Материалдар / МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ КӨРНЕКІЛІК ПРИНЦИПІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ КӨРНЕКІЛІК ПРИНЦИПІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қаңтар 2019
687
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ 00000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000КӨРНЕКІЛІК ПРИНЦИПІНІҢ

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Оқытудың принциптері оның ішінде көрнекілік принципі. Көрнекілік адамның заттар немесе құбылыс жайлы ақпараттың берілуі мен оны қабылдауды оңайлату қажеттілігінің туындауымен бір мезгілде пайда болды. Оның куәсі бізге ертеден жеткен жартастағы суреттер болып табылады. Көрнекілік, оқыту жазу өнері пайда болғанға дейін туындаса керек. Ежелгі Египет, Рим, Грек елінде ол кеңінен қолданысқа ие болған.

Ақпаратты ауызша және жазбаша сөйлеу тілі арқылы жеткізудің жетілуі, сонымен бірге абстрактілік ойлаудың дамуы, көрнекі оқыту әдісінің кең тарауына ықпал етті.

Оқытудағы көрнекілік принципінің мәні туралы Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев былай дейді: «Оқыту процесінде сөз бен іс, теория мен практика өзара байланысты болады. Әртүрлі көрнекілікті қолданудың нәтижесінде сабақ әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтеді. Мысалы, жоғары сыныптарда сабақты демонстарциялап өткізу өте тиімді және нәтижелі болады. Көрнекілік абстракты ұғымды игеруге әсер етеді. Сонымен, көрнекілік принципінің оқыту материалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді терең оқуда, берік есте сақтауда алатын орыны ерекше».

Ә.Бидосов көрнекілік принципін жүзеге асыру нақтылық пен абстрактылықтың бірлігі деп түсінеді. Мұның мәні оқытудың әрбір сатысында, білім игеру логикасының желісін басшылыққа ала отырып, сол білімдердің айрықша фактілері мен оқушылардың байқауларының немесе аксиомалардың ғылыми ұғымдар мен теориялардың алғашқы бастамаларын тауып, жеке затты қабылдаудан жалпылыққа, нақтылықтан абстрактілікке және керісінше жалпылықтан жекелікке, абстрактіліктен нақтылыққа көшу заңдылықтарын анықтау болып табылады. Сонымен қатар оқу процесіне көрнекілікті пайдаланғанда бірқатар әдістемелік талаптарды орындаған жөн екенін ескертеді: көрнекі құралдар сабақтың мақсатына сәйкес іріктелуі тиіс көрнекі құралдарды пайдаланғанда оқушылардың оларды дұрыс қабылдауын қамтамасыз ету үшін, құралдың неғұрлым маңызды жақтарына назар аударған жөн; сабақта көрнекі құралдар шамадан тыс көп болмағаны яғни мақсатқа жетуге қажеттілерін ғана пайдаланған маңызды. Егер сабақ кезінде бірнеше көрнекі құрал көрсетілуі керек болса, олардың бәрін бір уақытта емес, әрқайсысын қажетінше кезегімен пайдаланған орынды /1/.

Сабақ кезінде мұғалімнің өзінің баяндауы мен көрнекілікті үйлестіруі елеулі роль атқарады. Дидактикада үйлестірудің екі тәсілі белгілі. Біріншісінде көрнекі құрал мұғалімнің түсіндіруінен бұрын көрсетіледі. Бұл жағдайда мұғалім оқушылардың іс-әрекетін, байқағыштығын бақылай отырып, керегінше мағлұмат алуына жетекшілік етеді. Екіншісінде көрнекі құралды көрсетуден бұрын мұғалім оқу материалын түсіндіреді.

Бұл екі тәсілдің біріншісі тиімдірек, себебі ол қажетті білімді меңгеруді қамтамасыз етумен бірге, оқушылардың байқағыштық қабілеттерінің өрістеуіне көмектеседі. Бірақ, көрнекі құралдарды шамадан тыс қолдану оқушылардың ойлау қабілетіне кері әсер ететінін ескерген жөн.

А.Е.Әбілқасымова, А.К.Көбесов, Д.Рахымбек, Ә.С.Кенеш былай дейді: Оқушылардың оқу материалын қабылдау, талдау және жалпылау үрдісінің мәнінен туындады. Оқу барысының әр түрлі кезеңдерінде көрнекілік түрліше функциялар орындайды. Математиканы оқыту практикасы бұл принципті жүзеге асыруға бағытталған арнайы құрал- жабдықтар жасауды қажет етеді (геометриялық фигуралардың модельдері, кестелер, оқу диафильмдері, кинофильмдер, теледидар, микрокалькуляторлар т. б.).

Ескеретін бір нәрсе, көрнекілікті қалай болса солай қолдана бермей,

тек қажеттілігіне, тиімділігіне қарай пайдалана білудің маңызы зор. Мысалы, стереометрияның алғашқы сабақтарында фигуралардың әр түрлі моделін көрсету оқушылар үшін пайдалы болады да, кейінірек олардың

кеңістік қиялын дамытуға кері әсер етуі мүмкін, яғни стереометрияны үйретуде нақты көрнекілік біртіндеп «абстрактылық көрнекілікке» ( жазық сызбаларды қарастыру) орын беруге тиіс /2/.

Дидактикада көрнекілік принципінің негізін салушы деп чех педагогы Я.А.Коменскийді (1592-1670) айтады. Ол «Дидактиканың алтын ережесі» деп аталатын көрнекі оқыту принципінің негізін қалады.

Я.А.Коменский көрнекілікті адамның әртүрлі сезім мүшелері көмегімен қабылдайтын обьекті немесе құбылыс жайлы сенімді ақпаратты алуға мүмкін болатын компонент ретінде түсінеді, «....барлығын тек сезімдік қабылдаулармен, атап айтар болсақ: көруді - көру сезімдерімен, естуді - есту мүшелерімен, иісті - иіс сезу мүшелерімен, дәмді - дәм сезу мүшелерімен, жанасуды – сипау арқылы сезінуге болады. Егер қандай - да затты бірнеше сезім мүшелерімен қабылдауға болатын болса, онда ол бірден бірнеше сезімдік қабылдауларды қамтиды».

Чех педагогы табиғаттағы заттарды тікелей қабылдау арқылы үйренуден бастауды, ал егер мұндай зат (құбылыс) болмаса, онда оны оның кескінімен немесе көшірмесімен алмастыруды ұсынды. Я.А.Коменский адам білімді өзіндік бақылау жасау жолымен алуы тиіс деп үйретеді.

Я.А.Коменский көрнекілік мәселесіндегі негізгі орынға көру қабілетін қойды. Оның «Суреттердегі сезімтал заттар әлемі» оқулығы көрнекілік принципі негізінде жазылған алғашқы кітап болды (оны тілді оқытуда ұзақ пайдаланды ).

Осылайша, Я.А.Коменский көрнекілікті сезімдік таныммен байланыстырса, ал бақылауды кез-келген білімді алудың негізі деп есептеді.

Қ.Жарықбаев: «Байқау дегеніміз – белгілі мақсат пен обьектіні әдейілеп қабылдау. Байқау үшін белсенді ой жүгірту, арнайы зейін қою, байқау нәтижесін сөзбен айтып отыру ерекше маңыз алады» деді /3/.

И.Г.Песталоцци (1746-1827) бақылауды абстрактілік ойлауды дамыту үшін алғашқы қадам деп есептеді. Ол көрнекіллікке едәуір терең негіздеу берді. Ол кез келген танымның абсолюттік негізі ретіндегі көрнекілік принципін енгізді. И.Г.Песталоцци сезім мүшелерінің қоршаған әлемді тікелей қабылдауы жайлы айта отырып: «...сезімдік қабылдау адамдық танымның жалғыз негізі болып табылады. Бұдан кейінгі келетіндердің барлығы да осы сезімдік қабылдаудың қарапайым нәтижесі немесе абстракциясы» деп жазады. Ол көрнекілік балалардың ақыл-ой қабілетін арттырып, сөйлеу қабілетін дамытудың құралы деп ұйғарды. Оның пікірі бойынша, бақылау үш сатыны қамтиды: бала алдында қанша зат бар; олардың формалары қандай; бұл заттар қалай аталады.

И.Г.Песталоццидің пікірі бойынша, көрнекі оқыту мәні оқушының ойлау мен сөйлеу қабілетін дамытуға көмектесіп, бөліктен бүтінге біртіндеп көшуге мүмкіндік беретіндігінде болып табылады.

Неміс педагогтары И.Ф.Гербарт (1776-1841), А.Дистервег (1790- 1886) Я.А.Коменский білімін дамыта отырып, көрнекі оқыту әдістемесін мұғалімнің сабақта пайдалануының талаптарын жасады:

затты өте ұзақ демонстрациялауға болмайды, бір затты демонстрациялай беру оқушыны жалықтырады;

сабақта көрнекіліктің сан - алуан түрлері қолданылуы тиіс;

мұғалім көрнекі құралды пайдалана отырып, қабылдау механизмі, көрнекі құралдарды пайдаланудың тұтастығы, бірізділігі мен әдістемесі жайлы мәселелерді есте ұстауы шарт;

жақыннан алысқа, жеңілден ауырырағына, қарапайымнан күрделіге біртіндеп сатылай шығармашылықпен оқуға өту керек.

Гербарт қандай да бір обьекті мен құбылысты тікелей қабылдау мен зерттеу алдында оқушылар бақылайтын затпен танысып, не нәрсені айқындаудың қажеттілігін көрсету керек деп есептейді.

Неміс педагогы Ф.Фребель (1782-1852) көрнекілікті жетілу мен белсенділік ретінде қарастырды. Көрнекі құралдар көмегімен жетілу арқылы түсініктер мен ұғымдар қалыптасады. «Бала пісіп жетілгісі келсе, мұны ол өз қолымен жасасын». Фребель еңбегі оның көрнекі оқытудағы шығармашылық және белсенділік компоненттеріне ерекше орын беруінде болып тұр. Сол заманғы барлық педагогтар сияқты көрнекі оқыту жайлы айта отырып, қоршаған ортаны сезім мүшелерімен тікелей қабылдау деген көзқараста болған ол, көрнекі оқыту әдістемесін жасағанымен, бірақ көрнекі оқытуды, мақсат категориялар мен шығармашылықтың өзара байланысы жайлы мәселе ашық түрде қойылған жоқ.

Ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинский (1824-1870) көрнекілілікті тек көру сезімдерімен ғана байланыстыруға болмайды деп есептеді: «Балалар пішінмен, түспен, дыбыспен, сезінумен ойлайды».

К.Д.Ушинский көрнекілікті оқыту процесінде мұғалім жетекшілігімен немесе өзіндік бақылау нәтижесінде қабылданатындығына тәуелсіз түрде баланың тікелей қабылдауымен нақты бейнеде тұрғызылған ілім ретінде анықтады. Көрнекіліктің ең ерекше де маңызды түрлерінің бірі деп ол әсерлі және бейнелі сөйлеуді есептеді. Оқыту процесінде мұғалім өз әңгімесін «біріншіден, оқылғандарды еске түсіріп қана емес, сонымен бірге оны тікелей жетілдірумен толықтыра отырып, балаларға оны көрсетуі тиіс; екіншіден, сұрақтарды сан алуан етіп және әсерлі ете отырып, көрнекілікті көрсетуі тиіс» /4/.

К.Д.Ушинский үшін көрнекілік - оқытудың әдістері мен тәсілдерінде міндетті түрде қатысып отыратын оқытудағы маңызды дидактикалық принцип.

Педагогикада көрнекіліктің табиғи, кескіндік (фотосуреттер, оқу картиналары) және символдық (графиктер, сызбалар, диаграммалар) деп аталатын үш түрін қарастырады. Көрнекіліктің әр түрінің өзіне тән атқаратын функциялары бар. Көрнекілік түрлері: табиғи көрнекілікке коллекциядағы кептірілген өсімдіктер, хайуандар мен құстардың тұлыбы, минералдар және т.б. жатады. Заттар және бейнелеу көрнекілігі: муляж, геометриялық фигура, макет, портреттер, архитектура, кескіндеме және мүсін үлгілері, жер бетінің бедері т.б. Символикалық көрнекілікке карталар, картограммалар, схемалар, диаграммалар, кестелер жатады. Мысалы кестенің бірнеше түрлері бар. Олар: хронологиялық, синхрондық, тақырыптық, графикалық кестелер. Экранды – динамикалық көрнекілік шындық дүниені бейнелейді. Олар: диапозитивтер, диафильмдер, эпипроекциялар, оқу киносы, оқу теледидары. Дыбысты техникалық көрнекілікке грампластинкалар, магнитофильмдер, радиоқабылдағыштар жатады. Көрнекі құралдар оқу материалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді есте жақсы сақтау және жеңіл түсіну үшін қолданылады.

К.Д.Ушинский баланы тек көрнекі оқытуды логикамен ұштастырғанда оқушының көрнекі ойлауын тәрбиелеу құралы болып табылады деп ұйғарды. Көрнекі оқыту «ақылдың дамуына» жол ашады.

К.Д.Ушинский сол кездегі арифметика бағдарламасына орынды сын айта отырып, оның орынына өз бағдарламасын ұсынды. Ол арифметиканы оқытуды өлшеу жайлы көрнекі түсініктерден бастауды ұсынды. Геометриялық формаларды оқыта отырып арифметиканың өзіне көрнекілік пен жандылық беру үшін мұғалім өлшеулерді пайдаланады деп көрсетеді К.Д.Ушинский.

К.Д.Ушинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп, көрнекілік балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды деді.

Сонымен, К.Д.Ушинский нақтыдан абстрактіге, әрекеттен (практикадан) теориялық жалпылауға өтуге шақырады. Ол көрнекі оқытудың мәнін терең түсінеді: ол ақыл-ой қабілетінің дамуына, материалдың мазмұндалу мүмкіндігіне, оқу жұмысындағы белсенділік пен даралануға, материалды эмоциялық қабылдауға, алынған білімді жүйелендіруге жол ашады.

Орыс педагогы Н.Ф Бунаков (1837-1904) көрнекілікті оқудың шынайы өмірмен байланыс құралы, өмірлік қажетті білімді алу құралы деп есептеп, көрнекілік түсінігін шығармашылық элементтермен байланыстырды.

Ғалым-педагогтар көрнекі оқытуды сезім мүшелеріне әсер ететін, нақты қабылданатын объекті немесе құбылыстармен байланыстырды; олар көрнекі оқыту мәселесін көтерді; көрнекі оқыту мәнін негіздеді; оның мектепте қолданылу әдістемесін жасап, әрекеттің көрнекі оқытумен байланысы жайлы мәселе қойды.

Дегенмен, олар көрнекілік қасиеті тек нақтыға ғана тән деп, ал абстрактілік ұғымын көрнекілікпен байланыстыруға болмайды деп есептеді. Көрнекілік принципін қолдану әдістемесі негізінен бастауыш мектепке, ана тілі сабақтарына қатысы болып, көрнекі оқытудың компоненттік құрамы анықталған жоқ.

Қазіргі уақытта психологиялық - педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде көрнекілік, көрнекі оқыту, көрнекілік түрлері, көрнекі құралдары жіктемесінің сан-алуан жолдары келтіріледі.

Ғылыми әдебиеттер мен мектеп практикасында «көрнекілік» сөзі үш мағынада қолданылады. Біріншіден, ол кейбір обьектілер (көрнекі құралдарды), екіншіден, кейбір қасиеттері реалды заттар, құбылыстар, ойлау), үшіншіден, адамның белгілі бір іс-әрекетін (көрнекілік құралдарын қабылдау, оларды пайдалануды) білдіреді. Терминнің көпмәнділігіне байланысты оның әр түрлі анықтамалары бар.

Психологиялық зерттеулер (Н.А.Менчинская, П.А.Гальперин, Т.В.Кудрявцев, Л.В.Занков және басқалар) көрнекілікті «абстрактілік деңгейде және практикалық іс-әрекет үдерісінде қарастырады.

З.И.Калмыкованың пікірінше, көрнекілік практикалық іс-әрекеттерімен ғана байланысты емес, сонымен бірге оқушылардың заттармен, оларды алмастыратындармен (сызбалармен, кескін, график және суреттермен) іс-әрекет орындауына тәуелді.

З.И.Калмыкова көрнекіліктің практикалық формасына бақылауға мүмкін болатын құралдармен бірге, сондай-ақ ойлау экспериментін де жатқызады.

Сонымен, көрнекі оқыту ұғымы объектімен немесе оны алмастырушы затпен тікелей практикалық іс-әрекет, сондай-ақ ойлау іс-әрекетімен тікелей байланысты.

Әдебиет

1 Д.Рахымбек. Математиканы оқыту әдістемесі. Шымкент, 2010. – Б.25-26.

2 Ә.Бүркіт. Математиканы оқытуда көрнекілік принципті қолдану әдістемесі. Шымкент,

2012. – Б.14-15.

3 Қ.Жарықбаев. Психология. Алматы, 2010. – Б.47-48.

4 М.Л.Туғанбаев, Ә.Бүркіт. Оқу үдерісінде көрнекілік принципті жүзеге асыру

әдістемесі. Шымкент, 2013. – Б.85-86.







Тіркеу формасы


1.Тегі, аты, әкесінің аты: Бүркіт Әуесхан Қантөреұлы

2.Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: педагогика ғылымдарының магистры.

3.Ұйым, мекеменің тұрған жері: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент қаласы

4.Мекен жайы: Шымкент қаласы, Іляев көшесі 21 үй. 17-пәтер.

5.Телефоны: 8-778-564-22-82, 8-777-332-20-56.

6.E-mail: Aldeshov_S@mail.ru

7.Мақаланың тақырыбы:

МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА 00000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000ЗАМАНАУИ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ҚҰРАЛДАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫРЛАРЫ

8.Бағыты: Проблемы качественного улучшения обучения школьной математике.

9.Қажетті техникалық құралдар: интерактивті тақта


Қонақ үй қажет емес.

Мен:

Секцияда баяндама жасаймын.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!