақты қалыптастыру балабақша қабырғасынан бастау алады. Сондықтан, тәрбиешілердің тағылымды еңбектері тура жолға бастайтын көпір болмақ.





1 тарау. Логикалық ойындар

1.1.Балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту жолдары


Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі, мектепке дейінгі мекемеде білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесі қойылған. Балалардың өзіндік ізденуі, ойлануы, еске сақтауын, ынтасын, белсенділігін, өз пікірін айтуға көңіл бөліп, қабілетті, білімді бала тәрбиелеу үшін, оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты, жолдарын іздестіреміз. Сондықтан, тобыма бақылау жасай отырып, «Математикалық ойындар арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту» тақырыбын алдым.

Жалпы, логика (грек тілінен алынған logic –сөз, ой, ойлау, ақыл –ой) ойлаудың заңдылықтары мен түрлері туралы ғылым.

Баланың логикалық ойлау қабілеті дегеніміз – қарапайым математикалық алғашқы ұғымдарды меңгеруден басталады. Өйткені, бала сөйлегеннен бастап өзінің атын, мекен-жайын жаттай бастайды. Міне, сан санау да осыдан басталады. Оны жүйелі түрде тыңдау тәрбиешінің басты міндеті, логика – адам ойы, дұрыс ойлау ұрпақтан-ұрпаққа табиғи түрде де беріледі, оның үстіне тәжірибе арқылы қалыптасады.

Логикалық ойындар арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту үш негізгі бағытта іске асырылады: Қызығушылығын арттыру; Ойлау және қабылдау қабілетін дамыту; Қазақстан Республикасының білім беру стандартында білім берудің басты міндеті логикалық ойлауды дамыту болып табылатындығы атап айтылған. Балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық ойындардың маңызы зор. Логикалық ойындар балаларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ балаларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады. ізденісін арттыру;

Логикалық ойын арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мынадай іс - әрекеттерді қамтиды: сергіту психологикалық механизімдерінің дамуы (ес, зейін, қабылдау, ойлау) іздену жаңашылдықты ашу.

Алынған логикалық ойындар мазмұны жағынан бір - біріне ұқсамайтын болуы тиіс. Бұл баланың ой - өрісін дамытып қана қоймайды, оны байқағыштыққа, шапшаңдыққа, ойын дәлелдеуге үйретеді, әрі оны жалықтырмайды. Әр сабақ сайын логикалық ойындарды біртіндеп қиындатамын, көлемі көбейген сайын тапсырмаларды орындау жылдамдығы да артады.

Дидактикалық ойын – баланың қызығушылығына негізделген оқыту тәсілдерінің бірі.

Дидактикалық ойындар арқылы баланың логикалық ойлауы дамиды, ал

логикасын дамыту – ол оқу үрдісінде үздіксіз ұдайы жүргізілетін жұмыстардың бірі.

Іс - тәжірибемде балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда мынандай талаптарды басшылыққа аламын: Оқу іс - әрекетіне балаларды түгелдей қамту; Жеке дара қасиеттерін ескере білу; Іс - әрекетке қызықтыра білу.

Балаларға логикалық ойындарды ойнатқанда таңдауға, жинақтауға, салыстыруға, топтауға арналған логикалық ойлауын дамытатындай болуы керек. Мысалы: сөздік - логикалық ойлаудың дамуына мынандай жаттығулар көмектеседі: «Артығын анықта» әдістемесі. Тапсырманы сурет не заттай немесе жазбаша түрде ұсынуға болады. Сонымен қатар ойлау әрекетін дамытатын тәсілдерді ойын түрінде қолдануға болады.

«Логикалық ойлау» дегеніміз – логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ой-пікірлерді тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі. Баланың логикасын дамыту ұғымдарын өсіру, оқу- тәрбие үрдісіндегі ұдайы жүргізілетін жұмыс.

Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен анықталады.

Бүлдіршіндердің логикалық ойлау қабілетін дамытуда қарапайым математиканы ойын арқылы меңгерту тиімді өйткені, жасырып тұрған ойдың нені меңзеп тұрғанын ойлап табу, баланың ми қыртыстарының жұмысын шыңдайды.

Психолог – ғалымдар: Н.Н. Поспелов, Ю.А.Петров, А.Н.Леонтьев, «логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген. Олардың пікірінше «логикалық ойлау» дегеніміз логика заңдылықтарын пайдалана отырып ой-пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде, интеграциялық сабақтарда түрлі формаларда өткізуге болады. Мысалы, мерекелік кеш (әзіл-жұмбақтар, ребус, сөзжұмбақ, математикалық фокус), математикалық логикалық ойын, дидактикалық ойын.





1.2.Логикалық ойындар арқылы танымдық қабілетті арттыру


Қазіргі алға қойған үлкен мақсат — өмірдің барлық саласындағы белсенді шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Шығармашыл тұлға бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттермен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылық-тарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болу. Осы орайда, балабақша бүлдіршіндерін логикалық ойындар арқылы таным-түйсіктерін арттыру ең маңызды әдіс-тәсіл болып табылады.

Бала ойын дамытуда логикалық ойындар ерекшеліктерін алуға болады. Балалардың ойлау қабілетін дамытатын, қызығушылықтарын арттыратын жұмыс түрі – логикалық ойындар. Логикалық ойындар баланы тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулып, ойының ұшқырлығына, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға, дәлелдеуге әсер етеді.

Негізінде, баланың логикалық ойлау қабілеті дегеніміз – қарапайым математикалық алғашқы ұғымдарды меңгеруден басталады. Оны жүйелі түрде тыңдау тәрбиешінің басты міндеті, логика -адам ойы, дұрыс ойлау ұрпақтан-ұрпаққа табиғи түрде де беріледі, оның үстіне тәжірибе арқылы қалыптасады.

Ой -тану – сезіну, қабылдау, елестеу жолдарымен көрініс табады, оның көмегімен бір заттың жеке қасиеттерін ажыратамыз. Барлық құбылыстарымен салыстырғанда адамның ойлауы өте күрделі және танып білуі балаларға өте қиын.

Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті.

Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Кіші мектеп жасындағы балаларды көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданылатынын байқау қиын емес. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш – жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді.

Шағын орталық қабырғасында баланың көп уақытын ойынмен өткізетіні белгілі. Ойын – бала өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің алғы шарты.

Бүгінгі күн талабы – баланың ақыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.

Ойлауды зерттеуде көптеген психологтар детерминизм принципін басшылыққа алады. Ол сыртқы құбылысты тану, ішкі шартты рефлекс арқылы жүзеге асады деген ережеге сүйенеді. Мұнда ойлаудың ішкі құрылысы, олар ойлау операциялары; анализ (талдау), синтез (жіктеу) және жалпылау. Білім, ойлау процесі арқылы алынатын болса, ойлау процесінде қандай да бір білімге сүйенеді.

Қазіргі күнде ғылым психикалық даму қоршаған ортаның санада сәулеленуі, яғни танымдық, тәжірибені және әрекетті меңгеруіне байланысты деп қарап, оны оқу, білім алу деген сөз дейді. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамдарды дамытады.

Негізгі мәселе ретінде-тәрбиеленушілерге білім бере отырып, ойлануын дамыту, яғни оқу әрекетін қалыптастыру, қызығушылықтарын арттыру және ойлау қабілетін дамыту.

Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда мына әдіс-тәсілдерді қолданамын:

-Балаға қойылатын сұрақтар жүйелі әрі түсінікті болуы керек. Сұрақ қоя білу қиялдаудың ең жоғары сатысы және ойлауда негізгі рөл атқарады;

-Ойын арқылы балалардың негізгі іс-әрекеті және олардың айналадағы өмірден алған білімдерін,әсерлерін, жинақтаған тәжірибелерін өз бетінше іс-жүзінде асырады.

-Ойын барысында берілген тапсырмаларды шешуде балалардың ақыл-ойы дамиды. Міне, осыдан баланың логикалық ойлау, қияладау қабілеті қалыптасады.

-Тәрбиеші балалардың дұрыс ойлануына күш жұмсаулары қажет, өйткені жас балаға ойлау тым ауыр. Тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде де, сақтықпен іс-әрекет еткен жөн.

Мектепке дейінгі балалардың жасы мен психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту, тәрбиелеу жұмыстарында түрлі әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын қолданып, ойын түрінде ұйымдастыру нәтижелі болмақ.





2. Математикалық ойындар

2.1.Математикалық ойынның маңызы


Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің негізгі бөлімі қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру болып табылады. Математикалық ұғымдармен танысу кезінде балалар топтастыру, салыстыру, өз істерін жооспарлау, берілген тапсырмаларды орындау, шешім таба білуге үйренеді. Сонымен қатар, ой-өрістері кеңіп, шығармашылық белсенділіктері артады.

Мамандар психологиялық және педагогикалық зерттеулері мен балаларды үйде, балабақшада және мектепте бақылаулары мектеп жасына дейінгі балаларда және төменгі сынып оқушыларында сан туралы түсінік заттарды қолдану барысында қалыптасады деп көрсетті. Мысалы, таяқшалар жиынтығы, геометриялық пішіндер (дөңгелектер, шаршылар, төртбұрыштар), тұрмыстық заттар (2 орындық), ойыншықтар (үш қуыршақ), тағамдар (2 сәбіз). Мектеп жасына дейін-ақ балаларда сан және сандардың қатысу туралы түсінік сөздердің көмегімен, айналадағы ересектердің іс-әрекетінің көмегімен қалыптасады.

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруда бала ресурстарын іске асырудың дәстүрлі сабақ түрінде емес тікелей бақылаулар мен пәндік сабақтар, дидактикалық ойындар, практикалық іс-әрекеттің сан алуан түрлері нысанында өткізілгені ең тиімді жолы болып табылады.

Бүлдіршіндердің логикалық қабілетін дамытуда қарапайым математиканың алғашқы ұғымдарын ойын арқылы үйретудің заттары әртүрлі геометриялық пішіндерден құрастырудың, ауызша есеп шығарудың, көру арқылы салыстырудың, қиялдаудың, жұмбақтар жаттаудың маңызы зор. Өйткені жасырын тұрған ойдың нені меңзеп тұрғанын ойлап табу баланың ми қыртысының жұмысын шыңдайды, логикалық ойлау сезімін қалыптастырады.

Ұйымдастырылған оқу қызметінде ойын элементтерін қолдану немесе толықтай ойын түрде өткізу тәрбиешіден біліктілік пен шеберлікті, шығармашылық ізденісті қажет етеді. Сондықтан, олардан оқу мазмұнындағы ойындарға үлкен жауапкершілікпен және сақтықпен қарау талап етіледі.

Бала көлемі, пішіні, түсі, саны жағынан әртүрлі заттардың қоршауында өседі. Үлкендердің көмегімен балалар осы заттарды атауды, бір-бірінен айыруды, оларды қолдануды үйренеді. Бала өскен сайын қоршаған ортамен қарым-қатынасы күрделене түседі, жаңа түсініктер пайда болады.

Кішкене күнінен балаларда сан туралы алғашқы қарапайым түсінік қалыптасады. Ересектер балаларды заттарды қолдануға көмектеседі, сөздік қорын көбейтеді. А.М.Леушинаның зерттеулері балалардың алдымен санауға емес, салыстыруға, содан соң барып сан есімдерді қолданып санауға үйрету керек екенін көрсетті. Ол балалардың заттарды әртүрлі қолдану қабілетін, заттарды салыстырып, әртүрлі сөздермен атау қабілетін жоғары бағалады.

Санау ұғымы адамның ойлау қабілетінің бірден бір жемісі. Санауды ерте үйренген балада сан туралы түсінік пайда болады. Баланы қоршаған ортада көптеген заттар бар. Оларды санауға болады, кейбіреулері өлшенеді. Осыған байланысты 2 ұғым қалыптасқан: «сан» және «көлем». Есту қабілетін дамытатын ойындар (математикалық жұмбақтар, өлең есептер). Бір мысықтың аяғы нешеу ? Сиырда неше мүйіз бар? Өлең есеп Асан жеді бір кәмпит, Үсен жеді бір кәмпит. Қосқан кезде барлығын, Болады екен неше кәмпит? (1+1=2).

Баланың мінез-құлқының қалыптасуының үлкен рөл атқаратын ақыл-ой ойындары. Ақыл-ойды дамытатын ойын түрінің бірі «Он бір қара жұмбақ», ойынның басты ерекшелігі – есеп сұрақтарын қою арқылы баланың ойлау қабілетін дамытады.Егер ойын тартымды болса , бала тез қабылдайды.Баланың мектепке барар алдындағы дайындық кезеңі үшін үлкен тәрбиелік мәні бар ойындар қазақ халқында көптеп кездеседі.Бала ұлттық ойынға қатысу арқылы жалпы білім жүйесін меңгереді.Ұлттық ойындар педагогикалық қызметте ақыл-ой міндеттерін шешу үшін таным-білігін дамыту үшін кеңірек қолдану қажет.

Балабақшада берілетін қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру бағдарламасы – бұл баланы алғашқы математикадан мектепке даярлау бағдарламасы болып табылады.

















2.2.Математикалық ойын түрлері, қолдану тәсілі.


Мектепке дейінгі мекемеде ойындар көмегімен қарапайым математикалық ұғымды қалыптастыру бүлдіршіндердің бойына білімге деген негізді қалыптастырып, ой-түйсігінің артуына ықпал етеді. Ойын сабақтың мазмұнын байыта балалардың қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түседі. «Санамақ», «Он саусақ» өлеңдерін жаттатып, мазмұнын түсіндіру арқылы балалардың тілін ұстартып, логикалық ой – жүйелерін қалыптастыруға болады. Балалардың белсенділігін арттыра түсу мақсатында әрбір сабақты түрлендіріп өткізу орынды.

Тәрбиеші ретінде өзіме жүктелген міндеттің қаншалықты салмақты екенін жақсы түсінемін. Сол себепті, балалармен жұмыс жасау барысында аңғарғаным, ойын арқылы берілген тапсырмалар,жүргізілген жұмыстар өз нәтижесін беріп, бүлдіршіндердің қызығушылығын арттырады. Мысал ретінде өз тәжірибемде қолданылып жүрген төмендегі логикалық тапсырмаларды ұсынамын:

  • «Сандар». Санарды өсу ретімен қойып шық, түстерін ата, көрші санды ата, т.б.

  • Дидактикалық ойын. «Біреу және көп»: Мақсаты: «Біреу және көп» ұғымын ажырата алуға үйрету. Тәрбиеші балалардан заттардың арасынан бір және көп заттарды табуды өтінеді. Мысалы: сағат біреу-ойыншық көп; тақта біреу-парта көп; бір аквариум-көп гүл. т.б.

  • «Пішіндер әлемі». Ойын шарты: Геометриялық фигуралар дайындағанда көлемдері бойынша әрқилы ғып дайындаймын және балаларда көлем, пішін, саны жайында түсінік қалыптасады. Бала сипаттағанда:

«Үлкен – үлкенірек – ең үлкен»,

«кішкентай – кішірек – ең кішкентай»,

«биік – биігірек – ең биік»,

«ауыр – ауырырақ – ең ауыр»,

«жеңіл – жеңілірек – ең жеңіл»,

«терең – тереңірек – ең терең»,

«жарық – жарығырақ – ең жарық»,

«қараңғы – қараңғырақ – ең қараңғы» және т. б. тиісті салыстырмалы және таңдаулы шырайдағы салыстырмалы сын есімдерді дұрыс өзіндік дербес қолдануға үйретемін.

  • «Санына қарай салыстырайық ойыны». Ойын шарты: Бастапқыда балаларға қай жерде ойыншықтың көптігін, ал қай жерде аздығын көзбен анықтауды ұсынамыз, яғни, үзіліссіз мөлшерлерді салыстыра бастаймыз. Алғашқы мысалдардың жауаптары көзге көрініп тұруы қажет.

  • 1 - 10 - ға дейін санау ойыны. Ойын шарты: Бала 1 - 10 аралағында таңбаларды тани білу. Аталған санға байланысты қимыл жасап үйретемін. Мысалы шапалақтап санау, немесе түрлі санамақпен жаттатамын.

Аталған жұмыс түрлері бала үшін, оның танымын, логикасын арттыру үшін өмірде қажетті екенін көрсетеді, яғни олардың шығармашылық деңгейін көтереді, қызығушылықтарын арттырады. Өзімнің тәжірибемде балалардың қиялына қанат бітіріп, ойлау, таным қабілеттерін жетілдіріп, тапқырлыққа баулу үшін әр-түрлі әдіс-тәсілдерді сабағымда қолданамын.

Ойындарды үнемі пайдалану арқылы балалардың ауызша есептеуге жаттығуына логикалық ой-жүйелерін жетілдіруге, түсінуге толық мүмкіншілік бар. Ойын түрлерінің ұйымдастырылған тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын күшейтеді, балалардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.

Осы мақсатта балалардың логикалық ойлау қабілетін жетілдіруде математикалық ойындардың рөлі ерекше.



















ҚОРЫТЫНДЫ


Қорытындылай келе, ойындар балалардың таным белсенділігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, балалардың көңіл-күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануына және өтілген тақырыпты жеңіл меңгеруге көмектеседі. Тақырыпты ашу барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі қолданылып, ұйымдастырылып отырса, сонда ғана тәрбиешінің тақырып мақсатын ашуына мүмкіндік береді.

Мектеп жасына дейінгі балаларға оқу үрдісінде «логикалық ойын» түрлерін пайдалану, біріншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады. Түрлі логикалық тапсырмалар баланы жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі. Осы бағыттағы ізденіс нәтижесінде, математикалық ойындар арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту тапсырмалары негізінде тобымдағы балалардың ойлау қабілеттері жоғары деңгейде көріне бастады.

Балаға мектепте қажетті білім негіздері мектепке дейінгі жаста қаланады. Математика мектепте оқыту барысында белгілі қиындықтар туғызады, өйткені ол күрделі ғылым. Барлық балалардың соған бейімділікке және математикалық ойлау қабілетіне ие болмағандықтан, әсіресе мектепке дейінгі жаста мектепке дайындық кезінде қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру өте маңызды.

Математикалық сауаттылықты қа

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!