Материалдар / Математиканы оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математиканы оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика мұғаліміне баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Ақпан 2021
431
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Математиканы оқытудағы жаңа әдіс – тәсілдердің тиімділігі»

Айтмаганбетова Зарина Маратқызы

Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы,

«Елтай орта мектебі» КММ

математика пәнінің мұғалімі

Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін басты орынға қойылып отыр.

Болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді. 

Жаңа заман талабына сай оқушылар сындарлы оқытуды талап етеді. Сондықтан да талапқа сай оқыту дегеніміз - оқушыларды сыни ойлай алатын, өз пікірін білдіре алатын тұлға етіп қалыптастыру. Біз оқушыларды білімді өздігінен бойларына сіңіріп, ізденушілікке дағдыландыруымыз керек. Білімін өмірде қолдана алатын жеке тұлға қалыптастыру – міне, осы біздің негізгі мақсатымыз.

Жаһандану үрдісінде, шығармашылық ізденістегі, әр баланың ақыл-ой еңбегінің дамуына ықпал жасайтын негізгі тұлғаның бірі – оқушының ұстазы. «Әлемді өзгерткің келсе, алдымен өзіңнен баста» дегендей, қазіргі заманғы мінсіз мұғалім жаңашыл, коммуникативті, парасатты, шығармашыл, іздемпаз болуы тиіс.

Әйгілі зерттеуші Л.С.Выготскийдің «Дәстүрлі оқыту-бала дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы әсер етсе, яғни, «дамудың соңында жүрсе», жаңаша оқыту-«дамытуды өзімен бірге ала жүреді» –  деген екен. Сондықтан тек дәстүрлі оқытумен шектеліп қалмай,  мұғалім әрқашан ізденісте болып, өзіне және шәкірттеріне тиімді жақтарын қарастырып отыруы тиіс.

Бүгінде егемен елімізде білімді берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып мектеп практикасына енгізілуде. Әрбір мұғалімнің алдында оқушылардың үлгерімін жоғарылату мақсаты қойылады. Бірақ мұғалімнің сабақта таңдаған жұмыстың орташа ырғағы оқушылардың біреулеріне ыңғайлы, екіншілері үшін жылдам, қалғандарына тіпті баяу болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім сабақта жаңа технологияларды қолданып, оқыту сапасын арттыруы қажет.

Бүгінгі таңда біздің тәжірибеге енгізіліп отырған Кембридж теориясының негіздері осы айтылған ұстанымдарды ұстайды. Бағдарламаның негізгі идеясы жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану болып табылады.

Бағдарлама идеясына сүйене отырып, өзіме және өз жұмыстарыма назар аудара бастадым. Енді мен сабақ жоспарын жүйелі құрып, болжам жасауға үйрендім. Әр сабақтан соң талдау жасап, сараптай алдым. Оқушыларды диалог арқылы қалай оқу керектігін үйрете, кері байланыс орната, бағалауды критерийлер құру арқылы жүргізе бастадым.


Жоғарыда аталып өткенге сүйене отырып, жеті модульді математика сабағына кіріктіре, оның әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы көптеген оқу нәтижесінде жетістікке жетуге болады.

Жаңаша оқытудың мақсаты оқушылардың өздігінен үйренуін талап етеді. Оқушыларға қалай оқу керектігін үйрету арқылы оларды топтастыра отырып, жаңа тақырыпты өз бетімен игеруге ынталандырады. Бұған көмекші құрал ретінде өз оқу құралы, электронды-әңгімелесуші оқулықтар, қосымша әдебиеттер болады. Мұғалім бұл жерде тек бағыттаушы мен ақыл – кеңес беруші. Алған білімдерін оқушылар қарапайым мысалдармен бекітеді.

Топқа бөліп оқытқанда оқушылардың талпынысы артады, әр оқушы өзін жеке керекті тұлға ретінде сезінеді және өз үлесін қосуға талаптанады. Бір адамның айтқанынан гөрі бірнеше адамның айтқаны есінде тез жатталады. Оқушылар жан-жақты ойлап, өз ойларын толықтай жеткізе біледі, ойларын дұрыс болмаса да еркін жеткізе алады, әр оқушы әр түрлі ойларын айту арқылы ортақ бір пікірге келеді.

Әр мұғалім өз сабағының – көшбасшысы. Көшті қалай бастап алып жүрем десе де өз еркі. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты.

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер  арқылы оқытуда оқушылар бұрынғыдай тек тыңдап және көшіріп қана қоймай, белсенді әрекеттер атқарады. Ол белсенді әрекеттерге ойлау, оқу, сөйлеу, талқылау, жазу, пікірлесу, пікір таластыру жатады.

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер  арқылы оқытуда білім дайын күйінде берілмейді, ол тек белсенді әрекеттер арқылы ғана игеріледі, оқушылар өзара қарым -қатынаста болып, онымен бірлесе әрекет жасайды, диалог құрады. Тақырыпты оқушы алдына тастап, тақырып бойынша жұмыс алгоритмін құрып, сұрақтар берсек болды, ары қарай оқушы жұмысты өзі алып кете береді. Маршруттық картаны осы жерде қолданған жөн.

Бағдарлама негізіне сүйене отырып, постер құруда математика сабағына қиындыққа келіп тірелесің, бірақ формулаларды сәйкестендіру немесе жинақтауда, СТО стратегияларын қолдану арқылы постер құруға болады. Геометрия сабағына қолдануда оның тиімділігі зор. Әр оқушы алдына көрнекілік ретінде фигураларды тастап, бұл фигураларды оқушылар өздері зерттей отыра, постер құрып, тақырыпты да өздері меңгере алады. Постер арқылы оқушылар өзіндік ой-пікірлерін ортаға салып, оны қағаз бетіне барлығы негізгі ой түйінді түсіре алады.

Мәселен, оқушылардың сыни ойлауын дамыту мақсатында Блум таксономиясы бойынша құрылған сабақта оқушылар әрбір кезеңде тақырып бойынша өздеріне білім қалыптастырады.

Сыни тұрғыдан ойлау – білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.

Оқушыларды топтастырып, есептерді шапшаң орындап, әр оқушының білімін тексеру үшін сабаққа тиімді әдістердің бірі - «Ромб» әдісін қолдану. «Ромб» суреті арқылы оқушыларға есептерді шығартып, оқушылар жауаптарын стикерге жазады, есімінің астына бастапқы әрпін қояды. Сонда әр оқушының шығарған есептері бойынша білім деңгейін анықтауға болады.

Оқушыларға формулаларды жинастыруды талап ететін тапсырманы орындауда «Кір жаятын жіп» әдісін қолдану тиімділігі де зор. Мәселен, 7-сыныпта «Қысқаша көбейту формулалары» тақырыбы бойынша оқушылардың формулаларды есте сақтауын тексеру үшін тапсырма беріледі.

Сабақта оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруі,  пікір алмасуы диалогпен жүзеге асты. Топтық әдісті қолданғанда  оқушылардың бір-бірімен ақылдасуы, оны  топтан біреуінің шығып  айтуы, ал  болжау әдісін қолданғанда оқушылардың есептің шығару жолын тұжырымдау немесе дәлелдеу туралы өз ойларын да диалог арқылы көрсете біледі. «Еркін жауап» әідісін қолдануда тақырып бойынша оқушыларға (Ондық бөлшек деген не?, Квадрат теңдеудің қандай түрлері бар?» сияқты сұрақтарға оқушылар өздері еркін түрде жауап береді. «Ыстық орындық» әдісін қолдану арқылы оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыруға болады. Оқушы ортаға шығып, берілген сұрақтарға немесе есептерге шапшаң жауап беруге тырысады, жауап бере алмаған оқушы «ыстық орындықта күйеді». Бұл аталған әдістерді қолдану арқылы оқушылардың сыни ойлауы да дамиды, диалог құруға да болады.

Ізденуші мұғалім бала бойындағы туа біткен түрлі қасиеттерді дәл байқап, оның сапалық ерекшеліктеріне баға беріп, ары қарай өз бетінше дамыта түсуіне жағдай туғызуы керек, көмектесуі қажет. Бұл үшін, әрине ұстаздың өзі де өзгеруі, яғни дәстүрлі оқытудың таптаулары сүрлеуінен арылуы тиіс. Осылайша оқытудың жаңа мазмұнын жасауға бетбұрысты әрбір мұғалім өзінен бастағаны жөн. Мұғалім  шәкіртке білім, білік, дағды беріп қана қоймай, ақыл-ойы мен қабілетінің дамуына көңіл бөліп, «оқи алуға үйрету керек». Жаңаша оқытудың «Дарынды және талантты оқушыларды оқыту» модулінің маңызы осында зор. Математика сабағында деңгейлеп берілетін тапсырмалардың «С» деңгейіндегі тапсырмалардың өзі немесе * белгісіндегі тапсырмалар дарынды және талантты оқушыларға арналып жасалынған.

Осындай берілетін тапсырмалар оқушылардың сыни ойлауын жетілдіріп, дамытады.

Сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу –  оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып, өз сұрағына өзі жауап іздеп жан –жақты білім алуына көмектеседі.

Сабақ беруде мұғалім оқушылардың жас ерекшелігін негізге алуы керек. Тапсырамаларды да меңгере алатындай, есептерді дұрыс шығара алатындай, сұрақтарға дұрыс жауап іздей алатындай етіп қою керек. Сол кезде сабақ күтілген нәтижеге қол жеткізеді. Жас ерекшеліктерін математикада деңгей бойынша құрылған тапсырмаларда ескеруге болады. «А» деңгейінде берілген тапсырмалар міндетті деңгей болып саналады. Мемлекеттік стандартқа сәйкес бұл деңгейдегі тапсырмаларды оқушылар барлығы да орындай алуы керек.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»-дегендей, қазіргі таңның сабақтары барлығы сабақта АКТ-ны қолдануды талап етеді. Интерактивті тақтамен жұмыс істей білу, тест сұрақтарына жауап беру, сурет салу осының бәрін жасауға оқушылар дағдыланады.

Ақпараттық технологияларды математика сабағында қолданудың пайдасы мынада болып табылады:

  • алыстағы ақпарат көздерін пайдалану;

  • түрлі жүйелерге ену арқылы өз бетімен іздену, сұраныс бойынша ақпарат алу;

  • ақпаратты кез-келген арақашықтықта тез арада жеткізу;

  • өзіндік орындалатын тест тапсырмаларын орындау;

  • электрондық оқулықпен жұмыс жасау.

Оқушының алған білімі нәтижесіндегі жемісін бағалау арқылы білуге болады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет. Білім алу кезінде бағалаудың орны ерекше. Бір сабақ үстінде бірнеше оқушыны бағалау мұғалім шеберлігіне байланысты. Баға алуда оқушылар алға талаптанады, ізденеді. Кейбір оқушы білім үшін емес, баға алу үшін оқиды. Сондықтан бағаны дұрыс қою және оның нақты болуын алға қою әр мұғалімнің есепке алар міндеті. Сабақ үстінде бірнеше бағалау әдістерін қолдануға болады. Суммативті баға мен формативті бағаны қою әрбір  сабақтың негізгі сатысы болуы шарт.

Оқушыларды сабақ алдында құрылған бағалау критерийлермен таныстыру арқылы оқушылар сол күні алғысы келетін бағаға тырысады. Оқушы да өз бағасының шынайлығына көз жеткізіп, жіберген қателерін өзі саралай алды.

Бағалау парақшалары арқылы өзіндік бағалау, өзара бағалау, топ басшысының бағалауы, мұғалімдердің бағалауы арқылы оқушылар сабақтың әр кезеңінде тапсырмаларды көре алады, олқылықтарын біле алады. Критерийлер арқылы құрылған тапсырмалар ұпай арқылы бағаланады, оқушылар жинаған ұпайларды санап, бағасын алады.

Өзара бағалау арқылы оқушы басқа оқушының жасаған жұмыстарын тексеру арқылы өзі де бір түсінік қалыптастырады, келешекте өзі сыныптасы жасаған қателерді жібермеуге тырысады. Өзара бағалауда жұпта отырған оқушылар тапсырманы бір-бірімен талқылап, қателер бойынша бір – бірімен жұмыс жасайды. Өзара бағалау арқылы оқушы өзіне үлкен жауапкершіліктің жүктелгенін көріп, сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы артады.

Сабақ бойынша қорытынды шығаруда «Басбармақ» әдісін қолдану тиімді.Егер тапсырма түсінікті болса немесе барлық тапсырма орындалған болса, басбармақ-жоғары көтеріледі, орташа деңгейде –«ортаға» түсіріліп, түсініксіз немесе орындалмаған – төмен түсіріледі. Мұндайда «Бағдаршам» түстерін де қолдануға болады.

«Сұрағы бар қорапшаға» оқушылар сабақ бойынша өз сұрақтарын жазбаша түрде жазып қалдыруға болады. Оқушылардың кейбіреулері өз пікірін немесе сұрағын ауызша айта алмайды, сұрауға ұялады, сондықтан ақ қағазға сұрағын түсіріп, қорапшаға жазып қалдыруға болады. Келесі сабақта бұл қорапшадағы сұрақтар сарапқа түсіріледі.

Сонымен сөзімді қорытар  болсам сабақ барысында мынадай талаптар басшылыққа алынуы қажет:

1. Мұғалім оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылуы керек.

2. Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы болуы тиіс.

3. Балалардың оқуға деген ынтасын күшейту керек.

4. Өз дербестігін, белсенділігін дамыту қажет.

5. Оқу, дамыту жұмысын ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын, қасиетін дер кезінде айқындау керек.

Жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын оятып, терең ойлау қабілетін, белсенділігін қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғалім мен оқулыққа ғана бағынатын болса, енді ол сыни тұрғыдан ойланып, өз ойын дәлелдей алатын тұлғаға айналды. Оқушылардың тілін, ойын, еркін сөйлеуін дамытып, топпен жұмыс істеу кезінде бірін-бірі тыңдай білуге үйретеді.

Оқушының өз бетінше білім алуға деген құштарлығы оянды;

Шығармашылық жұмыс істеуге дағдыланды;

Оқуға ынта-ықыласы артты;

Бір-бірінің ойын, пікірін сыйлауға үйренді;

Өз бойларына жақсы қасиеттерді жинауға үйренді;

Өз ойын қағазға түсіруді үйренді;

Оқушының жеке басын, ұжымды сыйлауға үйренді.

Көрсетілген әдіс-тәсілдер математика сабағында тиімді екендігіне көз жетті. Әрбір мұғалімнің басты міндеті - оқушының жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, талантын, шығармашылығын ашу. Ұлы ғалым Д.И.Менделеев мұғалімдердің ғылымның сарқылмас көзін ашудағы еңбектерін жоғары бағалаған. «Ғылымды сүйген және жақсы меңгере білген мұғалім ғана оқушыларына терең де мағыналы білім бере алады» деген. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу бүгінгі күннің мақсаты.

Уақыт бір орынында тұрмайтыны сияқты, кешегі оқыту мен бүгінгі талапты салыстыруға да келмейді. Сондықтан уақытпен бірге біз де алға қарай ұмтылып, әлеммен бірге өзгеруіміз қажет!



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық», 2012ж.

  2. «Математика» журналы, №18, 2011ж.

  3. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М., 1989.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!