Материалдар / Математикалық сауаттылық (тест тапсырмалары)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математикалық сауаттылық (тест тапсырмалары)

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жинақта математикалық сауаттылық тапсырмалары үлгілерінің 10 нұсқасы, тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулармен қатар, білім берудегі халықаралық зерттеулерде (PISA) функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған қосымша тапсырмалар енгізілді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Сәуір 2022
1858
15 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы


«Математика және информатика» әдістемелік пән бірлестігі







«Математикалық сауаттылық» оқу-әдістемелік құрал

(11- сынып)


Құрастырған: математика пәнінің мұғалімі, математика магистрі –

Темірғали Зарина Ержанқызы












2021 жыл

Мазмұны


Түсінік хат .................................................................................................................. 3

Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар ............................... 4

Тест тапсырмаларының нұсқалары

1-нұсқа ...................................................................................................................... 10

2-нұсқа ...................................................................................................................... 15

3-нұсқа ...................................................................................................................... 20

4-нұсқа ...................................................................................................................... 25

5-нұсқа ...................................................................................................................... 30

6-нұсқа ...................................................................................................................... 36

7-нұсқа ...................................................................................................................... 42

8-нұсқа ...................................................................................................................... 49

9-нұсқа ...................................................................................................................... 55

10-нұсқа .................................................................................................................... 61

Дұрыс жауаптар кілті .............................................................................................. 67

Қосымша ................................................................................................................... 68

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ............................................................................... 73






















Түсінік хат


Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс, оқушылардың білімін бағалауда жаңа қадам, жаңа өзгерістерді қажет етеді.

«Математикалық сауаттылық» оқу-әдістемелік құралында берілген тест тапсырмаларының мазмұны Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламасына негізделген.

Бұл жинақта математикалық сауаттылық тапсырмалары үлгілерінің 10 нұсқасы, тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулармен қатар, білім берудегі халықаралық зерттеулерде (PISA) функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған қосымша тапсырмалар енгізілді.

Математикалық сауаттылық бойынша ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралының мазмұны білім алуды жалғастыруға қажетті нақты математикалық білімді меңгеруді, интеллектіні дамытуды, математикалық іс-әрекетке тән және қоғамда толыққанды қызмет етуге қажетті ойлау сапасын қалыптастыруды тексереді.

Берілген оқу-әдістемелік құралды орта мектеп мұғалімдері оқу барысында білім алушылардың білімін бақылауға пайдалана алады.

















Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар


1. Сахнаға олимпиада жүлдегерлерін сапқа тұрғызды. Мектеп директоры оларды құттықтап тұрып, жүлдегерлердің ішіндегі ең үздігі Мараттың оң жақтан санағанда бесінші тұрғанын байқады. Ал математика мұғалімі Мараттың сол жақтан санағанда тоғызыншы тұрғанына назар аударды. Сахнада қанша оқушы тұрған?

  1. 14

  2. 5

  3. 12

  4. 9

  5. 13

Шешуі: Марат оң жақтан санағанда бесінші тұрғандықтан, оның оң жағында 4 оқушы тұр. Ал Марат сол жақтан санағанда тоғызыншы тұрғандықтан, оның сол жағында 8 оқушы тұр. Оң жақтағы 4 оқушы, сол жақтағы 8 оқушы және Маратты қоса есептегенде барлығы 13 оқушы болады.

Жауабы: Е


2. 8 санының оң жағына да сол жағына да өзінен басқа бір цифрды жаздық. Шыққан үш таңбалы сан 6-ға қалдықсыз бөлінеді. Біз қандай цифр жаздық?

  1. 2

  2. 5

  3. 3

  4. 4

  5. 1

Шешуі: Шыққан сан 6-ға қалдықсыз бөлінетіндіктен, 2-ге және 3-ке де қалдықсыз бөлінеді. Осыдан шыққан сан жұп және цифрларының қосындысы 3-ке бөлінетіні шығады. 0, 2, 4, 6 цифрларының ішінен жоғарыдағы шартты тек 2 цифры ғана қанағаттандырады. 282 – жұп сан, 2 + 8 + 2 = 12, 12 саны 3-ке қалдықсыз бөлінеді.

Жауабы: А


3. Дорбада 7 қызыл және 5 көк түсті қалам жатыр. Дорбадан кездейсоқ екі қалам алынды. Алынған қаламдардың екеуінің де көк түсті болу ықтималдығы қандай?

Шешуі:

А оқиғасының ықтималдығы:

(көк түсті) және

В оқиғасының ықтималдығы:

(көк түсті) және

Демек, .

Жауабы: В


4. Барлық бағандардағы және қатарлардағы сандардың қосындысы тең болса, A + B + C + D неге тең?

A

B

C

6

5

9

D

9

4

  1. 15

  2. 18

  3. 27

  4. 20

  5. 25

Шешуі: 6 + 5 + 9 = 20 болғандықтан, A + B + C = 20, D + 9 + 4 = 20 бұдан D = 7, яғни A + B + C + D = 27.

Жауабы: С


5. Электронды сағат – уақытты сағат және минутпен көрсетеді (00:00 – 23:59 аралығы). Бір тәулікте бұл сағаттың көрсеткішінен 2, 0, 1, 8 цифрлары (түгелімен, кез келген ретте) қатар келетін неше тәулік мезгілін көруге болатынын табыңыз.

  1. 4

  2. 6

  3. 7

  4. 10

  5. 8

Шешуі:

  1. 01:28 6) 12:08

  2. 02:18 7) 18:02

  3. 08:12 8) 18: 20

  4. 08:21 9) 20:18

  5. 10:28 10) 21:08

Жауабы: D


6. Әжесінен немересінің жасын сұрағанда былай деп жауап берді: «Оның жасын аймен есептегенде қанша ай болса, менің жасым соншада, екеуміздің жасымызды қосса 65 шығады». Немересі нешеде? Әжесі нешеде?

  1. 5 және 60

  2. 3 және 62

  3. 4 және 61

  4. 6 және 59

  5. 2 және 63

Шешуі:

Немересінің жасы – х

Әжесінің жасы – 12х

x + 12x = 65

13x = 65

x = 65/13

x = 5

Демек немересі 5 жаста, ал әжесі 60 жаста.

Жауабы: А


7. Ерсұлтан математика пәнінен 30 сұрақтан тұратын емтихан тапсырды. Оған әр дұрыс жауап үшін 5 ұпай қосылды, ал әр қате жауап үшін 3 ұпай шегеріледі. Егер ол барлық сұраққа жауап беріп 86 ұпай жинаған болса, неше сұраққа қате жауап берген?

  1. 6

  2. 7

  3. 8

  4. 9

  5. 10

Шешуі:

х – дұрыс жауап берген сұрақ саны.

У – қате жауап берген сұрақ саны.

Алгебралық қосу тәсілі бойынша:

Демек, Ерсұлтан 8 сұраққа қате жауап берген.

Жауабы: С


8. Егер болса, өрнегінің мәнін табыңыз.

Шешуі:

Осыдан, .

Жауабы: D


9. Төменде берілген сандар белгілі бір заңдылықпен орналасқан. Сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін санды табыңыз.

19 26 34 43 53 ? ...

  1. 62

  2. 63

  3. 64

  4. 65

  5. 66

Шешуі: Тізбекте сандар ретімен (7, 8, 9, ...) қосылып жатыр.

19 + 7 = 26

26 + 8 = 34

34 + 9 = 43

43 + 10 = 53

Олай болса, сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін сан 53 + 11 = 64.

Жауабы: С


770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!