Материалдар / Математикалық сауаттылық тапсырмалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математикалық сауаттылық тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
4-сынып оқушыларына арнап математикалық сауаттылық білімдерін дамытуға бағыттап құрастырылған тапсырмалар үлгісі ұсынылады.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МАТЕМАТИКАЛЫҚ

САУАТТЫЛЫҚ

ТАПСЫРМАЛАР ЖИНАҒЫ


«Математикалық сауаттылық тапсырмалар жинағы» 4 сынып оқушыларының пәндік білімді тәжірибеде қолдану арқылы меңгертуді талап етеді. Барлық тапсырмалар қоршаған ортадағы күнделікті өмірлік жағдайлардан алынған мысалдар арқылы құрастырылған және оқушылардың математикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Барлық тапсырмалар шешімдерді нақты жағдайларда әрекет етудің ықтимал бағыттары туралы пікір алмасу арқылы орындалады. Кейбір тапсырмалар нақты жағдайда дұрыс шешім табуға көмектесетін қосымша ақпарат береді.

Мұғалім бұл тапсырмаларды сабақтың әртүрлі кезеңдеріндегі қамтуы мүмкін. Оқушыларды проблемаларды шешуге машықтандыру мақсатында қызықтыратын жағдайларды жасау арқылы қолдана отырып жаңа материалды меңгеруте тиімді деп санауға болады. Математикалық сауаттылық тапсырма-лары күрделі тапсырма ретінде оқушыларды жалықтырып жіберетіндей болып берілмеуі тиіс. Тапсырмаларды орындау барысында интерактивті оқыту әдістерін, ойын технологияларны, квест түрлерін қолдана отырып орындау ой-өрістерін, математикалық дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Әр оқушы өзін жеке тұлға ретінде көрсете алады. Тапсырмаларды жеке жұмыс ретінде ғана емес, сонымен қатар жұптық, топтық және ұжымдық жұмыс түрінде орындауға болады.

Тапсырмалар жинағын математика сабақтарында, қосымша сабақтар, өзіндік жұмыс және сыныптан тыс жұмыстар барысында пайдалануға болады. Бұл тапсырмалар математикалық білімдерін кеңейтуге, сонымен қатар логиканы дамытуға, алгоритмдік ойлау қабілеттерін арттыруға ықпал етеді.


КІРІСПЕ

Математикалық сауаттылық – әлемдегі математиканың рөлін анықтау және оны түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді әрі нақты негіздей білу және қызығушылығы бар, ойлы тұлғаға тән қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы күнделікті өмірде қолдана білу қабілеттерін қалыптастыруға негіз болатын пәндік бағыт. Бастауыш мектепте математиканы оқыту кіші жастағы оқушылардың дамуында ерекше маңызға ие. Жалпы адамзат тарихына үңілсек, математика ғылымының кіндігі де, тұсауы да кесілген жер – ертедегі Шығыс, яғни ежелгі Египетте, Финикияда, Қытай мен Индияда, екі өзен аралығындағы Вавилонда алғашқы математикалық тұжырымдар пайда болған.

Кең далада көшпелі ғұмыр кешкен біздің ата–бабаларымыз үшін де математика ғылымы жат болмаған. Қазақ – тумысынан математик, дарынды да қарымды халық. Оған ешкімнің дауы болмаса керек. Қай дәуірді алсаң да, қазақтың қайраткерлері айбынымен де, айбарымен де, ақыл-парасатымен де, қарым-қабілетімен де дараланып келеді. Қазақ балалары математикаға өте қабілетті келетіні рас. Қазақ – ілім-білімнің кез келген саласына бейім халық. Қазіргі кезде еліміздің жас математиктері көптеген халықаралық білім сайысында жоғары жетістіктерімен көзге түссе, көш бастаған профессор-ғалымдарымыз да ғылыми жаңалықтарымен барша әлемдік қауымдастықты таңғалдырып, қазақ елін танытып жүр.

Математикалық сауаттылық тапсырмаларының мақсаты:

  • баланың өздері өмір сүріп жатқан әлемдегі математиканың рөлін анықтау және түсінуге негізделген математикалық пайымдаулар жасау;

  • математиканы қазіргі және болашақ қажеттіліктерді қанағаттандыратын тәсілдермен қолдану қабілеттерін дамыту;

  • шығармашыл, белсенді және ойшыл азамат болуға ынталандыру;

  • баланың танымдық қызығушылығын арттыру;

  • функционалдық қасиеттерін дамыту;

  • шығармашылыққа бейім қабілетті тұлғаның дамуына ықпал ету;

  • логикалық ойлауды қалыптастыру.


Бастауыш мектепте математиканы оқыту келесі білім беру және дамытушылық нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған:

1) негізгі математикалық білімді меңгеру: шамалардың мағынасын түсіну және оларды өлшеу тәсілдері; сюжеттік жағдайларды шешу үшін арифметикалық әдістерді қолдану; математиканы пайдалана отырып оқу және практикалық есептерді шешу қабілетін дамыту; арифметикалық амалдарды орындау алгоритмдерімен жұмыс жасау;

2) оқушының функционалдық математикалық сауаттылығын қалыптастыру, математикалық қатынастарды түсіну мен қолдану негізінде оқу-тәжірибелік есептерді шешу;

3) интеллектуалдық белсенділік, математикалық сөйлеу қабілетін қалыптастыру;

4) математикалық терминдер мен ұғымдар бойынша бағдарлау; күнделікті өмірде математикалық білімдерді қолданудың дағдыларын қалыптастыру.

Білім беруді жаңартуда оқушылардың білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда, функционалдық сауаттылығын қалыптастырумен байланысты. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламаларына сәйкес функционалдық сауаттылық бағалау – оқу мен жазудағы сауаттылық, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша бағаланады. Сондықтан бастауыш білім беру деңгейіндегі тіл және әдебиет, математика және жаратылыстану білім саласы пәндерін оқытуда мұғалімдер түрлі жаттығулар, тапсырмалар орындату, есептер шығарту және түрлі мәтіндер оқыту барысында оларды өмірмен байланыстыра отырып, оқушылардың оқудағы және жазудағы, математика мен жаратылыстану ғылымындағы сауаттылықтарын қалыптастыруға аса көңіл бөлгені дұрыс.



МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРЫ


«Мектеп кітапханасы»

Жаңа оқу жылында мектеп кітапханасы төртінші сыныптағы 8 оқушыға кітаптар жинағын сатып алды. Олар әр оқушыға берілетін математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, жаратылыстану, дүниетану, русский язык, музыка оқулықтары.

Сұрақтар:

  1. Математика оқулығының құны қанша болады?

  2. Бір оқушыға қанша ақша жұмсалған?

  3. Барлық кітаптар жинағы қанша болды?

  4. Музыка оқулығын алмаса, қаншаақша үнемдеуге болады?

  5. Әдебиеттік оқулығының бір бөлімі бағасы қанша болуы мүмкін?

р/с

Оқулықтар атауы

Бөлім саны

Бағасы

1

Математика

1,2,3,4 бөлімдер

12500 тг

2

Қазақ тілі

1 бөлім

2856 тг



2 бөлім

2716 тг

3

Әдебиеттік оқу

1,2,3 бөлім

7350 тг

4

Музыка

1 кітап

2716 тг

5

Дүниетану

1 кітап

2604 тг

6

Жаратылыстану

1 бөлім

4080 тг



2 бөлім

4080 тг

7

Русский язык

Часть 1

4480 тг



Часть 2

4000тг


Кестеде берілген мәліметтерді қолдану арқылы сұрақтарға жауап беріңдер.


«Мұражайда»

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі - Орталық Азиядағы ең жас әрі ең ірі музей. Музей еліміздің бас алаңы – Тәуелсіздік алаңында орналасқан. Оның асқақ, бірегей ғимараты осы маңдағы «Қазақ елі» монументімен, Тәуелсіздік сарайымен, Бейбітшілік және Келісім сарайымен, «Хазірет Сұлтан» мешітімен және Ұлттық өнер университетімен үйлесім тапқан.

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде табылған көптеген құнды дүниелер Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің баға жетпес қорын құрайды. Музей ғимараты ерекше пішінімен алыстан көз тартады.

Аса ірі бірегей музей кешені 74 000 м2 жерді алып жатыр және тоғызыншы қабатқа дейін ауыспалы қабатты болып келетін жеті блоктан тұрады. Жалпы көлемі 14 000 м2-ден асатын экспозициялық алаң 18 залды алып жатыр.


БИЛЕТТЕР БАҒАЛАРЫ

Оқушылар 300 теңге

Студенттер 500 теңге

Зейнеткерлер 300 теңге

Ересектер 700 теңге


Сұрақтар:

  1. Мәтінде айтылған сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеп жаз.

  2. Берілген аудан өлшемдерін салыстыр.

  3. Егер сендер музейге толық сынып оқушылары ұстаздарыңмен баратын болсаңдар билет құны қанша болады?

  4. Жазда Алматыдан нағашы аатң мен әжең Астанаға қонаққа келді. Олар музейге бармақшы болды. Музейге атаң, әжең, анаң, сен және 20 жасар әпкең баратын болдыңдар. Билет құны қанша болады?

  5. Сенің 1700 тг ақшаң бар. Сенің адал да сенімді 8 досың бар. Сен достарыңды музейге ертіп барғың келді. Қанша досыңды ертіп бара аласың? Барлығын ертіп бару үшін қанша ақша жетпейді?


«Оқуға құштар мектеп»

Мектепте 4 сынып оқушылары арасында «Шығармашыл оқырман» атты әдеби шығармашылық сайыс өтті. Бұл сайысқа 240 оқушы өздерінің «Шығармашыл оқырман» күнделігін өткізді. Жұмыстар тексеріліп, нәтижесінде барлық оқушының бестен бір бөлігі жүлделі орындарға ие болды. Осы жеңімпаздардың үштен екі бөлігі І және ІІІ орын дипломдарымен марапатталды.


Сұрақтар:

  1. Жүлделі орындар алған оқушылар саны қанша?

  2. ІІ орын дипломымен марапатталған оқушылар саны нешеу?

  3. І және ІІІ орын алған жеңімпаздардың төрттен бір бөлігі І орын дипломымен марапатталған болса, олардың саны қанша?

  4. ІІІ орын дипломымен марапатталған оқушы нешеу болды?

«Бетперде. Тиімді сауда жасау»

Мектеп әкімшілігі ақпан айында 8 қызметкеріне қорғаныс берперделерін сатып алу туралы шешім қабылдады. Бертпердені әр 2 сағат сайын ауыстыру керек, жұмыс күні 6 сағатқа созылады, ал жұмысшылар сенбі және жексенбіде демалады.

A компаниясынан бетперделердің 100 данасын алғанда 30 теңгеден, ал В компаниясынан 50 данасын 5 теңгеден сатып алуға болады . Неғұрлым тиімді сатып алуға қанша ақша жұмсалады?



«Өнімділік»

Ені 45 км, ал ұзындығы ен

інен 5 есе артық болатын тіктөртбұрышты жер теліміне күріш өсірілді.

1-сұрақ. Егістік ені қанша километр?

2-сұрақ. Егістік ауданы қанша гектар? (1 км2 = 100 га)

3-сұрақ. Әр гектардан х ц күріш жиналған болса, онда егістіктен барлығы

қанша центнер күріш жиналды?



«Көлдер»

Әлемдегі аса ірі көлдер қатарында бірінші орында Каспий теңізі, оның бетінің ауданы 371 мың км2 құрайды, жетінші орында Байкал көлі, оның ауданы Каспий теңізінің ауданынан 339278 км2-ге кем, ал Қазақстанның шығыс бөлігінде орналасқан Балқаш көлінің ауданы Каспий теңізінің ауданынан 356400 км²-ге кем және ол он үшінші орында тұр.

1-сұрақ. Байкал көлінің және Балқаш көлінің ауданы қанша шаршы километрді алып жатыр?

2-сұрақ. Әрбір көлдің ауданы қанша гектарды алып жатыр?

(1 га = 10000 м2, 1км2 = 1 000 000 м2).

3-сұрақ. Жуық шамамен Каспий теңізінің ауданы Байкал көлі мен Балқаш көлінің ауданынан қанша есе артық (жеке алғанда)?



«Аялдама»

Автобус қашықтығы 25 км болатын бағытта жүреді және осы бағытта 18 аялдама бар. Соңғы үш аялдама 5 км 500 м арақашықтықта орналасқан. Басқа аялдамалар бір-бірінен бірдей қашықтықта орналасқан. Осы басқа аялдамалардың арақашықтығы қанаша?



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!