Материалдар / Мәтін есептерді теңдеу құру арқылы шығару
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мәтін есептерді теңдеу құру арқылы шығару

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың мәтін есептерді теңдеу құру арқылы шешу алгоритмін іс жүзінде қолдана білуге, бейімділіктерін жетілдіруге арналған сабақ жоспары.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1530
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Орындаған: Оспанова.Г.Т.

С.К.О.Шал акын ауданы

М.Ахметбеков атындагы орта мектеп

математика пәнінің мұғалімі



Тақырыбы: Мәтін есептерді теңдеу құру арқылы шығару









Пән: математика

сынып 6


Тақырып:

Мәтін есептерді теңдеу құру арқылы шығару.




Сабақмақсаты:

мәтін есептерді теңдеу құру арқылы шешу алгоритмін іс жүзінде қолдана білу

Сабак міндеті:


Білімділік:

мәтін есептерді теңдеу құру арқылы шешу алгоритмін іс жүзінде қолдана білу бейімділіктерін жетілдіру.

Дамытушы

лық:

Оқушылардың ойлау және ойын жинақтау қабілетін, зейінін тұрақтандыру, сұраққа нақты жауап беру, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:

Өмірмен байланыстыра отырып, ұлттық дүниетанымын, танымдық ой-өрісін кеңейту; оқушыларды ізденімпаздылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Өз бетінше жұмыс істеуге және уақытты тиімді пайдалануға үйрету.

Жұмыс тұрі

Жеке және топтык жұмыс

Ресурс материалдары:

Белсенді тақта, оқулык, бағалау парағы, қима қағаздары


жетістік

критериялар

Мен мәтінді есептің мағынасын түсінемін

Мен айнымалыны ажыратып, белгілей аламын

Мен теңдеу құра аламын

Мен теңдеуді шеше аламын

Мен дұрыс жауабын таңдай аламын

І. Ой қозғау бөлім.

Бағдарлау-мотивациялық кезең. Мұғалім басшылығымен.

Picture 2 Бұл сондай бір нәрсе, әуелі бірдеңені білмейсің, білгің келсе, іздеп тауып аласың. Кейде есептер тек соның көмегімен шығарылады. Мен оны шығаруды ұнатпаймын. Өйткені нашар білемін. Олардың жапырақтары мен сабақтары бар ма екенін білмеймін, ал түбірлері бар. Кейде жоқ болуы да мүмкін. Бастауыш сыныптарда олар -қарапайым, алтыншы сыныпта – сызықтық, ал сегізінші сыныпта квадраттық деп аталады. Бұл не? Жауабы: Теңдеу


Түрлі түсті стикерлер арқылы топқа бөлу.


ІІ. Мағынаны ажырату.

1-тапсырма:

Бір ерігіп отырған бай Алдаркөсені мазақ ету үшін үйіне қонаққа шақырыпты. Тамақ ішіп болған соң,бай жұрт көзінше: «Алдаркөсе, сені жұрт «жақсы есеп біледі» деп жүр. Менің жасым 26-да. Ал ұлым 6 жаста. Мен неше жылдан кейін ұлымнан үш есе жас үлкен боламын? (30 жас, 10 жас)


Егер мен зейнеткерлік жасқа жеткенде мені мен ұлымның жасының айырмасы қанша? (20 жас)

Жауабын негіздеңдер.



2-тапсырма:


ҚPicture 4 Picture 5 орада тауықтар мен лақтар бар. Олардың бастарының саны 19, ал аяқтарының саны 40. Сонда қорада неше лақ, неше тауық бар?

Shape1







Егер бастарының сандары белгісіз болса, онда барлық мүмкін болатын жағдайларын жазыңыз.


3-тапсырма:

Сауыншының бірінші бидонында екіншісіне қарағанда үш есе көп сүт бар. Егер бірінші бидоннан екінші бидонға 20 л сүт құйса, онда екі бидондағы сүттің көлемі теңеседі. Бидондардағы барлығы неше литр сүт бар?

 



Дұрыс жауапты таңдап ал:

А) 40

Б) 90

В) 80

Г) 120.

Егер барлығы 160 л сүт болса, онда әрбір бидонда неше литр сүт болады?

Егер бірінші бидонға 10 л сүт құйса, онда екінші бидонға қарағанда бірінші бидондағы сүт неше пайызға артады?


ІІІ. Ой толғаныс.

Рефлексиялық – бағалау кезеңі.

Өзін – өзі бағалау.

Сабақтың барысында үлестіріліп берілген «Өзін – өзі бағалау» парағы бойынша оқушылар мұғалімнің әрбір тапсырмаға берген ұпай санына сүйене отырып, өзін – өзі бағалайды.


«Өзін–өзі» бағалау баспалдағы

Бағалау шкаласы:

«5» - 35 – 40 ұпай;

«4» - 29 – 34 ұпай;

«3» - 20 – 28 ұпай.

«2» - 0 – 19 ұпай.



Shape2

35 -40 ұпай

Picture 6 Shape3 29-34 ұпай

Picture 5 20-28 ұпай

Shape4 Shape5




0 – 19 ұпай.






Үйге тапсырма:


Ежелгі есеп.

− Оқушы ұстазынан: ұстаз сізде неше шәкірт бар деп сұрапты.

Сонда ұстаз былай деп жауап беріпті: олардың жартысы математиканы оқиды, ширегі табиғатты зерттейді, жетіден бірі ойлауды ұнатады және үш әйел бар деп жауап қайтарыпты.




Дұрыс жауапты таңдаңыз

А) 30

Б) 25

В) 23

Г) 28.

2. Оқушылардыңт қандай бөлігі математиканы оқиды және уақытты бірге ойланумен өткізеді? (Эйлер шеңберімен көрсетіңдер).

3. Табиғатты оқитын бір әйел мен оқушылар барлық оқушылардың неше пайызын құрайды?







Бағалау парағы

Аты-жөні:

1- тапсырма

2- тапсырма

3-тапсырма

Барлығы

1-сұрақ

2-сұрақ

3-сұрақ

1-сұрақ

2-сұрақ

1-сұрақ

2-сұрақ

3-сұрақ










Әр сұрақ 0-5 ұпай аралығында бағаланады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!