Матиматикалық өлең е септер

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Матиматикалық өлең е септер

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі сабағымызда өлең есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақтар, бейнелі сөздер беріледі. Солардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс айтылған жауаптарға ұпай беріліп отырады. Бүгінгі сабағымызды ерекше көңілмен бастау үшін көзімізді жұмып, мына әсем әуеннің сазына құлақ түрейік.(Әуен ойнайды) Осы сезімге беріле отырып, көзімізді жаймен ашайық та осындай күймен есептерді, тапсырмаларды тез ұжыммен топтасып шешейік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру ұйымының атауы

Балалар мен жасөспірімдер орталығы

Үйірме

«Өнерлі өрендер»

Мұғалімнің аты-жөні

Мустафаева Минара

Күні

05.02.2025ж

Тобы: І

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Математикалық өлең есептер.

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

Математикалық білім қабілеттерін тексеру, математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету.

Сабақтың мақсаты

Өлең-есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақты шешу арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.



Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру кезеңі








ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

























































Сабақтың ортасы

ІІІ.Сергіту сәті








ІV. Сарамандық жұмыс








































































Сабақтың соңы

V. Сабақты қорытындылау


Оқушылармен амандасу, сабақта жоқ оқушыны анықтау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Оқушыларға карточка беріледі, карточкада «жұп сан» және «тақ сан» жазылады. Осы арқылы оқушылар екі топқа бөлінеді.

1 топ: «Алғырлар» тобы

2 топ: «Білгірлер» тобы


Бүгінгі сабағымызда өлең есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақтар, бейнелі сөздер беріледі. Солардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс айтылған жауаптарға ұпай беріліп отырады.


Бүгінгі сабағымызды ерекше көңілмен бастау үшін көзімізді

жұмып, мына әсем әуеннің сазына құлақ түрейік.(Әуен ойнайды)

Осы сезімге беріле отырып, көзімізді жаймен ашайық та осындай күймен есептерді, тапсырмаларды тез ұжыммен топтасып шешейік


Тапсырма 1. «Сөзжұмбақ» шешу

«Алғырлар» тобына:

1.Ең кіші үш таңбалы сан. (жүз)

2. Қабырғалары тең тік төртбұрыш. (шаршы)

3.Ондықтан құралған сан. (қырық)

4.Бір таңбалы сан. (үш)

5.Кеміту амалы. (азайту)


«Білгірлер» тобына:

1. Бір таңбалы сан (бір)

2.Геометриялық фигура. (төртбұрыш)

3.Бұрыш түрі (сүйір)

4.Уақыт өлшем бірлігі. (ғасыр)

5.Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз. (шеңбер)


Тапсырма 2. Математикалық өлең есеп

1. Көлден ұшты 50 қаз

Қайтып қонды 20 қаз

Қонбады оның нешеуі,

Қане кім тез шешеді? (30 қаз)


2.Аулада 60 үйрек,

Қорада 20 үйрек,

10 үйрек тығылды

10 үйрек жығылды,

Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)


3.11 түйе,бес жылқы.

2 сиыр,бір ешкі

2 қоян,үш түлкі,

Болды сонда нешеуі? (24)


4.Табақта 55 алма

Қолымда 5 алма

Барлығын қосқанда

Айтшы сонда нешеуі

Болады неше алма? (60 алма)



Сергіту сәтінде жаттығу жасау

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым

Бiр орнымда қозғалып,

Кезек басып тұрамын.

Жоғары, төмен қарайық.

Орнымызды табайық.


Тапсырма 3. «Кім жылдам?» сұрақтарға жылдам жауап беру керек

  • 5-тен 4-ті алайық,

Қанша қалды санайық.

Қарайық та санайық,

Санайық та табайық. (1)


  • Беспайда бар 5 іні,

Естайда бар 2 іні,

Қоссақ 5 пен 2-ні,

Қанша болар шешуі? (7)


  • Шығармақ боп кеше есеп,

Жиналғанда 5 есек.

3-і ұйықтап отырды,

Ынталысы неше есек? (2)


  • Қазып жүр құмды 5 мысық,

3-і жатыр күн ыстық.

Нешеу болды сен сана? (2)


  • Үстел үстінде төрт алма жатыр,

Оның біреуін ағам жеп қойды.

Сонда неше алма қалды? (3)


Тапсырма 4. «Ұшқыр ой» ойыны

Қай топтың ойынын ұшқыр екенін анықтаймыз. Ол үшін алдарында тұрған қағазға 1- ден 9 ға дейінгі сандарды жазыңдар. Енді сол сандардың орнын ауыстырмай, мәні 99 шығатындай «+» амалын қойып шығыңдар. Орны ауыспаған қалыпта екі таңбалы сан қолдануға болады.


1,2,3,4,5,6,7,8,9=12+3+4+56+7+8+9=99


1,2,3,4,5,6,7,8,9=1+23+45+6+7+8+9=99 немесе 1+2+3+4+5+67+8+9


Тапсырма 5. Аудио сұрақ.

Ал қане тыңдайық:

«Ұрылар мен кемпір» ертегі есеп.

Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен,панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ кемпір жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді. Кемпір:-«Бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алмақ болған екен, мен де бұларды алдайын»,-деп ойлайды. Сөйтіп жалма-жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты:

Сапырып-сапырып Арманға бер,

Құйып-құйып Алмасқа бер,

Есіктегі екеуге бер,

Төрдегі төртеуге бер,

Өзің іште маған бер»,-деген екен. Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз болмас үй толы кісі, әрі бізден екі есе көп, кетейік»,-деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты.Сонда үйде адам нешеу? Жауабы:10 адам


Осымен, балалар «Математикалық өлең есептер» атты сайыс сабағымыз аяқталды. Жеңімпаз топты анықтап, «Жас математик» номинациясын беріп, ұпайды аз жинаған топ белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» мадақтап марапатталады.


Сабақ соңындағы кері байланыс

Смайликтер арқылы сабақты қорытындалау












Оқушылар сәлемдеседі.

Топқа бөлініп отырады.













Әсем әуен қойылып, оқушылар сабаққа дайындалады.








Ә р топқа жеке тапсырма беріледі.

Оқушылар сөзжұмбақты шешеді.
















О қушылар математикалық өлең есептердің жауабын табады.





















Оқушылар сергіту жаттығуларын жасайды.







Екі топ жұмбақтың жауаптарын жылдам табу керек.


























Екі топтың оқушылары берілген есептің жауабын табады.

















Оқушылар аудионы тыңдап, «Ұрылар мен кемпір» ертегі есептің жауабын шешеді.





































Үлестірмелі қағаздар













Әсем әуен










Сөзжұмбақ








Үлестірмелі қағаз


































Әсем әкуен













































Үлестірмелі қағаздар


















Аудио


Жоспарды құрған: М.Мустафаева

Тексерген

БмЖО әдістемелік

бөлім меңгерушісі: И. Темиржанова




















Shape2

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.04.2025
155
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі