Материалдар / Материалтану пәнінен дәрістер жинағы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Материалтану пәнінен дәрістер жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Баспагер мамандығы бойынша
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Мамыр 2020
2930
15 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Оқу жоспарына сәйкес «1227032 - Баспагер» мамандықтарына арналған.

Мұнда оқытушылар және студенттер пән туралы мәліметтерді алуына мүмкіндік берілген.

Дәріс конспектілері басу процесінің технологиясының негізгілерін қамтиды. Негізгі және арнайы басу процесінің түрлеріне және мәселелеріне сипаттама берілдеді, сондай-ақ басу процесінің бүгінгі күндегі жағдайымен даму тенденциясын талдайды.

Дәріс сабақтарының конспектілері тақырыптық жоспары бойынша дәрістерге бөлінген.










































































  1. Кіріспе . Полиграфия туралы түсінік.

Полиграфия сөзі гректің poligraphia (роlus-көп, grapho-жазамын) сөзінен шықкан және орыс тіліне XVIII ғ. француз тілі арқылы енген. Қазіргі кезде ол халық шаруашылығы саласының атауы мағынасында қолданылады, бұл арада полиграфия өндірісі деген тіркесті қолданған дұрыс болады.

Полиграфия — бұл баспалар мен басқа да ұйымдардан келіп түсетін түпнұсқалар бойынша әр түрлі баспа өнімдерін көптеп жасап шығарумен айналысатын өнеркәсіп саласы.

Сапалы материалдар және қызмет көрсетулер жақсы сұраныста. Соңғы жылдары ақпараттық технологияның дамуы баспа істерін және баспа қызметінің дамуына үлкен әсерін тигізді. Бір жағынан тапсырыс берушінің тапсырыс сапасына және оның орындалу уақытына, қоятын талаптары жоғарылауда, сонымен қатар баспа өнімінің жалпы атау саны өсуде. Екінші жағынан, технологияның жаңа заманға сай келуі, әр түрлі жеткізушіден алынған технологиялар жаңа полиграфиялық мүмкіндікті береді.

Полиграфия саласының дамуы, оның күштілігі өндірістегі өнеркәсіптің, мәдениеттің және білімнің деңгейін көтереді. Полиграфиялық өндіріссіз мәдениеттің және білімнің, жақсы жарнамалар мен өндірілетін тауарлардың сапа деңгейі төмендейді, ал кейбір өнеркәсіптік салаларда полиграфиясыз өндіріс те болмайды. Мәдениеттің дамуы басу тәуелсіздігі, сонымен қатар полиграфияда өнеркәсіп секторы кітап, газет, оқулықтар, периодтық және ғылыми әдебиеттердің басылымымен байланысты.

Полиграфия өндірісінде орта және шағын өндірістер басым болып келеді. Полиграфияның дамуы келексі орақ экономикалық факторлармен анықталады, мысалы: өнеркәсіптің жалпы дамуы, түтынушылар сұранысының өсуі. Әлемнің әр түрлі елдерінде полиграфиялық өндіріс құны түрінде өндіру көлемі жағынан өндіретін өнеркәсіптің өнім көлемінің 1-12%-ін құрайды.

2. Полиграфия өнімдерінің негізгі түрлері және оның ерекшеліктері

Әртүрлі басылымдарды даярлау және басып шығару кезінде оларды, ең алдымен, мерзімдік, жалғастырылушы және мерзімдік басылымдар деп бөледі. Мерзімді басылымдар белгілі бір уақыт барысында бір типті әрленген, бірақ номерлерінің мазмұндары әртүрлі, тұрақты пішімімен шығарылып отырылады (газеттер, журналдар, бюллетендер).

Жалғастырылушы басылымдар әртүрлі мазмұнды, номерлері түрліше, біртекті безендірілетін, бірақ шығу мерзімдері алдын-ала белгіленбейтін, өйткені олар қажетті материалдардың көлеміне байланысты шығарылымдар (жинақтар, ақпараттық парақшалар).

Мерзімсіз басылымдар өздерінің көлемі, пішімі таралымы және басқа да көрсеткіштеріне қарай әртүрлі сипатты болып келеді. Олардың ерек-шеліктері бір мәрте ғана шығатындықтарында. Қажетті жағдайларда оларды қайта басып шығаруға болады, бірақ бұл алдын-ала жоспарланбайды. Бұл типтегі жиі кездесетін басылымдардың қатарына кітаптарды, брошю-раларды, плакаттарды, репродукцияларды, ашық хаттарды, күнтізбелерді, карталар мен атластарды жатқызуға болады.


Полиграфия өнеркәсібінің сансыз көп өнімдерінің ішінен олардың негізгі түрлерін атап көрсетуге болады:

Газеттер (ұсақ венеция монетасы - gazzetta дегеннен) — ағымдағы оқиғалар туралы маңызды материалдар, қоғамдық-саяси, өндірістік, экономикалық және басқа да мәселелер жөнінде жедел ақпараттар жариялайтын ресми парақтық басылымдар.

Газеттердің ерекшелігі - олардың жарыққа шығуының кезеңділігінде. Газет өндірісі өнімінің ерекшелігі - оны қатаң кесте бойынша аса қысқа мерзімде даярлап, басып шығару қажеттілігі мен оның шығарылуын баспа немесе редакция қызметкерлерінің бақылап отыратындығында. Қазіргі кездегі газеттердің көлемі ұлғайып, көркемделуі мен безендірілуі арта түсуде.

Журналдар (француздың journal - күнделік, газета сөзінен) – шығу уақыттары қатаң белгіленген (апталық, ай сайынғы) мақсаттары мен міндеттеріне байланысты, әр түрлі тақырыптық материалды қамтитын, жылдық басылым үшін тұрақты көлем мен пішімде болып келген брошюра түріндегі мерзімді басылым. Журналдарды екі топқа бөлуге болады. Көпшілікке арналған «жұқа» журналдардың едәуір бөлігі бір-бірлерінің ішіне енгізіп, тысталған және түбі сым қапсырмалармен тігілген 2-4 дәптерден тұрады. Екінші топқа 4 және одан көп дәптерлерден тұратын, бір-бірлерінің үстіне текшелеп жиыстырылған журналдың бүкіл қалыңдығы бойынша өтетін жіптермен, металл қапсырмалармен тігілген немесе түп қиығына желіммен жапсырылған «толық» журналдар жатады. Тігілген немесе желімделген, қалың парақтар қаптамаға енгізіліп түбірдің бүйіріне желімделінеді де, содан соң үш жағынан кесіліп, әдеттегі күйге келтіріледі.

Кітап басылымдары - өзара біріктірілген және түптеу мұқабасымен қапталған мерзімсіз баспа шығарылымдар.

Кітап басылымдары түріне, пайдаланылуының мерзімдеріне, көркем-суретік материалдардың түрі мен сапасына, таралымына, күрделігіне, терімі мен көлеміне байланысты бірнеше топтарға бөлінеді:

1. Тарихи әдебиет.

2. Көркем әдебиет.

жеке шығармалар мен жинақтар;

шығармалар жинақтары мен таңдамалы шығармалар;

3. Орта және төменгі сынып оқушыларына арналған оқулықтар.

4. Жоғарғы және арнайы орта оқу орындарына арналған оқулықтар.

5. Өндірістік-нұсқаулық басылымдар.

6. Энциклопедиялар мен сөздіктер.

7. Мектепке дейінгі және төменгі мектеп жасындағы балаларға арналған әдебиеттер.

8. Ресми-құжаттық және ресми-анықтамалық басылымдар.

Кітап басылымдары тақырыптық және алдын-ала жасалған жоспарларға сәйкес шығарылады.

Күнтізбе (лат.calendarium – ұзақ мерзімді кітап) апта күндерін, апталарды, айларды, жылды бірізділікпен келтіретін анықтамалық басылым.

Күнтізбелер қабырғаға ілетін, стол үстінде парақталатын және қалталық болып бірнеше топқа бөлінеді.

Альбомдар (фр.аІЬum) — көркемділігінің сипаттарына қарай, үш топқа бөлінеді:

- көркем өнер бойынша көркем суреттік, кескіндемелер бейнелеу өнерінің түрлері, сәулет өнері, мүсіндеу өнерлері бойынша альбомдар;

- фотоальбомдар (түрлі көріністердің, қоғамдық мәселелер жөніндегі оқиғалы тақырыптар, тарихи, туристік, жарнама каталогтары т.б.);

- ғылыми-техникалық альбомдар (ғылыми, өндірістік, техникалық, оқу т.б.); көркемделінген бояулылығы бірден алтыға дейін бола алады.

Альбомдар түптелінеді, кейде қосымша безендірілген тыстама мен қынапқа (футлярға) салынады. Көпшілік қолданымға арналған альбомдарға қаптамалар кигізіледі немесе арзан түптелінеді.

Репродукциялар (латынша: ге - қайта басылатын немесе қайталанатын әрекетті нұсқайтын қосымша және ргоduса - өндіремін) полиграфиялық тәсілмен алынған көркемсуреттер, кескіндемелер, штамп, көркем фотосуреттердің қолданбалы және халық өнері шығармаларының баспа таңбалары (көшірмелері). Мұндай репродукциялар көбінесе ақ-қара немесе түрлі түсті болып келеді. Оларды жеке парақтарға басып немесе жинақ түрінде шығарады.

Парақтық өнім түрінде шығарылатын репродукциялар қосымша өңдеуден өтеді: лактайды, пленка жапсырады, басып-ойып таңбалар салады, линзалық растр жапсырады, стерео немесе видеобейнелерді қосып қайта жаңғыртады.

Ашықхаттар — парақтық, жоғарғы көркемдікті түрлі-түсті өнімге жатады. Ашықхаттар - екі немесе төрт бүктемелі болып келеді. Әрлеудің бірнеше түрі қолданылады: лактау, пленка престеу, баспа-таңба түсіру, высечка, линзалық растрды престеу.

Акциденция (лат.Accidenta - кездейсоқтық) — бұлар, баспаның тақырыптық жоспарында көрсетілмеген кәсіпорындардан, фирмалардан, жеке тұлғалардан тұрақты немесе кездейсоқ түсіп тұратын тапсырыстар.

Акциденциялар үш топқа бөлінеді:

1. Баспа акциденциясы — титулдардың барлық түрлері, түптемелердің қаптамалардың, тыстамалардың безендіру элементтері, кітап және журнал хабарландырулары, беттің басы мен соңына салынатын өрнектер, жобалар, буклеттер, үнпарақтар.

2. Шағын акциденцияларға - бланктар, бағдарламалар, шақыру билеттері, дипломдар, аттестаттар, марапаттау қағаздары, куәліктер, театр билеттері, ресторан тағамдарының түрлері, еңбек кітапшалары, жеке куәліктер т.с.с. аз таралымды парақты өнімдер жатады.

3. Афиша (фр.Affiche - хабарландыру) - парақты өнімдер: үгіт-насихат ретінде мәтінді қысқа, нақты, әрі ұғымды суреттер, үндеулер, аншлагтар т.т. жеке даналар немесе көпшілік пайдаланатын басылымдар мен тақырыптық топтамалар түрлерінде жарық көре алады. Бояулылығы бірден алтыға дейін, көркемдеу және әрлеудің барлық түрлері қолданылады. Афиша хабарлама ақпараттарды арнайы орналастырылған қабырғаларға жапсыру үшін шығаралады.

Баспа басылымдарының арнайы түрлерінің бұлайша аталуларының себебі, оларды қайта басу және басып шығару үшін арнайы материалдар мен технология қолданылады. Бұлар - бағалы қағаздар, ноталар, түсқағаздар, жапсырмалар мен қаптамалар, стерео және бейне басылымдар, зағиптар үшін басылымдар, дәптерлер мен блокноттар.

Полиграфия өндірісінің технологиясы халық шаруашылығының басқа да салаларында, мысалы, тоқыма өнеркәсібінде (маталарға жазу және бейне-лерді басу), жеңіл өнеркәсіпте (шыныға, қаңылтырға, полимерлерге басу), радиоэлектроника өндірісінде пайдаланылады (радиоэлектрон басылым платаларын дайындайды).

Басқа баспа өнімдері. Баспа өнімдерінің маңызды тобына қаптама жатады. Ол әртүрлі материалдардан: қағаздан, қатырма қағаздан, пластмассадан, металдан, шыныдан т.б. жасалынады. Қаптама немесе орама материалдар, ең алдымен, өнімді сақтауды қамтамасыз етуге арналған. Ол, сонымен қатар, тауарды таныстыру және оның тұтынушылық қасиеттері туралы сенімді ақпарат беру көзі болып табылады. Қаптамаға қажетті ақпаратты басу үшін басудың барлық тәсілдері араластырылып қолданылады.

Кітап және оның элементтері. Юнеско ұсынысы бойынша, көптеген елдерде кітап деп көлемі 48 беттен асатын мерзімсіз баспа басылымы қабылданған, ал брошюра (фр. «Вгосһег» - тігу) көлемі 5 беттен 48 бетке дейінгі басылымды айтады. Кітаптың негізгі бөлшектері: кітап блогы, мұқаба қаптамасы және көркемдеп әрлеудің кейбір қосымша элементері.

Кітап блогі басылып шыққан баспа табақ қағаздарды бүктеп, жиыстырып бір-бірімен бекітілген дәптерлерден құрастырылады. Блоктың сыртқы элементіне жататындар: блоктың түбі, форзац, каптал, түптеу материалы, қиықтар және бетбелгі таспа. Ішкі элементтеріне: кітап беттері, жапсырма, ендірме, желімдеме, жамылғы жатады.

Кез – келген кітаптың негізгі бөліктері:














Сурет-1.Түптелген кітап басылымының құрылымы:

а — кітап блогы; б — түптеу қабы; 1 — блоктағы дәптерлер; 2 — форзац; 3 — юлок түбіне арналған түптеу материалы; 4 — каптал; 5 — қағаз жолағы; 6 — кітап арасына бекітілетін ленточка (ляссе); 7 — картон беті; 8 — қаптайтын материал;

9 — щпация (картон беттерінің арақашықтығының өлшемі); 10 — отстав; 11 — расстав (картон беттері мен отставтың арақашықтығының өлшемі); 12 — кант.


1-суретте түптеу қабымен қапталған кітап басылымының суреті көрсетілген. Түптелген кітап өнімі – блок пен түптеу қабынан басқа, міндетті түрде 3 тен 6-ға дейін бекітетін детальдардан, мысалы, түптеу (корешковый) немесе қаптама (окантовочный) материалдардан, екі капталдан (үстіңгі және астыңғы капталдар, шаң-тозаңнан сақтайды және басылымға эстетикаық әсемдік береді.) – қағаз жолағынан немесе гильзадан (блок түбінің беріктігін артырады.), екі форзацтан (сурет-мәтін басылған немесе ештеңе басылмаған) тұрады. Форзацтар арқылы блокты түптеу қабына бекітеді.

Кітап блогы – жалпы саны 50-ге дейін және одан да көп, бүктемеленген (қағаздың қалыңдығы мен блокты бекіту ерекшеліктеріне қарай) дәптерлерден немесе белгілі бер ретпен жинақталған және жіппен, сыммен, желіммен бекітілген қағаз парақтарынан құралады.


Мұқаба қаптамасы - алдыңғы және артқы жақтардан тұратын, өзара түпте біріктірілген кітаптың қалың тысы. Жақтары қаптама материалдармен немесе баспа қағаз тыстамамен қапталуы мүмкін. Әдетте, мұқаба қаптама кітап блогынан біршама үлкендеу келеді де, үш жақтан қиылған блокты қимасынан артық шығып тұрады. Жақтардың шығып тұратын бөліктерін жиектеме (кант) деп атайды.

Түп - бұл кітаптардың, брошюралардың, журналдардың парақтарының бекітілетін орны. Безендіру түріне қарай түп тік, жұмыр және доғалдау болып келеді.

Каптал – мұқабаның түбін бекітіп дайын кітапты безендіретін, арнайы материал бөліктері.

Өңірбеттер (форзац; нем. vorsatz - ортасынан бүктелген қағаз парағы) -бұлар әдетте кітап блогінің бірінші және соңғы беттеріне жапсырылатын екі-төрт беттік қағаз парағы. Өңірбеттер кітап блогын мұқаба қаптамасымен желім арқылы ұстастырып бекітуге және кітапты безендіру, сонымен қатар, анықтама материалдарын беруге арналған.

Түптеу материалы — блоктың түбіне жапсырылған таспа немесе дәке, ол блокты мұқабамен байланыстырып, оның беріктігін нығайтады. Кітап блогының тұстары (алдыңғы, жоғарғы және төменгі) қиындылар деп аталады.

Бетбелгі-таспа жібек матадан жасалынып, бір ұшы блоктың жоғарғы қиындысына бекітіледі, екінші ұшы блоктың ішінен өткізіліп, төменгі қиындының шетінен шығып тұрады. Кітапты пайдалануды оңайлату үшін қолданылады.

Титул — кітап туралы негізгі мәліметтер (авторы, атауы, баспа т.б.) келтірілген оның бірінші беті. Титулды әр уақытта мұқабаны ашқанда оң жаққа, көбінесе, өңірбеттен кейін орналастырылады. Егер титулдың сол жағына қандайда болмасын көркемсурет немесе бейне орналастырылса, оны фронтиспис, ал мәтін (мыс. шығармалар жинақтарында) орналасса, оны контртитул деп атайды.

Шмуцтитул (нем. лас титул) — ескі басылымдарда бас титулдың алдындағы ешнәрсе басылмаған ақ парақ оны бүлінуден сақтайтын болған.

Баспалық-тіркеу шығарылым мәліметтерінде басылымның таралымы мен көлемі, кітап басылған кәсіпорынның атауы, сонымен бірге библиографтарға, кітапханашыларға, баспа және кітап саудасы қызметкерлеріне кажетті басқа да мәліметтер келтіріледі. Бұл мәліметтер, әдетте, кітаптың соңғы бетіне, кейде титулдың келесі бетіне басылады.

Кітаптың беттерін жиыстыру - бұл өнімнің мәтіндерін теріп, мәтін және сызба-суреттерді белгілі үлгі бойынша жиыстырып, болашақ полиграфиялық өнімнің беттерін құрастыру. Өнімнің түрлеріне сәйкес кітап, журнал және газет беттерін құрастыру алғашқы қатардағы және аяқтаушы беттер болып бөлінеді.

Бастапқы немесе алғашқы беттерін жиыстыру - кітаптың бөлімдері мен тарауларын көрнекті етіп ең жоғарғы шетіне орналастырып, ал мәтіндерді біраз төмен түсіріп барып бастайды.

Кейбір, әсіресе, көркем-әдеби басылымдарда бұл бос орындар ою-өрнекпен немесе әдеби шығармалардағы іс әрекеттің, оқиға желісінің дамуы туралы суреттермен толтырылады. Кітаптардың бөлімдері мен тарауларының соңғы беттерін аяқтаушы жиыстырып құрастыру деп атайды. Пішімдері бірдей, түгелдей мәтінмен немесе сурет аралас мәтінмен толтырылған және басқа барлық жиыстырып құрастырулар қатарлы деп аталады.

Колонтитул (фр. Colonne қатар, лат, titulus жазу, тақырып) - кітап бетіндегі мәтіндердің жоғарғы жағына орналасқан терім жол, сол беттегі мәтіннің мағынасы осы жолға сәйкес болуы қажет.

Колонцифр - кітап бетінің реттік санын көрсететін цифр. Ол беттің төменгі оң жақ бұрышында, не ортасында өте сирек мәттіннің жоғарғы жағына орналастырылады.

Сигнатура (лат. signatura - жазу) - кітап блогындағы жиыстырылған дәптерлердің реттік саны. Ол дәптерлердің қырына цифр және төртбұрыш немесе дөңгелек белгі ретінде орналастырады. Сонымен қатар, ол - мәтіннің сол жақ төменгі бұрышына, цифр, автор мен кітаптың атауы жазылған мәтін жол. Сигнатура блок дәптерлерінің дұрыс жиыстырылғанын тексеруге арналған.

Кейде кітаптарға сыртқаптама кигізіледі, ол қағаздан немесе мөлдір синтетикалық пленкадан жасалынады. Кейде кітаптарды бандерольмен (қағаз белдемемен) қаптайды. Сыртқаптама мен бандерольдарды брошюраларға да қолданады, бұл мұқаба мен қаптаманы қорғайды, басылымның жалпы безендіруін толықтырып, жарнама қызметін атқарады. Кейбір басылымдарды қынаптарға салады, бұл оларды баспаханадан кітап сөресіне жеткенше жолда бүлінуден қорғайды. Кітаптардың, брошюралардың, журналдардың мәтіндік өнімдерін көркемдейтін бейнелеуші ақпаратты, кейде, негізгі мәтіннен бөліп алып, біртүсті немесе түрлі-түсті етіп жеке басады да, біріктіріп, кітапты түпкілікті шығарарда қосымша, жап-сырма, ендірме, өңірбет түрлерінде орналастырады.



3. Басылыстың негізгі түрлерінің басылым формаларының басу және ашық жол элементтері.

Өнімнің көптеген түрлерін жасау басу процесімен байланысты. Басу процесі дегеніміз басу формасынан басылатын материалға бояуды түсіру арқылы бірдей баспа-таңбаларды бірнеше рет алу.

Басу формасы - бейне-кескінді тасушы. Оның беті қатты, жазық немесе цилиндрлік болады. Онда басу (бейне-кескін) және ашық жол (қалғаны ашық) элементтер болады. Басу процесі кезінде басылым элементтеріне бояу жағылады да басылатын материалға түседі. Басу мен ашық жол элементтерінің кеңістікте орналасуына қарай, физика-химиялық қасиеттеріне байланысты басудың үш тәсілін ажыратады: шығыңқы, жазық (офсеттік) және ойыңқы (1.1-сурет)


1.1 – сурет. Басу сұлбалары: а) шығыңқы басу; ә) жазық басу; б) ойыңқы басу.

1- басу формасы; 2 – материал; 3 – басу цилиндрі; 4 – бояу


Шығыңқы басылыс. Ондай басу тәсілінде басылым формасының бедерлі элементтері басу қызметін атқарады. Басу элементтері басылмайтын, ашық жол элементтерінен биік тұрады. Бояу жағылған басу беті қағазға басылғанда басу процесі жүреді.

Шығыңқы басылыстың сипатты белгілері мынандай:

1. Барлық басу элементтері бір жазықтықта жатады; ашық жол элементтерінің түбінен биік жерде орналасады;

2. Басу элементтерінің өлшемдері әртүрлі баспа-таңбаның қараңғырақ жерінде, жарық жерімен салыстырғанда басу элементтерінің өлшемдері биігірек, керісінше, баспа-таңбаның жарық бөлімшелерінде қараңғы бөлімшелеріне қарағанда көбірек.

3. Ашық жол элементтерінің тереңдігі әртүрлі баспа-таңбаның жарық бөлімшелері үшін ол қараңғы бөлімшелерімен салыстырғанда көбірек;

4. Формаға түсірілген, барлық басу элементтеріне түсірілген бояу қалыңдығы көлеңке болсын, жарық жағы болсын бірдей, сондықтан баспа-таңбадағы бояу қабатының қалыңдығы жарық, көлеңке жақтарында бірдей.

Ойыңқы басылыс. Ондай басу тәсілінде форманың басу элементтері, керісінше төменде жатады. Бояу форманың барлық бетіне жағылады да ойыңқы жерлерде бейне-кескінге сәйкес бояу қалатындай етіп бояуды қырып алады.

Ойыңқы басу формасының мынандай сипатты белгілері бар:

1. Басу элементтерінің тереңдігі әртүрлі боп келеді; баспа-таңбаның қараңғы бөлімшелеріне басу элементтерінің тереңдігі баспа-таңбаның жарық элементтеріне қарағанда үлкенірек;

2. Баспа-таңбаның қараңғы немесе жарық элементтеріне қарамастан басу элементтерінің барлық беттерінің ауданы бірдей;

3. Басу элементтері жіңішке перегородкалармен ячейкаларға бөлінген; барлық ячейка беттері бір жазықтықта жатады да басу элементтерінің түбінен биік орналасады.

4. Басу кезінде басылым формасына сұйық бояу қабаты жағылады да одан кейін ракельмен форма бетіндег артық бояу қырып алынады. Ракель дегеніміз – серпімді, жүзі қайралған болат пышақ.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!