Материалдар / МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНЫҢ НЕГІЗІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНЫҢ НЕГІЗІ

Материал туралы қысқаша түсінік
әдістемелік көмек ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Тамыз 2019
770
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНЫҢ НЕГІЗІ

К.А. Исмагулова

Ғ. Қайырбеков атындағы №9 орта мектебі, Қостанай қ. kulparash64@mail.ru

Қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалынып, әлемдік білім беру кеңістігіне

бағыт алуда, яғни қоғамның адамға қоятын талаптарының өзгеруі нәтижесінде функционалдық

сауаттылық ұғымы кең тарала бастады. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы

дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс

жерде, яғни, өмірде кез – келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету[1]. Білім беру

сапасының мониторингі функционалдық сауаттылықтың негізгі бағыттары арқылы іске асады.

Сол бағыттардың бірі – математикалық сауаттылық. Математикалық сауаттылық – әлемдегі

математика рөлін анықтау, түсіну, пікір айту және болашақта қажеттілікті қанағаттандыру үшін

қолдану. Математикалық сауаттылық елестету, байланыс орнату және ойлау арқылы іске

асады. Оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру, оларға нақты білім беру

үшін сабақта заманауи әдіс –тәсілдерді қолдануымыз керек. Ал заманауи сабақ дегеніміз не?

Заманауи сабақтың дәстүрлі сабақтан ерекшелігі көп.

Заманауи сабақ – инновациялық технологияны қолдану болып табылады. Заманауи

сабақта мұғалім оқушының білімді өзі алу мүмкіндігі болатындай етіп ұйымдастыруы керек.

Сабақты дұрыс жоспарлау, сабақтың тақырыбына байланысты тиімді стратегияны анықтау

керек. Яғни, оқушы еңбек жасап, іздене отырып, өз жұмысына баға береді, әр оқушының

өзінің интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Математика сабағында

барлық оқушылар бірдей деңгейде сабақты меңгере алмайды. Әр оқушының ойлау қабілеті

әр түрлі. Сондықтан математика сабағында әр сыныптағы оқушының жас ерекшеліктеріне сай

сабақтың түрін тауып, сол тақырыпты игеруді мақсат ету керек[2]. Есептер мен жаттығулардың

қызықты болуы, оқушылардың өз бетімен ойлауы, өздігінен тұжырым, қорытынды жасай алуы,

өзінің алған білімін өмірде қолдана білуі пәнге деген қызығушылығын арттырады. Яғни, білім

сапасының артуына ықпал жасайды.

Заман ағымына қарай әрбір ұстаз үнемі өз білімін жетілдіруге, іс –тәжірибесін өзгертуге,

оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыруға, сабақ үрдісінде оқушылардың іс –әрекетін дұрыс

ұйымдастыруға міндетті. Қазіргі таңда өз іс – тәжірибемде жаңартылған білім мазмұны бойынша

жаңа әдіс – тәсілдерді қолданудамын. «Блум түймедағы», «Фишбоун», «Миға шабуыл»,

«Ойлан, жұптас, бөліс», «Филворд», «Аяқталмаған сөйлем», «Джигсо», «Блум таксономиясы»,

«Мозайка», «Еркін талқылау» т.б стратегияларды қолдану арқылы сабақты түрлендіріп өткізуге

тырысамын[3]. Мысалы, 7 – сыныпта «Көпмүшелерді көбейту» тақырыбында «Миға шабуыл»

стратегиясы мына түрде қолданылды.

Миға шабуыл:

Жеке, жұптық жұмыс.

1. Төртбұрыштын ауданын тап:

2. а=9x. b=16x+5 деп алып, фигуранын ауданын табыңыз, осыдан қандай өрнек

аламыз?

816

«Блум түймедағы» мен «аяқталмаған сөйлем» стратегиялары өткен тақырыпты қайталау

мақсатында пайдаланылса, «Филворд» тақырыпты ашу үшін пайдаланылды.«Ойлан, жұптас,

бөліс» стратегиясы(оқушылар берілген тапсырманы ойланып, одан кейін өз ойлары жұбымен

біріктіреді. Соңында ойын қалған оқушылармен бөліседі.).«Мозайка» стратегиясы бойынша

топқа бөліп, топтың атын құрастыруға болады. Геометрия сабағында «Еркін талқылау»

стратегиясын қолданған ыңғайлы ( оқушылар өз ойларын еркін айтуға мүмкіндік алады).

Тапсырма «Еркін талқылау» стратегиясы

1. Шeңбeр ұзындығын жіп арқылы өлшeңіз.

2. диaмeтрiн өлшeу.

3. Тaбaнының ұзындығының тaбaн диaмeтрлeрiнe қaтынacтaрын eceптeу.

Математика сабағында топтық жұмыстар қолданылған жекелеген жобаларда толық топтарға

қарағанда, шағын топтардағы оқушылардың неғұрлым тиімді шығармашылық жұмыс істегені

байқалады. Себебі, тығыз ынтымақтастық пен қателіктер сындарлы әңгімелесу жағдайында

математика есептерін шешуде өздерін сенімді ұстайды. Сондай – ақ, бір- біріне көмектесу,

бірінің білмегенін бірі толықтыру арқылы сенімділік артып, тығыз қарым – қатынас орнатылады.

Оқушы математикалық сауатты болу үшін ол теориялық жағынан ғана емес, логикалық ойлауы

да жақсы болу керек. Яғни, математикалық сауаттылықты қалыптастыру үшін:

теорияны білу, оны логикамен ұштастыру

есепті шығаруда тиімді жағын көруге баулу керек.

Жаттығулардың ерекшеліктері:

Ауызша жаттығулар логикалық ойды, есті, тілді оқушылардың зейінін дамытуға көмектеседі.

Жазбаша жаттығулар білімді бекіту және оны қолдану іскерлігін жасауда қолданылады[4]. Олар-

ды қолдану логикалық ойды дамытуға, жазбаша тіл мәдениетін дамытуға көмектеседі. Мысалы

7- сыныпта «Қысқаша көбейту» формуласы тақырыбын өткенде мынадай шығармашылық

жұмыс беруге болады.

5 - 6 сынып математикаларында оқушылардың математикалық сауаттылығын дамытатын

логикалық есептер беріледі. Мысалы, ұзындығы м ұзындықтағы бөлігін кесіп алу керек. Өлшеу

құралынсыз қалай кесуге болады?

Шешуі: . Бар лентадан м ұзындықтағы бөлігін кесіп алу үшін м кесіп алу керек. Ол бөлік

бастапқы лентадан 4 есе кіші. Лентаны ортасынан бүктейміз. Алынған бөліктерді тағы

ортасынан бүктесек, лента 4 бөлікке бүктеледі. 1 бөлігін кесіп аламыз(бұл есеп олимпиада

тапсырмаларында кездеседі). Сондай – ақ, Эйлер – Венн диаграммасын қолдануға арналған

сауаттылық тапсырмалары бар.

Қорыта айтқанда, қай әдісті, қандай стратегияны пайдалансақ та алға қойған мақсат біреу.

Ол оқу бағдарламасындағы материалдың мазмұнын оқушы бойына сіңіру.

Әдебиеттер тізімі:

1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 – 2016 жылдарға

арналған ұлттық іс – қимыл жоспары /Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 ж. 25.06 №832

Қаулысымен бекітілген

2. Мұғалімге арналған нұсқаулық, III басылым, 2012 ж, 35 бет.

3. «Математика және физика» журналы, №3 2015ж, 3 бет.

4. Математика Қазақстан мектебінде №1-2, 2018 ж, 9 бет.

817

Аңдатпа. Бұл мақалада жаңартылған білім мазмұны бойынша оқушылардың математикалық

сауаттылығын қалыптастыру, оларға нақты білім беру үшін сабақта заманауи – әдіс тәсілдер

қолдану керектігі айтылған. Білім беру сапасы функционалдық сауаттылықтың негізгі бағыттары

арқылы іске асады. Сол бағыттардың бірі – математикалық сауаттылық. Оқушы математикалық

сауатты болу үшін ол теориялық жағынан ғана емес, логикалық ойлауы да жақсы болу керек.

Сондықтан математика сабағында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай сабақты дұрыс

жоспарлап, сабақтың тақырыбына байланысты тиімді стратегияны анықтау керек. Есептер

мен жаттығулардың қызықты болуы, оқушылардың өз бетімен ойлауы, өздігінен тұжырым,

қорытынды жасай алуы, өзінің алған білімін өмірде қолдана білуі пәнге деген қызығушылығын

арттырады.

Аннотация. В этой статье говорится о том, что формирование математической грамотности

учащихся по содержанию обновленного контента требует использования современных методов

в классе для обеспечения им конкретного образования. Качество образования реализуется

по основным направлениям функциональной грамотности. Одной из этих областей является

математическая грамотность. Для того, чтобы ученик был математически грамотным, он должен

быть готов не только теоретически, но и владеть логическим мышлением. Поэтому на уроках

математики необходимо при планировании учитывать возрастные особенности учащегося и

определять эффективную стратегию для предмета. Решения интересных задач и упражнений,

формирует у учащихся уверенность и самодостаточность, способность применять свои знания

в жизни, тем самым повысят интерес к предмету математики.

Abstract. This article says that the formation of mathematical literacy of pupils on the content of

updated content requires the use of modern methods in the classroom to provide them with a specific

education. The quality of education is realized in the main areas of functional literacy. One of these

areas is mathematical literacy. In order for the student to be mathematically literate, he must be ready

not only theoretically, but also to have logical thinking. Therefore, in the lessons of mathematics, it is

necessary to take into account the age features of the pupil in planning and determine an effective

strategy for the subject. The solution of interesting problems and exercises, gives students confidence

and self-sufficiency, the ability to apply their knowledge in life, thereby increasing interest in the subject

of mathematics.

Түйін сөздер: функционалдық сауаттылық, жаңартылған білім, математатикалық

сауаттылық, заманауи стратегия, әдіс – тәсіл, логикалық ойлау, инновациялық технология.

Ключевые слова: функциональная грамотность, обновленные знания, математической

грамотности, современная стратегия, метод - подход, логическое мышление, инновационные

технологии.

Key words: functional literacy, updated knowledge of mathematical literacy, modern strategy,

method - approach, logical thinking, innovative technologies__

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!