Тақырыбы:
Математикалық поезд Бағыты «Ақтөбе - Астана» (математикалық
ойын)
Мақсаты:
оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру,
логикасын дамыту, ынталандыру, математика пәнін өмірмен
байланыстыру.
Әдісі: Ойын
жүргізу, өзара жарыс.
Көрнекілігі: 1.
Поезд – үш вагоннан тұрады.
2. Анықтама
бөлімі.
3.
Касса.
4. Аквариумдегі
балықтар.
5. Есептер,
жұмбақтар
Жоспары: 1.
Ұйымдастыру.
2. Поезға билет
алу.
Жүрісі:
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін 5 сыныпта арасында өтетін
«Ақтөбе — Астана» бағыты бойынша «Математикалық поезд» атты
математикалық ойынын
бастаймыз
Жүргізуші – 1:
Уа, жарандар, жарандар,
Мына бізге
қараңдар.
Бөлмеде біздің
тыныштық,
Естілмейді
дыбыс түк.
Мұны біз де
қоштаймыз.
Кешіккенді
тоспаймыз.
Ғылымдардың
ғылымы,
Математика
жайында,
Ойынымызды
бастаймыз.
Жүргізуші – 2:
Ойынға қатысушы оқушылар келіп, билеттер
алады
Жүргізуші: (3 -
рет қоңырау соғады). Ойыншылар жолсерікке билеттерін көрсетеді де
вагонға отырады.
Жүргізуші –
1:
Өмір деген көк
мұхиттың толқыны,
Бір - бірімен
жатқан шулап, жалғасып,
Бір - бірімен
жатқан шулап, арбасып,
О, толқындар
арпалысып алға шық –
деп ақын
жырлағандай, ендеше қай топ алға шығар екен. Купедегілер –
«Алғырлар», плацкарттағылар – «Тапқырлар», жалпы вагондағылар –
«Ойшылдар» тобы.
Жүргізуші –
2:
Тыңдаңыздар,
тыңдаңыздар «Математикалық поезд» жолға
шықты.
Ойыншылар
(әндетіп).
Өнер қуған
математик жастармыз,
Есептерді лезде
шешіп тастаймыз.
Командалық ылғи
тапқыр, қырандар,
Жарысуға келіп
тұрған ұландар.
1. Жүргізуші –
1: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Математикалық поезд» «Никельтау»
станциясына келіп тоқтады. Бұл станцияда «Балық аулау» ойыны
ойналады. Әр топтан бір оқушыдан келіп балық аулайды, яғни
балықтағы сұрақтарға жауап
береді
1. Сіз –
автобус жүргізушісіз. Автобуста алғашқыда 23 жолаушы болды. Бірінші
аялдамада 3 әйел адам түсті және 5 ер адам кірді. Екінші аялдамада
7 ер адам кірді және екі әйел түсті. Жолаушылар
қанша?
2. Жасы жүзге
келген қария өмір бойы өзінің туған күнін 25 рет қана атап өткен.
Себебін анықта.
3. 10 жасында 1
- ден 100 - ге дейінгі сандардың қосындысын тез есептеген неміс
математигі кім?
Жүргізуші –
2:
Тыңдаңыздар,
тыңдаңыздар! «Математикалық поезд» жолға
шықты.
Ойыншылар:
Білім қуған біз оқушы
ұландар,
Келіп тұрған
жарысуға қырандар.
Есеп десе ішкен
асын қоятын,
Біз боламыз
математик ұландар.
Жүргізуші – 1:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Математикалық поезд» «Әйтеке би»
станциясына келіп тоқтады. Бұл станцияда жұмбақ шешеміз. (Үш топқа
үш түрлі жұмбақ беріледі).
1. Бұлбұлдың 2
құлақ, 1 басы бар
Салдыраған 8
жерден таңбасы бар.
Бұлбұлды жолға
салып айдағанда,
Салатын неше
түрлі жорғасы бар.
(Домбыра)
2. Алды –
артымыз шексізде
Жете алмайсыз
біздерге
Сәуле менен
кесінді
шыққан тегін
білесін бе? (түзу)
3. Өмірің сенің
қызық,
Жолында жоқ
түзу сызық,
Басы да жоқ
аяғы.
Бір айналым
баяғы. (дөңгелек)
Жүргізуші – 2:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Математикалық поезд» жолға
шықты.
Ойыншылар:
Шақырып жарыстарға сан
салалы,
Ұландар топ
жарғалы жар салады.
Ту етіп достық
пенен татулықты,
Қарсылас
командасын қарсы алады.
Жүргізуші – 1:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Математикалық поезд» «Тобыл» станциясына
келіп тоқтады. Бұл станцияда «Ғажайып заңдылықтар» ойыны
ойналады
1. Сандар
қатарын жалғастыр.
3, 7, 11, 15,
19,...
2. Артық сөзді
алып таста:
метр, дециметр,
килограмм, сантиметр,
миллиметр.
3. Қай қатар
артық?
2 5 8 11
14
1 4 7 10
13
10 20 30 40
50
Жүргізуші – 2:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Математикалық поезд» өз сапарын
жалғастырады.
Ойыншылар:
Ұландар биіктерде
қалықтасын,
Жеңіспен көк
жүзінде шарықтасын.
Жеңіс туы
алауласын,
Бәйгені бізден
ешкім ала алмасын.
Жүргізуші – 1:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Математикалық поезд» «Құсмұрын»
станциясына келіп тоқтады. Мұнда топтарға алдарындағы әріптерді
қолданып, неғұрлым көп математикалық терминдер
жазыңдар
С І Р К Б Ы И Т
Ұ Ш Ү Н Е
Жүргізуші – 2:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Математикалық поезд» жолға
шықты.
Ойыншылар:
Достықпен бірлікті біз етіп
тұлға,
Жеңіспен жеткен
едік талай сында.
Қара қылды қақ
жарып әділқазым,
Еңбегін
ұланыңның әділ сына.
Жүргізуші – 1:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Математикалық поезд» «Есіл» станциясына
келіп тоқтады.
1. Глобус
қандай фигураны елестетеді?
2. Қай айда 28
күн бар?
3. Бір тауықтың
салмағы 3 кг. Егер тауық бір аяғымен тұрса, салмағы қанша
кг.
4. Бір
жұмыртқаны пісіру үшін 3 мин уақыт кетеді. Бес жұмыртқаны пісіру
үшін неше мин. кетеді.
Жүргізуші – 1:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Математикалық поезд» «Атбасар»
станциясына келіп тоқтады.
42а+8, мұндағы
а=5
3х+14х, мұндағы
х=3
26у - 3,
мұндағы у=2
Жүргізуші – 1:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! « Математикалық поезд» Астана қаласына
келіп тоқтады.
Енді әр топ
жинаған жетондарын жолсеріктер санап
қойындар
Жеңімпазды
анықтайық
Жүргізуші – 1:
Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Математикалық поезд» өз сапарын
аяқтады. Келіп тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет, қош сау
болыңыздар.