Материалдар / Мәтін есептерді теңдеу (теңдеулер жүйесін) құру арқылы шығару
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мәтін есептерді теңдеу (теңдеулер жүйесін) құру арқылы шығару

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге мәтін есептерді теңдеу құру арқылы шешу алгоритмін іс жүзінде қолдана білу әдістерін меңгерту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2021
423
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары


Мәтін есептерді теңдеу (теңдеулер жүйесін) құру арқылы шығару

(сабақ тақырыбы)

     

Модуль /пән атауы: Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі

      Дайындаған педагог: Сауяева Н.С.

      2021 жылғы "25" қазан

     

  1. Жалпы мәліметтер

Курс: ІІІ

Оқу жылы: 2021-2022 оқу жылы

Топ: МЛ-19

  

 Сабақ типі: практикалық

 

 2. Мақсаты, міндеттер

2.1. Студенттерге мәтін есептерді теңдеу құру арқылы шешу алгоритмін іс жүзінде қолдана білу әдістерін меңгерту

3. Сабақты жабдықтау

  3.1. Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

А.Әбілқасымова. Алгебра, 8-9 сынып

  3.2. Техникалық құралдар, материалдар

Интертақта, оқулықтар

Сабақтың барысы.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Сәлемдесіп,аудиторияның тазалығына назар аудару, қауіпсіздік ережесіне сай сырт кейпі мен заттарының орнында болуын қадағалау


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

y=ax2+bx+c функциясы, оның қасиеттері мен графигі. Студенттердің график салу жұмыстары тақтада тексеріледі

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

  1. Жаңартылған білім мазмұнына сай Мәтін есептерді теңдеу (теңдеулер жүйесін) құру арқылы шығару тақырыбына құрылған сабақ жоспары таныстырылады. (Слайд арқылы)

Сабақтың тақырыбы

Мәтін есептерді теңдеу (теңдеулер жұйесін) құру арқылы шығару

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

Мәтінді есептерді теңдеу (теңдеулер жүйесін) құру арқылы шешу, оның мазмұнын түсініп, шартын құру, сызбамен жұмыс жасау дағдыларын дамыту

Сабақтың мақсаты

Мәтін есепте белгісізді анықтайды;

Мәтін есептің математикалық моделін құрады;

Cызықты теңдеулер құрастыра отырып, мәтін есептерді шығарады;

Бір айнымалысы бар теңдеуді (теңдеулер жүйелерін) шешудің алгоритмін біледі;

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді немесе теңдеулер жүйелерін шешеді

Бағалау критерийі

Мәтін есепте белгісізді анықтай алады;

Мәтін есептің математикалық моделін құра алады;

Cызықты теңдеулер құрастыра отырып, мәтін есептерді шығара алады;

Бір айнымалысы бар теңдеуді (теңдеулер жүйелерін) шешудің алгоритмін біледі;

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді (теңдеулер жүйелерін) шығара біледі.

Ойлау дағдылары:

Білу, түсіну, қолдану

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Теңдеу, теңдеудің түбірі;

теңдеудің сол жағы, теңдеудің оң жағы;

тепе-тең түрлендіру;

сызықты теңдеу; сызықты теңдеудің коэффициенттері;

математикалық модель

Құндылықтарға баулу

- Қазақстандық патриоттық және азаматтық жауапкершілікке баулу; ынтымақтастыққа, бірін-бірі сыйлауға, сыни тұрғыдан ойлауға қалыптастыру 

Оқушылардың туған жеріне деген сүйгіштіктерін,болашаққа бағдар жасау қабілеттерін арттыру

Пəнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, тарих, бейнелеу өнері, география

Алдыңғы білім

Амалдарды орындауда белгісіз компоненттерді табу ережелерін білу. Теңдеулерді шеше алу


  1. Мәтін есептерді теңдеу (теңдеулер жүйесін) құру арқылы шығару алгоритмі:

  1. Алдымен есеп шартын жете түсініп, оның берілгендеріне талдау жасап алу қажет;

  2. Талдау барысында «Не берілді?», «Нені табу керек екенін анықтап, олардың арасында нендей байланыс тәуелділігі бар екенін айқындап алу керек;

  3. Белгісіз шама таңдалып алынып, ол х әріпімен (немесе латынның қандай да бір кіші әріпімен) белгіленеді.

  4. Айқындалған тәуелділік заңдылығы көмегімен белгісіз бен берілгендерді байланыстыратын мазмұны бойынша теңдеу немесе теңдеулер жүйесін құрастыру қажет;

  5. Құрастырылған теңдеулерді шешіп, алынған түбірлердің арасынан есеп шартын қанағаттандыратынын жауап ретінде жазу керек.


  1. Интерактивті тақтада Мәтін есептерді теңдеу (теңдеулер жүйесін) құру арқылы шығару әдісі туралы бейнематериалдар көрсетіледі.


  1. Мәтіндң есептерді шығару барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер көрсетіледі.


ІҮ. Жаңа білімді бекіту кезеңі:

Топтық жұмыс. (Кластер әдісі). Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу. Бірнеше геометриялық фигураларды араластырып оқушыларға таратылып беріледі. Бірдей фигураларды алған оқушылар топтасады.  

 1-топ: Моторлы қайықтың меншікті жылдамдығы 16 км/сағ. Оның өзен ағысы бойымен жылдамдығы өзен ағысына қарсы жылдамдығынан 6 км/сағ-ка артық. Өзен ағысының жылдамдығын табыңдар.       

Шешуі. Моторлы қайықтың өзен ағысы бойымен жылдамдығы (16 + х) км/сағ ,өзен ағысына қарсы жылдамдығы (16 - х) км/сағ-ка тең.Есептің шарты бойынша (16 + х) - (16 - х) = 6 теңдеуі шығады. Сонда, 16 + х - 16 + х = 6 немесе 2х = 6 немесе х = 3. өзен ағысының жылдамдығы 3 км/сағ.

2-топ:    Кітапханада ағылшын, француз және неміс тілінде кітаптар бар. Ағылшын тіліндегі кітаптар барлық шет тіліндегі кітаптардың 40% - ін, француз тіліндегілер ағылшын тіліндегінің 75% құрайды, ал қалған 210 кітап – неміс тіліндегілер. Кітапханада шет тілінде неше кітап бар?

Шешуі: 0,4x+0,3x+210=x 0,7x+210=x x-0,7x=210 0,3x=210 x=700        Жауабы: шет тілінде 700 кітап бар

3-топ:    Әкесі екі баласына 700 м2 жерді мұраға қалдырды. Кіші ұлының еншісі үлкен ұлының еншісінің ¾ бөлігіндей болса, онда үлкен ұлдың еншісіне қанша жер тиді? 

Шешуі: 3/4x+x=700 7/4x=700 x=700*4/7 x=400       Жауабы: үлкен ұлдың еншісі 400 м2

Дескриптор: Білім алушы

        • есептің шартына байланысты математикалық моделін құрады;

        • теңдеуді құрастырады;

        • өзінің құрған теңдеуінің түбірін табады;

        • есептің жауабын негіздейді.      

Жұптық жұмыс.    Деңгейлік тапсырмалар беріледі. Оқулықпен жұмыс.

С деңгейінің тапсырмалары       

Бірінші жүйектегі бүлдірген түптерінің саны екінші жүйектегі бүлдірген түптерінің санынан 2,5 есе артық. Бірінші жүйектен 12 түп бүлдіргенді алып, екінші жүйекке отырғызғанда, екі жүйектегі бүлдірген түптерінің саны бірдей болды. Алғашқыда екінші жүйекте неше түп бүлдірген болды?

Шешуі: 2,5х-12=х+12 Жауабы: х=16 және 40 бүлдірген.

В деңгейінің тапсырмалары. Ағаш дайындау жұмысына үш бригада қатысты. Бірінші бригадада барлық жұмысшылар санының 36% - і, ал екінші бригадада біріншіге қарағанда 72 адам артық болды. Қалған 124 жұмысшы үшінші бригадада еді. Үш бригадада барлығы неше жұмысшы бар?.      

Шешуі:  0,36x+0,36x+72+124=x; 0,72x+196=x; x-0,72x=196; 0,28x=196        x=700

А деңгейінің тапсырмалары        Бірінші бидонда екіншіге қарағанда 3 есе артық сүт бар. Бірінші бидоннан алып екіншіге 20 л сүт құйса, онда бидондардағы сүт мөлшері бірдей болады. Әрбір бидонда қанша сүт болған?

Шешуі: 1-бидонда - 3х  2-бидонда – х; 3х - 20 =x+20; 3x-x=20+20; 2x=40; x=40:2; x=20 Жауабы: 1-бидонда 3*20=60 л, 2-бидонда 20 л сүт бар

Дескриптор:     Білім алушы

- есептің шартына байланысты математикалық моделін құрады;

- теңдеуді құрастырады;

- өзінің құрған теңдеуінің түбірін табады;

- есептің жауабын негіздейді.

Есептер шығару. Студенттерге мәті

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!