Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мәтін есептер

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәнінен өткен ашық сабақ өтетін мұғалімдерге қажет болады деген ойдамын. Бұл сабақта оқушыға қажетті керекті маңызды мәліметтер мен қамтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:5.3.А Мәтін есептер

Мектеп-гимназия: №65

Күні : 18.01.19ж.

Мұғалімнің аты- тегі: Базарбаева М.С.

Сынып: 5 «в»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.5.1.3. Жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтін есептер шығару (мысалы, бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер).


Сабақ мақсаттары:


Мәтін есептер шығару дағдысын қалыптастыру (мысалы, бірлесіп

орындалатын жұмыстарға қатысты есептер).


Бағалау критерийлері

1. Мәтін есептер шартын түсініп, қысқаша шартын жаза алады (мысалы, бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер);

2. Сұраққа байланысты қажетті белгілеулерді қолдана алады;

3. Есеп шарты бойынша теңдеу немесе өрнек құрай алады ;

4. Жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдана алады;

5. Дұрыс жауабын бере алады.

Тілдік мақсаттар

Мәтін есептер, әріпті өрнектер , теңдеулер , жұмыс есептері,

шешім , математикалық модель.

Құндылықтарды дарыту

Жұппен жұмыс істей білуге, ұжымдылыққа, шыдамдылыққа, жауапкершілікке, әділдікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Информатика

АКТ қолдану дағдылары

http://borisova-irino4ka.narod.ru/olderfiles/2/tekstovye_zadachi_po_matematike.pdf

https://www.youtube.com/watch?v=r8_U68YXuqc

Бастапқы білім

Мәтін есептер , теңдеулер, өрнек құру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Cабақтың басы

3-5 мин







Ұйымдастыру кезеңі

  1. Амандасу. Оқушылар 1, 2, 3, 4, 5 санау арқылы топқа бөлінеді. Сабақтың кезеңдерімен, мақсатымен , бағалау критерийлерімен таныстыру. Бағалау парағын топтарға үлестіріп беремін . Мульттоптамадан үзінді көрсету.

  2. Сөзжұмбақ қою арқылы тақырыпты ашып аламыз.

1. Жазықтықтағы геометриялық фигуралардың барлық қабырғалары ұзындықтарының қосындысы?

2. Сөздер неден құралады?

3. Ұзындықтың өлшем бірлігі?

4. Екі ұшы нүктемен шектелген түзу?

5. Уақыттың өлшем бірлігі?

Шешуі:

1. Периметр

  1. Әріп

  2. Метр

  3. Кесінді

  4. Минут

http://borisova-irino4ka.narod.ru/olderfiles/2/tekstovye_zadachi_po_matematike.pdf

https://www.youtube.com/watch?v=r8_U68YXuqc


https://www.youtube.com/watch?v=r8_U68YXuqc

Сабақтың ортасы

15 мин.
































5 мин.



















































10 мин.























2 мин.

  1. Фронтальды жұмыс

1.Жылқыларды бөлу есебі

2.Айдана шоколадты 3 минутта, ал Дамир 6 минутта жейді . Олар осы шоколадты бірге неше минутта жеп бітіреді? Оқушыларға есептің шешуінің әртүрлі нұсқаларын көрсетеді

+ =

1: =2

Жауабы: 2 минут.

Нәтижелері бағалау парағына түсіріледі.

3.Хауыздағы су бір құбырдан 7 сағатта толады, ал екінші құбырдан хауыз 8 сағатта толады. Екі құбыр ашық болса, бассейін неше сағатта толады?

1) 1) 1:7= (бөлік ) – бірінші трубаның өнімділігі

2) 1:8= (бөлік ) – екінші трубаның өнімділігі

3) + = (бөлік ) – жалпы өнімділік

4 ) 1: = 1· (бөлік) –жұмыстың жалпы уақыты

Жауабы: сағат.

4.Ертедегі есеп. Бір қойды арыстан 2 күн, қасқыр 3 күн, ал ит 6 күн жейді. Егер бір қойды арыстан, қасқыр және ит бірлесіп жесе, неше күн жейді?

Жауабы: 1сағат

Дискриптор:

  1. 1 сағаттағы жұмыс өнімділігін табады;

  2. екеуі бірлесіп жасаған жұмыстың 1 сағаттағы өнімділігін есептейді;

  3. екеуі бірлесіп барлық жұмысты қанша уақытта орындағанын табады.



7.Сергіту сәті

Мұғалім оқушыларға бағыттаушы сұрақтар тақтада ілінеді. « Не білуіміз керек?» , «Нені үйренуіміз керек?» жауап беру арқылы тақырыптың мақсатын ашуға көмектеседі...

1) Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосқанда не істейміз?

2) Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайтқанда не істейміз?

3) Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосқанда не істейміз?

4) Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді азайтқанда не істейміз?

5) Натурал саннан бөлшекті азайту үшін не істейміз?

6) Натурал саннан бөлшекті азайтудың неше тәсілі бар?

7) Аликвоттық бөлшек дегеніміз не?

8) Жай бөлшектердің көбейтіндісі дегеніміз не?

9) Натурал санды бөлшекке көбейткенде не істейміз?

10) Аралас сандарды қалай көбейтеміз?

11) Егер көбейткіштердің бірі нөлге тең болса, онда көбейтінді неге тең болады?

12) Өзара кері сандар дегеніміз не?

13) Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін не істейміз?

14) Аралас санды аралас санға бөлу үшін не істейміз?

15) Натурал санды бөлшекке бөлу үшін не істейміз?

Шешуі:

1)Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосқанда олардың алымдарын қосып, алым етіп, сол бөлімнің өзін қалдыру керек.

2)Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайтқанда азайғыштың алымынан азайтқыштың алымын азайтып, алым етіп жазып, сол бөлімнің өзін қалдыру керек.

3) Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу үшін:

1) бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек;

2) бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу керек.

4) Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді азайту үшін:

1) бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек;

2) бөлімдері бірдей бөлшектерді азайту керек.

5) Натурал санды (азайғышты) бөлімі азайтқыштың бөліміне тең бұрыс бөлшек түрінде жазу керек. Сонан соң бөлімдері бірдей бөлшектерді азайту ережесін пайдаланып, азайту керек.

6) Натурал саннан бөлшекті азайтудың неше тәсілі бар? 2

7) Алымы 1-ге тең бөлшек

8)Ереже: Жай бөлшектердің көбейтіндісі дегеніміз- алымы берілген бөлшектeрдің алымдарының көбейтіндісіне,ал бөлімі бөлімдерінің көбейтіндісіне тең бөлшек.

9)Натурал санды бөлшекке көбейткенде натурал сан бөлшектің алымына көбейтіліп, көбейтінді бөлшектің алымы болады да, өзгеріссіз қалады.

10)Егер көбейткіштер аралас сандар болса, оларды бұрыс бөлшекке айналдырып, содан кейін бөлшекті бөлшекке көбейту ережесін қолдану керек.

11)Егер көбейткіштердің бірі нөлге тең болса, онда көбейтінді де нөлге тең.

12) Көбейтіндісі 1-ге тең болатын екі санды

13) Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін, бөлінгіш бөлшекті бөлгіш бөлшектің кері санына көбейту керек.14)Аралас санды аралас санга бөлу үшін, оларды бұрыс бөлшек түрінде жазып алып, бөлшекті бөлшекке болу ережесін қолдану керек .

15)Бөлінгіш немесе бөлгіш натурал сан болған жағдайда натурал сан бөлімі 1 болатын бөлшек түрінде жазылып, бөлшекті бөлшекке бөлу ережесі қолданылады.

8. Жұппен жұмыс

5.Хауыз бірінші және екінші құбырдан аққан сумен 6 сағатта толады. Хауызға су бірінші құбырдан ғана ақса, хауыз 10 сағатта толады. Хауызға су екінші құбырдан ғана ақса, хауыз неше сағатта толады?

Жауабы: 15сағат


6.Ағасы, інісі және қарындасы бірлесіп қардан аққаланы 12 минутта жасады. Қардан жасалған осы аққаланы, егер ағасы ғана жасаса 24 минутта,егер інісі ғана жасаса 40 минутта жасайды. Егер осы аққаланы қарындасы ғана жасаса, қанша уақытта жасайды?

Жауабы: 1сағат

Нәтижелер бағалау парағына түсіріліп отырады.


Қосымша есеп:


9. Сабақты қорытындылау Рефлексия.

Мұғалім сабақты сұрақ-жауап арқылы оқушылардың өзіне қорытындылатып, рефлексия жүргізеді парақтары бойынша бағалайды.

Презентация1

Bilimland













Презентация2



















Презентация3

















Презентация4







Презентация5



















































































Bilim Land





Сабақтың соңы










3 мин.

Үй жұмысы

4.8 және 4.10

Қосымша есеп

Бірінші жұмысшы жұмысты 10 күнде бітіреді, ал екінші жұмысшы сол жұмысты 15 күнде бітіре алады. Екеуі бірлесіп, осы жұмысты неше күнде бітіре

Жауабы: 6




Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?



Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды. Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға көмектеседі.Сабақ кезеңінің кезкелген сәтінде уақытты ұтымды пайдалану


Өзін-өзі бағалау түрі қолданылады. Сабақта оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін фронтальды жұмыс жасайды.

Физминуттар.. Сабақ басында оқушылар қауіпсіздік техникасымен таныстырылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ жайында ойыңызды білдіріңіз. сол жақтағы сұрақтардың ең негізгі сұрағына жауап беріңіз


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2019
720
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12